"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының:
1) "Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 297 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18485 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 297 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 788 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21141 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |