РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 - бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы "Күршім ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5565 болып тіркелген, 2018 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы әкімдік қаулысын Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | Д. Қажанов |
Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" _11_ №_476_ қаулысына қосымша |
Күршім ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
| Ұйымның атауы | Тәрбиеленушілердің саны (адам) | Бір айда тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың мөлшері,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыстың жалпы көлемі, теңге | Бір айға арналған ата-ана төлемақысының мөлшері, теңге | ||||
Барлығы | оның ішінде | оның ішінде | оның ішінде | |||||
Толық күн болатын | Толық емес күн болатын | Толық күн болатын | Толық емес күн болатын | 3 жас дейін | 3 жастан 6 дейін | |||
1 | Күршім ауылындағы "Болашак" балабақшасы | 140 | 140 | 0 | 26567 | 0 | 8300 | 8800 |
2 | Теректі ауылындағы балабақша | 20 | 20 | 0 | 16416 | 0 | 8300 | 8800 |
3 | Күршім ауылындағы балабақша | 15 | 15 | 0 | 32200 | 0 | 8300 | 8800 |
4 | Қалжыр орта мектебі жанындағы шағын орталық | 75 | 75 | 0 | 9447 | 0 | 4500 | 5000 |
5 | Қаратоғай орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 13273 | 0 | 4500 | 5000 |
6 | Қарой негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 12113 | 0 | 4500 | 5000 |
7 | Теректібұлақ орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 10276 | 0 | 4500 | 5000 |
8 | Үшбұлақ негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 12030 | 0 | 4500 | 5000 |
9 | Құйған орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 27753 | 0 | 4500 | 5000 |
10 | Барақ батыр негізігі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 16143 | 0 | 4500 | 5000 |
11 | Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия жанындағы шағын орталық | 50 | 50 | 0 | 13600 | 0 | 4500 | 5000 |
12 | Ақбұлақ негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 17445 | 0 | 4500 | 5000 |
13 | Қайыңды негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 14117 | 0 | 4500 | 5000 |
14 | Қарашілік негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 15304 | 0 | 4500 | 5000 |
15 | Ақсуат негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 25 | 25 | 0 | 19162 | 0 | 4500 | 5000 |
16 | Жанаауыл негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 17304 | 0 | 4500 | 5000 |
17 | Ж. Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық | 20 | 20 | 0 | 13087 | 0 | 4500 | 5000 |
Жиыны | 575 | 575 | 0 |