Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 12-7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-6-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағынасәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-6-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4858 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 ақпанда, "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде 2017 жылғы 3 ақпанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихаттың хатшысы | У. Майжанов |