Бөкей ордасы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 120 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте № 4887 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бокей ордасы ауданы әкімдігінің 11.04.2018 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 106 "Бөкей ордасы ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4480 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің басшысы (Е.М.Иманбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Л.Қайырғалиева

  Бөкей ордасы ауданыәкімдігінің
2017 жылғы 14 тамыздағы №120
қаулысына қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандығы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін (көп емес)

3 жастан7 жасқа дейін (көп емес)

1

Сайқын ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Ер Төстік" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

290

16318

16318

4800

5000

2

Хан Ордасы ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

115

16917

16917

4800

5000

3

Бисен ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Салтанат" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

100

18253

18253

4800

5000

4

Бөрлі ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Балдаурен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

26903

26903

3800

4000

Мектеп-балабақша (жергілікті бюджет)

5

Ұялы ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

16900

16900

3800

4000

6

Саралжын ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

16900

16900

3800

4000

7

Мұратсай ауылы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

16900

16900

3800

4000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады