Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 07.10.2019 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 667 ұсынысы негізінде, Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округінің "Манақ" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Екпін ауылдық округінің әкімі | Б. Сербатыров |