Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 12.11.2018 № 476 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 - бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Күршім ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 111 "Күршім ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналарының ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5032 болып тіркелген, 2017 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамассыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | С. Чукаев |
Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "5" 03 № 77 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мектепке дейнгі балалар ұйымдары | Мемлекеттік білім беру тапсырысы , орындар саны |
1 | Балабақшалар | 175 |
2 | Мектеп жанындағы кіші орталықтар | 400 |
Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "5" 03 № 77 қаулысына 2-қосымша |
Ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі балалар ұйымдары | Күніне бір баланың шығыны, 3жасқа дейін (теңге) | Күніне бір баланың шығыны, 3жастан 7 жасқа дейін (теңге) |
1 | Балабақшалар | 390 | 416 |
2 | Мектеп жанындағы кіші орталықтар | 203 | 226 |
Ескертпе: 1күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.