Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 07.10.2019 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2- тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 643 ұсынысы негізінде, Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының I квартал және Жоламан көшелеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкжыра ауылдық округінің әкімі | Ж. Баянбаев |