Ескерту. Күші жойылды – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 21.05.2019 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақының мөлшері бекітілсін.
2. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 120 "Бөкей ордасы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4887 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының бас маманы (Н.Бисекенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Р.Зұлқашев |
2018 жылғы 11 сәуірдегі № 57 Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) | |
3 жасқа дейін (көп емес) | 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) | |||||
Бөбекжай (жергілікті бюджет) | ||||||
1 | Сайқын ауылы | "Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының "Ер Төстік" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
|
| 5800 | 6000 |
2 | Хан Ордасы ауылы | "Орда ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақбота" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 115 | 22446 | 5300 | 5500 |
3 | Бисен ауылы | "Бисен ауылдық округі әкімі аппаратының "Салтанат" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 90 | 23966 | 5800 | 6000 |
4 | Бөрлі ауылы | "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Балдаурен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 33728 | 4800 | 5000 |
Мектеп - балабақша (жергілікті бюджет) | ||||||
5 | Ұялы ауылы | "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 20850 | 3800 | 4000 |
6 | Мұратсай ауылы | "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 20850 | 4800 | 5000 |
7 | Саралжын ауылы | "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 20850 | 3800 | 4000 |