Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның ережесін және регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 18546 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 12 қазандағы № 656 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 12.10.2022 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2019 жылғы 12 сәуірдегі
  № 116 бұйрығына
  1-қосымша

Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 17-бабының 38-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Комиссия қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссияның функциялары

      4. Комиссияның функциялары:

      1) тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау;

      2) тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізу және мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жіберу болып табылады.

3-тарау. Комиссия құқықтары

      5. Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жүргізілген тексеру нәтижелеріне ескертулердің болуы (болмауы) туралы ұсынымдар енгізуге;

      2) тексеру нәтижелері туралы актіге (бұдан әрі – өтініш беруші) шағымды қарау туралы өтініш білдірген табиғат пайдаланушыға қатысты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және (немесе) ақпаратты, сондай-ақ құпия ақпаратты алуға құқылы.

      Комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық құпияны, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етуге жатпайды.

      3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4-тарау. Комиссия қызметі

      6. Комиссияны Комиссия төрағасы басқарады. Комиссия төрағасы ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы анықталады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын оның орынбасары орындайды.

      7. Комиссия құрамы тұрақты жұмыс істейтін болып табылады, жеті адамнан тұрады. Комиссия құрамын Экологиялық кодекстің 17-бабының 38-10) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Комиссия құрамына міндетті түрде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      8. Комиссия отырыстары егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса және комиссия мүшелері – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.

      Комиссия отырысына қатысуға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың (одақтардың) сарапшылары тартылуы мүмкін.

      9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдерін қоспағанда, Комиссия мүшелерінің бірінің болмауы Комиссия отырысында шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің келмеуі Комиссияның отырысын ауыстыру үшін негіз болып табылады.

      10. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 12 сәуірдегі
№ 116 бұйрығына
2-қосымша

Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті

      1. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, 2015 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ережеге және осы Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келіп түскен тексеру нәтижелері туралы актіге (бұдан әрі – шағым) шағым Комиссияның жұмыс органына жіберіледі.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – жұмыс органы) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      3. Комиссия отырысы айдың әр сәрсенбісінде, шағымның түсуіне қарай өткізіледі.

      Егер отырысты өткізу күні мерекелік күнге келсе, онда отырыс одан кейінгі жақын жұмыс күніне ауыстырылады.

      Комиссия төрағасы объективті қажеттілік болған жағдайда отырысты өткізу күнін ауыстырады.

      Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелеріне отырыс күнін ауыстыру туралы хабарлайды.

      4. Шағымды Комиссия шағым жасалған мәселелер шегінде қарайды.

      5. Жұмыс органы шағым келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне:

      шағымның;

      тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесін жолдайды.

      Көрсетілген құжаттардың көшірмелері:

      мемлекеттік органдардың жұмыскерлері болып табылатын Комиссия мүшелеріне Мемлекеттік органдардың интранет-порталы бірыңғай электрондық почта жүйесі арқылы;

      мемлекеттік органдардың жұмыскерлері болып табылмайтын Комиссия мүшелеріне – олар жұмыс органына берген электрондық поштасына жіберіледі.

      Өтініш беруші шағымға қосымша материалдарды жіберген жағдайда, жұмыс органы мұндай материалдарды Комиссия мүшелерінің электрондық поштасына жібереді.

      6. Жіберілген шағым материалдарын Комиссия мүшелері жұмыс органынан шағым материалдары келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша жұмыс органы комиссияның мұндай мүшелеріне шағымды қарау үшін қажетті мәліметтерді және (немесе) өтініш берушіге қатысты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ құпия ақпаратты береді.

      8. Комиссия мүшелерінің бастамасы бойынша жұмыс органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына, сондай-ақ өтініш берушіге туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелерді және (немесе) ұстанымды жазбаша нысанда ұсыну туралы сұрау салуды жібереді.

      Сауалға жауап 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Сауалға жауап бермеу шағымды қарау үшін кедергі болмайды.

      9. Комиссия төрағасының келісімі бойынша жұмыс органы Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады.

      10. Қосымша түсіндіруді талап ететін мәселелер туындаған кезде Комиссия отырысына:

      нәтижелері шағымдалатын тексеруді жүзеге асырған мемлекеттік экологиялық инспектор (инспекторлар);

      осындай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың өкілдері;

      арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін шағымды қарау нәтижесіне мүдделі емес басқа да мамандар шақырылуы мүмкін.

      11. Шағым мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған жай көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Дауыс беру Комиссия отырысында осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      12. Шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия қабылдаған шешімдер ұсынымдық сипатта болады.

      13. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия қабылдаған шешімдер қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – хаттама) көрсетіледі.

      14. Хаттаманың көшірмесі жазбаша нысанда өтініш берушіге, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы актіні жасаған лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      15. Хаттаманы Комиссия хатшысы жүргізеді.

      16. Хаттамада:

      отырыстың орны мен күні;

      қатысқан Комиссия мүшелері, шақырылған адамдар (бар болса), жұмыс органының өкілдері жазылады;

      өтініш берушінің атауы/тегі, аты, әкесінің аты(бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған актінің нөмірі мен күні;

      шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы актіні жасаған мемлекеттік экологиялық инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      қабылданған шешім көрсетіледі.

      17. Хаттама жобасын оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері келіседі.

      18. Хаттамаға комиссия төрағасы, Комиссия хатшысы қол қояды.

      19. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның хаттамалары мен материалдарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.

      20. Комиссия отырысында екі және одан да көп шағым бойынша мәселелер қаралған жағдайда, әрбір шағым бойынша жеке хаттама ресімделеді.

      21. Хаттама мен дауыс беру парақтары тиісті шағым материалдарына қоса тігіледі.

      22. Егер комиссия отырысының нәтижелері бойынша күн тәртібіне енгізілген шағымды қарауды Комиссияның келесі отырыстарына ауыстыру шешімі қабылданған жағдайда, онда осы шағым бойынша дауыс беру парақтары мен хаттама толтырылмайды.

      23. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа жүгінген жағдайда, сот шешім шығарғанға дейін Комиссияның шағымды қарауын тоқтата тұрады.

      24. Бұрын шағым жасалған және ол бойынша шешім шығарылған шағым қайтадан келіп түскен кезде Комиссия мұндай шағымды қараусыз қалдырады, сондай-ақ комиссия отырысына шығармайды.

      25. Егер өтініш беруші шағымды Комиссия мүшелерінің қарауы барысында қайтарып алған жағдайда, Комиссия мұндай шағымды қараусыз қалдырып, Комиссия мүшелеріне жазбаша хабарлады.

      26. Комиссия шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне ң араласуға және Комиссия мүшелеріне қандай да бір ықпал етуге жол берілмейді.

      27. Комиссия жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде шағымдарды қарау нәтижелерін жинақтайды және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді, олар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

  Тексеру нәтижелері туралы
актіге шағымдарды қарау
жөніндегі апелляциялық
комиссияның регламентіне
1-қосымша
  Нысан

Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия мүшелерінің
ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы______________________________

      Шағымы бойынша ____________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

      Күні _______________________________________________________________

Сұрақтар №

Сұрақтардың мазмұны

Комиссия мүшесінің шешімі

Шағымды қанағаттандыру

Ішінара қанағаттандыру (қолдаған тармақтарды көрсету)

Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру











      Ескертпе: тікелей комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.

      "Шағымды қанағаттандыру", "Ішінара қанағаттандыру", "Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру" деген бағандарда қабылданған шешімге сүйене отырып, қол қойылады.

  Тексеру нәтижелері туралы
актіге шағымдарды қарау
жөніндегі апелляциялық
комиссияның регламентіне
2-қосымша
  Нысан

Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының
№ ___ ХАТТАМАСЫ

      ________________                   _______________

      (орын)                         (күні)

      Комиссия төрағасы: (көрсетілген)
      Комиссия мүшелері: (тізімделген)
      Комиссия хатшысы: (көрсетілген)

ҚАТЫСҚАНДАР:

      Шақырылған адамдар (бар болса): (тізімделген)
      Жұмыс органының өкілдері: (тізімделген)

Шағым

      _______________________________________________________________________________
      (шағымды берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/заңды тұлғаның атауы,
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, тексеріс нәтижелері туралы
ағымданған актінің нөмірі мен күні және тексеру нәтижелеріне шағымданған актіні жасаған
мемлекеттік экологиялық инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)

ШЕШІМ:

      _______________________________________
      (қабылданған шешім көрсетіледі)
      Комиссияның төрағасы: __________       _________________________________________
      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      Комиссияның хатшысы: __________       _________________________________________
      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Об утверждении Положения и регламента апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 12 апреля 2019 года № 116. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 апреля 2019 года № 18546. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 12 октября 2022 года № 656.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 12.10.2022 № 656 (вводится в действие после истечения десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 38-10) статьи 17 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение об апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Регламент апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

  Приложение 1
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 12 апреля 2019 года № 116

Положение об апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение об апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки (далее – Положение) разработано в соответствии с подпунктом 38-10) статьи 17 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года (далее – Экологический кодекс) и определяет порядок осуществления деятельности апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки (далее – Комиссия).

      2. Комиссия является консультативно-совещательным органом при ведомстве уполномоченного органа в области охраны окружающей среды.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными правовыми актами, а также настоящим Положением.

Глава 2. Функции Комиссии

      4. Функциями Комиссии являются:

      1) рассмотрение жалоб на акт о результатах проверки;

      2) внесение рекомендаций по результатам рассмотрения жалоб на акт о результатах проверки и направление должностному лицу (должностным лицам), осуществляющему(-им) государственный экологический контроль.

Глава 3. Права Комиссии

      5. Комиссия в пределах своей компетенции вправе:

      1) вносить должностному лицу (должностным лицам), осуществляющему(-им) государственный экологический контроль, рекомендации о наличии (отсутствии) замечаний к результатам проведенной проверки;

      2) получать сведения и (или) информацию, касающиеся природопользователя, заявившего ходатайство о рассмотрении жалобы на акт о результатах проверки (далее – заявитель), в том числе составляющие коммерческую и иную охраняемую законом тайну, а также конфиденциальную информацию;

      Информация, составляющая коммерческую тайну, служебную, иную охраняемую законом тайну, полученная членами Комиссии при осуществлении своих функций, не подлежит разглашению.

      3) осуществлять иные права, необходимые для осуществления возложенных на Комиссию функций.

Глава 4. Деятельность Комиссии

      6. Комиссию возглавляет председатель Комиссии. Председателем Комиссии определяется должностное лицо уполномоченного органа в области охраны окружающей среды. Во время отсутствия председателя Комиссии его функции выполняет его заместитель.

      7. Состав Комиссии является постоянно действующей, состоит из семи человек и утверждается уполномоченным органом в области охраны окружающей среды в соответствии с подпунктом 38-10) статьи 17 Экологического кодекса.

      В состав Комиссии в обязательном порядке входят представители уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан.

      8. Заседания Комиссии считаются правомочными если на них присутствует не менее половины от общего числа членов Комиссии и при условии обязательного участия членов Комиссии – представителей уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан.

      К участию в заседании Комиссии могут быть привлечены эксперты государственных органов, негосударственных организаций, общественных объединений, ассоциаций (союзов).

      9. Отсутствие одного из членов Комиссии не препятствует рассмотрению жалобы на заседании Комиссии, за исключением представителей уполномоченного органа в области охраны окружающей среды и Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан, неявка которых является основанием для переноса заседании Комиссии.

      10. Секретарь Комиссии не является членом Комиссии.

  Приложение 2
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 12 апреля 2019 года № 116

Регламент апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки

      1. Апелляционная комиссия по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки (далее – Комиссия) осуществляет свою деятельность в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года, Предпринимательским кодексом Республики Казахстан от 25 октября 2015 года, Положением об апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки и настоящим Регламентом апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки (далее – Регламент).

      2. Жалоба на акт о результатах проверки (далее – жалоба), поступившая в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды, направляется в рабочий орган Комиссии.

      Рабочим органом Комиссии является ведомство уполномоченного органа в области охраны окружающей среды (далее – рабочий орган).

      3. Заседание Комиссии проводится каждую среду месяца, по мере поступления жалобы.

      Если день проведения заседания приходится на праздничный день, то заседание переносится на ближайший следующий за ним рабочий день.

      Председатель Комиссии в случае объективной необходимости переносит дату проведения заседания.

      При этом рабочий орган оповещает членов Комиссии о переносе даты заседания.

      4. Жалоба рассматривается Комиссией в пределах обжалуемых вопросов.

      5. Рабочий орган в течение 2 (двух) рабочих дней со дня поступления жалобы направляет членам Комиссии копии:

      жалобы;

      акта о результатах проверки.

      Указанные копии документов направляются на адреса электронной почты членов Комиссии:

      являющихся работниками государственных органов – в единой электронной почтовой системе на Интранет-портале государственных органов;

      не являющихся работниками государственных органов – представленные ими в рабочий орган.

      В случае приложения заявителем к жалобе дополнительных материалов после рассылки, рабочий орган направляет такие материалы на адреса электронной почты членов Комиссии.

      6. Направленные материалы жалобы рассматриваются членами Комиссии в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня поступления материалов жалобы от рабочего органа.

      7. По запросам членов Комиссии рабочим органом представляются таким членам Комиссии необходимые для рассмотрения жалобы сведения и (или) информация, касающиеся заявителя, в том числе составляющие коммерческую и иную охраняемую законом тайну, а также конфиденциальная информация.

      8. По инициативе членов Комиссии рабочий орган направляет запрос в территориальный орган уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, а также заявителю о представлении в письменной форме пояснения и (или) позиции по возникшим вопросам.

      Ответ на запрос представляется в течение 2 (двух) рабочих дней.

      Не представление ответа на запрос не препятствует рассмотрению жалобы.

      9. По согласованию с председателем Комиссии рабочий орган формирует повестку очередного заседания Комиссии.

      10. При возникновении вопросов, требующих дополнительных пояснений, на заседание Комиссии могут быть приглашены:

      государственный(-ые) экологический(-ие) инспектор(-а), осуществивший(-ие) проверку, результаты которой обжалуются;

      представители государственных органов, по вопросам, находящимся в компетенции таких органов;

      другие специалисты, не заинтересованные в исходе рассмотрения жалобы, для получения консультаций и исследования вопросов, требующих специальных знаний и навыков.

      11. Решение Комиссии по вопросам жалобы принимается открытым голосованием простым большинством голосов, присутствующих на заседании.

      Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования членов апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки по форме согласно приложению 1 к настоящему Регламенту.

      В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Комиссии.

      12. По результатам рассмотрения обжалуемых вопросов Комиссией принимается решение.

      Решения, принятые Комиссией по результатам рассмотрения жалобы, носят рекомендательный характер.

      13. Решения, принятые Комиссией по результатам рассмотрения жалобы, отражаются в протоколе заседания апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки (далее – протокол) по форме согласно приложению 2 к настоящему Регламенту с приложением необходимых документов.

      14. Копия протокола в письменной форме направляется заявителю, а также должностному лицу (должностным лицам), составившему(-им) акт о результатах проверки в течение одного рабочего дня с даты принятия решения.

      15. Протокол ведет секретарь Комиссии.

      16. В Протоколе указываются:

      место и дата заседания;

      перечисление присутствовавших членов Комиссии, приглашенных лиц (при наличии), представителей рабочего органа;

      наименование/фамилия, имя, отчество (при наличии) заявителя, индивидуальный идентификационный номер/бизнес–идентификационный номер;

      номер и дата обжалуемого акта о результатах проверки;

      фамилия, имя, отчество (при наличии) государственного экологического инспектора, составившего обжалуемый акт о результатах проверки;

      принятое решение.

      17. Проект протокола согласовывается членами Комиссии, принимавшими участие в ее заседании.

      18. Протокол подписывается председателем Комиссии, секретарем Комиссии.

      19. Учет и хранение протоколов и материалов Комиссии осуществляет рабочий орган Комиссии.

      20. В случае рассмотрения на заседании Комиссии вопросов по двум и более жалобам по каждой жалобе оформляется отдельный протокол.

      21. Протокол и листы голосования приобщаются к материалам соответствующей жалобы.

      22. В случае если по результатам заседания Комиссии принято решение перенести рассмотрение жалобы, включенной в повестку на последующие заседания Комиссии, то листы голосования и протокол по данной жалобе не заполняются.

      23. В случаях обращения заявителя в суд в порядке, предусмотренном законами Республики Казахстан, приостанавливает рассмотрение жалобы Комиссией до вынесения решения судом.

      24. При поступлении повторной жалобы, которое ранее обжаловалось и по которому вынесено решение, Комиссия оставляет такую жалобу без рассмотрения, а также без вынесения на заседание Комиссии.

      25. В случае если заявителем жалоба отозвана в ходе рассмотрения ее членами Комиссии, Комиссия такую жалобу оставляет без рассмотрения, с письменным уведомлением членов Комиссии.

      26. Не допускаются вмешательство в деятельность Комиссии при осуществлении ею своих полномочий по рассмотрению жалобы и оказание какого-либо воздействия на членов Комиссии.

      27. Комиссия ежегодно, в срок до 1 апреля года, следующего за отчетным годом, проводит обобщение результатов рассмотрения жалоб и вырабатывает рекомендации по совершенствованию законодательства Республики Казахстан, которые направляются в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды.

  Приложение 1
к Регламенту апелляционной
комиссии по рассмотрению
жалоб на акт о результатах проверки
  Форма

                              ЛИСТ ГОЛОСОВАНИЯ
            членов апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о
                              результатах проверки

      Фамилия, имя, отчество (при наличии), должность_________________________

      По жалобе __________________________________________________________

      Индивидуальный идентификационный номер/

      бизнес–идентификационный номер _____________________________________

      Дата _______________________________________________________________

№ вопроса

Содержание вопроса

Решение члена Комиссии

Удовлетворить жалобу

Удовлетворить частично (указать поддержанные пункты)

Оставить без удовлетворения жалобу











      Примечание: заполняется непосредственно на заседании Комиссии и передается сотрудникам рабочего органа для учета результатов голосования.

      В графах "Удовлетворить жалобу", "Удовлетворить частично", "Оставить без удовлетворения жалобу" проставляется подпись исходя из принятого решения.

  Приложение 2
к Регламенту апелляционной
комиссии по рассмотрению
жалоб на акт о результатах
проверки
  Форма

                  ПРОТОКОЛ № ___ заседания апелляционной комиссии по
                  рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки

      ______________ ___________
      (место)       (дата)

      Председатель Комиссии: (указывается)

      Члены Комиссии: (перечисляются)

      Секретарь Комиссии: (указывается)

                              ПРИСУТСТВОВАЛИ:

      Приглашенные лица (при наличии): (перечисляются)

      Представители рабочего органа: (перечисляются)

Жалоба
_________________________________________________________________________
      (указываются: фамилия, имя, отчество (при наличии) физического
            лица/наименование юридического лица, подавшего жалобу,
            индивидуальный идентификационный номер/бизнес-
      идентификационный номер, номер и дата обжалуемого акта о результатах
      проверки и фамилия, имя, отчество (при наличии) государственного
            экологического инспектора, составившего обжалуемый акт
                              о результатах проверки)

                                    РЕШЕНИЕ:

      __________________________________________________________________________
                              (указывается принятое решение)

      Председатель Комиссии: __________ __________________________________________
                              (подпись)       (фамилия, имя, отчество (при наличии))
Секретарь Комиссии: ___________ _________________________________________________
                  (подпись)                   (фамилия, имя, отчество (при наличии))