Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 мамырда № 18711 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      2019 жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 347 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15643 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15659 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін айқындайды.".

      3. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15676 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әскери жолаушының жол жүрісіне қажетті уақыт:

      1) Қазақстан Республикасының шегінде – халықаралық қатынастар поездын қоспағанда, жолаушылар поездының қысқаша маршруты бойынша осы бағытта жол жүрісі уақытынан;

      2) Қазақстан Республикасынан тысқары – жақын әуежайға дейін авиациялық қатынасы болмаған жағдайда авиациялық көліктің қысқаша маршруты бойынша жол жүрісі уақытынан айқындалады.

      Қайта отырғызу маршруты болмаған жағдайда жол жүрісіне уақыт бір маршруттан (көлік түрінен) басқасына қайта отыруға қажет уақытты ескере отырып айқындалады.

      Жол жүрісіне қажетті уақытты есептеу үшін бастапқы деректер қолданыстағы жолаушылар поездарының қозғалыс кестелері және әуе кемелерінің рейстері болып табылады.

      Көрсетілген бағытта және кері қарай жол жүруге қажетті уақытты есептеу қосу жолымен тәулікпен (24 сағат) айқындалады, бұл ретте толық емес тәулік толық тәулікке дөңгелектенеді.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) ақтау құжаттары – шаруашылық операцияларын жасау фактісін куәландыратын құжаттар. 1-нысандағы әскери талаптар үшін – жол жүру құжаты (билет), 2-нысандағы әскери талаптар үшін – жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек, 3-нысандағы әскери талаптар үшін – жүк-багаж түбіртегі ақтау құжаты болып табылады.";

      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әскери қызметтен шығарылған адамдар ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) (осы тармақшаның күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады);";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдардан басқа, олар қызметтік автомобиль көлігінде немесе мемлекеттік авиация кемелерінде жол жүрген жағдайларда әскери жолаушыларға мыналар жатқызылады:

      1) басқа әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы – олар бірлескен оқу-жатығулар өткізу, төтенше жағдайларды жою, терроризмге қарсы операцияларды өткізу, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу және төтенше немесе соғыс жағдайы шарттарындағы, сондай-ақ қарулы жанжал жағдайларындағы міндеттерді орындау аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      2) әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері – оқу бағдарламаларымен көзделген далалық шығуларға, ҚР ҚК жоспарлары бойынша іс-шараларға қатысу, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою орындарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      3) әскери оқу орындарының абитуриенттері – түсу емтихандарын тапсырған кезде қызметтік автомобиль көлігімен жол жүру кезінде;

      4) әскери-дипломатиялық корпустың адамдары, шетел мемлекеттерінің әскери қызметшілері, БҰҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО миссияларының және басқа да халықаралық ұйымдардың инспекторлары мен бақылаушылары – олар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін халықаралық оқу-жаттығуларға, бірлескен іс-шараларға дайындалу және өткізу аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      5) Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында білім алатын шетел мемлекеттерінің әскери қызметшілері – олар бөлімшемен бірге оқу бағдарламаларымен көзделген далалық шығуларға немесе іс-шараларға қатысу орындарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      6) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Үкіметі мүшелері, Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер – олар әскери бөлімдерге, гарнизондарға бару, инспекциялау үшін немесе ҚР ҚК жоспарлары бойынша іс-шараларға қатысу орындарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      7) денсаулық сақтау жұмыскерлері – олар медициналық көмек көрсету және стационарлық емдеу орындарына сырқаттанғандармен (жараланғандармен) бірге жүруі үшін бөлімшелерге, әскери бөлімдерге келген кезде;

      8) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері – олар ҚР ҚК-да құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар фактілері жөніндегі жедел, тергеу іс-шаралары аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      9) мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері – ҚР ҚК жоспарлары бойынша іс-шараларға қатысу, сонымен қатар ҚР ҚК бет-бейнесін арттыруға бағытталған мәдени-бос уақыт іс-шараларын немесе түсірілімдер жүргізу үшін әскери бөлімдерге, гарнизондарға, оқу-жаттығу, далалық шығулар аудандарына дейін және кері қарай жол жүрген кезде;

      10) азаматтық адамдар – оларды төтенше жағдайларды жою аймақтарынан, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу, әскери іс-қимылдарды жүргізу аудандарынан, төтенше жағдайларда немесе соғыс жағдайында, сондай-ақ қарулы жанжал жағдайларында эвакуациялау кезінде.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, Үкімет қаулылары мен шешімдері, жоғарғы қолбасшылықтың бұйрықтары, нұсқаулары, өкімдері әскери жолаушылардың көрсетілген санаттарын тасымалдау үшін негіздемелер болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әскери жолаушыларға мынадай жол жүру шарттары айқындалады:

      1) теміржол көлігінде:

      ҚР ҚК жоғарғы қолбасшылығы (жоғары командалық құрам) мен олардың отбасы мүшелеріне – кез келген поезд санатының жатын вагондарында және "Бизнес" сыныпты вагондарда;

      келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, әскери қызметтен шығарылған адамдарға (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда), олардың отбасы мүшелеріне, ҚР ҚК азаматтық персоналына – кез келген поезд санатының купе вагондарында және "Турист" сыныпты вагондарында (осы тармақшаның күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады);

      әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге, курсанттарға, кадеттерге, ұландарға, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге және әскери қызметке шақыру бойынша әскери қызметтен, әскери жиындардан босатылған адамдарға – кез келген поезд санатының плацкарт вагондарында, ал плацкарт вагондарда қажетті орындардың саны болмаған жағдайда әскери-көлік қолбасшылығының келісімі бойынша "Турист" сыныпты вагондарда;

      2) ішкі су көлігінде:

      әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерге, курсанттарға, кадеттерге, ұландарға, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге және әскери қызметке шақыру бойынша әскери қызметтен, әскери жиындардан босатылған адамдарға – 2-санаттағы каюталарда;

      ҚР ҚК жоғары қолбасшылығына (жоғары командалық құрамға), келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, әскери қызметтен шығарылған адамдарға (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда), олардың отбасы мүшелеріне, ҚР ҚК азаматтық персоналына – 1-санаттағы каюталарда (осы тармақшаның күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады);

      3) автмобиль көлігінде – кез келген қолайлықтағы автобустарда.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Мерзімді әскери қызметтен шығарылған жағдайларды қоспағанда, пайдаланылмаған әскери талаптар немесе пайдаланылған әскери талаптар бойынша ақтау құжаттары әскери бөлімнің қаржы бөлімшесіне қайтарылуға тиіс.

      Әскери қызметші (әскери қызметтен шығарылған адам) басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде (келісімшарт бойынша әскери қызметтен шығарылған) пайдаланылмаған әскери талаптарды немесе пайдаланылған әскери талаптар бойынша ақтау құжаттарын ол ақшалай ризыққа қойылған әскери бөлімнің қаржы бөлімшесіне (ол әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органына) тапсырады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Әскери талапты беруге бұйрықтың нөмірі мен күні, әскери талаптармен жабдықтау жөніндегі дербес шоттың нөмірі, қолы, берілген күні, елтаңбалы мөрі жоқ, елтаңбалы мөрінің бедері анық емес, түзетулермен, қосымша жазулармен, өшірулермен, дұрыс толтырылмаған немесе мерзімі өткен әскери талаптар жарамсыз деп саналады және ресімделмеуге тиіс.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына және кері қарай мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен бірге жүретін адамдардың жол жүруі іссапар шығыстарына көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.";

      65-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының шегінде әскери-медициналық бөлімшенің жолдамасы бойынша стационарлық емдеу орнына, оның ішінде әскери-дәрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін қызмет өткеру орнынан емдеу орнына жол жүруі:

      1) теміржол көлігінде – ол әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде берілген әскери талаптар бойынша ресімделген жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша, бұл ретте әскери талаптың "тасымалдау мақсаты" деген жолында "емделуге" деп көрсетіледі;

      2) автомобиль және ішкі су көліктерінде – әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде шығындарды төлеумен өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнынан, сондай-ақ әскери-дәрігерлік (ұшу) комиссиядан өту орынынан қызмет өткеру орнына жол жүруі:

      1) теміржол көлігінде – әскери-медициналық мекеме берген әскери талаптар бойынша ресімделген жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша, бұл ретте әскери талаптың "тасымалдау мақсаты" деген жолында "емделуден" деп көрсетіледі;

      2) автомобиль және ішкі су көліктерінде – әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде шығындарды төлеумен өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Әскери қызметтен шығарылған адамдардың (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде таңдалған тұрғылықты жеріне, әскери есепке қойылатын жерге жол жүруі әскери талаптар бойынша ресімделген жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша теміржол көлігінде жүзеге асырылады (осы тармақтың күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады).

      Босатылғандар ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде әскери бөлімнің тізімінен шығарылуымен бірге әскери талаптар беріледі, бұл ретте әскери талаптың "тасымалдау мақсаты" деген жолында "босату" деп, ал берілген әскери талаптың нөмірі нұсқамада көрсетіледі.

      Әскери бөлімнің тізімінен шығарылған әскери қызметтен шығарылған адамға босатылғаннан кейін әскери талап беру жүргізілмейді.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Алда болатын әскери бөлімді тарату, қайта құру немесе дербес шотын жабу кезінде әскери-көлік қолбасшылығы әскери талаптарды беру заңдылығына тексеру тағайындайды. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады."

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Қол қойылған әскери талап пен оның түбіртектері әскери бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталады.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Толтыруды қажет етпейтін жолдар сызылады. Берілген әскери талаптардың сериялары мен нөмірлері және әскери талаптарды беруге бұйрықтың нөмірі мен күні әскери талаптар бланкісінің өзінде және олардың түбіртектерінде көрсетіледі.".

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 2 тамыздағы
№ 404 бұйрығымен
бекітілген

Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.

      Сондай-ақ осы Қағидалардың күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) қолданылады.

2-тарау. Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібі

      2. Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге және мерзімді әскери қызметтен Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептер бойынша, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда, әскери қызметтен шығарылған адамдарға Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу үшін мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық негіз болып табылады:

      1) баянатты (өтінішті);

      2) әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының әскери қызметшінің, әскери қызметтен шығарылған адамның кетуі мен келуі туралы бұйрығынан үзіндіні және нұсқаманың көшірмесін.

      Өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің командирі немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органының басшысы шығарады.

      3. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығы;

      20 км – тұрақты шама;

      1 аек – тиісті қаржы жылына арналып бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.

      4. Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдаулар жағдайларынан басқа, қаржы жылы ішінде әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде немесе әскери қызметтен шығарылған адам әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органында жүргізіледі.

      5. Өз мүлкін тасымалдау үшін көлік түрін және тасымалдаушыны әскери қызметші немесе тиісінше әскери қызметтен шығарылған адам өзі айқындайды.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 347. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 мая 2019 года № 18711

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить перечень некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Управлению начальника Тыла и вооружения Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан на казахском и русском языках в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан генерал-майора Курманбаева Б.Ж.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан генерал-майор
Н. Ермекбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
"___"_________ 2019 год

  Приложение
к приказу Министра обороны
Республики Казахстан
от 17 мая 2019 года № 347

Перечень некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 404 "Об утверждении Правил возмещения военнослужащим расходов на внутриреспубликанские перевозки собственного имущества на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 15643, опубликован в информационной системе Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан от 16 октября 2017 года) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан генерал-майора Курманбаева Б.Ж.";

      Правила возмещения военнослужащим расходов на внутриреспубликанские перевозки собственного имущества на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему перечню.

      2. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 406 "Об утверждении Правил предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства внутренними и международными авиамаршрутами на воздушном транспорте" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 15659, опубликован в информационной системе Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан от 13 октября 2017 года) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан генерал-майора Курманбаева Б.Ж.";

      в Правилах предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства внутренними и международными авиамаршрутами на воздушном транспорте, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Правила предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте (далее - Правила) определяют порядок предоставления военнослужащим и членам их семей права на проезд за счет государства на воздушном транспорте.".

      3. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 8 августа 2017 года № 428 "Об утверждении Правил оформления и оплаты воинских перевозок в Вооруженных Силах Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 15676, опубликован в информационной системе Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан от 17 октября 2017 года) следующие изменения и дополнения:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан генерал-майора Курманбаева Б.Ж.";

      в Правилах оформления и оплаты воинских перевозок в Вооруженных Силах Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Время, необходимое на проезд воинского пассажира определяется:

      1) в пределах Республики Казахстан – от времени следования в данном направлении по кратчайшему маршруту пассажирским поездом, за исключением поездов международного сообщения;

      2) за пределы Республики Казахстан – от времени следования в пути по кратчайшему маршруту на воздушном транспорте.

      В случае отсутствия беспересадочного маршрута, время на проезд определяется с учетом времени, необходимого на пересадку(-ки) с одного маршрута (вида транспорта) на другой.

      Исходными данными для расчета времени, необходимого на проезд являются действующие расписания движения пассажирских поездов и рейсов воздушных судов.

      Расчет времени, необходимого на проезд в указанном направлении и обратно определяется в сутках (24 часа) путем суммирования, при этом неполные сутки округляются до полных суток.";

      пункт 6 дополнить подпунктом 8) следующего содержания:

      "8) оправдательные документы – документы, удостоверяющие факт совершения хозяйственных операций. Для воинских требований формы 1 оправдательным документом является проездной документ (билет), для воинских требований формы 2 – квитанция о приеме груза к перевозке, для воинских требований формы 3 – грузобагажная квитанция.";

      подпункт 6) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "6) лица, уволенные с воинской службы (за исключением уволенных в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, при отказе в специальной проверке, по отрицательным мотивам, по служебному несоответствию, выявленному по итогам аттестации в соответствии с пунктом 3 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих") (действие настоящего подпункта распространяется на лиц, уволенных с воинской службы после 13 июня 2017 года);";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Кроме лиц, указанных в пункте 7 настоящих Правил к воинским пассажирам в случаях проезда их на служебном автомобильном транспорте или судами государственной авиации относятся:

      1) военнослужащие и гражданский персонал других войск и воинских формирований – при следовании их в районы проведения совместных учений, ликвидации чрезвычайных ситуаций, антитеррористических операций, ведения боевых действий и выполнения задач в условиях чрезвычайного или военного положения, а также в условиях вооруженного конфликта и обратно;

      2) студенты военных кафедр (военных факультетов) – при следовании на полевые выходы, предусмотренные программами обучения, к местам участия в мероприятиях по планам ВС РК, а также ликвидации чрезвычайных ситуаций и обратно;

      3) абитуриенты военных учебных заведений – при перевозке их на служебном автомобильном транспорте в период сдачи вступительных экзаменов;

      4) лица военно-дипломатического корпуса, военнослужащие иностранных государств, инспектора и наблюдатели миссий ООН, ОДКБ, ШОС, НАТО и других международных организаций – при следовании их в районы подготовки и проведения международных учений, совместных мероприятий проводимых на территории Республики Казахстан в соответствии с международными договорами Республики Казахстан и обратно;

      5) военнослужащие иностранных государств, обучающиеся в военных учебных заведениях Республики Казахстан – при следовании их совместно с подразделением на полевые выходы или к местам участия в мероприятиях, предусмотренных программами обучения и обратно;

      6) члены Совета безопасности, Правительства, депутаты Парламента Республики Казахстан, государственные и общественные деятели – при следовании их для посещения, инспектирования воинских частей, гарнизонов или к местам участия в мероприятиях по планам ВС РК и обратно;

      7) работники здравоохранения – при следовании их в подразделения, воинские части для оказания медицинской помощи и сопровождения больных (раненых) к месту стационарного лечения;

      8) сотрудники правоохранительных и специальных государственных органов – при следовании их в районы проведения оперативных, следственных мероприятий по фактам правонарушений или преступлений в ВС РК и обратно;

      9) работники культуры, средств массовой информации – при следовании их в воинские части, гарнизоны, районы проведения учений, полевых выходов и обратно для участия в мероприятиях по планам ВС РК, проведения культурно-досуговых мероприятий или съемок, в том числе направленных на повышение имиджа ВС РК;

      10) гражданские лица – при эвакуации их из зон ликвидации чрезвычайных ситуаций, районов проведения антитеррористических операций, ведения боевых действий, в условиях чрезвычайного или военного положений, а также в условиях вооруженного конфликта.

      Основаниями для перевозки указанных категорий воинских пассажиров являются международные договора Республики Казахстан, постановления, решения Правительства, приказы, указания, распоряжения высшего командования.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Воинским пассажирам определяются следующие условия проезда:

      1) на железнодорожном транспорте:

      высшему командованию ВС РК (высшему командному составу) и членам их семей – в спальных вагонах и вагонах класса "Бизнес" любой категории поезда;

      военнослужащим по контракту, лицам, уволенным с воинской службы (за исключением уволенных в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, при отказе в специальной проверке, по отрицательным мотивам, по служебному несоответствию, выявленному по итогам аттестации), членам их семей, гражданскому персоналу ВС РК – в купейных вагонах и вагонах класса "Турист" любой категории поезда (действие настоящего подпункта распространяется на лиц, уволенных с воинской службы после 13 июня 2017 года);

      военнослужащим по призыву, курсантам, кадетам, уланам, а также военнообязанным, призванным на воинские сборы и лицам, уволенным с воинской службы по призыву, воинских сборов – в плацкартных вагонах любой категории поезда, а в случае отсутствия необходимого количества мест в плацкартных вагонах по согласованию с военно-транспортным командованием разрешается проезд в вагонах класса "Турист";

      2) на внутреннем водном транспорте:

      высшему командованию ВС РК (высшему командному составу), военнослужащим по контракту, лицам, уволенным с воинской службы (за исключением уволенных в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, при отказе в специальной проверке, по отрицательным мотивам, по служебному несоответствию, выявленному по итогам аттестации), членам их семей, гражданскому персоналу ВС РК - в каютах 1 категории (действие настоящего подпункта распространяется на лиц, уволенных с воинской службы после 13 июня 2017 года);

      военнослужащим по призыву, курсантам, кадетам, уланам, а также военнообязанным, призванным на воинские сборы и лицам, уволенным с воинской службы по призыву, воинских сборов – в каютах 2 категории;

      3) на автомобильном транспорте – в автобусах любой комфортабельности.";

      дополнить пунктом 22-1 следующего содержания:

      "22-1. Неиспользованные воинские требования или оправдательные документы по использованным воинским требованиям подлежат возврату в финансовое подразделение воинской части, за исключением случаев увольнения со срочной воинской службы.

      При переводе к новому месту службы в другую местность (увольнении с воинской службы по контракту) военнослужащий (лицо, уволенное с воинской службы), сдает неиспользованные воинские требования или оправдательные документы по использованным воинским требованиям в финансовое подразделение воинской части, в которую он поставлен на денежное довольствие (местного органа военного управления, в который он поставлен на воинский учет).";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Воинские требования, не имеющие номер и дату приказа на выдачу воинского требования, номер лицевого счета по снабжению воинскими требованиями, подписи, даты выдачи, гербовой печати, с неясным оттиском гербовой печати, с исправлениями, дописками, подчистками, неправильно заполненные или просроченные, считаются недействительными и оформлению не подлежат.";

      пункт 55 изложить в следующей редакции:

      "55. Проезд лиц, сопровождающих военнослужащих срочной воинской службы к новому месту службы в другую местность и обратно, осуществляется за счет средств, предусмотренных на командировочные расходы.";

      подпункт 1) пункта 65 исключить;

      пункт 68 изложить в следующей редакции:

      "68. Проезд военнослужащего по направлению военно-медицинского подразделения к месту стационарного лечения, в том числе для прохождения военно-врачебной (летной) комиссии в пределах Республики Казахстан от места прохождения службы до места лечения осуществляется:

      1) на железнодорожном транспорте – по проездным документам (билетам), оформленным по воинским требованиям, которые выдаются в воинской части, где военнослужащий состоит на денежном довольствии, при этом в строке воинского требования "цель перевозки" указывается "на лечение";

      2) на автомобильном и внутреннем водном транспорте – за личные средства военнослужащего, с последующей оплатой расходов в воинской части, в которой военнослужащий состоит на денежном довольствии.";

      пункт 69 изложить в следующей редакции:

      "69. Проезд военнослужащего от места стационарного лечения, а также места прохождения военно-врачебной (летной) комиссии к месту прохождения службы осуществляется в пределах Республики Казахстан:

      1) на железнодорожном транспорте – по проездным документам (билетам), оформленным по воинским требованиям, которые выдаются военно-медицинским учреждением, при этом в строке воинского требования "цель перевозки" указывается "с лечения";

      2) на автомобильном и внутреннем водном транспорте – за личные средства военнослужащего, с последующей оплатой расходов в воинской части, в которой военнослужащий состоит на денежном довольствии.";

      пункт 85 изложить в следующей редакции:

      "85. Проезд лиц, уволенных с воинской службы, (за исключением уволенных в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, при отказе в специальной проверке, по отрицательным мотивам, по служебному несоответствию, выявленному по итогам аттестации) к избранному месту жительства, месту постановки на воинский учет в пределах Республики Казахстан осуществляется на железнодорожном транспорте по проездным документам (билетам), оформленным по воинским требованиям (действие настоящего пункта распространяется на лиц, уволенных с воинской службы после 13 июня 2017 года).

      Воинские требования выдаются в воинской части, в которой лицо, уволенное с воинской службы состояло на денежном довольствии, одновременно с исключением из списков воинской части, при этом в строке воинского требования "цель перевозки" указывается "увольнение", а номера выданных воинских требований указываются в предписании.

      Выдача воинских требований после исключения лица, уволенного с воинской службы из списков воинской части не допускается.";

      пункт 111 изложить в следующей редакции:

      "111. При предстоящем расформировании, переформировании или закрытии лицевого счета воинской части, военно-транспортным командованием назначается проверка законности выдачи воинских требований. По результатам проверки составляется акт.";

      пункт 132 изложить в следующей редакции:

      "132. Подписанное воинское требование и его корешки заверяются гербовой печатью воинской части.";

      пункт 134 изложить в следующей редакции:

      "134. Строки, не требующие заполнения, прочеркиваются. Серии и номера выданных воинских требований, номер и дата приказа на выдачу воинских требований указываются на самом бланке воинских требований и их корешках.".

  Приложение
к Перечню некоторых приказов
Министра обороны
Республики Казахстан,
в которые вносятся
изменения и дополнения
  Утверждены
приказом Министра обороны
Республики Казахстан
от 2 августа 2017 года № 404

Правила выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Правила выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан (далее - Правила) определяют порядок выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы, при переводе к новому месту службы в другую местность денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан.

      Действие настоящих Правил распространяется также на лиц, уволенных с воинской службы из Вооруженных Сил Республики Казахстан (за исключением уволенных со срочной воинской службы, в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, при отказе в специальной проверке, по отрицательным мотивам, по служебному несоответствию, выявленному по итогам аттестации) после 13 июня 2017 года.

Глава 2. Порядок выплаты военнослужащим Вооруженных Сил Республики Казахстан, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы денег за счет государства за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан

      2. Основанием для выплаты военнослужащим, за исключением курсантов, кадетов и военнослужащих срочной службы, и лицам, уволенным с воинской службы, за исключением уволенных со срочной воинской службы, в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, при отказе в специальной проверке, по отрицательным мотивам, по служебному несоответствию, выявленному по итогам аттестации, денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан является приказ, изданный после представления следующих документов:

      1) рапорта (заявления);

      2) выписки из приказа командира воинской части, руководителя местного органа военного управления об убытии и прибытии военнослужащего, лица, уволенного с воинской службы и копии предписания.

      Приказ о выплате денег за перевозку собственного имущества издает командир воинской части, в которой военнослужащий проходит воинскую службу или руководитель местного органа военного управления, в котором лицо, уволенное с воинской службы поставлено на воинский учет.

      3. Размер выплаты рассчитывается по формуле:

     


      где: L - протяженность автомобильной дороги от пункта убытия до пункта назначения в километрах;

      20 км - постоянная величина;

      1 мрп - размер месячного расчетного показателя, утвержденного на соответствующий финансовый год.

      4. Выплаты денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан производятся в воинской части, в которой военнослужащий состоит на денежном довольствии или в местном органе военного управления, в котором лицо, уволенное с воинской службы поставлено на воинский учет, в течение финансового года, кроме случаев перевозок, осуществленных в четвертом квартале года, которые оплачиваются в первом квартале следующего финансового года.

      5. Вид транспорта и перевозчик для перевозки собственного имущества определяется самим военнослужащим или лицом, уволенным с воинской службы соответственно.