Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 124 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 мамырда № 5692 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 09.06.2020 № 152 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 28 "Тасқала ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5080 тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған), 2018 жылғы 29 мамырдағы № 134 "Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №28 "Тасқала ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5227 тіркелген, 2018 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Қ.Нурекешев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 28 мамырдағы
№ 124 қаулысына
қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Бір айға бір тәрбиеленушіге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан 6 жасқа дейін


Бөбекжай ( жергілікті бюджет)

1

Тасқала ауылы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақбөпе" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

30153

8000

9000

2

Тасқала ауылы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

119

30153

8000

9000

3

Тасқала ауылы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

30153

8000

9000

4

Мерей ауылы

Тасқала ауданы әкімдігі Тасқала аудандық білім бөлімінің "Айгөлек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

40

30153

8000

9000


Мектеп – балабақша кешені (жергілікті бюджет)

1

Мереке ауылы

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Мереке "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

18

30153

8000

9000

2

Шежін ауылы

"Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Шежін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

38

30153

8000

9000

3

Ақтау ауылы

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Ақтау "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

30153

8000

9000

4

Амангелді ауылы

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Амангелді "мектеп-балабақша" кешені" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

49

30153

8000

9000

5

Атамекен ауылы

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Атамекен жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

37

30153

8000

9000

6

Оян ауылы

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы білім беретін Оян орта "мектеп-бөбекжай-бақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

30153

8000

9000

Жеке мектепке дейінгі ұйым (жергілікті бюджет)

1

Тасқала ауылы

"Нұр" бөбекжайы ЖК "Дакишев"

40

30153

8000

9000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады