Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тіркелген салық ставкаларының мөлшері бекітілсін (№ 1 қосымша).
2. 2009 жылғы 22 шілдедегі № 128 "Тіркелген салық ставкалары туралы" шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Акбердинов |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Д. Турсунбаев |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 казандағы № 146 шешіміне № 1 қосымша |
Рет саны № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (Айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір адамның қатысуымен ойналынатын ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Бір адамнан астам адамдардың қатысуымен ойналынатын ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын ойнауға арналған жеке компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы (боулинг) | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |