РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 764 ұсынысы негізінде, Новопокровка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жануарларда құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылы Гагарин көшесі бойынша № 109, № 111, № 115, № 138, № 142, № 144, № 146, № 150 үйлерінде шектеу іс-шаралары тоқтатылсын .
2. Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 4 "Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі Новопокровка ауылы Гагарин көшесі бойынша № 109, №111, № 115, № 138, № 142, № 144, № 146, № 150 үйлеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5474 тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпанда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новопокровка ауылдық округінің әкімі |
И. Бельская |