РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 445 ұсынысы негізінде, Сартерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Сартерек ауылдық округіндегі Шалқар ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 6 "Сартерек ауылдық округінің Шалқар ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5206 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 қыркүйекте аудандық "Достық" газетінде және 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі | Ә. Орынбаев |