Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 12-7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ішінде төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2. Мынадай тәртіп белгіленсін:
1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) отбасының жиынтық табысына қарамастан, үйде оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне не заңды өкіліне ұсынылады;
3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік- еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандараттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелді);
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
5) шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқуы кезеңінде) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 21.09.2018 № 26-6-VІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Әубәкіров |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |