Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылындағы көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 5063 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ақсуат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылындағы "Октябрьская" көшесін "Мәңгілік ел" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М.Р.Аслямов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Д.Бекен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады