Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 19.02.2021 № 25 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданы бойынша ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарына квота белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Тасқала ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Тасқала ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Тасқала ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Тасқала ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде.
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №387 "Тасқала ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5496 тіркелген, 2019 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Баяндыковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тасқала ауданының әкімі | А. Халелов |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы №15 қаулысына 1-қосымша |
2020 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Сәулет" мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 107 | 1 | 1 |
2 | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 120 | 1 | 1 |
3 | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 75 | 1 | 1 |
4 | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 116 | 1 | 1 |
Барлығы | 418 | 4 |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы №15 қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс
орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 58 | 2 | 1 |
2 | Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 118 | 2 | 2 |
3 | "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 55 | 2 | 1 |
Барлығы | 231 | 4 |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы №15 қаулысына 3-қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары
квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 286 | 2 | 6 |
2 | "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 55 | 2 | 1 |
3 | Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 58 | 2 | 1 |
4 | "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 24 | 2 | 1 |
5 | Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени ойын – сауық және спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 22 | 2 | 1 |
Барлығы | 445 | 10 |