Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің 27.02.2018 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 – 1 бабының 7 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 23 қазандағы № 606 ұсынысы негізінде, Новопокровка ауылының әкімі ШЕШТІ:
1. Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылы Гагарин көшесі бойынша № 109, № 111, № 115, № 138, № 142, № 144, № 146, № 150 үйлерінде ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері, етқоректілер (ит және мысық) арасында құтырудың вирустық ауруына қарсы ошақты жою және ветеринарлық-санитарлық іс-шараларын өткізу үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новопокровка ауылдық округінің әкімі |
И. Бельская |