БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың мақсаттары мен міндеттері";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың құқықтары";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру";
мынадай мазмұндағы 8-1- тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Консультативтік-кеңесші органдардың өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын жоспарлау және өткізу";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың мүшелерінің өкілеттіктерін қысқарту және тоқтату тәртібі";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың жаңа мүшелерін бекіту тәртібі";
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс нысандары және шешімдері".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (С.Қ. Сүйінбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры |
Е. Тургумбаев |