Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 14-9 "Орал қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерін ұлғайту және бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 27-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 5471 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 маусымдағы №14-9 "Орал қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерін ұлғайту және бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3306 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдеде "Жайық үні-Жизнь города" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Тілемісов
      Мәслихат хатшысы А.Әубекеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады