Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 27.06.2019 № 1490 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 154 бұйрығын (Қазақстан республикасы Әділет министірлігінде 2015 жылғы 24 шілдедегі №11763 тіркелген) басшылыққа ала отырып және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2018 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.
2. Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі №1061 "Орал қаласы бойынша 2017 жылға субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4786 тіркелген, 2017 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Закаринге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М.Мұқаев |
Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 1700 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша 2018 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
№ | Маршруттардың атауы |
1 | Орал қаласы-"Учужный затон" бау-бақша серіктестігі |
2 | Орал қаласы–"Барбастау" бау-бақша серіктестігі |