РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабының 2-тармағына сәйкес, Первомайский кенті тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысын есепке ала отырып, Первомайский кентінің әкімі ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кентінде қайта аталсын:
1) Октябрьская көшесі Желтоқсан көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Первомайский кентінің әкімі | Т. Моисеева |