Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 16.05.2018 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 07 тамыздағы № 331, № 332, № 333 ұсыныстары негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Тарбағатай ауданының Сәтпаев ауылдық округiнiң "Жалғызтал" учаскесінде, Екпін ауылдық округiнiң "Берлібай" учаскесінде және Қызыл кесік ауылдық округiнің Қызыл кесік ауылының мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Д. Оразбаев |