РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 қазандағы № 146 "Тіркелген салық ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-114 нөмірімен тіркелген, 2009 жылы 04 желтоқсанда "Ұлан таңы" газетте жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Бережной |
Аудандық мәслихат хатшысы |
О. Сыдыков |