Сырым ауданы Қособа ауылдық округі Қособа ауылының Батыс бағыттағы бағымына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 тамызда № 4886 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа селолық округі әкімінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа селолық округі әкімінің 19.03.2018 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 04 шілдедегі № 01-17/128 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Қособа ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Қособа ауылдық округі Қособа ауылының Батыс бағыттағы бағымына шектеу іс-шараларын белгіленсін.

      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қособа ауылдық округі әкімі Ж.А.Сатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады