Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 мамырда № 18746 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 136 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.07.2023 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі бекітілсін.

      2. Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 27 мамырдағы
№ 44 бұйрығымен
бекітілді

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі

      1) мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар;

      2) елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі көше жиhазы (жабдық);

      3) елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері.

Об утверждении Перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 мая 2019 года № 44. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2019 года № 18746. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 12 июля 2023 года № 136.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 12.07.2023 № 136 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 17-1 Закона Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года "О рекламе" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий.

      2. Департаменту социальной политики и развития государственных органов в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов

      СОГЛАСОВАН
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

  Утвержден
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 27 мая 2019 года № 44

Перечень специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий

      1) конструкции, используемые для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий на территории культурных, спортивных зданий и сооружений;

      2) уличная мебель (оборудование) в населенных пунктах на открытом пространстве за пределами помещений;

      3) объекты наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах на открытом пространстве за пределами помещений.