Көшені қайта атау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 8 қаңтарда № 5-17-212 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы отырысының қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірі ескеріле отырып Тарғын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1.Ұлан ауданының Тарғын ауылындағы "Обуховских Коммунаров" көшесі "Астана" деп қайта аталсын.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Г. Аманов

О переименовании улиц

Решение акима Таргынского сельского округа Уланского района Восточно-Казахстанской области от 27 декабря 2018 года № 4. Зарегистрировано Управлением юстиции Уланского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 8 января 2019 года № 5-17-212

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении Республики Казахстан", подпункт 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения жителей села Таргын и на основании заключения ономастической комиссии по Восточно-Казахстанской области от 28 августа 2018 года аким Таргынского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать в селе Таргын, Уланского района, улицу "Обуховских Коммунаров" на улицу "Астана".

      2. Контроль за исполнением решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким округа Аманов Г.