Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс–шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 шілдеде № 5-8-164 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі әкімінің 22.02.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 - бабының 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 31 мамырдағы № 366 ұсынысы негізінде, Бақы ауылдық округініңәкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы ауылы, Бақы ауылдық округі Коростели ауылының, Ауыл станциясының, Тарск селосының, ЖСШ "Коростелевское" елді мекендерінде ірі қара мал арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық- санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары енгізілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бақы ауылдық округінің әкімі В. Чуваткин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады