РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы отырысының қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірі ескеріле отырып Тарғын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1.Ұлан ауданының Тарғын ауылындағы "Обуховских Коммунаров" көшесі "Астана" деп қайта аталсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Г. Аманов |