Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 30.01.2020 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 шілдеде №13898 тіркелген) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданы бойынша ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарына квота белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Тасқала ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Тасқала ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Тасқала ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Тасқала ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде.
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №165 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4463 тіркелген, 2016 жылы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Халелов |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №387 қаулысына 1-қосымша |
2019 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 58 | 1 | 1 |
2 | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Сәулет" мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 106 | 1 | 1 |
3 | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 119 | 1 | 1 |
4 | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 77 | 1 | 1 |
5 | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 92 | 1 | 1 |
6 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Тасқала колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 76 | 1 | 1 |
БАРЛЫҒЫ | 528 | 6 |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №387 қаулысына 2-қосымша |
2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 287 | 2 | 6 |
2 | "Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі | 72 | 2 | 1 |
3 | Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 52 | 2 | 1 |
4 | "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 57 | 2 | 1 |
БАРЛЫҒЫ | 468 | 9 |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №387 қаулысына 3-қосымша |
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 287 | 2 | 6 |
2 | "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 57 | 2 | 1 |
3 | "Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі | 72 | 2 | 1 |
4 | Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 52 | 2 | 1 |
5 | "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 23 | 2 | 1 |
БАРЛЫҒЫ | 491 | 10 |