Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 сәуірде № 18485 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 24 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 29.04.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 307 бұйрығы, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11275 болып тіркелді, "Әділет" ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланды).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті (Қалас Е.С.) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 4 сәуірдегі
№ 297 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары

      Ескерту. Нормалар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.08.2020 № 788 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Заттардың атауы

Өлшем бірлігі

Бір қызметкерге заттардың саны

Киу мерзімі (айларда)

Ескертпе

1. Салтанатты және күнделікті нысанды киім (погонсыз)*

1.

Фуражка

Дана

1

24


2.

Теріден тігілген құлақшын

Дана

1

36


3.

Жылы күрте

Дана

1

36


4.

Кашне

Дана

1

36


5.

Мундир шалбарымен

Жиынтық

1

24


6.

Мундир юбкамен

Жиынтық

1

24


7.

Ерлердің шалбары

Дана

2

24


8.

Юбка

Дана

1

24


9.

Әйелдердің шалбары

Дана

1

24


10.

Ұзын жеңді ақ түсті жейде

Дана

2

24


11.

Қысқа жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде

Дана

2

12


12.

Ұзын жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде

Дана

2

18


13.

Ерлердің қысқа етігі

Жұп

1

24


14.

Әйелдердің етігі

Жұп

1

24


15.

Ерлердің туфлиі

Жұп

1

12


16.

Әйелдердің туфлиі

Жұп

1

12


17.

Галстук

Дана

1

24


18.

Белбеу

Дана

1

24


19.

Күнделікті күрте

Дана

1

24


2. Далалық нысанды киім (погонсыз)*

20.

Далалық киім

Жиынтық

1

24


21.

Ұзын қонышты бәтеңке

Жұп

1

24


22.

Футболка

Дана

1

12


      Ескертпе:

      * нысанды киімнің (погонсыз) үлгілері және айырым белгілері осы Нормаларға қосымшада келтірілген.

      1. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім кию міндетті.

      2. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.

      3. Нысанды киіммен қамтамасыз ету экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның қаражаты есебінен жүргізіледі.

      4. Салтанатты нысан ретінде мундирмен ақ жейде, күнделікті киюге – мундирмен көгілдір немесе ашық көк түсті жейде, күртемен көгілдір немесе ашық көк түсті жейде белгіленсін.

      5. Далалы нысанды киімді өз қызметтік міндеттерін кезекші бөлімшелерде орындайтын және қызметтік иттермен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері киеді.

  Қазақстан Республикасының
қаржы мониторингі жөніндегі
органдарының экономикалық
тергеу қызметі қызметкерлерін
нысанды киіммен (погонсыз)
қамтамасыз етудің заттай
нормаларына
қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері (бұдан әрі – нысанды киім)

      1. Ерлерге арналған жазғы нысанды киім жиынтығына (1 және 2-сурет):

      1) қою көк түсті фуражка;

      2) қою көк түсті мундир;

      3) күнделікті киетін қою көк түсті күрте;

      4) қою көк түсті шалбар (2 дана);

      5) ұзын жеңді ақ түсті жейде;

      6) қысқа жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде;

      7) ұзын жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде;

      8) көк түсті галстук;

      9) қара түсті туфли;

      10) қара түсті белбеу кіреді.

      1-сурет (ерлердің нысаны)



      2-сурет (ерлердің нысаны)



      2. Әйелдерге арналған жазғы нысанды киім жиынтығына (3 және 4-сурет):

      1) қою көк түсті фуражка;

      2) қою көк түсті мундир;

      3) күнделікті киетін қою көк түсті күрте;

      4) қою көк түсті юбка;

      5) қою көк түсті шалбар;

      6) ұзын жеңді ақ түсті жейде;

      7) қысқа жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде;

      8) ұзын жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде;

      9) көк түсті галстук;

      10) қара түсті туфли кіреді.

      3-сурет (әйелдердің нысаны)



      4-сурет (әйелдердің нысаны)



      3. Ерлерге және әйелдерге арналған қысқы нысанды киім жиынтығына (5-сурет):

      1) қою көк түсті жылы күрте;

      2) қою көк түсті теріден тігілген құлақшын;

      3) қою көк түсті кашне;

      4) қара түсті ерлердің жылы қысқа етігі;

      5) қара түсті әйелдердің жылы етігі кіреді.

      5-сурет



      Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің далалық нысанды киімінің үлгісі

      4. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киім жиынтығына (6-сурет):

      1) бүркемеленген қою көк түсті күрте;

      2) бүркемеленген қою көк түсті шалбар;

      3) бүркемеленген қою көк түсті кепеш;

      4) бүркемеленген қою көк түсті футболка;

      5) қара түсті ұзын қонышты бәтеңке кіреді.

      6-сурет



      Айырым белгілері

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы құқық қорғау органы қызметкерлерінің тиесілік белгілері – шеврондар, айырым белгілері – петлицалар мен жеңдегі белгілер болып табылады.

      Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгілерінің үлгілері мен сипаттамалары:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне тиесілілік белгілері бар шеврон – дөңгелек нысанды, сарымен және қою қызылмен жиектелген, шеврон ортасында қою көк (ашық көк, көгілдір немесе ақ) фонда Қазақстан Республикасының сары түсті елтаңбасы орналасады. Сыртқы шеңберде елтаңба үстінде сары түспен мемлекеттік тілде "Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrligi", төменгі жағында "Qarjy monıtorıngi komıteti" деген жазу бар (7-сурет).

      Мундирдің (күртенің, жейденің) оң жақ жеңіне орналастырылады.

      7-сурет



      2) құқық қорғау органына тиесілілік белгілері бар шеврон – дөңгелек нысанды, сарымен және қою қызылмен жиектелген, шевронның ортасында қою көк (көгілдір немесе ашық көк немесе ақ) фонда органның сары түсті логотипі орналасады. Сыртқы шеңберде логотип астында сары түспен мемлекеттік тілде "Ekonomıkalyq tergeý qyzmeti" деген жазу бар (8-сурет).

      Мундирдің (күртенің, жейденің) сол жақ жеңінде орналастырылады.

      8-сурет



      3) дөңгелек нысанды, қою көк (көгілдір немесе ашық көк немесе ақ) түсті біліктілік сыныбы белгілері бар жеңдегі белгі (жиде мен күрте үшін) 2)-тармақшада көрсетілген шевронның үстінде орналастырылады.

      Аға басшы құрамның жеңдегі белгісінде сары түсті үлкен жұлдыздар бар (9-сурет):

      1-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз;

      2-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз;

      3-санатты біліктілік сыныбы - 1 жұлдыз.

      9-сурет



      Орта басшы құрамның жеңдегі белгісінде сары түсті кішкентай жұлдыздар бар (10-сурет):

      4-санатты біліктілік сыныбы - 4 жұлдыз;

      5-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз;

      6-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз.

      10-сурет



      4) мундирдің жағасындағы белгілер (петлицалар) – трапеция пішінді, қою көк түсті.

      Аға басшы құрамның петлицасында сары түсті жұлдыз және жұлдыздардың астында қою қызыл түсті екі сызық бар (11-сурет):

      1-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз;

      2-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз;

      3-санатты біліктілік сыныбы - 1 жұлдыз.

      11-сурет



      Орта басшы құрамның петлицасында сары түсті жұлдыз және жұлдыздардың астында қою қызыл түсті бір сызық бар (12-сурет):

      4-санатты біліктілік сыныбы - 4 жұлдыз;

      5-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз;

      6-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз.

      12-сурет



Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов по финансовому мониторингу Республики Казахстан

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 4 апреля 2019 года № 297. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 апреля 2019 года № 18485. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 29 апреля 2022 года № 24.

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по финансовому мониторингу от 29.04.2022 № 24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 69 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые натуральные нормы обеспечения форменной одеждой (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов по финансовому мониторингу Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 307 "Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов государственных доходов Республики Казахстан (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11275, опубликован 23 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Департаменту внутренних закупок и активов Министерства (Калас Е.С.) в установленном законодательстве порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый заместитель
Премьер-Министра
Республики Казахстан – Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждено
приказом Первого заместителя
Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра финансов
Республики Казахстан
от 4 апреля 2019 года № 297

Натуральные нормы обеспечения форменной одеждой (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов по финансовому мониторингу Республики Казахстан

      Сноска. Натуральные нормы - в редакции приказа Министра финансов РК от 27.08.2020 № 788 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование предметов

Единица измерения

Количество предметов на одного сотрудника

Сроки ношения (в месяцах)

Примечание

1. Торжественная и повседневная форменная одежда (без погон)*

1.

Фуражка

Штука

1

24


2.

Шапка-ушанка меховая

Штука

1

36


3.

Куртка утепленная

Штука

1

36


4.

Кашне

Штука

1

36


5.

Мундир с брюками

Комплект

1

24


6.

Мундир с юбкой

Комплект

1

24


7.

Брюки мужские

Штука

2

24


8.

Юбка

Штука

1

24


9.

Брюки женские

Штука

1

24


10.

Рубашка белого цвета с длинным рукавом

Штука

2

24


11.

Рубашка голубого или светло-синего цвета с коротким рукавом

Штука

2

12


12.

Рубашка голубого или светло-синего цвета с длинным рукавом

Штука

2

18


13.

Полусапоги мужские

Пара

1

24


14.

Сапоги женские

Пара

1

24


15.

Туфли мужские

Пара

1

12


16.

Туфли женские

Пара

1

12


17.

Галстук

Штука

1

24


18.

Ремень

Штука

1

24


19.

Куртка повседневная

Штука

1

24


2. Полевая форменная одежда (без погон)*

20.

Полевая форма

Комплект

1

24


21.

Ботинки с высокими берцами

Пара

1

24


22.

Футболка

Штука

1

12


      Примечание:

      * образцы форменной одежды (без погон) и знаков различия приведены в приложении к настоящим Нормам.

      1. Ношение форменной одежды обязательно при исполнении служебных обязанностей.

      2. Сроки ношения форменной одежды и ее элементов исчисляются со дня ее выдачи.

      3. Обеспечение форменной одеждой производится за счет средств уполномоченного органа, осуществляющего функции по предупреждению, выявлению, пресечению, раскрытию и расследованию экономических и финансовых преступлений и правонарушений.

      4. Парадной формой определить белую рубашку с мундиром, повседневную – рубашка голубого или светло-синего цвета с мундиром, рубашка голубого или светло-синего цвета с курткой.

      5. Ношение полевой форменной одежды осуществляется сотрудниками службы экономических расследований органов по финансовому мониторингу Республики Казахстан, выполняющими свои служебные обязанности в дежурных частях и работающими со служебными собаками.

  Приложение
к натуральным нормам
обеспечения форменной одежды
(без погон) сотрудников службы
экономических расследований
органов по финансовому
мониторингу Республики
  Казахстан

Образцы форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов по финансовому мониторингу Республики Казахстан (далее – форменная одежда)

      1. В комплект мужской летней форменной одежды входит (рисунок 1 и 2):

      1) фуражка темно-синего цвета;

      2) мундир темно-синего цвета;

      3) куртка повседневная темно-синего цвета;

      4) брюки темно-синего цвета (2 шт.);

      5) рубашка белого цвета с длинным рукавом;

      6) рубашка голубого или светло-синего цвета с коротким рукавом;

      7) рубашка голубого или светло-синего цвета с длинным рукавом;

      8) галстук синего цвета;

      9) туфли черного цвета;

      10) ремень черного цвета.

      Рисунок 1 (мужская форма)



      Рисунок 2 (мужская форма)




      2. В комплект женской летней форменной одежды входит (рисунок 3 и 4):

      1) фуражка темно-синего цвета;

      2) мундир темно-синего цвета;

      3) куртка повседневная темно-синего цвета;

      4) юбка темно-синего цвета;

      5) брюки темно-синего цвета;

      6) рубашка белого цвета с длинным рукавом;

      7) рубашка голубого или светло-синего цвета с коротким рукавом;

      8) рубашка голубого или светло-синего цвета с длинным рукавом;

      9) галстук синего цвета;

      10) туфли черного цвета.

      Рисунок 3 (женская форма)




      Рисунок 4 (женская форма)



      3. В комплект мужской и женской зимней форменной одежды входит (рисунок 5):

      1) куртка утепленная темно-синего цвета;

      2) шапка-ушанка меховая темно-синего цвета;

      3) кашне темно-синего цвета;

      4) полусапоги утепленные черного цвета;

      5) сапоги утепленные женские черного цвета.

      Рисунок 5



      Образец полевой форменной одежды сотрудников службы экономических расследований органов по финансовому мониторингу Республики Казахстан

      4. В комплект полевой форменной одежды для мужчин и женщин входит (рисунок 6):

      1) куртка камуфлированной темно-синей расцветки;

      2) брюки камуфлированной темно-синей расцветки;

      3) кепи камуфлированной темно-синей расцветки;

      4) футболка камуфлированной темно-синей расцветки;

      5) ботинки с высокими берцами черного цвета.

      Рисунок 6



      Знаки различия

      5. Знаками принадлежности к правоохранительному органу в составе Министерства финансов Республики Казахстан сотрудников являются шевроны, знаками различия - петлицы и нарукавные знаки.

      Образцы и описание знаков различия форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов по финансовому мониторингу:

      1) шеврон со знаками принадлежности к Комитету по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан – круглой формы, с желтой и темно-красной окантовкой, в центре шеврона на темно-синем (светло-синем, голубом, или белом) фоне располагается герб Республики Казахстан желтого цвета. По внешней окружности над гербом желтым цветом надпись на государственном языке "Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrligi", снизу "Qarjy monıtorıngi komıteti" (рисунок 7).

      Размещается на правом рукаве мундира (куртки, рубашки).

      Рисунок 7



      2) шеврон со знаками принадлежности к правоохранительному органу – круглой формы, с желтой и темно-красной окантовкой, в центре шеврона на темно-синем (голубом или светло-синем или белом) фоне располагается логотип органа желтого цвета. По внешней окружности под логотипом желтым цветом надпись на государственном языке "Ekonomıkalyq tergeý qyzmeti" (рисунок 8).

      Размещается на левом рукаве мундира (куртки, рубашки).

      Рисунок 8




      3) нарукавный знак (для рубашек и куртки) с обозначениями квалификационного класса – округлой формы, темно-синего (голубого или светло-синего или белого) цвета, размещается над шевроном, указанным в подпункте 2).

      На нарукавном знаке старшего начальствующего состава большие звезды желтого цвета (рисунок 9):

      квалификационный класс 1 категории - 3 звезды;

      квалификационный класс 2 категории - 2 звезды;

      квалификационный класс 3 категории - 1 звезда.

      Рисунок 9




      На нарукавном знаке среднего начальствующего состава маленькие звезды желтого цвета (рисунок 10):

      квалификационный класс 4 категории - 4 звезды;

      квалификационный класс 5 категории - 3 звезды;

      квалификационный класс 6 категории - 2 звезды.

      Рисунок 10




      4) знаки на воротниках мундира (петлицы) – трапециевидной формы, темно-синего цвета.

      На петлице старшего начальствующего состава звезды желтого цвета и под звездами две линии темно-красного цвета (рисунок 11):

      квалификационный класс 1 категории - 3 звезды;

      квалификационный класс 2 категории - 2 звезды;

      квалификационный класс 3 категории - 1 звезда.

      Рисунок 11




      На петлице среднего начальствующего состава звезды желтого цвета и под звездами одна линия темно-красного цвета (рисунок 12):

      квалификационный класс 4 категории - 4 звезды;

      квалификационный класс 5 категории - 3 звезды;

      квалификационный класс 6 категории - 2 звезды.

      Рисунок 12