Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12553 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Заң" деректер базасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң, 2016 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 995 бұйрығымен бекітілген

Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші
органдар туралы үлгі ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Консультативтік-кеңесші органдар Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер органдары жанындағы кеңестік орган болып табылады (бұдан әрі - консультативтік-кеңесші органдар).

      2. Әрбір полиция департаментінде ұсынымдық сипатта шешім шығаратын бір консультативтік-кеңесші орган құрылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Консультативтік-кеңесші органдар жұртшылықтың Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер органдарымен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және ішкі істер органдары қызметінің белгіленген саласына жататын мәселелер Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, полиция қызметінің жариялылығы мен ашықтығы принципін іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді.

      4. Консультативтік-кеңесші органы қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялар, Қазақстан Республикасының "Ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі, "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы, "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы заңдары, сондай-ақ осы Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Ереже) құрайды.

2-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың мақсаттары мен міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Консультативтік-кеңесші органдар қызметінің мақсаттары:

      1) ішкі істер органдарына олардың қызметінің айқындылығын қамтамасыз етуге ықпал ету;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген қызметтік этика нормаларын бұзған ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағымданған жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау болып табылады.

      6. Негізгі міндеттері:

      1) халықтың мемлекеттің ішкі істер органдарына сенімін арттыру, полицияны халыққа жақындату, үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлін одан әрі арттыру;

      2) ішкі істер органдарының қызметіне консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдаулар көрсету;

      3) ішкі істер органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуге ықпал ету;

      4) ішкі істер органдары қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жанжақты және шынайы ақпараттандыру мүддесіне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту;

      5) ішкі істер органдары қызметінің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-шаралар бағдарламалары және оларды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) ішкі істер органдары қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.

3-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың құқықтары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Консультативтік-кеңесші органдар:

      1) ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік билік органдарына ұсыныстармен шығуға;

      2) азаматтарға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ішкі істер органдары қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстармен өтініш білдіруге;

      3) консультативтік-кеңесші органдардың отырысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін шақыруға;

      4) консультативтік-кеңесші органнның атына келіп түскен Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген қызметтік этика нормаларын бұзған ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағымданған жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарауға құқығы бар.

4-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Консультативтік-кеңесші орган аумақтық ішкі істер органдары мен азаматтық қоғам қатарынан құралады. Бұл ретте аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің саны жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы керек.

      8-1. Консультативтік-кеңесші органдардың өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды.

      Ескерту. 4-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Консультативтік-кеңесші орган құрамына азаматтық қоғамнан Қазақстан Республикасының отыз жасқа толған, жоғары білімі және Қазақстан Республикасы азаматтығы бар тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде тұрып жатқан, соттылығы жоқ, денсаулық сақтау ұйымдарында психикалық ауру, алкоголоизм, нашақорлық және уытқұмарлық бойынша есепте тұрмаған азаматы кіреді.

      10. консультативтік-кеңесші органның жұмыс органы полиция департаментінің уәкілетті бөлімшесі болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Консультативтік-кеңесші органның бірінші құрамы азаматтық қоғам және полиция департаменттері басшылары ұсынған кандидаттар қатарынан жұмыс органы болып құралады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жұмыс органы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында немесе интернет ресурстарында осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес құжаттар және басқа мәліметтер жолданатын пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімін, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, консультативтік–кеңесші органның құрылғаны туралы хабарлама жариялайды,

      13. Консультативтік-кеңесші органның құрам саны тоғыз адамнан аспайды, полиция департаментінің басшылары бекітеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Консультативтік–кеңесші органның төрағасы (бұдан әрі - төраға) бірінші отырыста ашық дауыс берумен оның мүшелері арасынан сайланады.

      15. Төраға лауазымына үміткерлерді консультативтік–кеңесші орган мүшелері жылжытады.

      16. Төраға лауазымына сайлауға ұсынылған консультативтік–кеңесші органның мүшелері өз еркімен бас тартуға өтініш білдіруге құқығы бар. Өтініш талқылаусыз және дауыс берусіз қабылданады.

      17. Егер оған отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санының жартысынан көбі дауыс берген болса, консультативтік–кеңесші органның төрағасы сайланған болып есептеледі.

      18. Консультативтік–кеңесші органның төрағасын сайлау туралы шешім хаттамамен ресімделеді.

      19. Консультативтік-кеңесші орган төрағасын мерзімінен бұрын босату туралы мәселе консультативтік–кеңесші орган немесе оның жеке өтініші бойынша немесе консультативтік–кеңесші орган мүшелерінің ұсыныстары бойынша қаралады. Егер дауыс беруге қатысқан консультативтік–кеңесші орган мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі дауыс берген болса, төраға лауазымынан босату туралы шешім қабылданады.

      20. Төраға:

      1) консультативтік–кеңесші органды басқарады, консультативтік–кеңесші органның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады және ішкі күн тәртібін бақылайды;

      2) консультативтік–кеңесші органның ішкі істер органдарымен, мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады және үйлестіреді.

      3) консультативтік–кеңесші органның отырыстары күн тәртібінің жобасын құрастырады және оның мүшелеріне жолдайды.

      4) консультативтік–кеңесші органның қабылдаған шешімдерге және өзге де құжаттарға, сондай-ақ оның өкілеттігін іске асыру мақсатында сұрау салуларға, өтініштерге, шақыруларға және басқа да құжаттарға қол қояды;

      5) оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультативтік–кеңесші органның мүшелеріне тапсырмалар береді.

      21. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін консультативтік–кеңесші органның мүшелерінің бірі атқарады.

      22. Консультативтік–кеңесші органның мүшелері өз өкілеттіктерін орындау кезінде:

      1) шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде тең құқықтарға ие болады;

      2) өзінің қызметін өтеусіз, қоғамдық бастама бойынша жүзеге асырады.

      23. Консультативтік–кеңесші органның мүшелері:

      1) консультативтік–кеңесші орган қызметінің кез келген мәселелері бойынша өз пікірін еркін жеткізуге, отырыстарда жарыс сөздерге қатысуға, талқыланатын мәселелердің мәні бойынша және күн тәртібі бойынша ұсыныстар, ескертулер мен түзетулер енгізуге;

      2) кандидатуралар ұсынуға және консультативтік–кеңесші орган сайлайтын, тағайындайтын немесе бекітетін кандидатуралар бойынша өз пікірін айтуға;

      3) консультативтік–кеңесші органның отырыстарына материалдарды, сондай-ақ оның шешімдерінің жобаларын әзірлеуге, консультативтік–кеңесші органның шешімдерін іске асыруға қатысуға;

      4) консультативтік–кеңесші органның сайланбалы лауазымдарына сайлауға және сайлануға;

      5) отырыстардың стенограммаларымен, хаттамаларымен және материалдарымен танысуға;

      6) консультативтік–кеңесші органның шешімдерімен келіспеген жағдайда ерекше пікірді жазбаша түрде баяндауға құқығы бар, ол тиісінше отырыс хаттамасына енгізіледі.

      24. Консультативтік–кеңесші органдарының мүшелері:

      1) отырыстар жұмысына және консультативтік–кеңесші орган өткізетін өзге де іс-шараларға жеке қатысуға;

      2) консультативтік–кеңесші органның отырыстарына белгілі бір себептер бойынша қатысуға мүмкіндік болмаған жағдайда, басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей тиісінше консультативтік–кеңесші органның төрағасына немесе оның жұмыс органына жазбаша түрде хабарлауға. Қаралып жатқан мәселе бойынша дауыс беру кезінде оның пікірі жалпы негіздерде ескеріледі;

      3) консультативтік–кеңесші органның, оның ішінде төраға берген тапсырмаларды орындауға;

      4) консультативтік–кеңесші органның жұмысында тәртіп пен этика талаптарын сақтауға міндетті.

      25. Консультативтік–кеңесші органның мүшелері өз қызметін саяси партиялардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ жеке мүдделеріне пайдалануға құқығы жоқ.

5-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын жоспарлау және өткізу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Консультативтік–кеңесші органның отырыстары бір жылда кеміне екі рет өткізіледі.

      27. Консультативтік-кеңесші органның жылдық жұмыс жоспары оның мүшелерінің, жұмыс органының ұсыныстары бойынша қалыптыстырылады және полиция департаментінің басшыларымен келісіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Консультативтік–кеңесші органның жұмыс жоспарына отырыстардың күн тәртіптері, сондай-ақ басқа іс-шаралар кіреді.

      29. Жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды жазбаша нысанда консультативтік–кеңесші органның төрағасы ұсынады.

      30. Консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы төрағаның шешімі бойынша, полиция департаменті басшыларының ұсынысы бойынша немесе консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Консультативтік–кеңесші органның кезектен тыс отырысының бастамашылары талқылау үшін мәселелердің тізімін және олар бойынша шешімдердің жобаларын жазбаша түрде төрағаның қарауына енгізеді.

      32. Төраға Полиция департаменті басшыларының келісімі бойынша кезектен тыс отырыстың жұмыс тәртібін анықтайды және оның күнін тағайындайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Отырыстардың күні мен күн тәртібі және онда қаралатын мәселелер туралы консультативтік–кеңесші органның мүшелеріне жұмыс органы оны өткізерден 7 күн бұрын хабарлайды.

      34. Егер оның жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, консультативтік–кеңесші органның отырыстары заңды болады.

      35. Консультативтік–кеңесші орган мүшелерінің ұсыныстары бойынша отырыстың күн тәртібі толықтырылуы немесе өзгертілуі мүмкін.

      36. Консультативтік–кеңесші органның шешімі бойынша отырысқа мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми мекемелердің өкілдері, қаралатын мәселелер бойынша қажетті мәліметтер мен қорытындыларды ұсыну сарапшылар және басқа да мамандар үшін шақырылуы мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері отырыстарда консультативтік–кеңесші органның шақыруы бойынша қатысуы мүмкін.

      37. Полиция департаментінің басшысы не оның орынбасарлары консультативтік-кеңесші органның кез келген отырыстарына қатысады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Консультативтік–кеңесші органның шешімдері отырысқа қатысқан мүшелерінің көпшілік дауыс беруі бойынша қабылданады.

      Егер дауыстар тең болған жағдайда, онда соңғы шешім Төрағалық етушіге қалады.

      39. Консультативтік–кеңесші органның шешімдері оның отырыстарында жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      40. Консультативтік–кеңесші органның отырысы кезінде одан әрі стенограммалар мен хаттамалар ресімделе отырып, аудиожазба жүргізілуі мүмкін.

      41. Хаттамаға төраға және полиция департаментінің басшысы қол қояды. Отырыста төраға болмаған жағдайда, хаттамаға отырысқа төрағалық етуші қол қояды.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Консультативтік–кеңесші орган отырыстарының материалдары ведомстволық ақпарат Интернет желілерінде жариялауы мүмкін.

      43. Консультативтік–кеңесші орган отырысының күн тәртібі мәселелерді қарау нәтижелері бойынша ұсыныстар мен өтініштер түрінде қабылдануы мүмкін.

      44. Консультативтік–кеңесші органның шешімдері төраға қол қоятын хаттамалардан үзінді көшірмелер түрінде (құзыреттері бойынша) қарау үшін жолданады.

      45. Консультативтік–кеңесші орган отырыстарының ресімделген хаттамалары (түпнұсқасы), сондай-ақ ілеспе материалдар жұмыс органында сақталады.

5-1-тарау. консультативтік-кеңесші органның қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі.

      Ескерту. Үлгі ереже 5-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2017 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      45-1. Консультативтік-кеңесші органға жолданған қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін құзыреті шегінде қарайды;

      45-2. Қараудың мәні ресми мінез-құлыққа, іскери әдепке, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінде көзделген қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына, сондай-ақ қоғамдық резонансқа әкеп соқтырған, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланған әдеп нормаларын бұзуға қатысты әдеп нормаларын бұзу болуы мүмкін.

      Ескерту. 45-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-3. Егер өтінішті қарау өзге мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен құзыретіне жатқан жағдайда өтініш тиістілігі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте (бұдан әрі - ӘРПК) белгіленген тәртіппен және мерзімде тиесілігі бойынша жолданады.

      Ескерту. 45-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 22.08.2023 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-4. Келіп түскен өтініштер Консультативтік-кеңесші органға келіп түскен күнінен бастап ӘРПК белгіленген мерзімде қаралады.

      Ескерту. 45-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 22.08.2023 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-5. Консультативтік-кеңесші орган азаматтарды қабылдауды, оның ішінде ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністері өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.

6-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың мүшелерінің өкілеттіктерін қысқарту және тоқтату тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Консультативтік–кеңесші орган мүшелерінің өкілеттігі осы үлгі Ережеде көзделген тәртіпте:

      1) ол консультативтік–кеңесші органның құрамынан шығу туралы өтініш берген;

      2) қайтыс болған, ол әрекетке қабылетсіз немесе заңды күшіне енген сот шешімі негізінде хабар-ошарсыз кеткен деп танылған;

      3) консультативтік–кеңесші органы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданған шешімі бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан жағдайларда қысқартылады.

      47. Өкілеттікті қысқарту немесе тоқтату туралы мәселе консультативтік–кеңесші орган төрағасының ұсынысы бойынша немесе консультативтік–кеңесші орган мүшелерінің жеке өтініштері бойынша консультативтік–кеңесші орган қарайды.

      48. Консультативтік–кеңесші органның төрағасының ұсынымхатын немесе өтінішін жақын арада болатын отырыста консультативтік–кеңесші орган қарайды.

      49. Мүшелердің өкілеттіктерін қысқарту немесе тоқтату туралы мәселе, оған қатысты ұсыныс енгізілген мүшенің қатысуымен консультативтік–кеңесші органның отырысында қаралады. Оған қатысты ұсыныс енгізілген мүшенің дәлелсіз себептермен отырысқа қатыспауы осы мәселені консультативтік–кеңесші органның қарауы үшін кедергі болып табылмайды.

      50. Егер мүшелерінің көпшілік даусымен тиісті шешім қабылданатын болса, өкілеттігін қысқарту немесе тоқтату туралы шешім консультативтік–кеңесші органның қалауы бойынша ашық (жасырын) дауыс берумен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді.

      51. Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің өкілеттігін тоқтатқан жағдайда төраға консультативтік-кеңесші органның жаңа мүшесінің кандидатурасын бекіту туралы шешім қабылдауға өтінішпен полиция департаментінің басшысына жүгінеді.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың жаңа мүшелерін бекіту тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Жаңа мүшенің кандидатурасы консультативтік-кеңесші органы мүшелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың, полиция департаменті басшылығының ұсыныстары бойынша отырыстарда қаралады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Жаңа мүшенің кандидатурасын енгізу туралы шешім, егер оған отырысқа қатысқан консультативтік-кеңесші орган мүшелердің жартысынан көбі дауыс берсе қабылданған деп саналады. Сайланған мүшесін полиция департаментінің басшысы бекітеді.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-тарау. Консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс нысандары және шешімдері

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.05.2019 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Консультативтік–кеңесші органның негізгі жұмыс нысаны отырыстар болып табылады.

      55. Оған жүктелген функцияларды іске асыру мақсатында консультативтік–кеңесші орган:

      1) ішкі істер департаменттері қызметтерінде қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша тыңдаулар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, өзге де талқылаулар мен тыңдаулар өткізуге;

      2) консультативтік–кеңесші органның отырыстарына ішкі істер органдарының және бөліністерінің басшыларын шақыруға;

      3) мемлекеттік билік органдарына, қоғамдық ұйымдарға және бірлестіктерге сұрау салуларын жіберуге;

      4) ішкі істер департаменттерінің басқа да консультативтік–кеңесші органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыруға;

      5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз қызметінің нәтижелері туралы жұртшылықты ақпараттандыруға;

      6) консультативтік–кеңесші органның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге қайшы келмейтін өзге да өкілеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

      56. Консультативтік-кеңесші орган жыл сайын 25 желтоқсанынан кешіктірмей полиция департаментінің басшысы атына өз қызметінің қорытындылары, ішкі істер органдарындағы пен құқықтық тәртіпті, тәртіпті күшейту, олардың беделін және абыройын арттыру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасуының жай-күйі туралы баяндама ұсынады.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.01.2024 № 64 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады