Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының I квартал және Жоламан көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 17 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 28 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қазанда № 6193 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 499 ұсынысы негізінде Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округіне карасты Көкжыра ауылының I квартал және Жоламан көшелеріне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округіне карасты Көкжыра ауылының I квартал және Жоламан көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-175 тіркелген, 2018 жылғы 15 желтоқсандағы "Тарбағатай" газетінде және 2019 жылғы 08 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкжыра ауылдық округінің әкімі Ж. Баянбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады