Орал қаласы бойынша 2019 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 1490 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 5739 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 1280 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 07.08.2020 № 1280 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2019 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.

      2. Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №1700 "Орал қаласы бойынша 2018 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5287 тіркелген, 2018 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (А.Менеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Тоқжановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Орал қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№1490 қаулысына
қосымша

Орал қаласы бойынша 2019 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі

Тасымалдаулардың атауы

1

Орал қаласы - "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі

2

Орал қаласы - "Барбастау" бау-бақша серіктестігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады