Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 12.04.2019 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 480 "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді) бұйрығына және мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарма ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес, белгіленсін.
2. Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 92 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-136 тіркелген, 2018 жылғы 4 мамырдағы "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2018 жылы 07 мамырында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н.А. Нургалиев |
Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "16" шілдедегі № 204 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымныңатауы | Жұмыскерлердіңтізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері (%) | Жұмысорындар саны(бірліктер) |
1 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Жарма технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 94 | 2 | 2 |
2 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жаңғызтөбе орта мектеп- бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 104 | 3 | 3 |
3 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "П.Г. Карелин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 102 | 3 | 3 |
4 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Георгиевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 148 | 3 | 4 |
5 | "Георгиевский завод насосного оборудования"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 109 | 3 | 3 |
6 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 124 | 3 | 4 |
7 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Жарма орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 417 | 4 | 17 |
8 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 217 | 3 | 7 |
9 | Жарма ауданы әкімдігінің "Жарма аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 116 | 3 | 3 |
10 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Маяковский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 124 | 3 | 4 |
11 | "Теміржол жөндеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің- "ПМС Шар" филиалы | 140 | 3 | 4 |
12 | "Қамқор локомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шар локомотив жөндеу депосы" филиалы | 105 | 3 | 3 |
13 | Жарма ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жарма ауданының ветеринарлық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 126 | 3 | 4 |
14 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жамбыл атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 52 | 2 | 1 |
15 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "№ 236 орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 55 | 2 | 1 |
16 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Актайлак би атындағыорта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 99 | 2 | 2 |
17 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Б. Турсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 76 | 2 | 2 |
18 | Шығыс Қазақстан облысы Жармаауданы білім бөлімінің"Абай атындағы мектеп- балабақшакешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 83 | 2 | 2 |
19 | "Жарма Құрылыс - Газ"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 74 | 2 | 1 |
20 | "Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар- жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" | 88 | 2 | 2 |
21 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Бақыршық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 2 | 2 |
22 | "Бақыршық ЖСҚ" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 81 | 2 | 2 |
23 | ҚазақстанРеспубликасының ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек-Өскемен" № 110 филиалы | 421 | 4 | 17 |
24 | "Шалабай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 142 | 3 | 4 |
25 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "К. Шакенов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 72 | 2 | 1 |
26 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Т. Кобдыкова атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 71 | 2 | 1 |
27 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Т. Хасенұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 54 | 2 | 1 |
28 | "AS-INCOME" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 72 | 2 | 1 |
29 | "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Тау-Дала филиалы | 65 | 2 | 1 |
Барлығы: | 3527 | 102 |