Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 маусымдағы №14-9 "Орал қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерін ұлғайту және бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3306 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдеде "Жайық үні-Жизнь города" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т.Тілемісов |
Мәслихат хатшысы | А.Әубекеров |