РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 62 ұсынысы негізінде Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты "Тарбағатай ауданының Сәтпаев ауылдық округiнiң "Жалғызтал" учаскесінде, Екпін ауылдық округiнiң "Берлібай" учаскесінде және Қызыл кесік ауылдық округiнің Қызыл кесік ауылына шектеу iс-шаралары" алынсын.
2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 05 қазандағы № 440 "Тарбағатай ауданының Сәтпаев ауылдық округiнiң "Жалғызтал" учаскесінде, Екпін ауылдық округiнiң "Берлібай" учаскесінде және Қызыл кесік ауылдық округiнің Қызыл кесік ауылына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген, 2017 жылғы 11 қазандағы "Тарбағатай" газетінде және 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Д. Оразбаев |