Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің 22.02.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 - бабының 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 31 мамырдағы № 366 ұсынысы негізінде, Бақы ауылдық округініңәкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бородулиха ауданы ауылы, Бақы ауылдық округі Коростели ауылының, Ауыл станциясының, Тарск селосының, ЖСШ "Коростелевское" елді мекендерінде ірі қара мал арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық- санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары енгізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бақы ауылдық округінің әкімі | В. Чуваткин |