Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 28.05.2019 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Тасқала ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 95 "2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4419 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпаратттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Әлиев |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №28 қаулысына қосымша |
Тасқала ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата ананың ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 29.05.2018 № 134 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Бір айға бір тәрбиеленушіге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |
3 жасқа дейін | 3 жастан 7 жасқа дейін | |||||
Балабақша ( жергілікті бюджет) | ||||||
1 | Тасқала ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Ақбөпе" аудандық балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 143 | 29494 | 7800 | 8000 |
2 | Тасқала ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Бөбек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын | 120 | 29494 | 7800 | 8000 |
3 | Тасқала ауылы | Тасқала ауданы әкімдігінің Тасқала аудандық білім бөлімінің "Балдырған" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 29494 | 7800 | 8000 |
4 | Мерей ауылы | Тасқала аудандық әкімияты Тасқала аудандық білім бөлімінің "Айгөлек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 42 | 29494 | 7800 | 8000 |
Мектеп – балабақша кешені (жергілікті бюджет) | ||||||
1 | Мереке ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Мереке "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 29494 | 7800 | 8000 |
2 | Шежін ауылы | "Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Шежін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 36 | 29494 | 7800 | 8000 |
3 | Ақтау ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Ақтау "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 29494 | 7800 | 8000 |
4 | Амангелді ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Амангелді "мектеп-балабақша" кешені" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 43 | 29494 | 7800 | 8000 |
5 | Атамекен ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Совхоз "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 42 | 29494 | 7800 | 8000 |
Жеке мектепке дейінгі ұйым (жергілікті бюджет) | ||||||
1 | Тасқала ауылы | "Нұр" бөбекжайы ЖК "Дакишев" | 40 | 29494 | 7800 | 8000 |