РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 04 шілдедегі №181 ұсынысы негізінде, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округіндегі Айнабұлақ ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 2 "Айнабұлақ ауылдық округінің Айнабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 18 қыркүйекте № 5213 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қыркүйекте аудандық "Достық" газетінің № 72 санында және 2017 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Көшербаев |