Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 92 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 сәуірде № 5-10-136 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 16.07.2018 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 480 "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына және мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарма ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес, белгіленсін.

      2. Жарма ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 12 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4882 тіркелген, 2017 жылғы 17 наурыздағы "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2017 жылы 17 тамызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Н. Нургалиев

  Жарма ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "10" сәуір
№ 92 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі


       

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері (%)

Жұмысорындар саны (бірліктер)

1

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Жарма технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

94

2

2

2

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жаңғызтөбе орта мектеп-бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

3

3

3

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "П.Г. Карелин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3

3

4

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Георгиевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

148

3

4

5

"Георгиевский завод насосного оборудования" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

109

3

3

6

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

124

3

3

7

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Жарма орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

417

4

16

8

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

217

3

6

9

Жарма ауданы әкімдігінің "Жарма аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

116

3

3

10

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Маяковский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

124

3

3

11

"Теміржол жөндеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің- "ПМС Шар" филиалы

140

3

4

12

"Қамқор локомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шар локомотив жөндеу депосы" филиалы

105

3

3

13

Жарма ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жарма ауданының ветеринарлық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

126

3

3

14

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жамбыл атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

15

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "№ 236 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

2

1

16

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Актайлак би атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

99

2

1

17

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Б. Турсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2

1

18

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы мектеп- балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

83

2

1

19

"Жарма Құрылыс - Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

74

2

1

20

"Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар- жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

88

2

1

21

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Бақыршық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

96

2

1

22

"Бақыршық ЖСҚ" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

81

2

1

23

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек-Өскемен" № 110 филиалы

421

4

16

24

"Шалабай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

142

3

4

25

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "К. Шакенов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

2

1

26

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Т. Кобдыкова атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

71

2

1

 
27

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Т. Хасенұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2

1

28

"AS-INCOME" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

72

2

1

29

"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Тау-Дала филиалы

65

2

1


Барлығы:

3527


90


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады