Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ақсуат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылындағы "Октябрьская" көшесін "Мәңгілік ел" көшесі деп қайта аталсын.
2. Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М.Р.Аслямов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауылдық округінің әкімі | Д.Бекен |