Алматы облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 мамырда № 18676 болып тіркелді.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Алматы облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2019 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 3 665 575 000 (үш миллиард алты жүз алпыс бес миллион бес жүз жетпіс бес мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 07.08.2019 № 832 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Алматинской области

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 мая 2019 года № 421. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 мая 2019 года № 18676.

      В соответствии со статьей 212 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и пунктом 8 Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска местным исполнительным органом Алматинской области государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2019 год;

      вид ценных бумаг – государственные ценные бумаги, выпускаемые местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ;

      2) объем – не более 3 665 575 000 (три миллиарда шестьсот шестьдесят пять миллионов пятьсот семьдесят пять тысяч) тенге;

      3) целевое назначение – финансирование строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Первого заместителя Премьер-Министра РК – Министра финансов РК от 07.08.2019 № 832 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан (Мейрханов Р.Т.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.