Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерінде, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Меншікті капитал Қалыптарға 1-қосымшаға сәйкес Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар (резервтер) мен ХҚЕС және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылған және банктің бухгалтерлік есебінде көрсетілген провизиялар (резервтер) арасындағы оң айырманы (бұдан әрі - оң айырма) шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.
Меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін оң айырманы банктер мынадай мөлшерде есептейді және енгізеді:
2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап - 5 (бес) пайыз;
2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - 16,67 (он алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайыз;
2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 33,33 (отыз үш бүтін жүзден отыз үш) пайыз;
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 49,99 (қырық тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) пайыз;
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 66,67 (алпыс алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайыз;
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 83,33 (сексен үш бүтін жүзден отыз үш) пайыз;
2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап - 0 (нөл) пайыз.
Оң айырманы есептеу үшін Қалыптардың 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар (резервтер) ай сайын Қалыптардың 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес соңғы есептелген күннен кейінгі мерзімдегі провизиялар (резервтер) толығымен өтелген және (немесе) есептен шығарылған қарыздар және дебиторлық берешектер бойынша провизиялардың (резервтердің) сомасына азайтылады.
Оң айырма Қалыптардың 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес олар бойынша провизиялар (резервтер) олардың есебінің соңғы күніне есептелген қарыздар және дебиторлық берешектер бойынша есептеледі.
Оң айырманы есептеген кезде Қалыптардың 1-қосымшасындағы Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар сомасы провизияларды (резервтерді) есепке алусыз қарыз және (немесе) дебиторлық берешек бойынша берешектің сомасынан аспайтын мөлшерде қосылады.
Уәкілетті органның тексеру нәтижелері бойынша түзетілген оң айырма есепті айдан кейінгі есепті күннен бастап меншікті капиталдың есебіне қосылады.".
2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті