РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген |
Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Астық туралы заң) 6-бабы 32-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық қолхаттарын тіркеушіні (бұдан әрі – тіркеуші) айқындау бойынша ашық конкурс ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – астық қолхаттары және оларды ұстаушылар бойынша ақпараттарды сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, тапсыруға және беруге арналған, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;
2) астық қолхаты – астықтың белгілі бір көлеміне құқық меншігін растайтын, эмиссияға жатпайтын құжатсыз құнды қағаз түріндегі қойма куәлігі;
3) тіркеушінің көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізуші (бұдан әрі – жеткізуші) – тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурсқа қатысатын және өзін тіркеуші ретінде айқындауға үміткер заңды тұлға;
4) уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурсты айқындау тәртібі
3. Тіркеушіні айқындау үшін уәкілетті орган тіркеушіні таңдау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия төрағадан, комиссия мүшелері мен хатшыдан тұрады.
Комиссияның төрағасы уәкілетті органның өкілі болып табылады.
Комиссияның құрамына Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының және уәкілетті органның өкілдері кіреді. Бұл ретте, комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Егер, комиссия отырысына комиссияның кемінде бес мүшесі қатысса, ол заңды күші бар болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеті уәкілетті органның маманына жүктеледі.
4. Комиссия төрағасы:
1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметін басқарады;
2) комиссия отырыстарына төрағалық етеді;
3) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Комиссия хатшысы:
1) комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, комиссия отырысын жүргізуді ұйымдастырады;
2) жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасын, тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді және комиссия мүшелеріне қол қойғызады;
3) жеткізушілердің ұсыныстары ашылғаннан сәттен бастап тіркеушіні айқындау бойынша құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;
4) жеткізушілердің ұсыныстарын берудің соңғы күнінен кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органның интернет-ресурсында тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу туралы хабарлама жариялауды қамтамасыз етеді.
6. Ашық конкурсқа қатысу үшін жеткізуші осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
7. Жеткізушілерден ұсыныстар қабылдауды уәкілетті орган хабарлама жарияланған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.
8. Жеткізуші конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар топтамасы мыналарды қамтиды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізушінің бірінші басшысының қолы қойылған конкурсқа қатысуға арналған өтініш;
2) заңды тұлға қызметін "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10563 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік жарғы (бұдан әрі – Үлгілік жарғы) негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының (бар болса) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) иесі жеткізуші болып табылатын ақпараттық жүйе бойынша мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:
ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі;
ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақтар актісі;
ақпараттық жүйеге арналған бағдарламалық құжаттаманы сараптау хаттамасы;
ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестаты;
4) жеткізушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік. Жеткізуші қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайда, жеткізушіні мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) банктің немесе банк филиалының куәлік беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын жеткізуші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы уәкілетті адамның қолы қойылып, мөрі басылған, жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы (жеткізуші бірнеше екінші деңгейлі банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрбірінен ұсынылады). Анықтама конверт ашылатын күннен бұрын бір айдан ерте берілмеуі тиіс;
6) конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте емес бұрын берілген, "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша салықтық берешектерінің және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар және (немесе) жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
7) жеткізушінің өкіліне жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, конкурсқа қатысуға арналған өтінішке қол қою құқығына өкілеттігін растайтын сенімхат;
8) астық нарығының қатысушылары үшін жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің бағалар прейскуранты. Тіркеуші ақпараттық жүйе пайдаланушыларына электрондық қызметтерді ақылы негізде, ақпараттық жүйені дамыту мен сүйемелдеуге арналған оның шығыстарын ескере отырып ұсынады. Конкурс жеңімпазының (тіркеушінің) көрсетілетін қызметтерінің бағалар прейскуранты оның ішкі құжатымен (жалғыз қатысушының шешімімен, қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасымен) бекітіледі.
9. Хабарламада көрсетілген мерзімде ұсынылған жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашуды комиссия жүргізеді.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді.
10. Комиссияның отырысы өткен күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамалары жарияланады.
11. Жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттер ашылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, комиссия хатшысы:
1) жеткізушілердің ұсыныстарын қарау бойынша комиссия отырысының өтетін күні мен уақытын комиссия төрағасымен келіседі;
2) жеткізушілердің ұсыныстарын қарау бойынша комиссия отырысының өтетін күні мен уақыты туралы комиссия мүшелері мен жеткізушілерді хабардар етеді;
3) жеткізушінің осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды комиссияның қарауына береді.
12. Комиссия мүшелері жеткізушінің құжаттарын қарау кезінде комиссия хатшысына қайтарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
13. Комиссия:
1) жеткізушілердің ұсыныстарын құрайтын құжаттар топтамасын толықтығы мен тиісті ресімделуі тұрғысынан қарастырады;
2) құжаттардың толық тізбесін бермеген және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттар ұсынған жеткізушілерді айқындайды;
3) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жеткізушілерді айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген) бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 3-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйенің мемлекеттік жүйелермен және дерекқорлармен интеграциялық өзара іс-қимылдары бар екенін, сондай-ақ ақпараттық жүйеде астық қолхаттарымен операцияларды жүргізу, оның ішінде blockchain технологияларын пайдалана отырып жүргізу мүмкіндігін растау үшін жеткізуші ақпараттық жүйеде клиент жұмысын комиссия үшін таныстырады.
14. Егер, ұсыныстар беру мерзімі ішінде тек бір ғана жеткізушінің ұсынысы берілсе, комиссия конкурсты өткізілмеді деп таниды және комиссия конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
Егер, комиссия қайта өткізілген конкурсты тек бір ғана жеткізуші конкурсқа жіберілуіне байланысты өткізілмеді деп таныса, жеткізуші ұсынған құжаттар сәйкес келген жағдайда, комиссия оны тіркеушіні айқындау жөніндегі оның ұсынымы туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа осы бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін жеткізушілердің өтінімдері жіберілгендіктен, конкурс өткізілді деп танылған жағдайда, комиссия жеткізушіні клиенттің (астық қолхатын ұстаушының, астық иесінің, кепіл ұстаушының, астық қабылдау кәсіпорнының және басқа да тұлғалардың) жеке шотына жылдық қызмет көрсетілгені үшін жыл сайынғы абоненттік төлемнің ең аз мөлшеріне сүйене отырып, ұсыным туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, астық қабылдау кәсіпорнына астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қол жеткізгені үшін жыл сайынғы абоненттік төлем айлық есептік көрсеткіштің отыз алты еселенген мөлшерін құрайды, ал клиенттің (астық қолхатын ұстаушының, астық иесінің, кепіл ұстаушының, астық қабылдау кәсіпорнының және басқа тұлғалардың) жеке шотына жылдық қызмет көрсетілгені үшін жыл сайынғы абоненттік төлемді жеткізуші өзі айқындайды.
15. Комиссияның отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Комиссия отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
16. Қарастырылып отырған мәселелер бойынша комиссия отырысқа қатысушы өз мүшелері санының үштен екісінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Комиссия отырысына қатысқан және қабылданған шешіммен келіспеген комиссия мүшелері хаттамаға қоса тіркелетін жазбаша түрдегі ерекше пiкiрiн білдіруге құқылы, бұл туралы хаттамада тиісті белгі жасалады.
17. Комиссияның хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады. Сотқа арыз беру комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуын тоқтата тұрады.
18. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеушіні айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға комиссия төрағасы мен жиналысқа қатысушы комиссия мүшелерінің барлығы, сондай-ақ комиссия хатшысы жеткізушілердің ұсыныстары ашылған сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қояды және уәкілетті органға жібереді.
19. Тіркеушіні айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттама негізінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Астық туралы заңның 5-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес "Астық қолхаттарының тіркеушісін айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын енгізеді.
Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Астық қолхаттарын тіркеушінің көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар
1. Жеткізуші техникалық жарақталған (оның ішінде жабдық, бағдарламалық қамтым, байланыс арналары) болуы және оның штаттық мамандары, оның ішінде техникалық білімі, ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен сүйемелдеу бойынша қажетті біліктілігі бар мамандары болуы тиіс.
2. Жеткізуші қызметтерді ақпараттық жүйені пайдалана отырып көрсетеді, ол:
1) веб-порталдық шешімге ие болады;
2) ашық бастапқы коды бар дерекқорларды басқарудың бос жүйесін пайдаланады;
3) ашық бастапқы коды бар бос операциялық жүйені пайдаланады;
4) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау туралы актіге ие болады;
5) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар актіге ие болады;
6) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық жүйенің техникалық құжаттамасы сараптамасына ие болады;
7) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестатына ие болады;
8) ақпараттық жүйенің астық қолхаттарымен операциялар туралы деректерін сақтауға арналған blockchain-платформаны пайдаланады;
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген) бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес астық қолхаттарымен операциялар орындауға мүмкіндік береді;
10) мемлекеттік жүйелермен және дерекқорлармен интеграцияланған болады, атап айтқанда:
рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға қатысты;
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – астық қабылдау кәсіпорындары қаржылық есептілік депозитарийіне беретін ақпаратқа қатысты;
жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты;
жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жер учаскелеріне қатысты;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – тізілімде тіркелген заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты;
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік органмен – астық қабылдау кәсіпорындарының лицензиарларына және олардың кеңістіктік (географиялық) деректеріне қатысты;
салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – астық қабылдау кәсіпорындары және астық қолхаттарын ұстаушылар шығарған электрондық шот-фактуралар жөніндегі деректерге қатысты;
Ұлттық темір жол компаниясымен – астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы мәліметтерге қатысты;
сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – тізілімде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты;
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен –ақпараттық жүйеде клиенттермен операциялар жүргізу кезінде ақпараттық жүйе қатысушыларының электрондық цифрлық қолтаңба пайдалануына қатысты;
екінші деңгейдегі банктің төлем жүйесімен – клиенттің операцияларды "төлемге қарсы жеткізу" опциясын пайдалана отырып жүзеге асыруы үшін;
11) техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулігіне 24 сағат/аптасына 7 күн жұмыс істейді.
Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан | |
________________________ (мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_______________ астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша
конкурсқа қатысуға жіберуді сұраймын.
Ұсынылған құжаттарымның төлнұсқалығына жауап беремін.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны _______________________________________
_________________________________________________________________________
__________ __________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
"____"_______________ 20__ ж.
Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Астық қолхаттарын тіркеушінің көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттерді ашу туралы хаттама
________________________ _________________
(ашу орны) (уақыты мен күні)
1. Астық қолхаттарын тіркеушіні (бұдан әрі – тіркеуші) таңдау жөніндегі
комиссия мынадай құрамда:
_________________________________________________________________________
(комиссия төрағасының, хатшысының және мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, лауазымы көрсетіледі)
тіркеушінің көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізушілердің (бұдан әрі – жеткізуші)
ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
2. Құжаттар топтамасын мынадай жеткізушілер берді:
________________________________________________________________________.
(барлық жеткізушілердің атауы, мекен-жайы)
3. Мынадай жеткізушілердің:
________________________________________________________________________
(ұсыныстар берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыныстар берген барлық
жеткізушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі)
ұсыныстары_____________________________ негізінде ашылмай кері қайтарылды.
4. Ұсыныстар берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген мерзімдерде
берілген мынадай жеткізушілердің:
_________________________________________________________________________
(ұсыныстар берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсыныстар берген барлық
жеткізушілердің атауы, мекенжайы, ұсыныстардың берілген уақыты)
ұсыныстары ашылды және оның ішіндегі:
________________________________________________________________________,
(ұсыныста қамтылған құжаттардың тізбесі, ұсыныстарды қайтарып алу және өзгерту
туралы ақпарат, ұсынылған құжаттардың парақ саны көрсетіледі)
жеткізушілердің ұсыныстарын ашу кезінде қатысушылардың барлығына жарияланады.
5. Ұсыныстарды ашу кезінде мынадай жеткізушілер қатысты:
_________________________________________________________________________
(ұсыныстарды ашу кезінде қатысқан барлық жеткізушілердің атауы, мекенжайы,
деректемелері, олардың уәкілетті өкілдерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі, қолы.
Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Астық қолхаттарын тіркеушіні таңдау қорытындылары туралы хаттама
________________________ _______________
(таңдау орны) (уақыты мен күні)
1. Астық қолхаттарын тіркеушіні (бұдан әрі – тіркеуші) таңдау
комиссиясының құрамы:___________________________________________________
________________________________________________________________________
(комиссия төрағасының, хатшысының және мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, лауазымы көрсетіледі)
2. Тіркеушінің көрсетілетін қызметтерін әлеуетті жеткізушілердің (бұдан әрі – жеткізуші)
мынадай ұсыныстары жіберілді:
_________________________________________________________________________
(жіберу туралы хаттамаға сәйкес қатысуға жіберілген жеткізушілердің ұсыныстары
көрсетіледі)
3. Жеткізушілердің ұсыныстары бар конверттер:
_________________________________________________________________________
(қарау үшін соңғы мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылуына байланысты ұсыныстары
қабылданбаған жеткізушілердің атаулары көрсетіледі)
4. Комиссияның қарауы үшін уақыт аяқталғанға дейін ұсыныстар берген
мынадай қатысушылардың
_________________________________________________________________________
(жеткізушілердің атауы және деректемелері көрсетіледі)
ұсыныстары ашылды және оның ішіндегі
_________________________________________________________________________
(жеткізушілер берген ұсыныстар көрсетіледі)
ұсыныстар бар конверттерді ашу кезінде қатысушылардың барлығына жарияланды.
5. Қабылданбаған жеткізушілердің ұсыныстары:
_________________________________________________________________________
(ұсыныстары қабылданбаған жеткізушілер (олардың деректемелері),
сондай-ақ қабылданбау себептері көрсетіледі)
Жеткізушілердің ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша Комиссия ШЕШТІ:
1) астық қолхаттарын тіркеуші ретінде
_________________________________________________________________________
(жеткізуші (оның деректемелері) көрсетіледі)
Таңдалсын немесе астық қолхаттарын тіркеушіні таңдау:
________________________________________себепті өткізілмеді деп танылсын
(тиісті себебі көрсетіледі)
2) осы хаттама Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
веб-сайтында жариялансын.
Осы шешім үшін дауыс бергендер:
ЖАҚТАУШЫЛАР – _____ дауыс (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі);
ҚАРСЫЛАР – ________ дауыс (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі).
Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
қолы.