Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 12 ақпандағы №01-17/125 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым ауданы Қособа ауылдық округі Қособа ауылының Батыс бағыттағы бағымына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Сырым ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 9 "Сырым ауданы Қособа ауылдық округі Қособа ауылының Батыс бағыттағы бағымына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4886 тіркелген, 2017 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қособа ауылдық округ әкімі | Ж.А.Сатаев |