РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 26 шілдедегі № 183 ұсынысының негізінде Көкпекті ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданының Бастаушы ауылдық округінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін ірі қара малдың бруцеллез ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Көкпекті ауданының Бастаушы селолық округіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5236 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық Әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;
3) мемлекетік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Көкпекті ауданы аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті ауданының әкімі | А. Смаилов |