"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 мамырдағы № 25/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 маусымда № 5-19-185 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 38/4-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 04.04.2019 № 38/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 20 тамызда, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 28 тамызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Яровикова
      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы А. Боровикова

 
  Шемонаиха аудандық мәслихатының
2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 25/4-VІ шешіміне
қосымша
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 21/6-V шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, өның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкiлетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шемонаиха ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі әкімдердің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Шемонаиха ауданының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі -ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Осы қағидалар Шемонаиха ауданы аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114 Заңында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) күн көріс деңгейіне еселік қатысы бар шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы негіздеме болып табылады.

      9. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қараусыз қалған, оның ішінде мінез-құлқы ауытқымалы кәмелетке толмағандар;

      3) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар;

      4) психофизикалық дамуы ерте бұзылған туғаннан үш жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;

      7) егде жасына байланысты, басынан кешірген аурудың және (немесе) мүгедектік салдарынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;

      11) пробация қызметінде есепте тұрған адамдар;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өзіне не оның мүлкіне зиян келтірілген адамдар (отбасылар);

      13) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).

      10. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтің көмектің шекті көлемі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      12. Амбулаториялық емделудегі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, азаматтарға қосымша тамақтануына – ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне берілетін біржолғы әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ұсынылады:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан:

      - басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы жауынгерлік қимылдарына қатысушыларға – 35,1 (отыз бес бүтін оннан бір) айлық есептік көрсеткіштен;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      - "Алтын алқа" алқасымен, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға, "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға, төрт және одан асқан бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – 5,4 (бес бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіштен;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      - 1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға және жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 35,1(отыз бес бүтін оннан бір) айлық есептік көрсеткіштен;

      4) Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі - 1 мамыр:

      - 1, 2-топтағы көруі бойынша мүгедектерге - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 80,8 (сексен бүтін оннан сегіз) айлық есептік көрсеткіштен;

      - Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына – 35,1 (отыз бес бүтін оннан бір) айлық есептік көрсеткіштен;

      - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және оның одақтастары ашқан концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 35,1 (отыз бес бүтін оннан бір) айлық есептік көрсеткіштен;

      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталғандарға – 12,7 (он екі бүтін оннан жеті) айлық есептік көрсеткіштен;

      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемі алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 2,7 (екі бүтін оннан жеті) айлық есептік көрсеткіштен;

      - жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға: Чернобыль АЭС-iндегi және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруларды сынау салдарынан мүгедек болып қалған адамдар, мүгедектігі ата-аналарының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысы бар олардың балалары – 13,0 (он үш бүтін) айлық есептік көрсеткіштен;

      6) Қазақстан Республикасының Конситуциясы күні – 30 тамыз:

      - 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелейтін адамдарға – 2,7 (екі бүтін оннан жеті) айлық есептік көрсеткіштен;

      7) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – 16 желтоқсан:

      - күнтізбелік жылы бесінші баланы дүниеге әкелген аналарға – 25,3 (жиырма бес бүтін оннан үш) айлық есептік көрсеткіштен.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      14. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Шемонаиха ауданының әкімі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі

      15. Амбулаториялық емделудегі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек туберкулезге қарсы диспансердің бірінші басшысы бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының" 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының" 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      24. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      25. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      26. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      27. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шемонаиха ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

О внесении изменения в решение Шемонаихинского районного маслихата от 21 июля 2014 года № 21/6-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21 мая 2018 года № 25/4-VI. Зарегистрировано Управлением юстиции Шемонаихинского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 11 июня 2018 года № 5-19-185. Утратило силу решением Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 4 апреля 2019 года № 38/4-VI

      Сноска. Утратило силу решением Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 04.04.2019 № 38/4-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии c пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Шемонаихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шемонаихинского районного маслихата от 21 июля 2014 года № 21/6-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3453, опубликовано в газете "Уба-Информ" от 20 августа 2014 года, информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" 28 августа 2014 года) следующее изменение:

      Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденные указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Яровикова
      Cекретарь Шемонаихинского районного маслихата А. Боровикова

 
  Приложение
к решению Шемонаихинского
районного маслихата
от 21 мая 2018 года № 25/4-VI
Утверждены
решением Шемонаихинского
районного маслихата
от 21 июля 2014 года № 21/6-V

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Шемонаихинского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области;

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Шемонаихинского района", финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом Шемонаихинского района (далее МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      4. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории Шемонаихинского района.

      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      6. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      7. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      8. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 114 "О специальных социальных услугах";

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного в кратном отношении к прожиточному минимуму.

      9. Перечень категорий получателей социальной помощи:

      1) дети сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;

      3) несовершеннолетние, находящиеся в организациях образования с особым режимом содержания;

      4) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;

      5) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      6) лица, имеющие социально значимые заболевания и заболевания, представляющие опасность для окружающих;

      7) лица, неспособные к самообслуживанию, в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;

      8) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшему к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      9) бездомные (лица без определенного места жительства);

      10) лица, освобожденные из мест лишения свободы;

      11) лица, находящиеся на учете службы пробации;

      12) лица (семьи) которым причинен ущерб либо их имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара;

      13) лица (семьи), со среднедушевым доходом семьи, за квартал, предшествующий кварталу обращению, не превышающим установленного порога.

      10. Установить порог среднедушевого дохода лица (семьи) в размере двухкратной величины прожиточного минимума.

      11. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи составляет 100 (сто) месячных расчетных показателей.

      12. Ежемесячная социальная помощь оказывается гражданам, больным активной формой туберкулеза и находящимся на амбулаторном лечении, на дополнительное питание – в размере 6 (шести) месячных расчетных показателей ежемесячно.

      13. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется следующим категориям граждан:

      1) День вывода войск с территории Афганистана, День памяти воинов-интернационалистов - 15 февраля:

      - участникам боевых действий на территории других государств - по 35,1 (тридцать пять целых, одной десятой) месячных расчетных показателей;

      2) Международный женский день – 8 марта:

      - многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени или ранее получившим звание "Мать-героиня"; многодетным матерям, награжденным подвеской "Күміс алқа"; многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей – по 5,4 (пять целых, четыре десятых) месячных расчетных показателей;

      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля: - лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – по 35,1 (тридцать пять целых, одной десятой) месячных расчетных показателей;

      4) Праздник единства народа Казахстана – 1 мая:

      - инвалиды по зрению 1, 2 группы - в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      5) День Победы – 9 мая:

      - инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – по 80,8 (восемьдесят целых, восемь десятых) месячных расчетных показателей;

      - супругам военнослужащих, погибших во время Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак – по 35,1 (тридцать пять целых, одной десятой) месячных расчетных показателей;

      - бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – 35,1 (тридцать пять целых, одной десятой) месячных расчетных показателей;

      - награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – по 12,7 (двенадцать целых семь десятых) месячных расчетных показателей;

      - лицам проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженные труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – по 2,7 (две целых семь десятых) месячных расчетных показателей;

      - лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны: лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – по 13,0 (тринадцать целых) месячных расчетных показателей;

      6) День Конституции Республики Казахстан – 30 августа:

      - лицам, воспитывающим ребенка-инвалида до 16 лет - по 2,7 (две целых, семь десятых) месячных расчетных показателей;

      7) День Независимости Республики Казахстан – 16 декабря:

      - матерям, родившим пятого ребенка в календарном году – 25,3 (двадцать пять целых три десятых) месячных расчетных показателей.

3. Порядок оказания социальной помощи

      14. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по спискам, утверждаемым акимом Шемонаихинского района по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      15. Ежемесячная социальная помощь гражданам, больным активной формой туберкулеза и находящимся на амбулаторном лечении, оказывается по спискам противотуберкулезного диспансера, утвержденным его первым руководителем.

      16. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи представляет в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установлению размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан" утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Лицам (семьям), находящимся в трудной жизненной ситуации, вследствие стихийного бедствия и пожара, заявление подается в течении трех месяцев со дня наступления события.

      17. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      18. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка, села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      19. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установлению размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан" утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      20. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      21. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      22. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      23. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      24. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 20 и 21 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.

      25. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      26. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.

      27. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      28. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Шемонаихинского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      29. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином порядке установленном законодательством Республики Казахстан.

5. Заключительное положение

      30. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".