2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (4-шығарылым) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (4-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 180-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8463 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 132 (2333) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Сапарбаев |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 291 бұйрығына қосымша |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
(4-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (4-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) мыналарды:
арнайы мақсаттағы метрополитендер, туннельдер және жерасты ғимараттарының құрылысын;
байыту, агломерациялау, кесекшелеу (жалпы кәсіптер);
кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығару және байыту;
кендерді агломерациялау;
көмір және сланец өндіру, көмір және сланец шахталары мен разрездері құрылысын;
қоңыр көмір мен озокерит кендерін қайта өңдеуді;
құрылыс материалдарын шығаруды және байытуды;
тау-кен және тау-кен-күрделі жұмыстарды (жалпы кәсіптер);
тау-кен-химиялық шикізатты шығаруды және байытуды;
шымтезек шығару және қайта өңдеудіқамтиды.
2. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік аңықтамалығын (4-шығарылым)Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.
3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Арнайы мақсаттағы метрополитендер, туннельдер және жерасты ғимараттарының құрылысы жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Көтеру - жылжыту тас төсегіштерінің машинисі, 5-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы:
монтажды гидравликалық көтергіш базасында жасалған көтеру-жылжыту тас төсегіштерін туннелдерді, жерасты арнайы мақсаттағы имараттарды, штольняларды, камераларды салу кезінде басқару;
бекітпе, доғалы қырғыш, қалыптардың, арматура элементтері мен ағаш материалдарды орнату жеріне тиеу, ауыстыру және көтеру;
көтеру-жылжыту тас төсегіштерді алдын ала жөндеу.
5. Мыналарды:
көтеру-жылжыту тас төсегіштердің құрылғысын;
шпурларды белгілеу және зарядтау, қазба бейіндерін шабақтау, әртүрлі бекітпелер, қалыптар мен арматуралар орнатқан кезде тас төсегіштерді көшіру ережесі мен тәртібін;
көтеру-жылжыту тас төсегіштерін жөндеу ережесі мен тәсілдерінбілуге тиіс.
2-параграф. Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың машинисі, 4-разряд
6. Жұмыс сипаттамасы:
жалпы өнімділігі сағатына 2,1миллион джоульге (сағатына 500 мың килокалорий) дейін тиісті аппаратуралар, тұздықты желілер және мұздатқыш камера компрессорларымен жабдықталған топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларға қызмет көрсету;
қызмет көрсететін агрегаттарды қосу және тоқтату, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
бақылау-өлшеу аспаптары мен сигнал беру құрылғыларының көрсеткіштерін қадағалау;
мұздатылатын топырақтың жағдайына қарай топырақты мұздату бойыншамұздатқыш қондырғының жұмысының температуралық режимін реттеу;
топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жою;
барлық жөндеу жұмыстарына қатысу.
7. Мыналарды:
топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың, қызмет көрсететін жабдықтардың, аппараттар мен мұздататын бағаналардың құрылғысын;
топырақты мұздату процесін реттеу технологиясы мен тәсілдерін;
салқындату жүйесін толтыру ережесін;
топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларының жұмысындағы ақаулық белгілерін және оларды жою тәсілдерін;
мұздатылатын топырақтың геологиялық сипаттамасын;
топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларын монтаждау тәртібін;
мұздатқыш бағаналар мен тұздық желілерінің орналасу схемасын;
термодинамиканың, электр техникасының негіздерін;
слесарлық ісін білуге тиіс.
Жоғары білікті топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың машинисінің басшылығымен жалпы өнімділігі сағатына 2,1 миллион джоульге (сағатына 500 мың килокалорий) дейін компрессорлармен жабдықталған тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;
жоғары білікті топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың машинисінің басшылығымен жалпы өнімділігі сағатына 2,1 миллион джоульден (сағатына 500 мың килокалорий) артық компрессорлармен жабдықталған тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.
3-параграф. Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың машинисі, 5-разряд
8. Жұмыс сипаттамасы:
жалпы өнімділігі сағатына 2,1-ден 13 миллионджоульге(сағатына 500-ден 3000 мың килокалорий) дейін, тиісті аппаратуралар, тұздықты желілер және мұздатқыш камера компрессорларымен жабдықталған топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсету;
топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларды қосу және тоқтату, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеу.
9. Мыналарды:
топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларының әртүрлі жүйесінің құрылғысын;
күрделі слесарлық-монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдерін білуге тиіс.
4-параграф. Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың машинисі, 6-разряд
10. Жұмыс сипаттамасы:
жалпы өнімділігі сағатына 13 миллионджоульден(сағатына 3000 мың килокалорий) артық, тиісті аппаратуралар және мұздатқыш бағаналар компрессорларымен жабдықталған топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларға қызмет көрсету;
жүйесі әртүрлі топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларды монтаждау және демонтаждау кезінде барлық слесарлық-монтаждау жұмыстарын орындау.
11. Мыналарды:
топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың конструктивтік ерекшеліктерінбілуге тиіс
5-параграф. Тау-кен жабдықтарының монтажшысы, 3-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:
ашық әдіспен салынатын шахта бетіндегі және туннельдердегі шахталық металл конструкцияларды, тау-кен жабдықтары мен электр механикалық құрылғыларды монтаждау және демонтаждау жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау;
сатылар, қорғау шарбақтары мен тор қоршаулар орнату;
көшеттелінетін жұдырықша кілеттерді, шығырларды және металл конструкцияларын демонтаждау;
қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау: тесікті бұрғылау, бұрандалы және фланецті қосындыларды құрастыру, бұранданы қолмен кесу, тетіктердің ірі үгінділері;
металл конструкцияларды түзету және сырлау;
бөлшектерді тазалау және майлау;
жерге қосу желілерін монтаждау;
шырағдандарды зарядтау және орнату;
жарықтандырғыш аппаратураларды монтаждау;
кабельдерді кесу;
трафареттер бойынша белгілерді жазу;
нөмірлі тақтайшалар жасау және орнату;
жоғары білікті тау-кен жабдықтарының монтажшысының басшылығымен монтаждау жұмыстарын орындау.
13. Мыналарды:
жөнделетін жабдықтар мен механизмдердің құрылғысы туралы жалпы мәліметтерді;
қарапайым монтаждық және слесарлық жұмыстарды орындау тәсілдерін;
механикаландырылған және қол құралдарын қолдану ережесін;
жөнделген конструкциялар мен жабдықтарды салыстырудың қарапайым тәсілдерін;
қолданылатын материалдардың сорттарын;
жөнделетін жабдықтар мен құрылғылардың міндетінбілуге тиіс.
6-параграф. Тау-кен жабдықтарының монтажшысы, 4-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:
ашық әдіспен салынатын шахта бетіндегі және туннельдердегі шахталық металл конструкцияларды, тау-кен жабдықтары мен электр механикалық құрылғыларды монтаждау және демонтаждау жөніндегі орташа күрделі жұмыстарды орындау;
рамалардың бункерлік жапқыштарын, шеңберлі төңкергіштерді, ерітінді араластырғыштарды, үңгілеу кешендерінің бөлгіштерін және бүйір қиғаш тіреулерін, крандардың монтаждау алаңдарын, таспалы қоректендіргіштердің жетек және тарту станцияларын, бөлу қалқандарының қаңқаларын, басқару пульті мен таблоларды монтаждау және демонтаждау;
5 тоннаға дейін жүк көтергіш шығырларды, көшеттелінетін жұдырықша кілеттерді және металл конструкцияларын монтаждау;
орташа күрделі слесарлық жұмыстарды орындау:
бөлшектерді белгілеу және ажарлау, тығыздалатын бетін ысқылау;
конструкцияны монтаждау кезінде электрмен ұстау және газбен кесу;
реперлерді, құбырлар мен бағандарды орнату;
ось шектерін тарту;
сымдарды қосу;
кабельдердің шеттерін жабу;
ұштамаларды кабельдер мен сымдардың желілеріне дәнекерлеу;
тартқыш станциялардың орташа күрделі тораптарын монтаждау;
құбырларды ағыту;
қалқанның гидравликалық жүйесінен майды ағызу.
15. Мыналарды:
орташа күрделі жабдықтар мен механизмдердің құрылғысын;
орташа күрделі жабдықтардың астындағы фундаменттің габаритін тексеру тәсілдерін;
жөнделген жабдықтарды тексеру тәсілдерін;
электрмен ұстау және газды кесу тәсілдерінбілуге тиіс.
7-параграф. Тау-кен жабдықтарының монтажшысы, 5-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:
ашық әдіспен салынатын шахта бетіндегі және туннельдердегі шахталық металл конструкцияларды, тау-кен жабдықтары мен электр механикалық құрылғыларды монтаждау және демонтаждау жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау;
күрделі слесарлық жұмыстарды орындау;
күрделі конструкциялар мен тораптарды, үңгілеу кешендерін, шахта крандарын, тежегіш құрылғыларын, жылдамдықты сөндіргіштерді, механикалық итергіштерді, жүк көтергіштігі 5 тоннадан артық көлденең арбаларды, бункерлерді, шығырларды, шахталық көтергіш машиналардың кілеттерін, ұзындығы 15 метрге дейін коперлерді монтаждау және демонтаждау;
жөнделген жабдықты сынау және баптау;
котлавандарды металл атқыштармен, қос таврлы мәткемен бекіту;
тартқыш кіші станциялардың күрделі тораптарын монтаждау;
жоғары вольтті электр жабдықтарын, өлшеу, басқару және қорғану аспаптары мен аппараттарын орнату.
17. Мыналарды:
монтаждық осьтерді белгілеу, орнату және көшіру тәртібін;
монтаждауға фундаменттерді және жабдықтарды орнату жерді қабылдау ережесін;
жөнделетін жабдықтар мен механизмдерін теңгеру, орталықтау, салыстыру және реттеу тәсілдерін;
майлау жүйесінің құрылғысын және қызметінің қағидаттарын;
төмен вольтті және жоғары вольтті аспаптар мен аппараттардың қызмет қағидаттарын;
машина мен механизмдерді монтаждауға қойылатын талаптар мен шектеулерді;
жөнделетін жабдықты пайдалануға қосу ережесінбілуге тиіс.
8-параграф. Тау-кен жабдықтарының монтажшысы, 6-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:
ашық әдіспен салынатын шахта бетіндегі және туннельдердегі шахталық металлдық конструкцияларды, тау-кен жабдықтары мен электр механикалық құрылғыларды монтаждау және демонтаждау жөніндегі аса күрделі жұмыстарды орындау;
парашют қондырғыларын, шахталық көтергіш машиналарды, үңгілеу кешендерінің гидро-электр жабдықтарын, биіктігі 15 метрден артық коперлерін монтаждау және демонтаждау;
кілет көтергіштерін және шахталық көтергіш машиналарды салыстыру және сынау;
аса күрделі және дәлдік слесарлық жұмыстарды орындау;
бөлшектердің бетін жонғылау, нақты слесарлық қиыстырып келтіру;
биіктік компенсаторларының электр қозғалтқыштарын орнату және салыстыру;
электр жабдықтарды механикалық реттеу;
жөнделетін машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды сынау нәтижесі туралы ақау ведомосін құрастыру;
жөнделген жабдықтарды гидравликалық және пневматикалық сынау;
жоғары қысымды гидравликалық желінің құбырлары мен арматураларын құрастыру.
19. Мыналарды:
аса күрделі жабдықты монтаждау тәсілдерін;
жөнделетін жабдықтардың құрылғысы мен міндетін;
жөнделетін жабдықтарды реттеу және баптау тәсілдерін;
жөнделген агрегаттар мен машиналарды пайдалануға қосу кезінде сынау ережесінбілуге тиіс.
9-параграф. Оқшаулаушы, 3-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:
арнайы мақсаттағы шахта оқпандарын, туннельдерді, метрополитен станцияларын, жерасты ғимараттарын, штольняларды, камералар мен тоғыстарды гидрооқшаулау бойынша қарапайым жұмыстарды орындау;
оқшауланатын жік беттерін және қаптау тесіктерін тазалау және кептіру;
жіктер мен шегенделетін бетін қысылған ауамен үрлеп тазалау жіктерге соққанға дейін және кейін су себу;
судан қорғау қолшатыры бөлшектерін коррозияға қарсы лакпен және тюбинг қаптауларын сүт цементімен сырлау;
құмбүріккіш аппаратты құммен зарядтау, аппаратты басқа орынға ауыстыру және оның жұмысын бақылау;
гидрооқшаулау жұмыстары үшін материалдарды дайындау;
мөлшерлеу және айдау үшін қоспалау дайындау;
битум мастикаларын қыздыру және тасымалдағыш аспаптарға құю;
гидрооқшаулаудың қорғану қабырғасын және оқшаулау мен оқшаулану бойынша қорғану төсемдерін салу;
бетін қарапайым конфигурациялы битум мастикасымен қаптау;
бетон бетін бедерлеу және дөңестер мен қатпарларды шабу;
қаптауға арналған ерітінділер мен басқа да материалдарды тексеріп айдамалау, бетонды және арматуралы бетін шегендеуге қатысу;
ерітінділерді айдамалау қондырғыларының жұмысын басқару, қарау, бекіту және майлау;
ерітінділерді айдау кезінде берілген қысымды реттеу;
туннель қаптауларының су өткізбейтіндігін және металлоқшаулығын сынауға қатысу.
21. Мыналарды:
гидрооқшаулау материалдарының номенклатурасын, түрлерін және сипатын;
қаптаулардың жіктері мен тесіктерін шекімелеуге дайындау ережесін;
гидрооқшаулау материалын тасымалдау, салу және сақтау ережелерін;
цемент ерітінділері мен мастикаларды дайындау ережесін және тәсілдерін;
құмбүріккіш аппараттардың жұмыс қағидаттарын және күту ережесін;
қорғану төсемдерін, гидрооқшаулау қабырғаларын салу ережесін;
мастикалардың қайнату және қыздыру жұмыстарында дайындығын белгілеу;
қызмет көрсететін битум қайнататын қазандардың, сорғылардың, ерітінділерді айдамалау қондырғыларының және цемент-пушкалардың құрылғысы мен пайдалану ережесін;
электр қозғалтқыштар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы жөнінде негізгі мәліметтерді;
ерітінді өткізгіштерді монтаждау тәсілдерін;
бетін шегендеуге қойылатын талаптарды;
жағылған торкрет қабатының тегіс емес жерлерін кесу тәсілдерінбілуге тиіс.
10-параграф. Оқшаулаушы, 4-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:
шахта оқпандарын, туннельдерді, метрополитен станцияларын және арнайы мақсаттағы жерасты имараттарын гидрооқшаулау бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау;
кеңіген жіктерді цементпен және қорғасынды баумен шекімелеу;
гайкаларды тарта отырып, тығындар мен болттарды ауыстыру;
жіктер мен қаптау бетін құмбүріккіш аппаратпен тазалау;
туннельдер мен арнайы ғимараттардың лотын, қабырғаларын орамды материалдармен оқшаулау;
судан қорғағыш шатырдың бөлшектерін туннель қаптауларына бекіту;
су ағатын науаны орнату;
ыстық битумды мастиканы механикаландырылған жағумен және арматураланған шынытор матамен гидрооқшаулауды құру;
бетонды және арматуралы бетін шегендеу;
су сору шамасын белгілеу үшін суды айдау, ұңғыма арқылы арнайы құрамды ерітінділерді және ыстық битумды айдау;
айдау аяқталғанға дейін шекті қысымды белгілеу;
ұңғымаларды қыздыру;
құбырларды арнайы құрамдармен шаю;
кептелістерді жою.
23. Мыналарды:
туннель қаптаулар мен имараттардың түрлерін;
шекімелеу жұмыстарын орындау тәсілдерін;
шойын және темір бетонды қаптаулардың жіктерін шекімелеу ерекшеліктерін;
айдау үшін тесіктерді бітеу тәсілдерін;
жерасты имараттарының қаптауларын бекітпелерін ауыстыру ережесін;
гидрооқшаулау қаптамаларының негізгі конструкциясын;
шекімелеу жұмыстарына, пневматикалық шайқағыштарға, газ шілтеріне, құмбүріккіш аппараттарға арналған механикалық құралдардың құрылғысын;
оқшауланатын бетіне битумдық мастиканы жағу және орама материалдарды жабыстыру тәсілдерін;
оқшаулау материалдарына және қаптамаларға қойылатын талаптарды;
кептелістерді жою тәсілдерін;
ұңғымаларды орналастыру жоспарын және ерітінділерді айдау кезектілігін;
цемент ерітіндісінің бастапқы концентратын анықтау үшін су сорғыш шамасын белгілеу тәсілдерін;
шекті қысымды, ұңғымаларды қыздыру дәрежесін белгілеу және құбырларды жуу ережесі мен тәсілдерін;
арматураланған және арматураланбаған бетіне торкрет жағудың тәсілдері мен жолдарынбілуге тиіс.
11-параграф. Оқшаулаушы, 5-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:
шахта оқпандарын, туннельдерді, метрополитен станцияларын және арнайы мақсаттағы жерасты имараттарын гидрооқшаулау бойынша күрделі жұмыстарды орындау;
туннельдің тарам және ойық бөлігіндегі тюбинг жіктерін және стандартты емес жіктерді шекімелеу;
жерасты имараттары қаптауларындағы ағыстарды жою;
металл және бетон қаптауларының, туннельдердің вестибюльдер мен камералармен жанасқан жерлерде, ойықтарда, айнымалы қима немесе төрттен артық өзгертілген қазбаларда оқшаулау жұмыстарын орындау;
орама материалдарды жабыстырып және компенсаторларды орнатып, тұнбалы және температуралы жіктерді оқшаулау;
шекімелерді жөндеу;
имарат қаптауларындағы оқшаулардың ескі жіктерін ашу және тазалау, судан қорғағыш шатырды монтаждау;
механикаландырылған тәсілмен бетон бетіне эпоксидті-фуран қаптамасын жағу.
25. Мыналарды:
айнымалы қималар қабысқан жағдайда күрделі гидрооқшаулау жұмыстарын орындау тәсілдерін;
жерасты имараттары қаптауларының күрделі конструкцияларында стандартты емес жіктерді және жіктерді шекімелеу тәртібі мен тәсілдерін;
қабыршақ қуыстар мен жарықшаларды шабу тәсілдерін;
жіктердің шекімелерін жөндеу және жарықшаларды бітеу ережесінбілуге тиіс.
12-параграф. Үстірт жұмыстардағы үңгірлеуші, 2-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:
арықтарды, траншеяларды, құдықтарды, қазаншұңқырларды және бекітілмеген копуштарды белгілеу, үңгілеу;
үңгілейтін жерді аршу; тау-кен массасын тазалау; қазудың бағыты мен қимасының дұрыстығын тексеру;
дренажды арықтар мен қабылдау құдықтарын тазалау;
арықтардың, құдықтардың, траншеялардың, қазаншұңқырлардың жағдайын тексеру және жөндеу;
маңдайшалар мен шлюздерді орнату.
27. Мыналарды:
тау-кен жыныстарының негізгі қасиеттерін;
арықтарды, траншеяларды, құдықтарды, қазаншұңқырларды, копуштарды үңгілеу және бекіту тәсілдерін;
қолданылатын құрылғылар мен механизмдердің құрылғыларын және жұмыс қағидаттарын, олармен жұмыс істеу тәсілдерін;
шлюздардың маңдайшалардың, құдықтардың құрылғысын;
арықтарда құрылғыларға қойылатын талаптардыбілуге тиіс.
13-параграф. Үстірт жұмыстардағы үңгірлеуші, 3-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:
ашық тәсілмен туннельдер, метрополитен станциялары және арнайы мақсаттағы имараттар құрылысы кезінде қарапайым үңгілеу жұмыстарын орындау;
топырақты қолмен қазу және тиеу;
қатты топырақтарда күрделі емес бекітпелерді аршу;
топырақтарды бункерлерден түсіру;
тақталарды төсеу;
топырақты туннель қабырғасының артына және туннельді жабуға төгу;
бекітпенің құрастырмалы конструкциясының түйіспелерін тазалау;
құрастырмалы конструкциялардың жіктерін тығыздау және құю;
уақытша жолдарды, кран асты жолдарын салу;
забойдағы сорғыларға қызмет көрсету;
бетон қоспаларын туннельдің қатты негіздері мен лотоктарына төсеу;
бетон және темір бетон конструкцияларда тесіктер мен сызаттар тесу;
метрополитеннің тұрақты жолдарын салу кезінде:
кранның көмегімен ағаш және темір бетонды шпалдар, білеулерді және бұрылыс стрелкасының металл бөліктерін салу;
рельстер мен шпалдарда тесіктер бұрғылау;
рельс-шпал шарбақтары элементтерін бір-бірлеп ауыстыру;
байланыс рельсінің тіреу тораптарын демонтаждау;
рельс жолтабандарын өлшеу және реттеу;
болттарды бекіту;
балдақтарды аяқтау;
қазаншұңқырлар мен траншеяларды құрғағанша таспен шегендеу;
монтаж ілмектерін шабу немесе кесу;
траншеяларды, арықтарды, қазаншұңқырларын, құдықтарды, бекітпесі бар копуштарды үңгілеу.
29. Мыналарды:
құралдардың және тау-кен бекітпелерінің үңгілеу және жол түрлері;
қол және механикаландырылған құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін;
тасылым жолдарын салу ережесін;
траншеяларды, қазаншұңқырлар мен құдықтарды үңгілеу және бекіту тәсілдерін;
рельстерді, пакеттерді, шпалдар мен білеулерді ілмектеу әдістерін;
жүрдек учаскелер мен темір бетон негізіндегі учаскелерден басқа жолдың жоғарғы құрылысын реттеу ережесін;
қолданылатын құрылғылар мен механизмдердің құрылғысынбілуге тиіс.
14-параграф. Үстірт жұмыстардағы үңгірлеуші, 4-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:
ашық тәсілмен туннельдер, метрополитен станциялары және арнайы мақсаттағы имараттар құрылысы кезінде орташа күрделі үңгілеу жұмыстарын орындау;
шой балғалармен топырақты әзірлеу;
қазба бейіндерін шабақтау;
жарылған топырақты қазу;
тау-кен қазбаларының көпбұрышты ағаш бекітпе элементтерін аршу;
шурф, қазаншұңқыр мен траншеялар бекітпелерін жөндеу;
арматуралар салу;
монолит бетонды және темір бетонды қаптауларды (бекітпелерді) салу;
жылжымалы металл қалыптарының секцияларын ауыстыру;
аралық және станциялық туннельдер мен массасы 8 тоннаға дейін темір бетонды конструкциядан құрастырылған жерасты имараттарын монтаждау;
тіреу қабырғалары мен дренаждар құру;
түйіспелерді бітеу;
жіктерді сөгу;
қадақтар арасында забиркалар орнату және бекіту;
туннельдердің қаптауларын монтаждау кезінде шығырларға қызмет көрсету;
метрополитеннің тұрақты жолының құрылысы кезінде:
рельстерді шпалдар мен белдеулерге бекіту;
оқшауланған түйіспелерді монтаждау және демонтажтау;
контррельстерді монтаждау;
уақытша жолдардың бұрылыс стрелкасын салу;
тіксызық сызу конструкциясы үшін қалыптар орнату;
шурфтар мен қазаншұңқырларды ерітіндідегі таспен және бетонмен шегендеу;
"топырақтағы қабырға" әдісімен қазаншұңқырларды бекіту кезінде траншеяларға бетон ерітіндісін айдамалау;
диаметрі 800 миллиметрге дейін құбырларды салу;
ілмектеу жұмыстарын орындау.
31. Мыналарды:
механикаландырылған құралдармен жыныстарды қазу, қарапайым уақытша құрылғыларды орнату ережесі мен тәсілдерін;
электр бұрғыларының, шой балғаларының құрылғысы;
бетон қоспасының маркалары мен қасиеттерін;
қазбаларды бекіту бойынша жөндеу жұмыстарын орындау тәртібін;
қаптауларды монтаждау және салу тәсілдерін;
диаметрі 800 миллиметрге дейін құбырларды төсеу әдістерін;
жерасты имараттарының конструкциясын арматуралау және монтаждау ережесін, электрлік, пневматикалық құралдар мен механизмдерді қолданумен жолдың жоғары құрылысының конструкциясын монтаждау, демонтаждау және реттеу;
жұмыстарының өндіріс, автоблокировканың рельстерінің тізбектері бойынша жұмыстарды өндіру ережесін;
массасы 8 тоннаға дейін темір бетонды конструкцияларды ілмектеу және ілмексіздендіру ережесін;
қазан шұңқырларды анкерлермен бекіту ережесін білуге тиіс.
15-параграф. Үстірт жұмыстардағы үңгірлеуші, 5-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:
ашық тәсілмен туннельдер, метрополитен станциялары және арнайы мақсаттағы имараттар құрылысы кезінде орташа күрделі үңгілеу жұмыстарын орындау;
бекітілген паспорт бойынша шпурларды белгілеу;
массасы 35 килограмға дейін шпурларды (пневмоұстағышпен бірге) перфораторлармен бұрғылау;
забойдың жарылғыш жұмыстарын жүргізуге дайындықты тексеру;
қазаншұңқырларды, траншеялар мен шурфтарды шпунтты қоршаулармен, анкерлермен және "топырақтағы қабырға" әдісімен бекіту;
аралық және станциялық туннельдерді және массасы 8 тоннадан 15 тоннаға дейін темірбетонды конструкциядан құрастырылған жерасты имараттарын монтаждау;
күмбез, қабырға қорғандарын және әртүрлі қима қазбаларының қабысуларын бетондау;
бетонды және темірбетонды бекітпелерді және қисық сызықты әрі көп қырлы кескін конструкцияларын салу үшін қалыптарды ауыстыру және орнату;
метрополитеннің тұрақты жолын салған кезде: бетон қоспасын жұқа қабырғалы конструкцияларға төсеу, бұрылыстың стрелкасын монтаждау және оларды шпалдар мен белдеулерге бекіту, байланыс рельсінің кронштейндерін салыстыру;
үлкен диаметрлі қысымды құбырлардың түйіспелерін бекіту;
диаметрі 800 милиметрден артық құбырларды төсеу.
33. Мыналарды:
тау-кен үңгілеу машиналарының және бетондау әрі қаптауларды монтаждауға арналған машиналардың құрылғысын;
шпурларды белгілеу және бұрғылау ережесін;
жару жұмыстарын жүргізу ережесін;
бекіту материалдарына, бұрғыларды, бұрғы тәждерін, қайрау және май құю және олардың қалыптары мен өлшемдеріне қойылатын талаптарды;
күрделі арматураны құрастырудың және күрделі конструкция қалыптарын орнатудың ережесі мен тәсілдерін;
диаметрі үлкен құбырларды төсеу тәсілдерін;
түйіспелі емес сіз жолдар мен бұрылыс стрелкасын монтаждау ережесін;
массасы 8 тоннадан артық темір бетонды конструкцияларды ілмектеу және ілмексіздендіру ережесін;
қазаншұңқырларды анкерлермен бекіту ережесінбілуге тиіс.
16-параграф. Үстірт жұмыстардағы үңгірлеуші, 6-разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:
ашық тәсілмен туннельдер, метрополитен станциялары және арнайы мақсаттағы имараттар құрылысы кезінде туннельдердің берілген бағыты мен қимасына сәйкес аса күрделі үңгілеу жұмыстарын орындау;
шпурларды бұрғы қондырғыларымен және массасы 35 килограмм және одан да артық перфораторлармен (пневмоұстағышпен бірге) бұрғылау;
забойлардың апат жағдайларын жою;
аралық және станциялық туннельдерді және массасы 15 тоннадан артық темірбетонды конструкциядан құрастырылған жерасты имараттарын монтаждау;
желпуіш тәрізді ағаш және көп бұрышты болат бекітпелерді салу;
метрополитеннің тұрақты жолдарын салу кезінде: бұрылыс стрелкасын реттеу және салыстыру, тұрақты жолдың қисық учаскелерінде қысқартылған рельстерді есептеу және іріктеу.
35. Мыналарды:
туннельдердің берілген бағыттары мен өлшемдеріне сәйкес тау-кен үңгілеу жұмыстарын жүргізу түрлерін, тәсілдерін, әдістері мен ережесін;
тау-кен үңгілеу машиналары мен бетондау мен қаптауларды монтаждауға арналған машиналардың техникалық сипаттамасын, конструкциясының ерекшеліктерін және пайдалану ережесін;
туннель қаптамаларының геометриялық пішіндерін түзету ережесі мен тәсілдерін;
жолдардың қисық учаскелері үшін қысқа рельстерді іріктеу тәсілдерін;
стрелкалар бойынша қисық майысқандарды өлшеубілуге тиіс.
17-параграф. Үңгілеудегі электр слесарі, 3-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:
сорғы қондырғыларының, ауа өткізгіштердің, шахталық вагонеткалардың, таспа ені 900 миллиметргедейін таспалы конвейерлердің, қырнауыш конвейерлердің, бұрғы станоктарының,электрвоздардың, дизелевоздардың, аударғыштардың, қоректендіргіштердің, итергіштердің, барабан диаметрі 1000 миллиметрге дейін шығыры бар көтергіш машиналардың, желдеткіштердің, тартқыш және қайта түрлендіргіш кіші станциялардың, зарядтау құрылғыларының, сигнал беру құралдарының, жарықтандырғыштардың, таратқыш, абоненттік кабелдердің және телефон желілерін, тарату шкафтары мен қораптарының, үңгілеу муфталарының, телефон аппараттарының, троллейлік және төмен вольтты кабельдік желілердің, электр аппараттарды, қондырғыларды жерге қосудың және басқа да күрделі емес тау-кен жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігіне техникалық қызмет көрсету;
аккумуляторлық батареяларын зарядтау және жағдайын тексеру, электролит қою және ауыстыру;
қызмет көрсетілетін жабдықтарда майларды таңдау және ауыстыру;
жоғары білікті үңгімедегі электр слесарінің басшылығымен күрделі жұмыстарды орындау;
қолданылатын пневматикалық құралды бөлшектеу, құрастыру, жуу, сынау, майлау, қабылдау, тапсыру және алдын ала жөндеу жүргізу.
37. Мыналарды:
күрделі емес тау-кен жабдықтарының міндетін, жұмыс қағидаттарын, техникалық қызмет көрсетудің нормалары мен көлемін;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдарының міндетін және оларды пайдалану ережесін;
төмен вольтты электр қондырғылары құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін;
электр техникасының негіздерін білуге тиіс.
18-параграф. Үңгілеудегі электр слесарі, 4-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:
забойдағы механикаландырылмаған кешендердің, жыныстарды тиегіш машиналардың, ерітінді айдағыштардың, бұрғы қондырғыларының, рамалар мен басқа да ұқсас тау-кен жабдықтарының, сондай-ақ, барабан диаметрі 1000 миллиметрден артықшылығы бар көтергіш машиналардың, стационарлық суа ағызғыш қондырғылардың, таспа ені 900 миллиметрден артық таспалық конвейерлердің, скип көтергіштерінің, үлкен жүкті вагонеткалардың, таратқыш қондырғылардың кернеуі 1000вольтқадейін электр желілерінің және басқа да орташа күрделі тау-кен жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігіне техникалық қызмет көрсету;
қайта түрлендіргіш қондырғыларға, электровоздарға қызмет көрсету;
жоғары білікті электр слесарінің басшылығымен кіші станцияларды, трансформаторлар мен таратқыш құрылғыларды тексеру және ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау.
39. Мыналарды:
орташа күрделі тау-кен жабдықтарының құрылғысын, техникалық қызмет көрсетудің нормалары мен көлемдерін, оны сынау ережесін;
қондырғы, аппарат, аспаптар мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулық себептері мен белгілерін;
кабельдердің сыныптауышы мен электр техникалық материалдарын;
оқшаулауды, сыйымдылықты және кабельдің электрлік кедергілігін өлшеу және сынау ережесін;
бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін;
жұмыс істейтін бөлшектерге, тораптар мен механизмдерге жіберілетін жүктемелер, олардың сынуы мен апаттарының алдын алу шараларын;
жоғары вольтты электр қондырғыларының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін;
қосуды реттейтін аппаратуралардың схемасын, желдеткіш жүйесін;
жерге қосу құрылғысын;
сымдар мен кабельдерді есептеу және таңдау ережесінбілуге тиіс.
19-параграф. Үңгілеудегі электро слесарь, 5-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:
механикаландырылған кешендердің, агрегаттардың, кенкомбайндарының, өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларының, бұрғы рамаларының, электрмен жабдықтау жүйелерінің, гидравликаның, автоматты қызмет ететін аппаратуралардың, аспаптардың, қондырғылардың телемеханика құралдарының, автоматты реттелетін бақылау-өлшеу аспаптарының және басқа да күрделі тау-кен жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігіне техникалық қызмет көрсету;
фидерлік автоматтар мен қосқыштардың ең жоғары токтан қорғану қондырғыларының шамасын тексеру;
қауіпсіз жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және жұмыс істейтін электр қондырғыларын бақылау.
41. Мыналарды:
жерасты жағдайында қолданылатын жабдықтардың құрылғысы және техникалық қызмет көрсету нормалары мен көлемін;
қызмет көрсететін машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және автоматтандыру, телемеханика құралдарын сынау және қосу ережесін;
қызмет көрсететін қондырғылардың, аппараттардың, автоматика мен телемеханика аспаптарының жұмысындағы бұзушылықтардың себептері мен белгілерін;
кабельдер мен электротехника материалдарының сыныптауышын;
оқшаулауды, сыйымдылықты және кабельдің омдық кедергісін өлшеу және сынау ережесін;
радиотехника, автоматика, телемеханика, электрондық техника, автоматтық реттеу негіздерінбілуге тиіс.
20-параграф. Үңгілеудегі электр слесарі, 6-разряд
42. Жұмыс сипаттамасы:
электрондық, радио релелік аппаратуралардың автоматтық жүйелерінің, датчиктердің, реттелетін асинхронды-үйлестіру электр жетектерінің механикалық және электрондық бөлігіне техникалық қызмет көрсету, олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
электр жетектерді басқару құралдарын монтаждау және жөндеу;
жылжымалы және стационарлы құрылғыларды басқару мен реттеу жүйесіндегі ақауларды анықтау және жою;
тоқтың жерге өткізуден қорғау аппараттарының іске қосылу уақытын тексеру;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды және көтергіш-көлік машиналар мен агрегаттарды жөндеу және сынау.
43. Мыналарды:
автоматика құралдарының құрылғысы мен электр жүйелерін;
электр техникалық ережелер мен нормаларды;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың және энергиямен қоректендіру жүйесін;
қондырғылардың, аппараттардың, автоматика аспаптарының және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың себептері мен белгілерін;
жөнделген жабдықтарға құжаттама толтырудың ережесін;
электр беріліс желілеріндегі жұмыстарды жүргізу әдістерін;
іске жарамды бөлшектерге, тораптарға, механизмдерге жіберілетін жүктемелерді;
істен шығу және апаттарды ескерту жөніндегі алдын алу шараларын, қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге, сынауға және тапсыруға қойылатын техникалық шарттарды;
электр қондырғыларында қолданылатын қорғану құралдарын сынау ережесін;
электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және іске қосылған электр қондырғыларын қадағалау тәртібін;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану және куәландыру ережесін білуге тиіс.
21-параграф. Жерасты үңгілеу жабдықтарының электр слесарі - монтажшысы, 3-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:
сорғылардың, ерітінді айдағыштардың, аударғыштардың, қоректендіргіштердің, шахта вагонеткаларының, тасымалдағыштардың, бұрғы рамаларының, диаметрі 1000 миллиметрге дейін шығыры бар көтергіш машиналардың, желдеткіштердің және күрделі емес жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау;
үңгілеу кешендерінің сатылары мен қоршауларын орнату;
нөмірлі маңдайшаларды жасау және бекіту;
бөлшектерді тазалау және майлау;
шырағдандарды, қосқыштарды, ауыстырып қосқыштарды және штепсель розеткаларын орнату;
шеттерін уақытша бітеп, 10 киловатқа дейін кернеу үшін кабельдерді кесу;
тау-кен үңгілеу жабдықтарының жарықтандыру аппаратураларының аккумуляторлық батареясын зарядтау;
тірек оқшаулағыштарды, ажыратқыштарды, ауыстырып қосқыштарды, реостаттарды, трансформаторларды монтаждау және демонтаждау;
кабель желілерінің, күшейткіш және жарықтандырғыш желілерінің, жерге қосу желілерінің муфталары мен ойыңқыларын қазу;
электр жабдық бөлшектерін үңгілеу кешендерінің конструкциясына бекіту;
сымдарды, кабельдерді, муфталарды, ойыңқылар мен жерге қосу шиналарын орнату және бітеу;
ұялар, тесіктер және сызаттар тесу;
кабельдерді бояу;
жоғары білікті жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының электр слесарі-монтажшысының басшылығымен күрделі жабдықтарды монтаждау, демонтаждау және жөндеу.
45. Мыналарды:
қарапайым жерасты тау-кен үңгілеу және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың, қолданылатын аппаратуралар мен құралдардың құрылғысын, міндетін, монтаждау және демонтаждау ережесін;
баптау тәсілдерін;
электр схемаларын;
қолданылатын материалдардың сорттарын;
бекіткіш бөлшектер мен арматуралардың міндетін және негізгі түрлерін;
сымдардың маркаларын; такелажды құралдарды пайдалану ережесін;
қарапайым монтаждау және электр монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдерінбілуге тиіс.
22-параграф. Жерасты үңгілеу жабдықтарының электр слесарі - монтажшысы, 4-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:
жыныстарды тиегіш машиналардың, диаметрі 1000 миллиметрден артық шығырлары бар көтергіш машиналардың, бұрғы станоктарының, скип көтергіштерінің, көп жүк тиегіш вагонеткалардың, желдеткіш және сорғы қондырғыларының және орташа күрделі жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау;
күшті жоғары вольтты желілерді, диаметрі 200 миллиметрге дейін құбырларды монтаждау және демонтаждау;
қимасы 70 шаршы миллиметрге дейінгі сымдар мен кабельдерді белгілеу және ұштау;
құбырларды, кабельдерді және бұрағыштарды таңбалау;
ұштамаларды кабельдер мен сымдардың желілеріне дәнекерлеу;
массасы 50 килограмға дейін күштік электр жабдықтарын монтаждау, бақылау және кептіру;
10 киловаттан артық кернеу үшін кабельдерді кесу;
компенсаторларды, прожекторларды, троллұстағыштарды, клицаларды, белгі беру аспаптары мен аппараттарын орнату;
үңгілеу қалқанының ұяларына салумен маркалары бойынша кабелі бар құбырларды іріктеу;
құбырларды өзара және "метро" өткізгіш қорабымен біріктіру.
47. Мыналарды:
орташа күрделі жерасты тау-кен жабдықтарының құрылғысын, міндетін, монтаждау және демонтаждау ережесін;
сымдар мен кабельдерді қосу, ұштау және біріктіру тәсілдерін;
оқшаулаудың кедергісін өлшеу тәсілдерін;
болат құбырлардың, кабельдер мен бұруларды таңбалау ережесін;
ілмектеу, ілмексіздендіру және жүктерді ауыстыру ережесін;
жөнделетін жабдықтарды салыстыру ережесі мен тәсілдерінбілуге тиіс.
23-параграф. Жерасты үңгілеу жабдықтарының электр слесарі - монтажшысы, 5-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:
механикаландырылмаған үңгілеу кешендерінің, шахталық кілеттердің, кен комбайндарының, агрегаттарының, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларының және күрделі жерасты тау-кен жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау;
шахта оқпандарын, тарату құрылғыларының, диаметрі 200-ден 400 миллиметрге дейін құбырларды арматуралау кезінде электрмен жабдықтау, гидравлика, телемеханика құралдарын, автоматты реттеу аспаптарын монтаждау, демонтаждау;
металл оқшаулағышты орнату;
монтаж схемаларын құрастыру;
бақылау-өлшеу аспаптарын орнату үшін орындар белгілеу;
қимасы 70 шаршы миллиметрден артық сымдар мен кабельдерді белгілеу және ұштамалау;
кернеуі 10 киловатқа дейін кабельдерде ұштама бітеулерін және біріктіргіш муфталарды монтаждау;
жерасты имараттарында күштік және бақылау кабельдерін салу;
массасы 50-ден 100 килограмға дейін күштік электр жабдықтарын, кернеуі 100киловольтқа дейін ажыратқышты, жерге қосқыштарды монтаждау, тексеру және кептіру;
күштік электр жабдықтарын, кернеуі 100 киловольтқа дейін ажыратқышты, жерге қосқыштарды монтаждау, тексеру және кептіру;
массасы 500 килограмға дейін агрегаттардың және электр машиналардың қосу электр схемаларын бақылау және орталандыру, тексеру және монтаждау;
щеткаларды ысқылау;
жыныстарды тиегіш машиналарды байқап қосу және механизмдерін сынау;
қашықтықта басқаруды монтаждау;
жоғары вольтты кабельдерді төсеу.
49. Мыналарды:
күрделі жерасты тау-кен жабдықтарының құрылғысын, міндетін, монтаждау және демонтаждау ережесін;
баптау тәсілдерін, электр схемасын;
электр жабдықтарды тексеру және кептіру тәсілдерін;
күштік және жарықтандыру желілерін пайдалану ережесін;
сымдар мен кабельдерді төсеу ережесін;
жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін сынау және байқау ережесін;
тірек конструкцияларын, жабдықтарын орнату орнын белгілеу, тас жол, сымдарды, кабельдер мен шиналарды төсеу тәсілдерін білуге тиіс.
24-параграф. Жерасты үңгілеу жабдықтарының электр слесарі - монтажшысы, 6-разряд
50. Жұмыс сипаттамасы:
механикаландырылған үңгілеу кешендерінің және басқа да аса күрделі жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының механикалық және электрлік бөлігін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау;
электрондық және радио релелі автоматтық жүйелерді, датчиктерді, тау-кен жабдықтарын реттейтін асинхронды-үйлестіру электр жетектерін монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау;
жоғары қысымды гидравликалық желілердің құбырлары мен арматураларын монтаждау және демонтаждау;
кернеуі 10 киловаттан артық кабельдерді ұштама бітеулерін және біріктіргіш муфталарды монтаждау;
массасы 100 килограмнан артық күштік электр жабдықтарын монтаждау, тексеру және кептіру;
қосылудың барлық түрі кезінде электр схемаларын, электр машиналары мен массасы 500 килограмнан артық агрегаттарды монтаждау, тексеру, орталықтау және бақылау;
үңгілеу кешендерінің тетіктерін (қалқандарды, тюбинг-блок төсегіш), желдеткіштердің электр жетектерін және қашықтық құрылғыны байқап қосу және сынамалау.
51. Мыналарды:
аса күрделі жерасты тау-кен үңгілейтін жабдықтардың құрылғысын, міндетін, монтаждау және демонтаждау ережесін, баптау тәсілдерін;
жоғары вольтты және бақылау кабельдерін бөлу және монтаждау тәсілдерін;
тарату қалқандарының, пульттердің, басқару және қорғану қалқандарының конструкциясын;
электр жабдықтарын және электрондық аппаратуралардың автоматтық жүйесін тексеру және реттеу әдістерінбілуге тиіс.
3-тарау. Байыту, агломерациялау, кесекшелеу (жалпы кәсіптер) жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Кесекшелерді булаудағы автоклавшы, 3-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:
автоклавтарда кесекшелерді булау процесін жүргізу;
булаудың температуралық режимін қадағалау;
кесекшелердің дайындығын анықтау;
буланған кесекшелерді түсіріп алу;
автоклавтарды ұсақтардан тазарту;
қызмет көрсететін автоклавтар мен құбырлардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
53. Мыналарды:
құбырлардың схемасын;
буланған кесекшелердің сапасына қойылатын талаптарды;
өлшеу құралдарының нысанын және оларды және көрсетілімдерін пайдалану ережесін;
кесектелетін шикізат пен материалдардың негізгі қасиеттерін;
слесарь ісі негіздерін білуге тиіс.
2-параграф. Кесекше қоспасын дайындау аппаратшысы, 4-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:
кеннен, пушонкадан, әктастан, кварцтан және басқа қосындылардан шихтаның берілген құрамы бойынша кесекше қоспасын дайындау;
араластырғыш, сөндіргіш аппараттарды және басқа да қосалқы жабдықты басқару;
кесектас қоспасын дайындауға арналған компоненттерді мөлшерлеу;
компоненттердің қызмет көрсететін аппараттарға берілуін реттеу;
жүргізілетін технологиялық процесс параметрлерін өлшеу және реттеу;
дайын кесекше қоспасын шығару;
су мен будың берілуін ашу және жабу;
сынама алу;
белгіленген құжаттаманы жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.
55. Мыналарды:
коммуникациялар схемасын, кесекше қоспасының құрамын және оның ылғалдылығының жол берілетін шектеуді, кесекше қоспасының құрамына және оның компоненттеріне қойылатын талаптарды;
өлшеу құралдарын қолдану ережесін;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;
кесекше қоспасын дайындау технологиясын;
слесарь ісі негіздерінбілуге тиіс.
3-параграф. Кесекше қоспасын дайындау аппаратшысы, 5-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:
кесекше қоспасын дайындау процесін автоматтандырылған араластыру қондырғысында жүргізу;
лагерь-танктің, қайта айдау сорғыларының жұмысын қадағалау, термальдік пештің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
дозалаушы құрылғы жұмысын бақылау;
кесекше қоспасының берілген құрамын дайындау жөніндегі бағдарламаны белгілеу;
таразылы дозаторы бар автоматтандырылған араластыру қондырғысының жай-күйін, битум құбырын, май құбырын, бу - және ауа құбырын қадағалау;
көмір шихтасы мен битум толтыру;
дайын кесекше қоспасын түсіріп алу;
кесекше қоспасын дайындаудың температуралық режимін сақтау;
термальдік пешке оның резервуарларына дизель отынын беру және пешті берілген температуралық режимге сәйкес баптау;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау;
компрессор қондырғысына, автоматтандырылған араластыру қондырғысының ауа магистраліне, битумды жұмсау сыйымдылығына қызмет көрсету;
механизмдерді майлау, қызмет көрсететін жабдықтың жекелеген бөлшектері мен аспаптарын ауыстыру.
57. Мыналарды:
автоматтандырылған араластыру қондырғысының, автоматты оттықтың, қайта айдау битум сорғыларының, компрессор қондырғыларының, термальдік пештің және басқа да қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;
қолданылатын өлшеу құралдарының жұмыс принципін;
кесекше қоспасын дайындаудың және кесекшелеудің технологиялық процестерін;
битумның қасиеттерін;
қызмет көрсететін жабдық тізбегінің схемасын;
кесекше шихтасын дайындау рецептурасын;
кесекшеге арналған мемлекеттік стандарттарды және нормаларды;
электротехника негіздерін;
слесарь ісінбілуге тиіс.
4-параграф. Қойылтқыш аппаратшысы, 3-разряд
58. Жұмыс сипаттамасы:
радиальдық және пирамидальдық қойылтқыштарда, гидроциклондарда пульпаны, шламды ашық түстендіру, қойылту және жуу процесстерін жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын қадағалау;
технологиялық процесті, температураны, ерітінді концентрациясын, шламды, пульпаны, құю тазалығын қадағалау;
айналма судың мөлдірлену және шламның қойылу процесін реттеу;
коммуникацияларды қайта қосу; ағызу тығыздығын өлшеу;
ерітіндіні қойылтқыштар бойынша таратып бөлу;
су жинағыштардағы судың белгілі бір деңгейін ұстап тұру;
қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын анықтау және жою, оны жөндеу дайындығына және жөндеуге қатысу.
59. Мыналарды:
шлам шаруашылығы схемасын;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;
пульпаның, шламның, ерітінділердің сапасына қойылатын талаптарды олардың негізгі қасиеттерін;
қойылтқыш аппараттарының басқа да технологиялық агрегаттармен өзара әрекетін;
қойылтқышты түсіру тәртібін;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды жою әдістерінбілуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары қойылтқыш аппаратшысының басшылығымен жұмыс орындаған кезде - 2-разряд.
5-параграф. Байыту өнімін бақылаушы, 2-разряд
60. Жұмыс сипаттамасы:
шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын байыту өнімдерін сызбасында: екі жармалау деңгейіне дейін, ірілігі бойынша екі сыныптама сыныбына дейін және құрғақ және сулы байыту бір стадиясына дейін болатын жармалау-сұрыптау және байыту фабрикаларында өндіру, қайта өңдеу, қоймалау, сақтау және тиеу кезінде белгіленген технологияның орындалуын бақылау;
бастапқы шикізатты бақылау кезінде сапасына қарай электрофизикалық аспаптарды қолдана отырып қабылдау;
сынаманы іріктеу, бөлу, буып-түю, таңбалау, жеткізу және сақтау;
елеу және басқа да талдау мен механикалық сынауды жүргізу;
өнім сапасының қолданыстағы техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкестігін тексеру;
өлшеу аппаратурасының жай-күйі мен жұмысын қадағалау;
тиелетін өнімді аттестаттау;
партиондық сертификаттардыңкөшірмесі;
шикізат пен өнімдерді сыныбы мен сортаменті бойынша сынамалау және сынау журналын жүргізу;
белгіленген техникалық талаптарға жауап бермейтін шикізатқа акті жасау;
өндірілетін және тиелетін пайдалы қазбаның есебін жүргізу.
61. Мыналарды:
кешенді сынамалау қондырғыларының, сынама бөлу жабдығының;
өлшеу құралдарының және сапаны сынау және бақылау үшін қолданылатын басқа да аппаратураның құрылымы мен жұмыс принципін;
шикізатты қайта өңдеу технологиясын;
келіп түсетін шикізат пен дайын өнімге арналған қолданыстағы техникалық шарттар мен стандарттарды;
байыту өнімінің сапасын бақылау тәсілдерін;
өндіру, қайта өңдеу, қоймалау кезіндегі ақау түрлерін;
сынаманы іріктеу, бөлу, сынау әдістері мен өнімді аттестаттау, таңбалау, тиеу ережесін білуге тиіс.
Шикізаттың, жартылай фабрикаттары мен дайын байыту өнімдерінің сапасы мен технологиясын бақылау схемасында: екі жармалау деңгейіне дейін, ірілігі бойынша екі сыныптама сыныбына дейін және құрғақ және сулы байыту бір деңгейіне дейін болатын жармалау-сұрыптау және байыту фабрикаларында жүргізу кезінде - 3-разряд.
6-параграф. Дозалаушы, 2-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:
өнімділігі бір сағатта 60 тоннаға дейінгі дозалаушы құрылғыларды (қондырғыларды) басқару;
қоректендіргіштерге, реагент құбырларына, төрт секцияға дейінгі дозалаушы қондырғыларына қызмет көрсету және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
шихта компоненттерін, массаларын дозалау;
шикізаттың дозалаушы және араластырушы құрылғыларға біркелкі берілуін реттеу;
келіп түсетін реагент ерітінділерін жұмсау ыдыстары пен қоректендіру нүктелеріне тасымалдау және таратып бөлу;
шихтаның құрамдас бөліктерінің немесе массаның тасымалдаушы құрылғыларға немесе қоректендіргіштерге, қалыптарға, тараға немесе технологиялық жабдыққа дұрыс берілуін кезеңдеп өлшеу;
берілген құрамды алу үшін концентраттар мен шихтаны араластыру;
шихталатын материалдардың сапасын бақылау;
реагент ерітіндісі концентрациясын бақылау өлшеулерін жүргізу;
түрлі дозалаушы құрылғылардың (қондырғылардың) және қосалқы жабдықтардың жұмысын қадағалау, оларды қосу және тоқтату;
реагент ерітіндісінің уақыт бірлігіне және өңделетін кен тоннасына шаққандағы жұмсалуын есептеу;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жою;
реагент бактарын ерімейтін шөгіндіден кезеңдеп тазартып тұру;
қаптарды немесе контейнерлерге концентрат толтыру және оларды өлшеу;
қалыптарға масса толтыру;
қаптарды штабельдерге салу.
63. Мыналарды:
шихта құрамын; шихта құрамын есептеудің тәсілі мен әдістерін;
шикізаттың сапалық көрсеткіштерін (фракциялық құрамын, ылғалдылығын және тағы басқа) анықтау әдістемесін;
реагент концентрациясын өлшеу тәсілдерін;
флотация кезіндегі реагенттердің нысанын және олардың номенклатурасын;
дозалаушы, араластырушы құрылғылар мен қосалқы жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;
аппараттар тізбегінің технологиялық сызбасын;
реагент құбырлары мен реагенттерді беру нүктелерінің сызбасын;
қызмет көрсететін жабдықты қосу, тоқтату және реттеу ережесін;
уытты реагенттерді дозалау нүктесі көп болған кезде қолдану тәсілдерін;
қызмет көрсететін жабдықтың дабылдату және автоблокировка сызбасын;
автоматты жүйелермен дозалаудың берілген режимін орнату есеп жүргізу әдістерін;
концентраттарды буып-түю, таңбалау және таразыда өлшеу ережесін;
реагенттердің есебі мен сақтау ережесін;
қызмет көрсететін жабдықты ақауларын жою әдістерін білуге тиіс.
Өнімділігі бір сағатта 60 тоннадан артық және 400 тоннаға дейінгі дозалаушы құрылғыларды басқару кезінде;
реагент құбырларға, бір секцияға шаққанда реагенттердің сомаланған шығысы бір сағатта 20 текше метрге дейінгі төрт және одан да көп секциялы дозалаушы құрылғыларға қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;
өнімділігі бір сағатта 400 тоннадан артық дозалаушы құрылғыларды басқару кезінде;
реагент құбырларға, бір секцияға шаққанда реагенттердің сомаланған шығысы бір сағатта 20 текше метрден артық төрт және одан да көп секциялы дозалаушы құрылғыларға қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.
7-параграф. Електеуші, 2-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:
өнімділігі сағатына 100 текше метрге дейінгі електерде (елеуіштерде) материалды сулы және құрғақ електеу процесін жүргізу;
қызмет көрсету аймағындағы електердің, елеуіштердің және басқа да жабдықтың жұмысын, материалдың електерге, елеуіштерге, қоректендіргіштерге, транспортерлерге біркелкі түсуін және бөлінуін, торшаның асты мен үстіндегі материалдың келесі аппаратураға өтуін қадағалау;
бөгде заттарды алып тастау;
електеу сапасын бақылау;
електердің, елеуіштердің, қоректендіргіштердің және сулы електеу кезінде судың берілуін реттеу;
талдауға сынама алу;
ірі кесектерді, жатып қалған және жабысқан массаны бөлшектеу;
қызмет көрсететін жабдықтың үйкелетін бөліктерін тазалау және майлау;
оттықты орнату, тазалау және ауыстыру; қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын анықтау және жою, оны жөндеу дайындығына және жөндеуге қатысу.
65. Мыналарды:
електердің, елеуіштердің, қоректендіргіштердің, транспортерлердің, аспирациондық жүйелердің құрылымын, жұмыс принципін;
електеу технологиясын;
електеу процесінде алынатын материалдарға арналған техникалық шарттарды, стандарттар мен жол берілетін ауытқуларды;
електеу мен елеудің оңтайлы режимдерін;
алынатын материалдың физикалық-механикалық қасиеттерін;
автоматтау мен дабылдату сызбаларын;
өлшеу құралдарының нысанын және олардың көрсеткіштерін;
елеуішті бекіту және ауыстыру тәсілдерін;
слесарь ісін білуге тиіс.
Өнімділігі сағатына 100 текше метрден 500 текше метргедейінгі вибрациялық електерде материалдарды, өнімділігі сағатына 250 текше метрге дейінгі вибрациялық електерде алмаз құрамды материалдарды електеу процесін жүргізу кезінде - 3-разряд;
өнімділігі сағатына 500 текше метрден жоғары вибрациялық електерде материалдарды, ал өнімділігі сағатына 250 текше метрден жоғары вибрациялық електерде алмаз құрамды материалдарды електеу процесін жүргізу кезінде - 4-разряд.
8-параграф. Реагенттерді ерітуші, 3-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:
реагент ерітінділерін, олардың сомаланған шығысы бір сағатта 50-ден 100 текше метрге дейін болған кезде, флотациялауға қажетті концентрацияда әзірлеу;
ерітінді концентрациясын реттеу;
реагент ерітінділерін дозалау бөлімшесіне қайта айдау;
тарту шкафтары мен желдеткіштердің жұмысын қадағалау;
реагенттер шығысының есебін жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу;
бактарды ерімейтін шөгінділерден кезеңдеп тазартып тұру.
67. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;
реагенттердің нысанын, олардың қасиеттерін;
ерітінді әзірлеу тәсілдерін;
реагент ерітінділеріне қойылатын талаптарды;
реагенттердің шығыс нормасы мен оларды сақтау ережесін;
кенді флотациялық тәсілмен байыту принципін;
реагент құбырлар схемасынбілуге тиіс.
9-параграф. Жармалаушы
68. Жұмыс сипаттамасы:
шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптауқондырғыларында, дезинтеграторларда, копрларда, немесе механикалық елеуіштерде, електерде сұрыптап (елеумен), електеумен, кептіре отырып, кесумен (немесе онсыз) құрғақ және сулы тәсілмен ірі, орташа және ұсақ жармалау процесін жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтың және май шаруашылығының техникалық жай-күйін қадағалау;
жабдықты қарау және тазалау;
дабылды қабылдау және беру;
жармалағыштарды, қоректендіргіштерді, жармалағышты қоректендіретін конвейерлерді қосу және тоқтату;
шикізат пен материалдың жармалағышқа, електерге, елеуіштерге, қоректендіргіштерге, конвейерлер мен басқа да қызмет көрсететін жабдықтарға біркелкі түсуін қадағалау;
суландыруға судың берілуін, шикізаттың, материалдың түріне және оның ірілігіне қарай жармалағыштың жұмыс механизмдері арасында біркелкі толтырылуы мен жылдамдығын, өнімділігін реттеу;
шикізат пен материалды жармалау сапасын (сыртқы белгісіне немесе елеуіш талдауына қарай) және шихта ылғалының біркелкілігін бақылау; жармалағыш жұмысын қашықтықтан басқару;
жармалағыштан шойтастарды, бөге заттарды, сапасыз шикізат пен материалды ілмектеу және алу кезінде көтеру-тасымалдау жабдығын басқару;
жармалау процесінің аяқталғанын анықтау және жармаланған материалды сұрыптылығына қарай бункерлерге таратып салу;
гидротозаңсыздандыру жүйесін қосу және ажырату, тозаң жинағыш жұмысын тексеру;
жармаланған шикізатты қайталап жармалауға немесе келесі қайта өңдеуге, сақтауға беру;
дабылдарды қадағалау, іштен жану қозғағышымен жұмыс кезінде машиналарға жанармай құю;
сынамаларды жармалау, жеткізу және бөлшектеу;
сынамаларға биркаларды, шнуроктарды, қапшықтарды дайындау;
сынамаларды өлшеу, араластыру, қысқарту;
жұмысталған сынамаларды үйіндіге жіберу;
бөліп салу, биркаларды бекіту және сынамаларды буып-түю;
қызмет көрсету аймағындағы шашындыларды жинау;
қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын анықтау және жою, оны жөндеу дайындығына және жөндеуге қатысу;
ілмектеу жұмыстарын орындау.
69. Мыналарды:
жармалағыштардың, жармалау агрегаттарының, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларының, дезинтеграторлардың, копрлардың, електердің, көлік және аспирационды құрылғылардың, қосалқы жабдықтардың (кептіргіштердің, элеваторлардың және тағы басқа жабдықтар) құрылымын, жұмыс принципін және пайдалану ережесін;
шикізатты жармалау қондырғысына беру сызбасын;
қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын;
қызмет көрсететін жабдықты реттеу мен баптау ережесі мен тәсілдерін;
жармалау, елеу режимін;
өлшеу құралдарының нысаны мен жұмыс принципін;
компоненттер рецептурасы (номенклатурасын) мен шихта жасау ережесін;
материалдардың, жартылай фабрикаттардың жармалау сапасы мен дәрежесіне қойылатын талаптарды;
дайын өнімнің, қалдықтың шығу нормасын және жол берілетін шығындарды;
жармаланатын материалдардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттері, нысаны мен түрлері, ерекше белгілері мен жармаланатын шикізаттың сапасына әсер етуі бойынша сыныптамасын;
елеуіштердің нөмірлерін;
қызмет көрсететін жабдықтың жүктеме нормасын, қосу мен тоқтату кезектілігін, реттеу және баптау ережесін;
тиімді пайдалану шарттарын;
жағармай түрлерін, қызмет көрсететін жабдықты майлау жүйесі мен режимін;
қызмет көрсететін жабдықты блокировкалау, дабылдату және электр желісіне қосу схемасын;
қосу аппаратурасын, автоматизация және дабыл құралдарын пайдалану ережесін;
шикізатты жармалау және тасымалдау кезінде тозаңсыздандыру тәсілдерін;
қызмет көрсететін жабдықты герметизациялау құралдарын;
елеуіш талдауын жүргізу ережесін;
таразының құрылымын және таразыны, басқа да қолданылатын жабдық пен құралды пайдалану ережесін;
сынама өңдеудің мақсаты, ережесі және нақты сызбасын;
сынаманы өңдеудің түрлі стадияларында қолданылатын аспаптардың, айлабұйымдар мен аппаратураның құрылымын;
шығарылатын өнімді сақтау, қоймалау, трафарет түсіру (таңбалау) ережесін;
шығарылатын өнімге арналған техникалық шарттарды;
қызмет көрсететін жабдық ақауларының туындау себептері мен оларды жою тәсілдерін;
слесарь ісі негіздерін білуге тиіс.
Шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі бір сағатта 50 тоннаға дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыпта қондырғыларында жармалау кезінде;
көмір мен сланецті өнімділігі сағатына 400 тоннаға дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде;
сынамаларды қолмен жармалау кезінде-2-разряд;
шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі сағатына 50 тоннадан 200 тоннаға дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде;
көмір мен сланецті өнімділігі сағатына 400 тоннадан астам жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде;
жылжымалы тас жармалағыштарда тасты жармалау кезінде;
сынамаларды механикалық жармалау кезінде - 3-разряд;
шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі сағатына 200 тоннадан 700 тоннаға дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде - 4-разряд;
шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі сағатына 700 тоннадан 1500 тоннаға дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде - 5-разряд;
шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі сағатына 1500 тоннадан жоғары жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде - 6-разряд.
70. Ескертпе:
бірнеше жармалағышқа қызмет көрсету кезінде тарифтеу жұмысындағы жармалағыштардың сомаланған өнімділігі бойынша жүргізіледі.
10-параграф. Лентадағы жинаушы, 1-разряд
71. Жұмыс сипаттамасы:
галерея алаңдарындағы және транспортер ленталары астындағы көмірді, кен шикізатын және басқа да шашылма материалдарды жинау, салқындату науалары мен жертөлелердегі, сондай-ақ баспалдақ кілеттеріндегі кесекше ұнтақтарын жинау.
72. Мыналарды:
транспортерлердің нысаны мен құрылысын білуге тиіс.
11-параграф. Кептіруші, 2-разряд
73. Жұмыс сипаттамасы:
шкафтарда, плиталарда табан пештерде, стеллаждарда, сомаланған өнімділігі сағатына 100 тоннаға дейінгі кептіру барабандарында кептіру процесін жүргізу;
кептіргіштерді кептіруге арналған материалдармен толтыру;
концентратты қызмет көрсететін пеш табандығында араластыру, пештің жұмысын бақылау;
кептіру пештеріне от жағу және пеш температурасын реттеу;
кептіргеннен кейін материалдарды, бұйымдарды, шикізатты түсіріп алу, тараға салу, белгіленген орынға қою.
74. Мыналарды:
қызмет көрсететін кептіру пештері мен басқа да жабдықтың жұмыс принципін және қызмет көрсету ережесін;
кептіру технологиясының негіздері мен режимін;
отын түрлерін;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралының нысанын;
кептірілген концентраттар мен басқа да кептіру материалдарының сапасына қойылатын талаптардыбілуге тиіс.
12-параграф. Кептіруші, 3-разряд
75. Жұмыс сипаттамасы:
иритті және флюоритивті концентраттарды құбырлы, көп табандықты пештерде, камераларда, туннельдік, электр вибрациялы кептіргіштерде, вакуум кептіргіштер мен басқа да (кептіру барабандарынан басқа) сомаланған өнімділігі сағатына100 тоннаға дейінгі кептіру және күйдіру қондырғыларында және сомаланған өнімділігі бір сағат ішіндегі 100 тоннадан жоғары кептіру барабандарында кептірудің технологиялық процесін жүргізу;
материалдарды, бұйымдар мен жартылай фабрикаттарды дайындау және кептіру пештеріне салу;
газ құбырларын, оттықтарды, патрубкаларды, жандырғыларды тазалау және пеш ағындарындағы кептемелерді жою;
кептіру пештеріндегі, толтыру және түсіру камераларындағы температураны өлшеу;
өнімнің ылғалдылығын, сиреуін және температурасын нұсқаулықтарға сәйкес реттеу;
түрлі сұрыптағы өнімдерді бункерлер бойынша таратып бөлу үшін шиберлер мен ағындарды жабу;
берілген жылу режимін және ауа, бу, газ ағындарының жылдамдығын қамтамасыз ету;
кептіру режимін, қоректендіргіштердің, транспортерлердің, дезинтеграторлардың, тозаң ұстағыш аппаратураның және қызмет көрсететін басқа да жабдықтың жұмысын қадағалау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;
кептіру материалдарының дайындық деңгейін анықтау;
дайын өнімді кептіру қондырғыларынан көлік ыдыстарына, транспортерлерге түсіру немесе вагонеткаларды әкету;
өндірістік журналды жүргізу;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
76. Мыналарды:
қызмет көрсететін кептіру пештерінің, қоректендіргіштердің, транспортерлердің, дезинтеграторлардың, тозаң ұстағыш аппаратураның және қызмет көрсететін басқа да жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін және қызмет көрсету ережесін;
кептіру процесінің (күйдірудің) мәнін және концентраттар мен басқа да материалдарды кептірудің оңтайлы режимдерін;
аппараттар тізбегі мен қондырғылардың технологиялық сызбасын;
калориферлерді, электр сүзгілерді, желдеткіштер мен басқа да қызмет көрсететін жабдықты қосу және жұмысын реттеу тәртібін;
қолданылатын отынның маркасы мен сапасын;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдың нысанын, жұмыс принципін, пайдалану ережесін;
кептіру процесін автоматтандыру негіздерін;
кептіруге келетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін;
кептірілген концентраттар мен басқа да кептіру материалдарының сапасына қойылатын талаптарды;
сынама іріктеу ережесін; слесарь ісінбілуге тиіс.
Кептіру процесін (кептіру барабандарынан басқа) сомаланған өнімділігі бір сағатта100 тоннадан артық кептіру қондырғыларында, өнімділігі бір сағатта 120 тоннаға дейінгі мұнаралы тозаңдату кептіргіштерінде жүргізу кезінде;
торфтан жасалған термоизоляциялық тақталарды, өнімділігіне қарамастан, туннельдік кептіргіштерде жүргізу кезінде - 4-разряд;
өнімділігі бір сағат ішіндегі 120 тонна және одан да жоғары мұнаралы тозаңдату кептіргіштерге қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.
77. Ескертпе.
жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары кептірушінің басшылығымен орындау кезінде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
13-параграф. Концентраттаушы
78. Жұмыс сипаттамасы:
байыту материалдарын концентраттау процесін тұндыру машиналарында, концентраттау үстелдерінде және басқа да байыту жабдығында жүргізу;
тұндыру машиналарының, концентраттау үстелдерінің сумен және бастапқы материалдармен біркелкі қоректендірілуін реттеу;
торлардың және тұндыру машиналары жасанды төсемінің жай-күйін тексеру;
тұндыру мен басқа да байыту өнімдерінің барлық түрлерін талдау негізінде байыту материалының бөліну сапасын бақылау;
тұндыру машиналары мен басқа да қосалқы жабдықты қосу және тоқтату;
тұндыру машиналары мен концентрациялау үстелдері механизмдерінің жұмысын қадағалау;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
79. Мыналарды:
тұндыру машиналары мен концентрациялау үстелдерінің конструкциялауын, жұмыс принципін;
тұндырудың технологиялық процесін;
өңделетін шикізаттың, концентраттар мен өнімдердің негізгі физикалық және химиялық қасиеттерін;
әр камерадағы тұндыру машиналары жасанды төсемінің жай-күйін;
қызмет көрсететін механизмдер мен қондырғыларды реттеу әдістерін;
байытудың негізгі принциптерін;
шығу нормасын және соңғы өнім сапасына қойылатын талаптарды;
слесарь ісін білуге тиіс.
Жұмыс біліктігі анағұрлым жоғары концентраттаушының басшылығымен орындау кезінде - 2-разряд;
концентраттау үстелдеріне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;
өнімділігі сағатына100тоннаға дейінгі тұндыру машиналарына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;
өнімділігі сағатына100тоннадан жоғары тұндыру машиналарына қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.
14-параграф. Күйдіруші, 3-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:
кенді, шихтаны, материалдарды шағылма пештер мен реторттарда күйдіру процесін жүргізу;
сымдарды, кабельдерді, жаңқаны, сүйекті, шлакты күйдіру;
шихтаны тегістеу және шағылма пештерге аудару, пешті пайдалануға дайындау;
аппаратураның жарамдылық жағдайын тексеру;
жұмыс нұсқаулығына сәйкес шикізаттың, материалдардың, отынның берілуін, температура режимін реттеу;
шағылма пеш жұмысының журналын жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
күйдірілген материалды түсіру және оны бөлінген жерге жинап қою;
газ қалдықтары мен шаң камераларын тазалау.
81. Мыналарды:
қызмет көрсететін пештер мен реторттардың құрылымын, қосу, тоқтату тәртібін, тиеу схемаларын;
күйдіру процесінің мәнін;
күйдіру режимін және техникалық нұсқаулықтарды;
күйдірілетін материалдар мен бұйымдардың, жағылатын отынның құрамы мен қасиеттерін;
газ қалдықтары мен қызмет көрсететін пеш коммуникацияларын білуге тиіс.
15-параграф. Күйдіруші, 4-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:
кенді, шикізатты, концентраттарды, шламды, қайтарма материалдарды, электрод өнімі дайындамалары мен басқа да материалдарды мен шикізатты табанды, от-жалынды пештерде, шаңтектес күйдіру пештерінде, шахталық автоматтандырылмаған пештерде, қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештерде, ұзындығы 75 метрге дейінгі айналма пештерде және пештің технологиялық режимі мен жұмыс кестесіне сәйкес басқа да пештерде күйдіру процесін жүргізу;
қызмет көрсететін пештердегі температураны, шығатын газ құрамын, пеш аймағындағы ауаның қысымын қадағалау;
қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештерден шығатын газдарды салқындату;
оттықтардың жай-күйін, газ аппаратурасының жарамдылығын, тарту күшін тексеру;
сынама іріктеу;
газ бен ауа қажеттілігін есептеу;
шихтаны тұндыру;
қызмет көрсететін пештің тартуын және жүрісін реттеу;
пеш футеровкасының, желдеткіштердің, қоректендіргіштердің, конвейерлердің, тоңазытқыштардың, форсункалардың, сорғылардың, деаэраторлардың және жұмыс орнындағы басқа да жабдықтың жай-күйін тексеру және қызмет көрсету;
утилизатор-қазандықтың жұмыс режимін қадағалау;
техникалық құжаттама жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
83. Мыналарды:
қызмет көрсететін пештің, жабдық пен өлшеу құралдарының құрылымын;
газ жолының отын, ауа коммуникацияларының схемасын;
күйдіру технологиясы мен режимін;
технологиялық нұсқаулықтарды;
материалдар мен отын шығысы нормаларын;
отынды ұтымды жағу тәсілдерін;
футеровканың беріктігін арттыру шарттарын;
күйдірілген өнімнің, қождың, газдың сапасына қойылатын талаптарды;
күйінділердегі жол берілетін металл шамасын;
дабыл және газдан тазарту жүйелерін;
қызмет көрсететін пештің жұмысына әсер ететін факторларды;
слесарь ісінбілуге тиіс.
16-параграф. Күйдіруші, 5-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:
кенді, шикізатты, концентраттарды, басқа да материалдарды автоматтандырылған пештерде, ұзындығы 75 метрден 150 метрге дейінгі айналма пештерде күйдіру процесін жүргізу;
цинкті концентраттарды қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештерде күйдіру процесін жүргізу;
қызмет көрсететін пештерді отынмен және материалдармен қоректендіруді, ауаның түсуін, температураны, жану процесінің қарқындылығын, айналу жылдамдығын реттеу;
сыртқы түріне, аспаптар, сапа талдауына және дайын болуына қарай күйдірілген материалдарды анықтау;
қайнайтын қабат режимінде жұмыс істейтін пештердегі буландыру қондырғыларына қызмет көрсету;
қызмет көрсететін пештерді жөндеуден кейін қабылдауға қатысу.
85. Мыналарды:
түрлі жүйедегі күйдіру пештерінің және басқа да қызмет көрсететін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктерін, оларды пайдалану ережесін;
шикізаттың, материалдардың, отынның құрамы мен қасиеттерін, олардың шығыс нормаларын;
күйдірілген өнімнің шығу көлемін ұлғайту және сапасын арттыру тәсілдерін;
бұғаттау, автоматтандыру және сигнализация схемасын;
күйдіру пештерінің жұмысын автоматты реттеу схемасынбілуге тиіс:
Қышқылды кенді, никель концентратын күйдіру процесін жүргізу кезінде;
ұзындығы 150 метр және одан жоғары айналма пештерде күйдіру процесін жүргізу кезінде - 6-разряд.
86. Ескертпе.
жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары күйдірушінің басшылығымен атқарған кезде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
17-параграф. Диірмен машинисі, 3-разряд
87. Жұмыс сипаттамасы:
материалдарды ұнтақтау, сыныптау, сепарациялау және елеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары диірмен машинисінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жабдықтан басқа, диірмен жабдығында жүргізу;
материалдардың немесе сұйық компоненттердің, реагенттер мен ауаның диірменге берілуін реттеу;
сорғы қондырғыларына қызмет көрсету;
диірмендердің, жума машиналарының, жіктеуіштердің, сепараторлардың, гидроциклондардың, конвейерлердің, шародозаторлардың, жаңқа ұстағыштардың, автоматты бақылау және қадағалау аспаптарына қызмет көрсету және олардың жұмысын қадағалау;
диірменнің май жүйесінде майдың болуын және температурасын қадағалау;
диірменге материалдарды, шарларды, стерженьдерді салу;
материалдардың ұнтақталу дәрежесін реттеу;
ұнтақтау және сыныптау процесін автоматты бақылау қызметін көрсету;
бөгде заттарды алып тастау;
сынама іріктеу;
өнім шығымын қадағалау;
өнім сапасын бақылау;
қызмет көрсететін диірмендерді материалдардың берілген құрамына ыңғайлау, олардың елегі мен футеровкасын ауыстыру;
өнімді диірменнен түсіру және пульпаны ағызу;
қажет кезінде материалдарды, дайын өнімді тұндыру, қойылту, сүзу, жуу, кептіру, бөліп салу, өлшеу;
аспаптар мен талдау бойынша ұнтақталған материалдың сапасын анықтау;
ұнтақталған материалдың електерге, қоректендіргіштерге, конвейерлерге, элеваторларға, бункерлерге берілуін реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты тазалау және майлау, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
ілмектеу жұмыстары.
88. Мыналарды:
қызмет көрсететін диірмендердің, жіктеуіштердің, сепараторлар мен басқа да жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін;
автоматты бақылау және қадағалау аспаптарының жұмыс принципін және оларды пайдалану ережесін;
материалдарды ұнтақтау технологиясын;
бұғаттау және қосу құрылғыларын;
ұнтақтау, сыныптау және сусыздандыру нысанын;
ұнтақтауға берілетін материалдардың қасиеттерін;
ұнтақтаудың берілген ұсақтығы мен пульпа тығыздығын;
шикізатқа, шламға, ұнтақталған материалға қойылатын талаптарды;
ұнтақтау цикліне берілетін реагенттер нысанын;
шламның тығыздығын анықтау тәсілдерін;
слесарь ісінбілуге тиіс.
Материалдарды құрғақ ұнтақтау процесін жүргізу кезінде;
материалдарды, шикізатты ұнтақтау процесін диірменнің бірнеше секциясында немесе төрт және одан артық диірменнен тұратын бір секцияда жүргізу кезінде;
жарылыс қауіпті шикізатты ұнтақтау процесін жүргізу кезінде - 4-разряд;
графитті, талькті ұнтақтау процесін жүргізу кезінде;
минералды шикізатты сепарациялап және өнімдерді ұстап қала отырып, ағынды ұнтақ қондырғыларында құрғақ ұнтақтау процесін жүргізу кезінде;
материалдарды ұнтақтау процесін аэрокептіру диірмендерінде, тұйық ұнтақтау циклді шарсыз диірмендерде ұнтақтау және кенді "Каскад" типті өздігінен ұнтақтау диірмендерінде сыныптау процесін жүргізу кезінде;
байыту сызбасы күрделі материалдарды ұнтақтау және сыныптау процесін жүргізу кезінде;
төрт және одан артық диірменнен тұратын бір секцияларды және басқа да байыту жабдығының: сепараторлардың, гидроциклондардың, конвейерлердің, жіктеуіштердің, қоректендіргіштердің және тағы басқа автоматты басқару жүйесіне бір мезгілде қызмет көрсету кезінде - 5-разряд;
құрамында алмаз бар материалдарды шарсыз диірменде ұнтақтау процесін жүргізу кезінде - 6-разряд.
89. Ескертпе.
біліктілігі анағұрлым жоғары диірмен машинисінің басшылығымен жұмыс атқарған кезде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
18-параграф. Жуу машиналарының машинисі, 2-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:
пайдалы қазбаларды астау жумаларында, скрубберлерде, бутарларда, вашгердер мен шлюздерде байыту (жуу);
құмды, гравийді, қиыршықтасты құм жуғышта, гравий жуғышта және жуу елеуіштерінде жуу;
қызмет көрсететін жабдықтың біркелкі толтырылуын және сұйық пен жуылатын материал көлемінің қалыпты арақатынасын қадағалау;
материал мен судың жуу машиналарына берілуін реттеу;
байытылған материалды түсіру және одан бөгде заттарды алып тастау;
сусыздандыру жәшіктеріне қызмет көрсету;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
91. Мыналарды:
астау жумаларының, скрубберлердің, бутарлардың, вашгердер мен шлюздердің және басқа да жуу жабдығының жұмыс принципін, оларды толтыру мен жұмысын реттеу тәсілдерін;
байытылған материалдардың қасиеттерін;
қосу электр аппаратурасының жұмыс принципін;
құмды байыту және шлюздерде шламды ұстап қалу технологиясын;
слесарь ісінбілуге тиіс.
19-параграф. Жуу машиналарының машинисі, 3-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:
темір, марганец, хромды және басқа да кендерді өнімділігі сағатына50 тоннаға дейінгі жуу машиналарында байыту;
жуу машиналарының біркелкі толтырылуын, жуу процесінің дұрыс жүруін, элеваторлардың, сорғылардың, су тарату желісінің, жаңқа мен басқа да бөгде заттарды алып тастауға арналған механизмдердің жұмысын қадағалау;
бастапқы кеннің минералогиялық құрамына, материал мен судың түсуіне қарай, жуу машинасының жұмыс режимін реттеу;
байыту сапасын, судың шығысы мен қысымын, ағынның ірілігін, жуу машинасының өнімділігін бақылау, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
қызмет көрсететін машинаны ағымдық жөндеуге қатысу.
93. Мыналарды:
жуу машиналары мен басқа да қосалқы жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін;
байытылатын кеннің физикалық-химиялық қасиеттерін; кенді жуу (байыту) процесінің технологиясын;
жуу машиналарының техникалық сипаттамасын, олардың жұмысын реттеу тәсілдерін;
сумен жабдықтау сызбасын;
байытылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;
слесарь ісін білуге тиіс.
20-параграф. Жуу машиналарының машинисі, 4-разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:
темір, марганец, хромды және басқа да кендерді өнімділігі сағатына50 тоннадан 100 тоннаға дейінгі жуу машиналарында байыту;
құрамында фосфор бар кендерді байыту;
шикізат пен судың берілуін реттеу;
қолданылатын жабдыққа, автоматты құрылғылар мен қосу аппаратурасына қызмет көрсету;
гидромонитор жұмысын басқару;
зумпфтан шикізат беру кезінде элеватор шөмішін біркелкі толтыру;
байытылған шикізатты түсіру;
қызмет көрсететін жабдықты тазалау.
95. Мыналарды:
құрамында фосфор бар кендерді байыту технологиясын;
кенді жуу машиналарында байытудың технологиялық процесін жүргізу ережесін;
байытудың технологиялық процесін реттеу жолдарын;
қызмет көрсететін жабдықты қосу, тоқтату және жұмыс режимі ережесінбілуге тиіс.
Темір, марганец, хромды және басқа да кендерді өнімділігі сағатына 100 таннадан жоғары жуу машиналарында байыту кезінде-5-разряд.
21-параграф. Кен орталау машинасының машинисі, 4-разряд
96. Жұмыс сипаттамасы:
кен орталау машинасын біліктілігі анағұрлым жоғары кен орталау машинасы машинисінің басшылығымен басқару, оның орнын ауыстыру және орнату;
кен орталау машинасының жекелеген тораптарының жұмысын қадағалау;
қоректендіруші кабельдің барабанға дұрыс оралуын бақылау;
кен орталау машинасының жабдығын таза және жарамды ұстау, жағар және майлау материалдарын жеткізу;
механизмдерді майлау;
жұмыс өндірісі кезінде машиниске белгі беру;
жөндеу жұмыстарына қатысу.
97. Мыналарды:
кен орталау машинасының құрылымын, жұмыс принципін;
қоймадағы орталау материалдарының орналасуын;
кеннің және басқа да орталанатын материалдарының қасиеттері мен химиялық құрамын;
кенді және басқа да шашыраңқы материалдарды орталау әдістерін;
майлау материалдарының қасиеттері мен құрамынбілуге тиіс.
22-параграф. Кен орталау машинасының машинисі, 6-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:
кен массасын қопсыту және орталау;
шашылған материалды конвейерге немесе саңылаулы жаппа траншеясына тиеу;
кен орталау машинасының жерге қосылуын, кабельдер мен трольдердің жай-күйін тексеру;
кен орталау машинасы механизмдерінің жұмысын сынамалау және реттеу;
өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен қопсытқыштың жай-күйін қадағалау;
кен орталау машинасы жабдығын техникалық қарау және жөндеу.
99. Мыналарды:
кен орталау машинасының конструктивтік ерекшеліктерін;
кенді және шашыраңқы материалдарды орталау технологиясын;
орталау әдісінің агломерат пен шойын сапасына әсерін;
электротехника негіздерінбілуге тиіс.
23-параграф. Кесекше пресінің машинисі, 1-разряд
100. Жұмыс сипаттамасы:
кесекше прес үстелінен немесе транспортер лентасынан кесекшелерді түсіру;
кесекшелерді кассеталарға, стеллаждарға, штабельге, вагонеткалар мен транспортер лентасына салу;
кесекшелердің кептірілуін қадағалау;
тиеулі стеллаждарды, вагонеткаларды кептірмеге әкету, босаған вагонеткаларды кесекшелерді тиейтін жерге әкету;
кесекшелерді көлденеңінен және тігінен буып байламдау;
кесекше пресі жұмысындағы ұсақ ақауларды жоюға қатысу.
101. Мыналарды:
кесекше пресі мен транспортерлерінің жұмыс принципін;
кесекшелерді кептіру режимін;
кесекшелерді салу тәртібін;
қолданылатын айлабұйымдар мен құралды пайдалану ережесін;
кесекше пресін майлау кезеңділігін және майлардың қасиеттерін білуге тиіс.
24-параграф. Кесекше пресінің машинисі, 4-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:
көмірді, кенді, шихтаны және кесекшелеуге арналған басқа да материалдары мен шикізатты вальцті пресстерде және электр жетекті штемпельді пресстерде престеу процесін жүргізу;
торфты өнімділігі бір сағатта 3 тоннаға дейінгі кесекше немесе жартылай кесекше түрлі типтегі кесекше пресстерде престеу;
престеу режимін реттеу;
қызмет көрсететін прес жұмысы мен кесекше немесе жартылай кесекшенің шығымын, желдету жүйесін, температура режимін қадағалау;
шихтаны және салқындату (науаларын) дайын кесекше немесе жартылай кесекшелерді қабылдауға дайындау;
қызмет көрсететін престі құрғақ тәсілмен престеуге ауыстыру;
прес цехының жабдығына қызмет көрсету, өлшеу құралдырының көрсеткіштерін, тозаңсыздандыру, салқындату жүйелерін, прес ұшының қызуын, транспортерлер жүйесін қадағалау;
шығарылатын өнімнің сапасын бақылау;
қызмет көрсететін престерді жұмысқа дайындау, оларды қосу және тоқтату;
қалып бөлшектері (матрицалар) орнатылғаннан кейін престерді қабылдау;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
103. Мыналарды:
кесекшелеу технологиясы негіздерін;
кесекшелеуге арналған бастапқы материалдар мен шикізаттың қасиеттерін;
қызмет көрсететін пресстердің, бу машиналарының (қозғағыштардың) және прес цехының қосалқы жабдығының құрылымын, жұмыс режимі мен пайдалану ережесін;
құрғақ және сулы тәсілмен престеу кезінде қолданылатын технологиялық шикізаттың құрамын;
шихтаның төмен түсу есебін;
кесекше престері мен бу машинасының жұмыс уақытында қыздыру, қосу және қызмет көрсету ережесін;
алдын алу құрылғылары мен өлшеу құралдарының жұмыс принципі мен оның механизмдерін басқару ережесін;
матрицаларды құрастыру және орнату тәртібін;
энергиямен қамтамасыз ету, бу және престі қыздыру және суыту үшін су беру сызбасын;
тозаңсыздандыру жүйесін;
электроника, жылу техникасы, электр техникасы негіздерін;
слесарь ісін білуге тиіс.
Көмірді, кенді, шихтаны және кесекшелеуге арналған басқа да материалдары мен шикізатты бу қозғағышы бар штемпельді пресстерде немесе торфты өнімділігі сағатына 3 тоннадан жоғары кесекше немесе жартылай кесекше түрлі типтегі кесекше пресстерде престеу кезінде -5-разряд.
104. Ескертпе.
біліктілігі анағұрлым жоғары кесекше пресі машинисінің басшылығымен жұмыс атқарған кезде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
25-параграф. Қоректендіргіш машинисі, 2-разряд
105. Жұмыс сипаттамасы:
пластиналы, ленталы, вибрациялық, тарелкалы және басқа да қоректендіргіш жұмысын қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықты қосу, тоқтату;
материалдардың жармалағыштарға, електерге, қоректендіргіштерге, конвейерлерге, диірменге, жіктеуіштерге, кептіру барабандарына және басқа да механизмдерге реттеу;
берілетін материалдардан бөгде заттарды алып тастау;
материалдардың кептелуін болдырмау;
конвейерлер мен қоректендіргіштерді қосу және тоқтату;
қызмет көрсететін жабдықты тазалау және майлау, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
106. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін;
жабдықты және дабылды автоматты бұғаттау схемасын;
конвейерлер мен қоректендіргіштерді қосу және тоқтату тәртібін;
кептіргішке түсетін концентраттар қасиеттерін;
майлау жүйесін; слесарь ісін білуге тиіс.
Пиритті және флюоритті концентраттарды ірі ұнтақтау және кептіруде көмір шұңқырларының, бастапқы бункерлердің қоректендіргішіне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.
26-параграф. Басқару пультінің операторы, 2-разряд
107. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық процестерді және жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалардың (цехтардың, учаскелердің, қондырғылардың) өнімділігі (сомаланған) сағатына 50 тоннаға дейінгі жабдығын өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша және байланыс құралы бойынша алынатын деректер бойынша басқару пультінен басқару;
шикізат пен материалдардың тоқтаусыз берілуін қамтамасыз ету;
жабдықтың берілген жұмыс режимін ұстау, оны қашықтықтан қосу және тоқтату, жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін есебін жүргізу;
басқару пульті мен коммуникациялардың жай-күйін қадағалау.
108. Мыналарды:
технологиялық процесс сызбасын;
автоматика мен бұғаттау жұмыс принципін;
қызмет көрсететін жабдық пен аспирациондық жүйелердің орналасуын, олардың жұмыс режимін;
өлшеу құралдары мен басқару пультінің дабылын;
сигнализация және байланыс жүйесінбілуге тиіс.
27-параграф. Басқару пультінің операторы, 3-разряд
109. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық процестерді және жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалардың (цехтардың, учаскелердің, қондырғылардың) өнімділігі (сомаланған) сағатына 50 тоннадан 300 тоннаға дейінгі жабдығын басқару пультінен басқару;
басқару пультінен шахта сұрыптамасын, кен, көмір және сланец шахталары мен разрездерінің үстіңгі жабдық кешенін, олардың өнімділігіне қарамастан басқару;
автоматтандырылған өндірістің технологиялық процесінің жекелеген параметрлерін аспаптардың көрсеткіштері бойынша басқару пультінен бақылау, процесс параметрлерін түзеу, реттеу;
автоматтты реттегіштерді және аспаптарды қадағалау.
110. Мыналарды:
қызмет көрсететін учаскенің технологиялық процесі негіздерін;
басқару пультінен басқарылатын жабдықтың жұмыс принципін;
технологиялық процесті бақылау әдістерін;
процестің жарық схемасын;
электротехника, механика негіздерінбілуге тиіс.
28-параграф. Басқару пультінің операторы, 4-разряд
111. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық процестерді және жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалардың, топырақ өндірісі цехтарының (учаскелердің, қондырғылардың) өнімділігі (сомаланған) сағатына 300 тоннадан 800 тоннаға дейінгі жабдығын басқару пультінен басқару;
бір учаскенің, бір өндірістің технологиялық процесінің толық циклін жүзеге асыру кезінде технологиялық процес пен жабдықты автоматтандырылған өндірістің басқару пультінен басқару;
автоматты реттеу жүйесін бақылау және қызмет көрсету;
тиелетін және жұмсалатын материал мен шикізаттың саны мен сапасын, дайын өнім шығымын өлшеу және автоматика құралдарының көрсеткіштері бойынша бақылау;
учаскенің технологиялық жұмысшыларымен жедел байланысты жүзеге асыру;
технологиялық процесті жүргізудегі оны бұзушылықтарды жою;
аспаптардың көрсеткіштерін өндірістік журналға тіркеу;
автоматика жүйесінің жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
112. Мыналарды:
қызмет көрсететін учаскенің, өндірістің технологиялық схемасын;
қызмет көрсететін жабдықтың, өлшеу және автоматика құралдарының құрылымын;
қызмет көрсететін учаске коммуникациясының технологиялық сызбасын;
автоматты жүйелердің, аспаптардың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін;
бастапқы және дайын өнімдерге қойылатын талаптарды;
техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды;
орындалатын жұмыс шегінде өндіріс технологиясы негіздерін білуге тиіс.
29-параграф. Басқару пультінің операторы, 5-разряд
113. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық процестерді және жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық өнімділігі (сомаланған) сағатына 800 тоннадан жоғары фабрикалардың (цехтардың, учаскелердің, қондырғылардың) жабдығын басқару пультінен басқару;
технологиялық процестерді және өнімділігі (сомаланған) сағатына 500 тоннаға дейін өңделген өнім беретін жабдықты бас басқару пультінен өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен электронды-есептеу машинасының мәліметтері бойынша басқару;
технологиялық процесс параметрлерін реттеу;
технологиялық жабдықтың жұмыс режимін сигнализация құрылғыларының көрсеткіштері бойынша ұстап тұру;
түрлі учаскелердің технологиялық операцияларының бірлескен өзара әрекетін жүзеге асыру;
шикізаттың, қосалқы материалдардың, электр энергиясы мен технологиялық процестің басқа да көрсеткіштерін бақылау және реттеу;
шикізаттың, қосалқы материалдардың, жартылай фабрикаттардың шығысын, өндірістің барлық деңгейлері бойынша дайын өнім шығымын есептеу және есепке алу;
аспаптардың ақпаратын тексеру;
технологиялық процестің сандық және сапалық параметрлерін, технологиялық жабдық жүктемесін есепке алу;
жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалар жабдығының жұмысындағы ақаулар мен өндіріс технологиясын бұзушылықтарды анықтау және жою;
учаскелердің жұмысын үйлестіру және технологиялық процесті басқару пультінің барлық автоматты құрылғыларының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
114. Мыналарды:
қызмет көрсететін өндірістің технологиялық схемасын;
жармалау, байыту, кесекшелеу, агломерациялық фабрикалар мен автоматика жүйесінің жабдығының конструктивтік ерекшеліктерін, өндірістік процесті автоматтандыру схемасын;
технологиялық процесс барысында анықталған ауытқуларды жою тәсілдерін;
электротехника, жылу техникасы, электроника негіздерінбілуге тиіс.
Өнімділігі (сомаланған) сағатына500 тоннаға дейін өңделген өнім беретін жабдықты бас басқару пультінен өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен электрондық-есептеу машинасының мәліметтері бойынша басқару кезінде - 6-разряд.
30-параграф. Қалдық шаруашылығын реттеуші, 2-разряд
115. Жұмыс сипаттамасы:
дамбаны өздігінен ағып жуылатын кезде қалдық учаске бойынша таратып ағызу;
қалдықты қоймалау көлемі жылына 1,0 миллион текше метрге дейінгі қалдық қоймасына қызмет көрсету;
қалдық қоймасы дамбасының жай-күйін және қалдықтың гранулометриялық құрамын қадағалау;
учаске бойынша қалдық ағынының жылдамдығын реттеу;
ағызу тазалығы мен шлам тұндырғыштың толуын, құдықтардың жай-күйін қадағалау;
түрлі материалдардан дамбы тұрғызу және үлкейту, оларды бекіту және тегістеу;
қалдық шаруашылығы трассаларын қарау;
құбырлар мен дамбалардағы ақауларды анықтау;
еңістерді бекіту және суағар арна жүргізу;
сорғыларға, сифондарға, өткізу құдықтарына, пульпа құбырлар мен қалдық шаруашылығының басқа да имараттарына қызмет көрсету;
қызмет көрсету және оларды жөндеуге қатысу.
116. Мыналарды:
қалдықтарды таратып құю және оны учаске бойынша ауыстыру тәртібі мен ережесін;
қалдықтың физикалық қасиеттерін және оны тұндыру процесі негіздерін;
қалдық қоймасының орналасу схемасынжәне оның шекті сыйымдылығын;
дамбыларды ағын бұзуынан қорғау тәсілдері;
қалдықты қайта айдау сорғыларының жұмыс принципін;
дамба нысанын және оларды тұрғызу ережесін;
дамбаның су өткізбейтіндей етіп жасауға қажетті материалдарды; дамба қабырғаларын көтеру, салу, тегістеу және нығыздау тәсілдерін;
қызмет көрсететін учаске трассасын;
дамбалар мен құбырлардың ақауларын жою тәсілдерінбілуге тиіс.
Көмір және шлам тұндырғыштарға қызмет көрсету кезінде - 1-разряд;
дамбаның өздігінен ағып жуылу интенсивтілігі жылына 1,5 миллион текше метрге дейінгі қалдық шаруашылығына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;
дамбаның өздігінен ағып жуылу интенсивтілігі жылына 1,5 миллион текше метрден артық қалдық шаруашылығына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.
31-параграф. Сепараторшы, 3-разряд
117. Жұмыс сипаттамасы:
электр магнитті, электростатикалық, винтті, полиградиентті сепараторларда сепарациялау процесін жүргізу;
қызмет көрсететін сепараторлардың, жуғыштардың, гидроараластырғыштардың жұмысын қадағалау;
кеннің, концентраттың сапасына және қалдықтардағы кен шығынына қарай токтың магнитті өрісі мен күшін реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату;
кеннің, судың берілуін, байыту өнімінің шығымын реттеу;
материалдардың сепараторларға біркелкі таратылуын және берілуін реттеу;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;
гидросепарациялау кезінде пульпаның сілтілігін анықтау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
118. Мыналарды:
қызмет көрсететін сепараторлардың, жуғыштардың, гидро-араластырғыштардың және басқа да жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципін;
сепарациялау процесі негіздерін;
байыту процесінің технологиясы мен режимін;
алынатын байыту өнімдерінің магниттік қасиеттерін;
қабылдауыш реле сәулесі ағынын ыңғайлау ережесін;
пайдалы қазбалар сыныптамасын;
электротехника негіздерін;
электрослесарь ісін;
қызмет көрсететін сепараторларды техникалық пайдалану ережесін;
өндірістік журналды толтыру тәртібін;
байытылатын шикізаттың және ілеспе жыныстар мен минералдардың қасиеттерін;
ауыр суспензияларды дайындау және регенерациялау технологиясын;
алынатын байыту өнімдерін сақтау режимін;
майлы жақпалардың құрамын және технологиялық судың температурасына қарай олардың өзгеруінбілуге тиіс.
Сепарациялау процесін магнитті, пневматикалық, адгезионды-жабысқыш сепараторларда;
өнімділігі сағатына 15 тоннаға дейінгі электромагнитті валкалы сепараторларда;
сомаланған өнімділігі сағатына 50 тоннаға дейінгі коронно-электростатикалық және трибоэлектрлі сепараторларда жүргізу кезінде - 4-разряд;
сепарациялау процесін автоматты режимде істейтін магнитті сепараторларда, рентгеносепаратор қондырғыларында немесе элеватор доңғалақты сепараторларда;
өнімділігі сағатына 15 тоннадан жоғары электромагнитті валкалы сепараторларда;
сомаланған өнімділігі сағатына 50 тоннадан жоғары коронды-электростатикалық және трибоэлектрлі сепараторларда жүргізу кезінде;
сепарациялау процесін геологиялық барлау жұмыстарында, түрлі типтегі сепараторларда жүргізу кезінде;
түсті метал кенін, кен-химия шикізатын, құрамында алмаз бар концентратты ауыр суспензиялар мен сұйықтарда, байыту өнімдерін қабылдап, өңдеп, тексеріп, есебін жүргізіп, ресімдеп және тапсыра отырып түрлі типтегі сепараторларда жүргізу кезінде -5-разряд;
байыту процесін әртүрлі типтегі сепараторларда жүргізу кезінде;
өнімді кассаға тапсыру;
геологиялық барлау жұмыстарына құжаттама ресімдеу кезінде-6-разряд.
119. Ескертпе:
жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары сепараторшының басшылығымен орындау кезінде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
32-параграф. Сұрыптаушы, 1-разряд
120. Жұмыс сипаттамасы:
пайдалы қазбаны, шикізатта, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, өндіріс қалдығын сыртқы белгісі бойынша қолмен сұрыптау;
пайдалы қазбадан бос жыныс пен бөгде заттарды және жыныстан тауарлы өнім кесектерін іріктеп алу;
материалды сұрып бойынша бөлу;
іріктелген жынысты, пайдалы қазбаны және басқа да сұрыпталатын материалдарды көлік құралдарына тиеу;
жынысты бункерге және люктерге лақтыра отырып жинау;
шойтастарды ұнтақтау;
сұрыптауышқа, дайын өнім бункерлеріне және бункер астындағы транспортерлерге қызмет көрсету;
електерге, қоректендіргіштерге қызмет көрсетуге қатысу;
пайдалы қазбаны қайта тазалау және сұрыптамалаумен, дайын өнім бункерлерін толтырумен және тазалаумен байланысты жұмыстарды орындау;
транспортерлердің біркелкі қоректендірілуін қадағалау;
сұрыпталған материалдарды қабылдау, тапсыру және өлшеу, штабельге немесе көлік құралдарына салу;
вагондарды толық тиелмеуіне немесе бос жыныспен қоқыстануына қарай бракка шығару;
шаблонмен тиелу толықтығын тексеру;
қабылданған шәкіл бойынша тиелмей қалуына жеңілдік беру;
сирек және асыл металдарды өндіру кәсіпорындарында - кен ұсақтарын сыпырып жинау;
қабылданған пайдалы қазбаны және оның қоқыстануын есепке алу.
121. Мыналарды:
пайдалы қазбаны бос жыныстан ерекшелендіретін сыртқы белгілерді;
пайдалы қазбаның негізгі қасиеттерін, сұрпы мен маркасын;
әртүрлі өнім сұрыптарының сыртқы белгілерін;
пайдалы қазба кесектерінің шекті ірілігін;
штабельге немесе көлік құралдарына салу ережесін;
пайдалы қазбаға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын;
оны қабылдау, тапсыру және құжаттаманы ресімдеу ережесін, пайдалы қазба сұрыптары бар бункерлердің орналасуын;
електердің, сұрыптауыштардың, транспортерлердің, элеваторлардың жұмыс принципін, оларды майлау жүйесін;
қосу айлабұйымдарының орнатылған жерлерін;
кен жынысын өлшеу және есебін жүргізу ережесінбілуге тиіс.
Торфоплиталарды сұрыптау, крюдті іріктеу кезінде;
сирек және асыл металдарды сұрыптау кезінде;
янтарды сұрпы мен ірілігі бойынша сұрыптау кезінде;
асбесті сұрыптамалау кезінде;
сұрыптау үстелдерінде, пневможіктеуіштерде сұрыптау кезінде- 2-разряд.
33-параграф. Фильтрлеуші, 2-разряд
122. Жұмыс сипаттамасы:
пульпаны сүзу процесін қысымсыз кезеңдеп жұмыс істейтін нутч-сүзгілерде, вакуум-сүзгілерде, рамалы сүзгі-пресстерде, қалта сүзгілерде жүргізу;
сүзгілердің берілген режимге сәйкес толтырылуын және жүктелуін реттеу;
сүзгілерді қосу және тоқтату;
сүзгілерді қосу шламнан тазарту;
сүзгі рамаларды, құбырларды жуу;
қысымды, вакуумді, сүзілген сұйықтың тазалығын, пульпаның, жуатын судың берілуін өлшеу құралдырының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу;
сынама іріктеу;
сүзгі аппараттарына, коммуникацияларына, жинауыштар мен қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;
рамалар мен полотноларды, зарарсыздандыру торшасын, сүзгілерді, құбырларды ауыстыру, бөлшектеу;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу;
өндірістік журналды жүргізу.
123. Мыналарды:
сүзу процесі негіздерін;
сүзу режимін;
қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін және пайдалану ережесін;
коммуникациялардың, құбырлардың және желдеткіш схемасын;
шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін;
шикізатқа және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды білуге тиіс.
34-параграф. Фильтрлеуші, 3-разряд
124. Жұмыс сипаттамасы:
пульпаны сүзу процесін ленталы, барабанды сүзу аппараттарында, үздіксіз жұмыс істейтін вакуум-сүзгілерде, дискілі сүзгілерде және сүзу алаңы 100 шаршы метрге дейінгі сүзгі-пресстерде жүргізу;
сүзу аппараттарын басқару және қызмет көрсету, оларды вакуумды және компрессорлық жүйелерге қосу;
сорғылар мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтың жұмысын бақылау және реттеу;
тұндырылған қабаттың қалыңдығына қарай сиреудің, пульпаның берілу қарқындылығын, сүзгі жүктемесін, сүзу процесінің қысымы мен режимін, ерітінділердің тазару деңгейін өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату;
сүзгілерді тазарту, сүзгі рамалар мен құбырларды жуу;
шөкпе гидратта қысымдалған ауамен кезеңдеп тазартып тұру;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
автоматты сүзгілерге қызмет көрсету;
рамалар мен полотноларды, зарарсыздандыру торшасын, сүзгілерді, құбырларды ауыстыру, бөлшектеу;
қызмет көрсету аймағын жинау.
125. Мыналарды:
сүзу технологиясын;
сүзу аппараттарының, вакуум-сорғыштары мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтардың құрылымын, жұмыс принципін;
қысымды, сиретуді реттеу тәсілдерін;
күлсіздендіру тәсілдерін;
концентраттардың қасиеттерін;
сүзілген ерітінді сапасына қойылатын талаптарды;
өнімнің физикалық қасиеттерін;
коммуникациялардың, арматураның, құбырлардың схемасын;
сигнализация жүйесін;
процесті автоматты жүргізу схемасын;
қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану ережесін;
бақылау аспаптарын пайдалану және сүзу процесін реттеу ережесін;
бақылау талдауды жүргізу әдістерін білуге тиіс.
Пульпаны сүзу процесін берілген бағдарлама бойынша автоматты режимде қысыммен және барабанды сүзгіштермен бір кешенде жұмыс істейтін шырақты сүзгілерде, сүзу алаңы 100-ден 200 шаршы метрге дейінгі дискілі сүзгілерде және ленталы, аппараттарында, үздіксіз вакуум-сүзгілерде, дискілі сүзгілерде және сүзу алаңы 100-ден 500 шаршы метрге дейінгі сүзгі-пресстерде жүргізу жүргізу кезінде- 4-разряд;
пульпаны сүзу процесін сүзу алаңы 200 шаршы метрден жоғары дискілі сүзгілерде және ленталы, аппараттарында, үздіксіз вакуум-сүзгілерде, дискілі сүзгілерде және өлшеу және автоматика құралдарымен жарақтандырылған сүзу алаңы 500 шаршы метрден жоғары сүзгі-пресстерде жүргізу кезінде - 5-разряд.
35-параграф. Тиеуші, 1-разряд
126. Жұмыс сипаттамасы:
материалдарды қызмет көрсететін аспаптың немесе агрегаттың шұңқырына қолмен тиеу;
кенді ішінара қайлалау және лақтырып үю.
127. Мыналарды:
материалдарды жуу процесі технологиясын;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін білуге тиіс.
36-параграф. Тозаң түсіруші, 2-разряд
128. Жұмыс сипаттамасы:
циклондарды, желобтарды, құбырларды, тозаң камераларын, айналма пештерді, скрубберлерді, тоңазыту барабандарын, қоныш сүзгілері мен алаңшаларды тозаңнан тазарту;
тозаңды жинау және тиеу;
тозаңды шұңқыр арқылы қолмен және механикалық тәсілмен шығару;
тозаңды тасымалдау; жолдарды тазалау;
тозаң камераларындағы саңылау мен сормаларды жою;
қоныштарды сүзгіден алу, оларды тазалау және жөндеу;
қоныштарды жаңадан әзірлеу, сұрыптау және ауыстыру;
қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын анықтау және жою, оны жөндеу дайындығына және жөндеуге қатысу.
129. Мыналарды:
тозаңның негізгі қасиеттерін;
камералардың, шұңқырлардың, қоныш сүзгілерінің, скрубберлердің, циклондар мен басқа да шаң ұстағыш қондырғыларының құрылымын;
тозаңның, газдардың, желдеткіш пен газ құбырлары қиыспаларының, су жеткізгіштер мен айналма пешті және бункерлерлі қондырғылардың қозғалыс схемасын;
слесарь ісі негіздерінбілуге тиіс.
37-параграф. Флотатор, 4-разряд
130. Жұмыс сипаттамасы:
флотация процесін берілген схема бойынша жүргізу;
берілген флотация режимін және пульпаның тығыздығын қамтамасыз ету;
пульпаның түрлі типтегі флотация машиналарына үздіксіз және біркелкі түсуін, байыту өнімінің шығымы мен сапасын, флотация машиналарының жүктемесін, алынатын көбік өнімінің саны мен жұмсалатын реагенттердің санын қадағалау;
пневматикалық флотация машиналарындағы қысымдалған ауаның қысымын реттеу;
автоматты аспаптардың жұмысын қадағалау;
флотация қалдығын шығару;
қызмет көрсететін флотация және қосалқы жабдықты басқару және қызмет көрсету, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, тазалау және майлау;
реагенттер шығысын есептеу;
өндірістік журналды жүргізу;
алмазды концентратты флотациялау процесін жүргізу.
131. Мыналарды:
флотациялау технологиясы мен схемасын;
флотация жабдығының құрылымын, жұмыс принципін;
реагенттердің нысынын, номенклатурасын, олармен жұмыс істеу және сақтау ережесін;
реагенттердің қасиеттерін және олардың флотациялау процесіне әсерін;
концентраттар мен қалдықтарға арналған қолданыстағы техникалық шарттарды;
флотация өнімін сынамалау ережесін;
слесарь ісін білуге тиіс.
Флотациялау процесін күрделі емес схема бойынша зертханалық жабдықта, концентрациялық үстелдерде жүргізу кезінде - 3-разряд;
флотациялау процесін: күрделі схема бойынша, екі немесе одан артық компонент алу кезінде;
16 текше метр және одан да жоғары флотация камераларына қызмет көрсету кезінде;
флотациялау процесін дайын концентрат беретін қайта тазалау маштналарының жеткеру секцияларында жүргізу кезінде - 5-разряд.
132. Ескертпе.
Жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары флотатордың басшылығымен орындау кезінде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
38-параграф. Центрифугалаушы, 2-разряд
133. Жұмыс сипаттамасы:
қатты өнімдерді сусыздандыру (сығу) немесе кристалды немесе қатты фазалы жарма суспензияны шөгіндіні қолмен немесе ауырлық күшінің қысымымен шығара отырып, кезеңдік жұмыс істейтін қалыпты сүзу центрифугаларында бөлу процесін жүргізу;
центрифуга барабанын қолмен өнімге толтыру, центрифуганы тежеу, босату және тоқтату;
центрифугалау процесінің аяқталу сәтін көру немесе талдау нәтижелері бойынша анықтау;
сүзгіш материалдарды, жуу және ауыстыру, ағындар мен қарау шыныларын тазарту;
май құю;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
өндірістік журналды жүргізу.
134. Мыналарды:
центрифугалардың жұмыс принципін;
центрифугалау процесі негіздерін;
өнімнің жол берілетін шекті ылғалдылығы процентін;
центрифугалау процесінің аяқталу сәтін анықтайтын сыртқы белгілер мен талдау нәтижелері көрсеткіштерін білуге тиіс.
39-параграф. Центрифугалаушы, 3-разряд
135. Жұмыс сипаттамасы:
қатты өнімдерді сусыздандыру (сығу) немесе кристалды немесе қатты фазалы жарма суспензияны шөгіндіні қолмен немесе ауырлық күшінің қысымымен шығара отырып, кезеңдік жұмыс істейтін қалыпты сүзу центрифугаларында бөлу процесін жүргізу;
мынадай: кірлеген сұйықтарды немесе қатты өнімдерді мөлдірлеу (ағарту), шамалы қатты фазалы, нашар сүзілетін әртектес қоспаларды бөлу немесе қатты өнімдерден сұйықты бөліп шығару процестерін кезеңдеп немесе үздіксіз жұмыс істейтін автоматты түсіретін (пышақты немесе қырғылы түсіру, шнекті немесе соқпалы түсіру), жылдам немесе ерекше жылдам тұндырғыш центрифугалардағы ортадан тепкіш күш көмегімен жүргізу;
өнімді ортадан тепкіш күш әсерімен автоматты түсіру және тиеу, жуу, булау;
өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша өнімнің тиелуін, ұнтақталған немесе шайылған шөгіндінің түсірілуін және саны, деңгейі, үлес салмағы бойынша судың берілуін бақылау және реттеу центрифугаларды берілген режимге баптау;
центрифугаларды, сорғылар мен тасымалдау құралдарын қосу және тоқтату;
өнімді бақылау талдау жүргізу;
қарау және талдау нәтижелері бойынша центрифугалау процесінің аяқталғанын анықтау;
зарарсыздандырушы ерітінділерді дайындау, қызмет көрсететін жабдықты өңдеу.
136. Мыналарды:
қызмет көрсететін центрифугалардың, қосалқы жабдықтың, арматураның, коммуникациялардың құрылымын;
центрифугалаудың технологиялық режимін және оны өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша реттеу тәсілдерін;
өлшеу құралдары пайдалану ережесін;
өнімді бақылаудың талдау жүргізу әдістерін білуге тиіс.
40-параграф. Центрифугалаушы, 4-разряд
137. Жұмыс сипаттамасы:
үлес салмағы әртүрлі сұйықтарды құрамдас бөліктерге бөлу (немесе мөлдірлеу);
біртектес қоспаларды таратып бөлу немесе концентрациялау процесін ерекше жылдам центрифугаларда (құбырлы немесе тәрелкелі сұйықтықты сепараторларда) немесе басқару бағдарламасы бар, ортадан тепкіш күш қысымымен түсіретін центрифугаларда жүргізу;
центрифугалаудың толық циклінің жекелеген элементтерінің және тұтастай процестің кезектілігі мен ұзақтығын реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеу.
138. Мыналарды:
бөлінетін өнімдердің қасиеттері мен олардың үлес салмағын;
өнімдердің бөліну немесе концентрациялау процесінің ұзақтығын;
басқару бағдарламасы бар центрифугаларды басқару ережесін;
слесарь ісінбілуге тиіс.
41-параграф. Шламдаушы - бассейнші
139. Жұмыс сипаттамасы:
шлам бассейндері мен шлам құбырларына қызмет көрсету, олардың жай-күйін тексеру;
бассейндерге шлам толтыру;
бассейндердегі шламды қысылған ауа көмегімен араластыру;
шлам қоймасындағы судың деңгейін реттеу;
шығыр көмегімен мұнараның түсірмелі жаппа терезелерін көтеру және түсіру;
бөгетті, су лақтыру құрылғыларын, сорғылардың жұмысын қадағалау;
шламның тұндырғыштан уақтылы жіберілуін және ағызу құрылғыларының шайылуын қамтамасыз ету;
шлам бассейндері мен шлам құбырларын қоюланған қатты шлам шөгіндісінен және жиналған қатты қоспалардан құралдың көмегімен тазалау, шлам құбырларын сумен шаю;
бассейнге келіп түскен және бассейннен шығарылған шламның есебін алу;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
140. Мыналарды:
бассейндердің, шлам құбырларының, шлам қоректендіргіштердің, су құбырлары мен кәріздің құрылымы мен схемасын;
электр қозғағыштардың, шлам коммуникацияларының, насостардың, шығырлар мен басқа да қосалқы жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципін;
шлам құбырларын бөлшектеу және құрастыру тәсілдерін;
бөгет және су лақтырушы құрылғыларды пайдалану нұсқаулықтарын;
сорғыларды, электр қозғағыштары мен түсірмелі жаппа терезелерді көтеру және түсіру жөніндегі шығырларды пайдалану жөніндегі талаптарды;
шламды араластыру технологиясы негіздерін;
шикізат қоспасын беру сызбасын және оны реттеу тәсілдерін;
шламға енетін шикізат құрамын және шикізат қоспасының сапалық сипаттамасын;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін;
слесарь ісін білуге тиіс.
Көмір байыту фабрикаларының шлам бассейндеріне қызмет көрсету кезінде- 2-разряд;
шығарылатын шлам көлемі жылына 50 миллион текше метрге дейінгі шлам қоймасының шлам бассейндеріне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;
шығарылатын шлам көлемі жылына 50 миллион текше метрден артық шлам қоймасының шлам бассейндеріне қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.
4-тарау. Кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығару және байыту жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы, 2-разряд
141. Жұмыс сипаттамасы:
құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байытудың технологиялық процесін жүргізуге қатысу: вакуумды тұндырғыштарда цианид ерітінділерінен асыл металдарды тұндыру, құрамында асыл металдар бар шламдарды химиялық өңдеу, реагенттер, қышқылдар ерітінділерін дайындау;
вакуумды-тұндырғыш аппараттарға, сөлалу чандарына, тұндыру зумпфтерге, шламдарды айдау кезінде сорғыларға, диірмендерге, араластырғыш чандарға, экстракторларға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын қадағалау;
қатты шламдарды ауыстыру және сұйық шламдарды айдау, оларды еріткіш араластырғыш чандарға, ұсату үшін диірмендерге тиеу;
диірмендерді шарлармен толтыру;
эфельдерді салу чандарынан, зумпфтерден, үйінділерден түсіру, оларды өңдеуге қатысу;
эфельдерді тиеу;
эфельдерді вагондарға тиеу және оларды тасымалдау;
экстракторлардағы цинк жоңқасын тиеу және алтынмен боялған цинк жоңқасы мен алтын қоқырларды түсіру, басылып қалған жоңқаларды жұмсарту, оларды қоқырлардан тазарту;
ерітінділердің экстракторларға келіп түсуін қадағалау;
таза цинк жоңқаларын қорғасындату;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды жоюға қатысу.
142. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың міндетін, жұмыс қағидатын;
құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байыту технологиясы бойынша жалпы мәліметтерді;
шламдарды диірмендерге тиеу тәсілдерін;
шламдарды диірмендерге тиеу ережесін;
қолданылатын қышқылдардың, ерітінділердің қасиеттерін;
цианидті, цианид ерітінділерін, қышқылдарын, еріткіштерін, қорғасын қабаттарын және басқа химиялық агрессивті заттарды пайдалану ережесін;
эфельдерді чандарға тиеу және түсіру, тұндырғыш зумпфтерден түсіру ережесін;
экстракторларды тиеу және түсіру ережесін;
құбырлардың орналасу тәсімін;
қызмет көрсету жабдықтарын майлаудың жүйесі мен мерзімділігін білуге тиіс.
2-параграф. Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы, 3-разряд
143. Жұмыс сипаттамасы:
құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байытудың технологиялық процесін жүргізу: вакуумды тұндырғыштарда цианид ерітінділерінен асыл металдарды тұндыру;
реагенттердің, қышқылдардың ерітінділерін дайындау;
құраушыларды мөлшерлеу;
алтын тұнбаларды жуу және жуылған суды сүзу;
шламдарды таразылау және тығындау;
эфельдерді өңдеу, сөлалу чандарына эфельдерді толтыру дұрыстығын қадағалау;
циан қорытпаларын еріту және айдау;
жоғары білікті құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысының басшылығымен сырғыма тостағандарда, алтын ұстағыш шлюздерде амальгамация әдісімен құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байыту және амальгамаларды өңдеу процесін жүргізу;
амальгамациялы табақтарды сынаппен сүрту;
сынапты сырғыма тостағандарға, шлюздерге құю;
амальгамаларды қоспалардан тазарту;
алтын мен амальгаманы жетілдіру үстелінде шыңдау;
амальгамадан артық сынапты сығып тастау;
амальгамаларды сырғыма тостағандардан, қалталардан, ұстағыштардан және амальгаматорлардан түсіру;
қысымды, вакуумды, сүзгі тазалығын, реагенттердің, ерітінділердің, пульпалардың, судың берілуін, өлшеу құралдарының және автоматика көрсеткіші мен талдау нәтижелері бойынша қызмет көрсететін технологиялық құралдардың жұмыс режимін бақылау және реттеу;
сынамаларды іріктеу, таразылау;
сорындыларды және кептелімдерді жою;
қызмет көрсететін жабдықтарды қосу және тоқтату, оның жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою;
техникалық құжаттаманы рәсімдеу.
144. Мыналарды:
қызмет көрсетілетін техникалық жабдықтар мен қондырғылардың құрылғысын, техникалық сипаттамасын, пайдалану ережесін;
құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байытудың технологиялық процесін жүргізу ережесін;
өлшеу құралдары мен автоматиканы қолдану ережесін;
құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байыту үшін реагенттерді мөлшерлеу және олардың қасиеттерін;
алтын қоқырларды күкірт және тұз қышқылдармен өңдеу және алтын тұнбаларды жуу тәсілдерін;
қоспалардың шламдарды еру процесінің аяқталу уақытын;
ерітінділерді, қышқылдарды дайындау ережесін;
қоқырларды еріткеннен кейін алтын тұнбаларды тұндыруды тез тұндыру тәсілдерін;
циан қорытпаларын еріту және ерітіндіні чанға беру тәсілдерін;
циан ерітінділерінде цианид концентраттарын айқындау әдістерін;
амальгамация табақтарын сынаппен сүрту әдістерін;
сынапты және амальгаманы пайдалану ережесін және олардың физикалық қасиеттерін;
шығыс нормаларын және сынапты сырғыма тостағандарға және алтын ұстағыш шлюздерге құю тәсілдерін;
алатын өнімге есеп жүргізу және сақтау ережесін;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың туындау себебін және жою тәсілдерін;
слесарлық істі білуге тиіс.
3-параграф. Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы, 4-разряд
145. Жұмыс сипаттамасы:
сырғыма тостағандарда, алтын ұстағыш шлюздерде амальгамация әдісімен құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байыту және амальгамаларды өңдеу процесін жүргізу;
амальгамаларды ұстағыштардан, амальгамация табақтарынан, түкті шлюздерден және шайқау үстелдерінен түсіру;
концентраттарды амальгамация бөшкелеріне тиеу, сынапты мөлшерлеу, концентраттарды өңдеу, оларды бөшкелерден түсіру;
сынапты ұстағыштарға және алтын ұстағыш аппараттарға құю;
қатты амальгаманы темір қайықтарға салу;
муфель пештерінде қыздыру және оған сынапты бірден буландыру әрі шлих алтынын алу үшін амальгама бар қайықтарды тиеу;
шлих алтындарын қышқылдармен өңдеу, магнитпен темір қоспаларын іріктеу;
бағалы металдарды таразылау және оны ыдыстарға буып-түю;
шлюздерге және басқа да алтын ұстағыш аппараттарға сүргі соғу кезінде қатысу;
циан қорытпаларын еріту және циан ерітінділерін қалпына келтіру;
ерітінді концентраттарын айқындау, қалпына келтірілген ерітінділерді беруді реттеу және оларды сүзу;
күкіртті жағу және ерітінділерді тотықтандыру үшін күкіртті газды беру;
циан қорытпалары қалдығынан агитация чандарын сілтілеу және тазарту;
бос ыдыстарды уқайтарғыштармен өңдеу.
146. Мыналарды:
құрамында алтын бар кендер мен құмдарды байытуда қолданылатын жабдықтардың, қондырғылардың құрылғысын;
металл ұстағыш аппараттарда амальгамациялаудың және асыл металлдарды ұстаудың технологиялық процесін;
металды қышқылдармен технологиялық өңдеуді;
ұстағыш асыл металдардың негізгі қасиетін және оның басқа металдардан айырмашылығын;
циан қорытпаларын еріту, циан ерітінділерін қалпына келтіру, оларды сүзу, күкіртті жағу және күкірт газын алу технологиясын;
күкірт газының, цианитті-сутегі қышқылының қасиеттерін және пайдалану ережесін;
циан қорытпаларын шығындау нормаларын;
респираторлардың міндетін, құрылысын және пайдалану ережесін;
ерітінділерді тазалау нормаларын және реагент шығыстарын;
электр техникасының негіздерін білуге тиіс.
4-параграф. Қымбат өнімдерді бақылаушы, 3-разряд
147. Жұмыс сипаттамасы:
құрамында асыл металл бар асыл металдар мен концентраттарды, оларды алудың және өңдеудің технологиялық процесінің барлық сатысында сақтау және есеп жүргізу нұсқаулығын бақылау;
асыл металдар мен концентраттарды өңдеу операцияларына қатысу;
жуатын аспаптарға, жинақ сандықшаларға, сейфтер мен қызметтік үй-жайларға сүргі соғу;
қымбат өнімге есеп жүргізу, қабылдау, жылжыту, сақтау және тапсыру бойынша құжаттамаларды комиссиондық рәсімдеуге қатысу;
кассаға дейін тасымалдау кезінде қымбат өнімдер салынған ыдысқа сүргі соғу.
148. Мыналарды:
асыл металдар мен концентраттарды алудың технологиялық процестерінің негіздерін;
байыту қондырғыларында қымбат өнімдерді тазалау мен түсірудің технологиялық схемасын;
асыл металдардың физикалық және химиялық қасиеттерінің негіздерін;
қолданылатын қышқылдардың қасиеттерін;
асыл металдарды басқа металдар мен ілеспелі минералдардан айырмашылық белгілерін;
қолданылатын аппараттар мен қондырғылардың құрылғысын;
қымбат өнімге есеп жүргізу, сақтау, қабылдау және тапсыру жөніндегі нұсқаулықты;
қажетті техникалық құжаттарды рәсімдеу ережесін білуге тиіс.
5-параграф. Қымбат өнімдерді бақылаушы, 4-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:
алмаздарды және құрамында алмазы бар өнімдерді, оларды өңдеудің технологиялық процесінің барлық сатысында сақтау және есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың орындалуы;
құрамында алмазы бар өнімдерді қолмен қазу кезінде қатысу.
150. Мыналарды:
құрамында алмазы бар шикізатты және оны байыту өнімдерін өңдеудің технологиялық процестерінің негіздерін;
құрамында алмазы бар шикізат пен өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерінің негіздерін;
қолданылатын химиялық агрессивті заттар мен қышқылдардың қасиеттерін;
алмаздардың басқа да ілеспелі минералдардан айырмашылық белгісін;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын;
қымбат өнімдерді сақтау, қабылдау, есеп жүргізу және тапсыру ережесін, қажетті құжаттарды рәсімдеді білуге тиіс.
6-параграф. Драгашы, 4-разряд
151. Жұмыс сипаттамасы:
сыйымдылығы 80 литрге дейін шөміші бар шағын литражды драганың жұмысын және қозғалысын басқару;
драга жабдықтарының және механизмдерінің техникалық жағдайын тексеру;
шығыр барабандарына арқандарды орау дұрыстығын, борт арқандарының, жаға арқандарының, созғыштардың және бас қанаттардың орналасуын, қарпығыш шынжырдың жағдайын, қарпығыштардың толығуын, бүйірден жылжу жылдамдығын, қарпығыш раманы тереңдікке түсіруді, драга механизмдері мен жабдықтарының дұрыс жүктемесін қадағалау;
драганы забойға маневрлеу;
забой жағдайымен, жасалған көлемге жүргізілген өлшемдерімен және алдыңғы ауысымның ауысымдық рапортындағы жазбалармен танысу;
драга жабдықтарының жұмысындағы бұзушылықтарды жою;
драганың барлық жөндеу түрлеріне қатысу;
драга жұмысын есепке алудың ауысымдық журналын жүргізу.
152. Мыналарды:
қызмет көрсететін драганың және оның тораптарының құрылғысын және пайдалану ережесін;
электр техника негіздерін;
кен орындарын және драга полигонын өңдеу шекарасын қазу жүйесін;
қарпылатын жыныстардың сипаттамасын;
драга разрезіндегі тасқын және көктемгі сулардың деңгейін;
драга полигонындағы гидро техникалық имараттардың жағдайын;
қазылған кеңістіктен қабаттарды және өлшемдерді шығару әдістерін;
жыныстарды пайдаланушылық сынау тәсілдерін;
драга механизмдерін күту және олардың жұмысын реттеу ережесін;
слесарлық істі білуге тиіс.
7-параграф. Драгашы, 5-разряд
153. Жұмыс сипаттамасы:
сыйымдылығы 80-нен 150 литрге дейін шөміші бар электрлік драганың жұмысын және қозғалысын басқару;
драга жабдығының техникалық жағдайын тексеру, оның жұмысын қадағалау және жұмысындағы ақаулықты жою.
154. Мыналарды:
әртүрлі типті драгалардың, сигнализация және байланыс құралдарының құрылғысын және пайдалану ережесін;
алтын араласқан пайдалы қазбалардың кен орындарының геологиялық негіздерін;
драга әдісімен алтын араласқан топырақ кен орындарын қазу кезінде негізгі маркшейдерлік жұмыстарды;
драга жабдықтарының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, ескерту және жою тәсілдерін білуге тиіс.
8-параграф. Драгашы, 6-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:
автоматика мен телебақылау жүйесін пайдалана отырып, сыйымдылығы 150 литр және одан артық шөміші бар электрлік драганың жұмысын және қозғалысын басқару.
156. Мыналарды:
әртүрлі типтегі драганың конструктивтік ерекшеліктерін;
құрамында алтын бар құмдарды байытудың негіздерін;
драга әдісімен алтын араласқан топырақ кен орындарын қазу кезінде жұмыстарды жүргізу ережесін.
157. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.
9-параграф. Құрамында алмазы бар концентраттарды жеткеруші, 3-разряд
158. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті құрамында алмазы бар концентраттарды жеткерушінің басшылығымен балқытқыш қышқылдармен, патша арағымен және басқа да химиялық агрессивті заттармен химиялық өңдеу әдісі бойынша ауыр сұйықтықтарда құрамында көп алмазы бар концентраттарды жеткеру процессін жүргізу;
жеткеру өнімдерін магниттеп күйдіру;
ауыр сұйықтықтағы ерітінділерді қалпына келтіру;
ағыс сулар мен ерітінділерді зиянсыздандыру;
жеткеру процесінде пайдаланылатын химиялық реактивтерді дайындау және есеп жүргізу;
ұлғайтқыш аспаптардың, электр магнитті рентгенолюминисцентті сеператорлар мен қондырғылардың көмегімен көзбен шолып, белгілі фракциялы құрамында алмазы бар концентраттардан минералдарды бөлу процесін жүргізуге қатысу.
159. Мыналарды:
минералогия туралы жалпы мәліметтерді;
алмаз бен ілеспелі минералдардың қасиетін;
алмаз кристалдарын ілеспелі минералдардан айыру тәсілдерін;
қолданылатын технологиялық, жабдықтардың, электрмагнитті рентгенолюминисцентті сеператорлар мен ұлғайтқыш аспаптардың жұмыс қағидаттарын;
әртүрлі үлес салмағындағы ауыр сұйықтықтағы ерітінділердің химиялық реактивтерін дайындау және қалпына келтіру технологиясын;
алмаз бен алмаз өнімдеріне есеп жүргізу және сақтау ережесін;
улы және химиялық агрессивті заттарды пайдалану ережесін білуге тиіс.
10-параграф. Құрамында алмазы бар концентраттарды жеткеруші, 4-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:
балқытқыш қышқылдармен, азот пен тұз қышқылының қоспасы мен және басқа да химиялық агрессивті заттармен химиялық өңдеу әдісі бойынша ауыр сұйықтықтарда құрамында көп алмазы бар концентраттарды жеткеру процессін жүргізу;
құрамында алмазы бар концентраттарды елеу және оларды тұндыру машиналарында өңдеу, майсыздандыру және кептіру;
концентраттарды қолмен бөлшектеу, оларды рентгенолюминисцентті сепаратордан өткізу;
тексеру және концентраттарды сеператорлардан өткізгеннен кейін кескіштерді бөлшектеу;
электр магнит сеператорында тізбеленген концентраттарды сепарациялау;
алмастарды шығарудың толықтығын және алмас тауар өнімдерінің тазалығын қамтамасыз ету;
қызмет көрсету жабдықтарын жөндеуге қатысу.
161. Мыналарды:
қолданылатын жабдықтардың, қондырғылардың, аспаптардың құрылғысын, оларды басқару ережесін;
минералогия негіздерін;
алмаз кристалдарын ілеспелі минералдардан айыру тәсілдерін;
құрамында алмаз материалдарды орташа ауыр химиялық және термиялық өңдеудің технологиясын;
алмаз бен алмаз өнімдеріне есеп жүргізу және сақтау ережесін білуге тиіс.
11-параграф. Жеткеруші, 3-разряд
162. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті жеткерушінің басшылығымен құрамында асыл металл бар шлих концентраттарын жеткеру және қысқарту процесін жүргізу;
қол әдісімен шлюздерді тазалау;
драганы тоқтатпай жекелеген шлюздерді қосу және сөндіру;
шлюздер мен ұстап қалғыштардан трафареттерді, кілемшелерді түсіру, оларды жуып, шлюздер мен ұстап қалғыштарға бөренелермен және сыналармен бекітіп төсеу;
шлюздерді тазалау және концентратты қысқартқышқа жеткізу;
жоғары білікті жеткерушінің басшылығымен сынапты қолдана отырып, амальгаманы жеткеру және шлихтардан тазалау кезінде амальгамация аспаптарын жуу;
шлихтарды жинау, оларды борт разрезіне түзу орнына көшіру;
қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтарды тиеу және түсіру;
шикізат пен дайын өнімді тасымалдау;
жеткеруде пайдаланылатын химиялық реактивтерді дайындау және есеп жүргізу;
драга үй-жайын тазалау;
қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.
163. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың, қондырғылардың, аспаптардың, шлюздердің құрылғысын;
концентраттарды түсіру және шлюздер мен ұстап қалғыштарда шаю тәртібін;
қызмет көрсететін жабдықтарды басқару және ұштарын тексеру ережесін;
әртүрлі үлес салмақтағы ауыр сұйықтықтағы ерітінділерді дайындау және қалпына келтіру технологиясын;
бағалы өнімдерге есеп жүргізу және сақтау ережесін;
улы және химиялық агрессивті заттарды пайдалану ережесін білуге тиіс.
12-параграф. Жеткеруші, 4-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:
химиялық және электр химиялық өңдеудің көмегімен құрамында асыл металл бар шлих концентраттарын жеткеру және қысқарту процесін жүргізу;
шлюздер мен ұстағыштардан концентраттарды мерзімдік түсіру;
концентраттарды жеткеру станогында (вашгерде) өңдеу, алтын сұр және қара шлихтардан жуып тазарту;
шлюз төсемдерін тексеру;
тазалау жұмыстарын жүргізу аралығында шлюз жұмыстарын бақылау;
шлих алтындарын қышқылдармен өңдеу, темір қоспаларын іріктеу және сорды үрлеп тазарту;
металды таразылау және арнайы ыдысқа тығындау;
шлюздерді және басқа да металлды ұстап қалушы аппараттарды сүргілеуге қатысу;
сынапты қолдана отырып амальгамаларды жеткеру және шлихтардан тазалау кезінде амальгамация аспаптарын жуу;
драганы тоқтатпай өздігінен тиелетін шлюздер мен амальгамация аспаптарын тазалау кезінде автоматтық қондырғыларды бақылау;
технологиялық процесте сынапты қолдану кезінде: сынапты ұстағыштарға және алтын ұстап қалушы шлюздерге құю, амальгаманы ұстағыштар мен амальгамация табақтарынан түсіру, амальгаманы тазарту және қысу, амальгамаларды реторларға төсеу және муфель пештерінде күйдіру, сынап шығыстарына және сынап концентраттарына есеп жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге және баптауға қатысу.
165. Мыналарды:
қызмет көрсету жабдықтарының, қондырғыларының және қолданылатын аппаратуралар мен аспаптардың құрылғысын;
асыл металдарды басқарудың, шлих алтындарын қышқылмен өңдеудің технологиялық схемасын;
ұстап қалғыш металдың негізгі қасиеттерін;
асыл металдарға есеп жүргізу және сақтау жөніндегі нұсқаулықты білуге тиіс.
13-параграф. Алтын араласқан кен орындарының тау-кен жұмысшысы, 2-разряд
166. Жұмыс сипаттамасы:
шұңқырларды қолмен қазу;
драгермен көрсетілген орындарда шығыр арқандарын бекіту үшін зәкірлерді ("қозғалмайтын") дайындау және орнату;
жаға кабельдерін тасымалдауға, арқандарды тартуға қатысу;
әр түрлі жүкті қайықтармен тасымалдау және драгаға көтеру;
разрездерде су деңгейін көтеру үшін уақытша бөгеттерді орнату;
қарапайым құралдардың көмегімен полигонды шiлiк бұталардан, түптерден, ұсақ орманнан, шөпті жамылғыдан тазарту;
қайықты ұқыпты ұстау;
драгадан белгі қабылдау және беру;
қыс кезінде мұздар мен мұз қабыршақтарын жару және жою;
понтон бөлігін қатыруға қатысу;
драга понтоны айналысында мұздан жыралар жүргізу;
понтонның сыртқы бөлігін жөндеу үшін мұзда құдықтар жүргізу;
драга разрезінің қату тереңдігін тексеру;
белгіленген схема бойынша бұрғылау ұңғымаларын белгілеу;
бу-гидроинелерді, шлангілерді беру;
шлангілерді жөндеу;
жартасты плотиктарды қазу;
тау-кен массасын гидромонитормен жуғаннан кейін немесе тазалау жұмыстары біткеннен кейін плотик тереңдігінде байытылған құмдарды жинау және тазалау;
байытылған құмдарды өңдеу жеріне тасымалдау;
өңделген алаңды актирлеуге қатысу.
167. Мыналарды:
көтергіш механизмдердің, қайықтардың құрылғысын және пайдалану ережесін;
қолданылатын құралдардың міндетін;
жүкті ілмектеу және көтеру ережесін;
ілмектердің қолдану және пайдалану мерзімдерін;
драгалық және дренаждық жұмыстарды жүргізу туралы жалпы мәліметтер;
қатыру әдістерін;
мұзда жыралар мен құдықтар жүргізу тәсілдерін;
қатқан жерлерде мұздардың жарылуын алдын алу және жою тәсілдерін;
бұрғы ұңғыларын белгілеу схемасын;
такелаж жұмыстарын жүргізу ережесін;
алтын араласқан топырақ төселу шарттарын және плотик сипаттамасын;
плотикте металлдың жиналу орны;
құрамында метал бар құмдар мен концентраттарды бос жыныстардан айыру белгілерінбілуге тиіс.
14-параграф. Алтын араласқан кен орындарының тау-кен жұмысшысы, 3-разряд
168. Жұмыс сипаттамасы:
зәкірлерді ("қозғалмайтын") орнату үшін дайындық жұмыстарға қатысу;
арқандарды трактормен тарту кезіндегі жұмыстарды басқару;
электр желілері мен телефон желілеріне арналған бағандарды орнату жұмыстарына қатысу;
көтергіш механизмдермен әртүрлі жүктерді (қосалқы бөліктерді, отынды, материалдарды) тиеу, түсіру;
жүкті драгаға жүзетін құралдардың (қайық, катер, моторлы қайық) көмегімен жеткізу;
сорғымен драгаға сұйық отынды айдау, бір рельс бойынша тельфермен қатты отынды жеткізу;
полигонды түптерден, шілті бұталардан, өсіп тұрған қабаттан бульдозермен, трактормен тазалау жұмыстарын басқару;
бензоараның көмегімен полигонды тазалау жұмыстарын орындау;
жүзетін құралдарды, көтергіш механизмдер мен басқа да қызмет көрсететін техниканы ұқыпты ұстау;
понтон бөлігінің қатуы мен мұздауы үшін материалдар мен құралдарды дайындау және беру;
агрегаттарды, тораптарды және драга алаңын ыстық сумен жуу, буландыру және мұздар мен жыныстардан тазалау;
көбікті генераторлық қондырғының көмегімен драга полигонын көбікпен жабу;
көбікті генераторлық қондырғыны монтаждауға және сынауға қатысу;
қарапайым бөлшектерді, бұйымдарды, тораптар мен басқа материалдарды әртүрлі ілмектермен ілмектеу және байланыстыру;
пойнттардың (бу инелер) көмегімен қатқан топырақтарды еріту;
қолмен тиеумен ұңғымаларды бу инелермен бұрғылау;
каретканы көшіру және шлангты бу құбырына қосу;
келіп түсетін буды қосу және реттеу;
ұңғыманы берілген тереңдікке дейін шламнан тазарту;
ернеулер дайындау, құбырлар мен батареяларды төсеу, оларды жыныстармен жабу;
пойнттарға қызмет көрсету;
будың шығуын жою;
пойнттардың жұмысын бақылау;
бутаратқыш аппаратуралардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою;
бу инесін қолмен алып тастау және оны үрлеп тазарту.
169. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың, механизмдердің, қондырғылардың, қолданылатын құрылғылар мен құралдардың құрылғысын;
жүзетін құралдарды, механизмдерді, қондырғыларды, жүк көтергіш жабдықтар мен басқа да техниканы, өлшегіш және бу таратқыш аппаратураны басқару ережесін;
полигонды қатып қалудан сақтандыру ережесін;
полигонды көбікпен жабу, агрегаттарды, тораптар мен драга алаңын буландыру және тазалау ережесін;
сұйық және қатты отынның негізгі қасиеттерін;
бугидроқұбыр магистралінің схемасын;
топырақты еріту жұмыстарын жүргізу туралы жалпы мәліметтер;
қатқан топырақтарды еріту және пойнттардың көмегімен ұңғыманы үңгілеу тәсілдерін;
жүктерді ілмектеу тәсілдерін білуге тиіс.
15-параграф. Алтын араласқан кен орындарыныңтау-кен жұмысшысы, 4-разряд
170. Жұмыс сипаттамасы:
драга полигонын дайындау кезінде мұзды мұз кескіш машинамен немесе бу кескішпен кесу;
полигонды маусымдық тонынан бу инелермен еріту;
бұрғы станогымен немесе дірілдеткішпен ұңғының немесе мұздаған топырақтың (қуысты алдын ала сүйменмен тесіп) кез-келген тереңдігіне бу магистралін орнату, қосу және бу инелерін батыру;
тау-кен жыныстарының жоғарғы қабаттарын еріту үшін бу инелерін көтеру;
оларды ерігеннен кейін шығару және көшіру;
мәңгі тоң тау-кен жыныстары бар драга полигондарын гидравликалық инелермен еріту;
гидро инелердің жұмысын тексеру;
бақылау құбырларының көрсеткіші бойынша судың келіп түсуін айқындау, ысырма мен манометрдің көмегімен құбырлардағы судың тегеуірінін реттеу;
сарқырама магистралінің дұрыстығын қадағалау;
бу және гидро инелердің бұзушылығын жою;
бұзылған бу және гидро инелерді ауыстыру;
топырақтың еру процесін механикалық және электрлік құрылғылары бар арнайы инелермен бақылау;
бақылау гидро инелерді топыраққа қолмен немесе арнайы жабдықталған қайықтармен батыру;
тығындалып қалған тесіктерді үрлеп тазалау әрі аршу және қатып қалған инелерді ағыс сумен немесе электр энергиясы мен су құбыры көздерінен жұмыс істейтін зондтармен еріту;
гидро инелерді топырақтан аспалы шығарушылармен, бұрғы станоктарымен және қолмен шар тәрізді штанга ұстағышпен шығару;
негізгі және қосалқы жабдықтардың, қолданылатын құралдардың, аппаратуралардың, аспаптардың, механизмдердің, құрылғылардың, жүзетін құралдардың жұмысын қадағалау және ұқыпты ұстау.
171. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың, жүк көтергіш механизмдердің, аппаратуралардың, аспаптардың, механизмдердің, жүзетін құралдардың және қолданылатын құрылғылардың, құралдардың құрылғысын;
драга жұмыстарын жүргізу негіздерін;
гидрожетекті магистральдің схемасын;
мұздаған топырақтарды еріту технологиясын;
алтын араласқан топырақ кен орындарының төселу жағдайын және сипаттамасын;
металл мен құрамында минералдар бар құмдарды бос жыныстардан айыру белгілерін;
драга полигондарын еріту және дайындау кезінде қолданылатын қызмет көрсететін жабдықтарды, механизмдерді, жүзетін құралдарды басқару және пайдалану ережесін білуге тиіс.
16-параграф. Гидромыс қондырғыларын цемент тектендіруші, 2-разряд
172. Жұмыс сипаттамасы:
гидромыс қондырғыларында мысты көміртектендіру процесін жүргізу;
науаларға судың келуін реттеу;
темір скрапты тиеу, қопсыту, жуу және тиеу;
мыстың тұну барысын және тұну сапасын қадағалау;
сынамаларды іріктеу;
тұнған мыстарды түсіру және тиеу;
зертханалық талдаулар бойынша тұнған мыстың сапасын бақылау;
тұндырғышты тазалау;
ағыстарды жою және науалардың ұсақ жөндеулері;
орталықтан тепкіш сорғыларды және шығырларды басқару және қызмет көрсету;
скрап шығыстарына және мыстың шығуына есеп жүргізу.
173. Мыналарды:
мысты көміртектендірудің негізгі технологиялық процестерін;
гидромыс қондырғылардың схемасын, құрылғысын және жұмыс қағидаттарын;
суды механикалық қоспалардан тазарту тәсілдерін;
сорғылардың, қол және электр шығырлардың құрылғысын және пайдалану ережесін білуге тиіс.
17-параграф. Қашауға май құюшы, 4-разряд
174. Жұмыс сипаттамасы:
қашауларға қашауға май құю станоктарында май құю;
қашауларды берілген технология бойынша термоөңдеу;
қашаулардың қызу температурасын олардың түсі бойынша айқындау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткішін қадағалау;
қашауға май құю станоктарына қызмет көрсету және оның жұмысындағы ұсақ бұзушылықтарды анықтау және жою.
175. Мыналарды:
ашауға май құю станогының құрылғысын;
қашауларға май құю және шыңдау технологиясын;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдарын және құрылғыларын пайдалану ережесін білуге тиіс.
18-параграф. Драга матросы, 1-разряд
176. Жұмыс сипаттамасы:
үйінді люкте, бөшкеде, қарпығыш астындағы металды ұстап қалушыда суландыру жүйесінің жұмысын қадағалау;
азық-түлікті, отынды, ауызсу құйылған ыдыстарды, қосалқы бөлшектерді, майлау және ысқылау және басқа да материалдарды қолмен тиеу, драгаға жеткізу және түсіру;
суды ыдыстан қазанға құю;
қайықтардың, құтқарғыш мүкәммалдың және драга механизмдерін қоршалу жағдайының дұрыстығын қадағалау;
қарпығыштарды көбіктен, жұмыс тастардан және ескі бекітпелерден тазалау;
понтон палубасын, қарпығыш рамаларды, стакерді, тұрмыстық тұрғын-жайларды тазалықта ұстау;
төменгі қарпығыш барабанның біліктің мойынтіректерін майлау;
жөндеу жұмыстарына және жаға кабельдерін, жаға роликтерін, борт және бас арқандарды көшіруге қатысу;
сигналдар қабылдау және беру.
177. Мыналарды:
драганың жұмыс қағидаттарын;
қайықты басқару ережесін;
понтондағы тесіктерді бітеуді немесе жоюды;
құтқарғыш құралдарды қолдану ережесін білуге тиіс.
19-параграф. Драга машинисі, 3-разряд
178. Жұмыс сипаттамасы:
сыйымдылығы 150 литрге дейін шөміші бар бу және электр драгаларының немесе сыйымдылығы 150 литрден 600 литрге дейін шөміші бар жоғарғы электр драгалары тораптарының жабдықтарына қызмет көрсету;
драга сорғылары мен қозғалтқыштарын қосу және тоқтату;
электр драгасындағы жылу тораптарының механизмдерін, бас жетекті, жоғарғы және төменгі барабан қарпығыштарына, үйінді люктеріне, полиспасталарға, рамалық жетектерге және қада ілгіштеріне, жоғарғы қада бағыттауыштарға, қарпығыш рама роликтеріне, бөшкенің беткі шетіндегі роликтерге, полиспаста роликтеріне, тістегершіктерге, корма мачтасындағы шығырларға, мачта кергіштеріне қызмет көрсету;
стакерлі рама ілмегінің, соңындағы эфель астауларының, жаға кабельдері мен байланыс желілерінің жағдайын, үйінді люкті қарпығыштарды тиеуді қадағалау;
қою және қатты орталықтандырылған майлау жұмыстарын қадағалау;
драга механизмдерін жөндеуге қатысу.
179. Мыналарды:
драганың қызмет көрсететін жабдықтарының құрылғысын және пайдалану ережесін;
драга механизмдерінің орталықтандырылған майлау жүйесін;
будың пайда болу процесін және оның қасиеттерін;
драганың тежегіш жүйесінің құрылғысын;
жетек белдіктерін тартуды реттеу тәсілдерін;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау, ескерту және жою тәсілдерін;
слесарьлық істі білуге тиіс.
20-параграф. Драга машинисі, 4-разряд
180. Жұмыс сипаттамасы:
сыйымдылығы 150 литрден 600 литрге дейін шөміші бар электр драгалар кормалық тораптарының немесе сыйымдылығы 600 литр және одан да артық шөміші бар жоғарғы электр драгалары тораптарының жабдықтарына қызмет көрсету;
стакерлік, тасымалдағыш, бөшкелік жетектерге, қолданылатын өлшеу мен автоматика құралдарына қызмет көрсету;
бөшкелердің, тасымалдағыштардың жұмысын, бөшке мен шлюздерге су беруді, галькалы және эфель үйінділерінің пайда болуын, үйінді жасағыштарды және эфель астауларын көтергіш шығырлардың жағдайын қадағалау;
үйінді люктерде, галька лотоктарында және тасымалдаушы таспаларда тау-кен массасының үйіндісін болдырмау;
қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.
181. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың, қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарының құрылғысын және пайдалану ережесін;
қызмет көрсететін механизмдердің орталықтандырылған майлау жүйесін;
кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығару мен байытудың технологиялық процесін;
үйінді жасау процесін;
тау-кен массасының үйіндісін жою тәсілдерін білуге тиіс.
21-параграф. Драга машинисі, 5-разряд
182. Жұмыс сипаттамасы:
сыйымдылығы 150 литрден 600 литрге дейін шөміші бар электр драгаларын немесе сыйымдылығы 600 литр және одан да артық шөміші бар жоғарғы электр драгалары тораптарының жабдықтарына қызмет көрсету;
драганың негізгі және қосалқы жабдықтарына, стакерлік және көліктік жетектерге, бөшкелер мен галька лотоктарына, драгаға орнатылған аспаптар мен аппаратураларға қызмет көрсету;
бөшке электр қозғалтқыштары мен тасымалдағыштарының қосқыш бақылаушыларын басқару;
автоматты қою майланған мойынтіректердің, бөшке жетектері мен роликтерінің, жетектер мен тасымалдағыш барабандарының қоректендіргіштеріне қызмет көрсету;
автоматты таспалы таразыларды басқару блогына, драганы басқару пультіне қызмет көрсету.
183. Мыналарды:
әртүрлі типтегі драгалар жабдықтарының және механизмдерінің құрылғысын;
қызмет көрсететін драга тораптарының автоматты қою майлау жүйесін;
электр техникасының негізін білуге тиіс.
22-параграф. Драга машинисі, 6-разряд
184. Жұмыс сипаттамасы:
сыйымдылығы 600 литр және одан да артық шөміші бар электр драгасы жабдықтарына қызмет көрсету;
рама көтергіш және маневрлі шығырларды, орталықтан тепкіш сорғыларды, қозғалтқыштарды, компрессорларды, төменгі қада бағыттағыштарды басқарудың автоматты жүйесіне қызмет көрсету;
понтонның техникалық жағдайын, ондағы су деңгейін және драга тұнбасын, қарпығыш рама, қада, полиспасталы ілгіштердің, палуба және жаға арқанды роликтердің, қарпығыш астындағы роликтердің, су және бу өткізгіш магистральдардың жағдайын қадағалау;
апаттық және палубалық тасымалдау сорғылардың, өртке қарсы және құтқарғыш керек-жарақтардың дұрыстығын қадағалау;
қыс кезінде - қарпығыш және стакерлі рамаларды, қабылдағыш сорғы жәшіктерді, понтонды, үйінді жасағыш рамаларды, төменгі қада бағыттағыштарды дер кезінде буландыруды қадағалау;
қазанды үрлеп тазалауға, драганы жөндеуге қатысу.
185. Мыналарды:
машиналар мен драга механизмдерінің, қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесінің, телемеханика мен байланыс құралдарының құрылғысын және пайдалану ережесін;
қыс кезінде драга механизмдерін буландыру тәсілдерін;
драга механизмдерінде мұздың пайда болуымен күресу тәсілдерін білуге тиіс.
186. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
23-параграф. Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторисі, 2-разряд
187. Жұмыс сипаттамасы:
өнімділігі тәулігіне 500 текше метрге дейін жуғыш аспаптар механизмдерін басқару;
құмды жуу және дезинтеграциялау;
құмды бульдозермен немесе скрепермен беру кезінде бункерге тиелуін, конвейер мен шлюздерге құмды бір қалыпты тиеуді, аспапқа судың келуін қадағалау;
шлюздерді кілемшелер (маттармен) және трафареттермен арматуралауға қатысу;
сигналдар қабылдау және беру;
шлюздер мен електердегі кептелімдерді жою;
жұмыр тастарды жою;
жуғыш аспап жұмысындағы бұзушылықтарды жою;
концентратты түсіруге, қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.
188. Мыналарды:
электр техникасы жөнінде негізгі мәліметтерді;
жуғыш аспаптардың, скруббер мен қосқыш аппаратуралардың жұмыс қағидаттарын;
конвейерлердің, стакерлердің, эфельді және саф ұстап қалғыш шлюздердің, қабылдағыш бункерлердің құрылғысын;
құмды жуу тәсілдерін;
материалдардың, электр энергиясының шығыс нормаларын;
слесарьлық істі білуге тиіс.
24-параграф. Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторисі, 3-разряд
189. Жұмыс сипаттамасы:
өнімділігі тәулігіне 500-ден артық және 1000 текше метрге дейінгі металды алу жөніндегі жуғыш аспаптар механизмдерін басқару;
құмды жуу және дезинтеграциялау;
астаулар мен люктердегі тау-кен массасының кептелімдерін жою;
металды алу жөніндегі жуғыш аппараттардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою, ас сайын техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуге қатысу.
190. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың: металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың, скруббердің, қосқыш аппаратуралардың, галькалы және эфельді люктердің, жұмыс тас құрағыштардың құрылғысын;
астаулар мен люктердегі тау-кен массасының кептелімдерін жою тәсілдерін білуге тиіс.
25-параграф. Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторисі, 4-разряд
191. Жұмыс сипаттамасы:
өнімділігі тәулігіне 1000 текше метрден жоғары металды алу жөніндегі жуғыш аспаптар механизмдерін басқару.
192. Мыналарды:
әртүрлі типтегі металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың, қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарының құрылғысын және пайдалану ережесін;
металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың жұмысындағы бұзушылықтардың туындау себептерін және оларды жою тәсілдерін;
электро слесарлық істібілуге тиіс.
193. Ескертпе.
жуғыш аспаптарды реттеу және баптау жөніндегі жұмыстарды орындау және біліктілігі төмен металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторшысының жұмысына басшылық еткен кезде тарифтендіру бір разрядқа жоғары жүргізіледі.
26-параграф. Сульфидті кенді байыту учаскесінің әмбебап операторы
194. Жұмыстың сипаттамасы:
концентраты бар қаптарды өлшеп орау және толтыру бойынша автоматты желіні пайдалану және қызмет көрсету;
теміржол вагондарында тиеу-түсіру жұмыстары;
концентраты бар қаптардың салмағын өлшеу;
сынамаларды химиялық талдауға дайындау;
тауар өнімінің толымды сынамаларын іріктеу;
түскен кеннің және тиелген дайын өнімнің салмағын есепке алу;
таңбаланған биг-бегтердің есебі және оларды вагонға тиеу кезінде орналастыру;
сынамаларды журналға тіркеу;
концентратты қаптап және үйінді түрінде тиеу үшін темір жол вагондарын тазарту және дайындау;
өндірістік нұсқаулықтың және "Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларының" барлық талаптарын сақтай отырып, жүк көтергіш құралдармен жабдықталған көпірлі кранды басқару;
арқан мен жүкқармағыш құрылғыдағы ақауларды көзбен қарап анықтау;
тиеу-жеткізу машинасын басқару, трактор тиегіштерін, вагон тиегіштерді және барлық арнайы жүкқармағыш механизмдер мен жүкті қатарластырып үйіндіге түсіру, тиеу, қою кезіндегі аспаптарды басқару;
жүк тиегішке техниалық қызмет көрсету және оның барлық механизмдерінің ағымдағы жөндеуі;
жүк тиегіш жұмысындағы ақауларды анықтау, алмалы жүкқармағыш аспаптар мен механизмдерді орнату және ауыстыру;
жүк көтергіштің, жүкқармағыш аспаптар мен механизмдерді жоспарлы-сақтандырмалық жөндеуін жүргізуге қатысу.
195. Мыналарды:
қаптарды өлшеп орау және толтыру бойынша автоматты желі құрылғысын;
оны реттеу және жұмысқа қабылдау ережелерін;
қаптама ыдыстың зақымдалуын бақылау әдістерін;
қарапайым тиеу-түсіру құралдарын пайдалану ережелерін;
концентратты қапта және үйінді түрінде темір жол вагондарына тиеу және қатарынан орналастыру кезіндегі жол берілетін габариттерді;
сынамаларды химиялық талдауға дайындау әдістерін;
қызмет көрсетілетін крандарды орнату, жұмыс істеу қағидаттары және пайдалану ережелерін;
кранның, арқанның және шынжырдың шекті жүк көтергіштігін;
сусыма, дара және басқа да ұқсас жүктерді тасымалдау ережелерін;
қозғалтқыштар мен бақылаушыларды іске қосу жүйесін;
ашалы жүк тиегіштер мен тиеу-жеткізу машиналарды орнату, техникалық сипаттамаларын, басқару жүйесін;
ақаулықтың себептері мен оларды жою әдістерін;
жүкті цех ішінде қайта өңдеудің технологиялық процесін білуге тиіс.
Көтеріп-тасымалдағыш машиналарды басқару кезінде:
қаптарды толтыру бойынша өнімділігі бір сағат ішіндегі 60 тоннаға дейінгі автоматты желіні басқару;
жүк көтергіштігі 3 тоннадан артық және 15 тоннағадейін көпірлі және шлюздік кранды басқару - 3-разряд;
қуаттылығы 73,5 киловатқа (100 ат күші) дейінгі трактор тиегіште жұмыс істеу кезінде - 4-разряд;
қуаттылығы 73,5 киловатқа (100 ат күші) дейінгі трактор тиегіште жұмыс істеу кезінде және бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа машиналар ретінде қолдана отырып, қуаттылығы 147 киловатқа (200 ат күшіге) дейінгі жүк тиегіште жұмыс істеу кезінде - 5-разряд;
қуаттылығы 147,2 киловаттан (200 ат күші) жоғары дизель қозғалтқышы бар тиеу-жеткізу машинасын басқару кезінде;
бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа машиналар ретінде қолдана отырып, қуаттылығы 147 киловаттан (200 ат күші) жоғары 200 киловатқа (250 ат күші) дейін жүк тиегіште жұмыс істеу кезінде - 6-разряд.
196. Қойылатын талаптар:
6-разрядты беру үшін техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім.
27-параграф. Тау-кен техникасының әмбебап операторы
197. Жұмыстың сипаттамасы:
пайдалы қазбалар кен орнын ашық тәсілмен өңдеу кезінде қолданылатын түрлі типтегі және мақсаттағы машиналар мен механизмдерді басқару;
жүкті тиеу және түсіру үшін автокөлікті шығару, тиелімді бақылау;
кенжарды тиянақтау;
тау-кен массасын тиеу;
тау-кен массасын кенқұдыққа және басқа көлік түрлеріне тасымалдау және тиеу;
кенжар топырағын және кенжар мен кенқұдыққа барар жерді тазрту;
жер қыртысын тазарту;
машинаны тексеріп шығу және майлау;
тежеуіш жүйесін, шиналардағы, баллондағы және гидравликалық жүйедегі қысымды тексеру;
дабыл жүйесін, жарықты тексеру;
алаңдарды жоспарлау, тас жолдарды, жолдарды төсеу, топырақ пен сусыма материалдарды тасымалдау, тау массасын қопсыту бойынша жұмыстар мен басқа да ұқсас жұмыстарды орындау;
карьерлерде, үйінділерде, қоймаларда жоспарлау жұмыстарын орындау;
қабатты, жиекті тазарту;
жынысты, топырақты тегістеу;
тасымалдау жолын тегістеу және тазарту;
аршу жұмыстарын жүргізу;
тау-кен массасын экскаватормен кенжарға алып келу;
кенжар етегін, күрделі құламаларды, еңістерді түзету;
жүкті тиеу, түсіру және тасымалдау;
үйінділерді айдау, қарды тазарту және аймақты тазалау;
топырақты қопсыту;
тау-кен массасы мен топырақты өңдеу, тау-кен массасын, топырақты карьер бортына немесе үйіндіге тасымалдау;
кенжарды, еңістің жоғарғы және астыңғы алаңын жоспарлау;
экскаваторды жұмыс процесінде жылжыту, жүріс механизмдерін реттеу;
дренажды арықты өңдеу;
кенжарды техникалық тұрғыдан дұрыс өңдеуді және экскаваторды тиімді қолдануды қамтамасыз ету;
топырақты қабаттап өңдеу;
тау массасын сұрып бойынша қазып алуды қамтамасыз ету;
пайдалы қазба мен жынысты автокөліктер мен бункерлерге тиеу;
жынысты өңделген кеңістікке және үйіндіге төгу;
кенжарды сұрыптап өңдеу;
экскаватор тас жолын тегістеу;
көлік құралдарын жыныстан тазарту;
қуатты кабельді жерге тұйықтауды және желіге қосуды тексеру;
экскаваторға жанармай және майлау материалдары мен су құю;
өлшеу құралдарының көрcеткіштерін, арқандардың беріктігін қадағалау;
ұңғымаларды бұрғылау және кеңейту кезінде түрлі бұрғылау білдектері мен қондырғыларды басқару;
бұрғылау жабдығын монтаждау, бөлшектеу, орнын ауыстыру, жұмысқа дайындау, орнату және реттеу;
оны орнату үшін алаңды жоспарлау және тазарту;
ұңғыманы бұрғылау жұмысы төлқұжатына сәйкес белгілеу;
бұрғылау процесін геологиялық жағдайларға, қиындықтардың туындауына, бұрғылау жабдығының жағдайына қарай басқару;
цементтеу, тампонаж, ұңғымаларды қаптама құбырлармен бекіту;
технологиялық регламентте және тәртіптік-технологиялық құжаттамада көзделген басқа жұмыстарды орындау;
түсіріп-көтеру жұмыстары, қарнақты ұзарту, құбырларды алу, осьтік күшті, аспаптың айналу жиілігін, жуатын сұйықтық, бұрғылаудың тиімді тәртібін қамтамасыз ететін ауа мөлшерін таңдау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;
ұңғылаудың тиімді жылдамдығын алу үшін бұрғылау процесінің параметрлерін реттеу;
қисықтықтың, ұңғымадағы апаттар мен қиындықтардың алдын алу және оны жою бойынша жұмыстарды орындау;
жуатын сұйықтық пен бітеуші қоспаларды дайындау;
жуатын сұйықтық параметрлерін бақылау;
ұңғымадағы жыныстың су бергіштігін қалпына келтіру, сүзгілер мен сукөтергіш құралдарды орнату;
бұрғыларды, қашаулар мен бұрғылау саптамасын орнату, оларды бұрғылау процесінде ауыстыру;
ұңғымаларды тазарту, жуу, желонкалау;
бұрғылау жабдығында орнатылған тығыздауыштарға, бұрғылау жабдығымен (білдек) бірге жұмыс істейтін жылжымалы тығыздауыштарға, отпен бұрғылау кезінде қолданылатын газбен жабдықталған қондырғыларға, сұйық оттегіне арналған ыдыстар мен басқа да көмекші жабдықтарға қызмет көрсету;
ұстау жұмыстары;
ұңғыма сағасын жабу;
қызмет көрсетілетін жабдық пен трактордың ақауларын анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу, қозғалтқыштарды, автоматтарды ауыстыру;
арнайы геофизикалық, гидрогеологиялық және басқа да зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аспаптар мен сағалы құрылғыларды дайындауға қатысу;
жою жұмыстарын жүргізу, қажеттілік болған жағдайда – кернді, бұрғылау шламын, тау-кен жыныстарының үлгілерін іріктеу және бұрғылау тұрғысынан жыныстың беріктік санатын анықтау;
бұрғылау жұмыстары аяқталған соң, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру;
матау және тиеу-түсіру жұмыстары;
бастапқы техникалық құжаттаманы жүргізу;
машинаға техникалық қызмет көрсету, оның жүйесі мен тораптарының жұмысын тексеру;
жанармай және майлау материалдарын құю;
қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдер жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
профилактикалық жөндеу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу.
198. Мыналарды:
қызмет көрсетілетін машиналардың, тіркелгіш жабдықтар мен құралдардың құрылғысы мен техникалық сипаттамаларын;
оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен ережелерді;
түрлі жағдайларда/ауа райында карьерлік техниканы пайдалану техникасының теориялық және техникалық білімін;
тау-кен массасын жүкті өзі түсіретін машинаға тиеу тәртібін;
қызмет көрсетілетін механизмдерде ақауларды жою тәсілдерін, тау-кен қазбаларының орналасқан жерін және оларда қозғалу ережелерін;
қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен құрылғысын;
тау-кен массасын тиеу, түсіру, тасымалдау ережелерін;
тау-кен жыныстарының негізгі ерекшеліктерін;
машинаның ұйғарынды түсу және көтерілу бұрыштарын;
жол-көлік машиналарымен орындалатын жұмыс түрлерін;
жолдар мен алаңдар салу кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын талаптарды;
ашық тау-кен және жол жұмыстарын жүргізу туралы негізгі мәліметтерді;
тау-кен жыныстарының ерекшеліктерін;
тау-кен массасы мен топырақты өңдеу ережелерін;
кенжарды өңдеу тәсілдерін;
пайдалы қазбаларды сұрыптар бойынша ажырату, далалы және ойлы-қырлы жерлерде жүру ережелерін;
терең кенжарларда топырақты қуатты экскаваторлармен өңдеу ерекшеліктерін;
ашық тау-кен жұмыстарын және учаскенің тау-кен геологиялық сипаттамасын (қимасын) жүргізу туралы негізгі мәліметтер;
көшкіндік құбылыстардың белгілерін;
өңделетін жыныстардың физикалық-механикалық ерекшеліктерімен пайдалы қазбалардың жыныстан айырмашылығын;
төбешіктерді өңдеу, кенжар желісін өңдеу және жүргізу ережелерін;
өңдеу жүйесі мен жағдайына қарай ұңғылаудың түрлі тәсілдерін қолдану әдістерін;
экскаваторды электр желісіне қосу ережелерін;
қолданылатын өлшеу құралдары мен автоматты құрылғылардың жұмыс істеу қағидаттары мен мақсатын;
ауыспалы аспалы жабдықпен жұмыс істеу ерекшеліктерін;
тау-кен массасы мен топырақты автокөліктер мен бункерлерге тиеу ережелерін;
бұрғылау және күш жабдығының мақсаты, құрылғысы, монтаждау, бөлшектеу және пайдалану ережелерін, олардың сипаттамаларын,
бұрғылау мұнарасы мен діңгегінің конструкциясын, оларды құрастыру және бөлшектеу ережелерін;
жақсы және қиын жағдайларда кернді іріктеумен және іріктеусіз ұңғымаларды бұрғылау және кеңейту ережелері мен тәсілдерін;
ұңғымаға геологиялық-техникалық нарядты;
бұрғылау-жару жұмыстары төлқұжатының мазмұнын және оны толтыру тәртібін;
ұңғыманы цементтеу, битумдау, селикаттау, тығындау және тоңазыту мақсатын;
жуатын сұйықтықтардың, тау-кен жыныстары мен күрделі инъекциялы ерітінділердің беріктігін төмендеткіштердің мақсатын, құрамын, дайындау және өңдеу тәсілдерін;
қолданылатын аспаптардың, құралдар мен материалдардың мақсатын, сипаттамасын, түрлерін;
бұрғыланатын тау-кен жыныстарының беріктігіне қарай бұрғылау жабдығына жанармай құю сапасына қойлатын талаптарды;
геологиялық жағдайларды, қиындықтардың туындауын ескере отырып, бұрғылау процесін басқару тәсілдерін;
техникалық ақаулар мен авариялардың туындау себептерін, олардың алдын алу және жою бойынша шараларды;
кернді іріктеу және сақтау нұсқаулығын, ұстау жұмыстарын орындау тәсілдерін;
геология, гидрогеология, тау-кен жұмыстарының, электр техникасының, гидравлика, пневматика негіздерін;
тау-кен қазбаларының атауы мен орналасқан жерін;
тау-кен жыныстарының жіктемесі мен ерекшеліктерін;
топырақтың құнарлығын қалпына келтіру әдістерін;
бастапқы техникалық құжаттаманы жүргізу ережелерін, оның нысандарын, энергетикалық желі құрылғысы мен схемасын және тоқтың кемуін болдырмау әдістерін;
матау жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен ережелерін;
машинаның механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарының жұмыс істеу қағидаттарын;
жол жүру ережелерін;
қызмет көрсетілетін машина көмегімен жұмыс жүргізу технологиясын;
жанармай және майлау материалдары мен электр қуатын жұмсау нормаларын;
май және жанармай маркалары мен ерекшеліктерін;
жұмыстардың, құрылыс материалдары мен элементтерінің сапасына қойылатын техникалық талаптарды;
электр техникасы, механика, гидравлика негіздерін білуге тиіс.
Карьерлік техниканы басқару кезінде:
10 тоннадан артық 40 тоннаға дейінгі жүк автокөлігін басқаруды;
қозғалтқыш қуаттылығы 147,2 киловатқа (200 ат күші) дейінгі бульдозерді басқаруды;
бұрғылау білдектерін басқаруды: ұңғыманы соққылы-айналымды түрде бұрғылайтын, қозғалтқыш қуаттылығы 150 киловатқа дейінгі өздігінен жүретін білдектермен, шұқылап бұрғылайтын, қозғалтқыш қуаттылығы 50 киловаттан бастап 100 киловатқа дейінгі өздігінен жүретін білдектермен бұрғылау;
жүк көтергіштігі 5 тоннадан жоғары немесе дизельді қозғалтқыш қуаттылығы 147,2 киловатқа (200 ат күші) дейінгі электр немесе пневматикалық жетегі бар тиеу-жеткізу машиналарын басқаруды;
ожау сыйымдылығы 0,4 бастап 2,5 текше метрге дейінгі бір ожаулы экскаваторды немесе ожау сыйымдылығы 2,0 текше метрден төмен ұзартылған жабдығы (тік күрек) бар экскаваторды басқаруды;
қозғалтқыш қуаттылығы 73,5 бастап 147,2 киловатқа (100-ден 200 ат күші) дейінгі автогрейдерді басқару - 5-разряд;
40 тоннадан асатын жүк автокөлігін басқару;
қозғалтқыш қуаттылығы 147,2 киловаттан бастап 279,7 киловатқа (200-ге дейінат күшінен) бастап 380 ат күшіне дейін) дейінгі бульдозерді басқару;
бұрғылау білдектерін басқару: ұңғыманы соққылы-айналымды түрде бұрғылайтын, қозғалтқыш қуаттылығы 150 киловат және одан да жоғары (немесе гидрожүйемен жабдықталған), өздігінен жүретін білдектермен, шұқылап бұрғылайтын, қозғалтқыш қуаттылығы 300 киловат және одан да жоғары өздігінен жүретін білдектермен бұрғылау;
дизельді қозғалтқыш қуаттылығы 147,2 киловаттан (200 ат күші) асатын тиеу-жеткізу машиналарын басқару;
ожау сыйымдылығы 2,5 бастап 4,6 текше метрге дейінгі бір ожаулы экскаваторды басқару;
қозғалтқыш қуаттылығы 147,2 киловаттан (200 ат күші) жоғары автогрейдерді басқару - 6-разряд;
қозғалтқыш қуаттылығы 279,7 бастап 366,0 киловатқа (380 ат күшіден бастап500 ат күші) дейінгі бульдозерді басқару;
ожау сыйымдылығы 4,6 бастап 10,0 текше метрге дейінгі бір ожаулы экскаваторды басқару - 7-разряд;
қозғалтқыш қуаттылығы 366,0 киловаттан (500 ат күші) жоғары бульдозерді басқару;
ожау сыйымдылығы 10,0 текше метрден бастап және одан да жоғары бір ожаулы экскаваторды басқару - 8-разряд.
199.6, 7, 8-разрядтарды беру үшін техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
28-параграф. Шағын литражды драгалардың пробуторшысы, 2-разряд
200. Жұмыс сипаттамасы:
металл ұстап қалғыш астауға су мен құмның келіп түсуін реттеу;
қарпығыштардан астауға келіп түсетін құм кесектерін қолмен жұмсарту;
трафареттердің астауға бекітілуін қадағалау;
астаудың лайлануын жою.
201. Мыналарды:
металл ұстап қалғыш астауда құрамында металл бар құмдарды жұмсарту және байыту процесін;
құмның және бос жыныстардың сыртқы белгілерін білуге тиіс.
29-параграф. Шлихтаушы, 2-разряд
202. Жұмыс сипаттамасы:
шлихтарды өңдеу; әртүрлі типтегі сеператорлар мен амальгаматорлардың жұмысын реттеу;
шлихтарды тиеу және түсіру;
амальгаманы жуу;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
203. Мыналарды:
қызмет көрсететін сепараторлар мен амальгаматорлардың жұмыс қағидаттарын;
шлих алтынын өңдеу тәсілдерін;
асыл металдардың негізгі айырмашылық белгілерін;
алтынның, күмістің, платинаның және басқа да сирек металдардың физикалық қасиеттерін білуге тиіс.
30-параграф. Шлюздеуші, 2-разряд
204. Жұмыс сипаттамасы:
шлюздердің, кіші шлюздердің жұмысын;
гидроұстағыштарды (қалталарды) тау-кен массасын жууын қадағалау;
шлюздердің, пульпалардың көлбеуін, шлюздер мен гидроұстағыштардағы судың берілуін реттеу;
түк жабындарды (маттарды) және шлюздерге арналған трафареттерді түсіру, тазалау және төсеу;
шлюздерден, кіші шлюздерден бөгде заттарды жою;
шлюздер мен кіші шлюздердің лайлануын жібермеу, сондай-ақ шеткі үйінділерден шлюздерге пульпа ағынының тірелуін болдырмау;
гидроұстағыш шлюздерден концентратты түсіру (алу) және оның өңдейтін жерге көшіру;
жыралар мен эфель үйінділерінің разрез борттарының маңынан өрмелі қоршаулар орнату;
шлюздердің гидроқондырғыларының жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
205. Мыналарды:
асыл металлдар мен концентраттарды ұстап қалудың гравитациялық әдістерін;
шлюздердің, гидроұстағыштардың, кіші шлюздердің жұмыс қағидаттарын және оларды пайдалану ережесін;
түк жабындар мен трафареттердің міндеттерін;
трафареттер мен түк жабындарды шаю тәртібін;
шлюздерді трафареттермен төсеу әдістерін білуге тиіс.
5-тарау. Кендерді агломерациялау жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Агломератшы, 3-разряд
206. Жұмыс сипаттамасы:
агломерациялық және күйдіру машиналарының арбаларының, газ соратын вакуум-камералардың, ағыстардың, төсем қоректендіргіштер мен шихталардың жағдайын қадағалау;
күйежентектеу немесе күйдіру арбасының әк ерітіндісін жағу;
айналмалы тоңазытқышқа, желдеткіштерге, май станцияларына қызмет көрсету;
тоңазытқыштан күйежентекті бір қалыпты түсірілуін қамтамасыз ету;
қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге дайындау;
агломерациялық және күйдіру машиналарының астын тазалау тракттарына, ластанған газ коллекторларына, машиналарға ыстық қайтарым беру тракттарына қызмет көрсету;
құрастырғыш коллекторды шаңнан тазалау үшін шнек электр қозғалтқыштарын және қалақша қақпағын қосу;
агломерациялық және күйдіру машиналары тоқтаған кезде аспирациялы ауа өткізгіштерді, бункер шашындыларын, газ сорғыш вакуум-камераларды, коллекторларды, мультициклондарды (роторларды), эксгаустер улиттарын, шығару құбырларын тазарту;
ағыстар торында ыстық агломераттың ірі кесектерін бөлшектеу;
күйежентек тор тостағаннан агломератты түсіру;
агломератты оттық пен ағыстардан бөлу;
қосалқы оттықтарды тасуға және тозғандарын тазалауға қатысу;
шихта, агломерат, шекемтастар сынамаларын іріктеу; агломерат пен шекемтастарды күйік исінен сұрыптау, коксты жеткізу;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.
207. Мыналарды:
агломерациялық және күйдіру машиналарының жұмыс қағидаттарын; агломерациялық және күйдіру машиналарының, сырма шығырлардың астын тазалау механизмдердің құрылғыларын және техникалық пайдалану ережесін;
шихта, агломерат, шекемтастар сынамаларын іріктеу ережесін;
слесарлық істің негіздерін;
қызмет көрсететін жабдықтардың бұзылу себептерін және оны жою тәсілдерін;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, блоктаудың құрылғысын;
майлау материалдарының түрлерін және қолдану ережесін білуге тиіс.
2-параграф. Агломератшы, 4-разряд
208. Жұмыс сипаттамасы:
шихталарды жентектеу (кендерді агломерациялау) және шекемтастарды күйдіру технологиялық процесіне қатысу;
жоғары білікті агломератшының басшылығымен алюминий тотығын өндіру процесінде шихтаны жентектеудің технологиялық процесін жүргізу;
төсемдер қоректендіргіштері мен шихталарға, шихтаны маятникті таратушыларға, сөндіргіш барабандарға, тасымалдағыштарға, шнек қоректендіргіштерге, шихта араластырғыштарға, діріл құбырларына және басқа да агломерациялық машиналары мен күйдіру таспа машиналарына қызмет көрсету;
сөндіргіш барабандарды айналма материалдармен бір қалыпты қоректендіруді қамтамасыз ету;
жентектеу және күйдіру арбаларына материалдардың және қайтарымды (агломерат пен шекемтас) салқындату үшін судың берілуін реттеу;
шихталар мен қайтарымды ылғалдандырудың сапасын және дәрежесін айқындау;
агломерат пен шекемтасты бункерге тастауды және бункерлерден жентектеу және күйдіру өнімдерінің шығарылуын қадағалау;
құйғыштардағы, сіңдіргіштер мен тасымалдағыштардағы кептелімдерді жою;
газ жүрістерін тазалау;
жентектеу және күйдіру арбаларының қозғалысын бағыттайтын тозаңұстағыш құрылғылардың, оталдырғыш ошақтардың, отын жандырғыш құрылғылардың жұмысын қадағалау;
агломерациялық және күйдіру машиналарына отын беру және оттықтарды тазалау механизмінің жүйесіне қызмет көрсету;
отын жандырғыш құрылғыларды қыздыру және реттеу;
шихталарды торкөзді агломерациялық тостағандарында жағу;
шихталар дайындау, ылғалдандыру, оларды шеңберлі жентектеу агломерациялық машиналарға беру және тиеу, қазандарды қыздыру және үрлеп тазалау;
қазандарға, торкөзді агломерациялық тостағандарының жұмыс алаңына және тостағандар астындағы алаңға қызмет көрсету;
оттықтарды, жентектеу және күйдіру арбаларын ауыстыруға қатысу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
209. Мыналарды:
агломерат және шекемтас өндірісінің технологиялық процесінің негіздерін;
агломерациялық және күйдіру машиналарының құрылғысын;
шихталар мен оның құраушыларының құрамын және негізгі қасиеттерін;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою;
агломерациялық тостағандарын, агломерациялық және күйдіру таспалы машиналарды тиеу, агломерациялық тостағандарына отын құю және оталдыру ережесін;
агломерациялық және күйдіру машиналарын газбен жабдықтау тәсімін;
слесарлық істі білуге тиіс.
3-параграф. Агломератшы, 5-разряд
210. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті агломератшының басшылығымен шихтаны таспалы, шеңберлі, вакуумды және басқада агломерациялық машиналарда жентектеу, шекемтастарды күйдіру машиналарында күйдіру процесін жүргізу;
алюминий тотығы өндірісінде шихталарды жентектеу процесін жүргізу;
пешке шихта тиеуді, жентектеу сапасын, кетіп жатқан газдарды, пештің, тоңазытқыштың жұмысын қадағалау және бақылау;
көмір тозаңы жүйесінің, тозаңның қайта келуі және тағы басқа жұмыстарды реттеу;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге дайындау және жабдықтарды жөндеуден қабылдау;
шихта қабатының қалыңдығын, ылғалдылығын, оны таспаға таратудың бір қалыптылығын, жентектеу және күйдіру арбалары қозғалысының жылдамдығын, агломерат пен шекемтастардың ылғалдануын, оталдыру камерасының температурасын, салқындатқыш судың циркуляциясын қадағалау және бақылау;
келіп түсетін материалдардың, газдың сапасын айқындау;
температуралық және ауадағы газ режимдерінің процесін талдаулардың деректері мен бақылау-өлшеу аспаптары бойынша бақылау;
жылытқыш агрегаттарға және құйылу жүйесіне қызмет көрсету;
жентектеу және күйдіру арбаларын, оттықтарды ауыстыру;
қызмет көрсететін жабдықты алдын ала тексеру, жабдық жұмысы көрсеткіштерінің журналын жүргізу.
211. Мыналарды:
агломерат пен шекемтас өндірісінің технологиялық процесін;
әртүрлі типтегі агломерациялық және күйдіру машиналарының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін;
шихтаның, агломераттың, шекемтастың, газдардың физикалық-химиялық қасиеттерін және оның технология үшін маңыздылығын;
материалдар қозғалысының схемасын және оларды дайындаудың техникалық шарттарын;
технологиялық режимнің бұзылу себептерін және жою тәсілдерін білуге тиіс.
4-параграф. Агломератшы, 6-разряд
212. Жұмыс сипаттамасы:
шихтаны жентектеу және шекемтасты күйдіру процесін жүргізу;
қайтарылған тозаңды қайта бөлу және газ тазалау жабдықтарының жұмысын бақылау;
шихтаның құрамдас бөлігінің дұрыс қатынасын бақылау және оның құрамын түзету;
жану процесінің режимін, камераларда, тартымды сиретуді, отынды, шихтаны беруді, шихтаны ылғалдау дәрежесін, оның қалыңдық биіктігін және қозғалыс жылдамдығын реттеу;
шихталау материалдардың сапасына қарай жентектеу және күйдіру режимін өзгерту;
жентектеу немесе күйдіру бөлімшесі жабдығының жұмысын бақылау;
қызмет көрсетілетін жабдықтарға бақылау-техникалық тексеру жүргізу, жабдықтарды жөндеуден қабылдау.
213. Мыналарды:
әртүрлі типті агломерациялық және күйдіру машиналардың конструктивтік ерекшеліктерін;
жентектеудің химиялық процесінің маңыздылығын, технологиялық режимнің бұзылу себептерін және жою тәсілдерін;
жентектеу мен күйдіруге келіп түсетін шихталарға қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын білуге тиіс.
5-параграф. Түйіршіктегіш машинаны баптаушы, 5-разряд
214. Жұмыс сипаттамасы:
түйіршіктегіш машинаны баптау немесе түйіршіктеудің жеке технологиялық процесін жүргізу;
қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарының жұмысын бақылау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны бақылау-техникалық тексеруге және ағымдағы жөндеуге қатысу.
215. Мыналарды:
барлық типтегі түйіршіктегіш машиналардың, қызмет көрсетілетін механикалық және электрлік жабдықтардың, қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін;
қызмет көрсететін жабдықтарды баптау және түйіршіктеудің жеке технологиялық процесін жүргізу тәсілдерін білуге тиіс.
6-параграф. Елекші-көсеуші, 2-разряд
216. Жұмыс сипаттамасы:
електерде елеу процесін жүргізу;
механикаландырылмай, беру кезінде мыс күйдіруші пештердің електеріне мысты үю;
електерге материалдардың бір қалыпты келіп түсуін қадағалау;
габаритті емес буттарды електерге тиеп, қолмен бөлшектеу;
өнімнің торкөз үстінен және астынан өтуін және елек бөлшектерінің дұрыстығын қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
217. Мыналарды:
електеу технологиясын;
електердің негізгі типтерінің жұмыс қағидаттарын;
кендер мен бос жыныстардың физикалық-химиялық қасиеттерін;
елек өнімдерінің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын білуге тиіс.
Ыстық теміркендердің шекемтастарды, ыстық агломераттарды, ыстық қайтарымдарды, ыстық кендерді електеу процесін жүргізу кезінде - 3-разряд.
7-параграф. Агломерация мен күйдіру жұмысындағы көрікші, 4-разряд
218. Жұмыс сипаттамасы:
көріктерге, тоңазытқыштарға, газ жанарғыларына, газ құбырлары мен газ жабдықтарына, желдеткіштерге, ауа беретін тракттарға қызмет көрсету;
жанарғыларды қыздыру, кокс ұсақтарын жағу, көріктегі газ бен ауаның қатынасын реттеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша көріктің температуралық және ауадағы газ режимді бақылау;
көрік пен күл салғышты қождардан тазарту;
алдын алу тексеру жүргізу, қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жөндеуге қатысу.
219. Мыналарды:
агломерат пен шекемтас өндірісінің негізгі технологиялық процесін;
көріктің, қосалқы жабдықтардың құрылғысын;
жұмыс қағидаттарын және техникалық пайдалану ережесін;
слесарлық істі білуге тиіс.
8-параграф. Араластырғыш машинисі, 2-разряд
220. Жұмыс сипаттамасы:
араластырғыштар мен сорғылардың жұмысын қадағалау;
шлам, су және ауаөткізгіш жұмыстарды реттеу;
араластырғыштарды шламмен толтыру, оны механикалық құрылғылармен және ауаның көмегімен араластыру;
шламдарды шлам бассейндеріне айдау немесе оны пеш қоректендіргіштеріне беру;
араластырғыштар мен сорғыларды қосу және тоқтату;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;
жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау және жою, майлау, бақылау-техникалық тексеруге және қызмет көрсетілетін механизмдер мен жабдықтарды жөндеуге қатысу;
қызмет көрсететін механизмдер мен жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдау.
221. Мыналарды:
қызмет көрсететін механизмдер мен жабдықтардың, қолданылатын қосқыш және бақылау-өлшеу аппаратураның жұмыс қағидаттарын;
қоқыс, су және ауаөткізгіштердің схемасын;
қолданылатын майлардың сорттарын;
слесарлық істің негіздерін білуге тиіс
9-параграф. Араластырғыш барабанның машинисі, 2-разряд
222. Жұмыс сипаттамасы:
сомалық өнімділігі бір сағат ішіндегі 40 тоннаға дейін араластырғыш барабандарда шихталарды араластыру процесін жүргізу;
араластырғыш барабандарға шихта құрауыштарын тоқтаусыз және бірқалыпты тиелуін және түсірілуін, араластыру сапасын және шихта ылғалдылығын қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
223. Мыналарды:
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, жұмыс қағидаттарын және техникалық пайдалану ережесін;
араластыру шихтасының сапасына қойылатын талаптарды және оның ылғалдылығын;
араластыру процесін реттеу тәсілдерін;
араластырғыш барабандарға шихта құрауыштарын тиеудің талдамалық айқындаудың тәсілдерін;
слесарлық істің негіздерінбілуге тиіс.
Жиынтық өнімділігі сағатына 40-тан 125 тоннаға дейінгі араластырғыш барабандарда шихталарды араластыру процесін жүргізу кезінде - 3-разряд;
Жиынтық өнімділігі сағатына 125 тоннадан артық араластырғыш барабандарда шихталарды араластыру процесін жүргізу кезінде - 4-разряд.
10-параграф. Ауыспалы науаның машинисі, 2-разряд
224. Жұмыс сипаттамасы:
ыстық агломератты вагондарға тиеу кезінде ауыспалы науаны басқару;
қызмет көрсетілетін механизмдерді қосу және тоқтату;
сыртқы белгілері бойынша агломераттың сапасын айқындау;
кондициялық емес өнім келіп түскен жағдайда сигнал беру;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
225. Мыналарды:
ауыспалы науаның, тельферлердің құрылғысын және жұмыс қағидаттарын;
ыстық агломераттарды тиеудің ережесін;
агломераттың физикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарды;
слесарлық істің негіздерін білуге тиіс.
11-параграф. Салқындатқыш машинисі, 2-разряд
226. Жұмыс сипаттамасы:
Жиынтық өнімділігі сағатына 200 тонна тостағанды және тура сызықты салқындатқыштарда агломерат пен қайтарымды салқындату процесін жүргізу;
салқындатқышқа агломерат пен суды тиеуді реттеу;
агломерат пен қайтарымды салқындатуға судың берілуін реттеу;
мойынтіректердің, пластиналық және таспалы конвейерлердің жұмысын, түсіргіш аяқтардың, салқындатқыш жетектердің жағдайын, салқындатқыштардың тізбектері мен төсемдерінің және апатты ескерту құралдарының жағдайын қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
227. Мыналарды:
салқындатқыш және басқа да жабдықтардың құрылғысын, жұмыс қағидаттарын және техникалық пайдалану ережесін;
қызмет көрсетілетін салқындатқыштардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін;
слесарлық істің негіздерінбілуге тиіс.
Жиынтық өнімділігі сағатына 200-ден 400 тоннаға дейінгі тостағанды және тура сызықты салқындатқыштарда және барабанды салқындатқыштарда агломератты салқындату процесін жүргізу кезінде - 3-разряд;
Жиынтық өнімділігі сағатына 400 тоннадан жоғары тостағанды және тура сызықты салқындатқыштарда агломератты салқындату процесін жүргізу кезінде - 4-разряд.
12-параграф. Түйiршіктегіш машинисi, 4-разряд
228. Жұмыс сипаттамасы:
тостағанды, барабанды және басқа типті түйіршіктегіште шихтаны, концентраттарды түйіршіктеу процесін жүргізу;
түйіршіктегіштерді қосу және тоқтату;
шихталар мен байланыстырғыш материалдарды түйіршіктегішке беруді реттеу және шикі шекемтастарды тиеу;
шикі шекемтастардың сапасын бақылау;
тазалау, майлау және қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
229. Мыналарды:
шихтаны түйіршіктеудің технологиялық процесін;
тостағанды, барабанды және басқа типті түйіршіктегіштердің құрылғысын және жұмыс қағидаттарын;
түйіршіктеу бөлімшесінің коммуникация жүйесін;
блоктау жүйесін;
шикі шекемтастардың сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын;
слесарьлық істі білуге тиіс.
13-параграф. Түйiршіктегіш машинисi, 5-разряд
230. Жұмыс сипаттамасы:
түйіршіктегіштердің бірнеше секцияларында шихталарды, концентраттарды түйіршіктеудің технологиялық процесін жүргізу;
шикі шекемтастардың сапасын, шихта, концентрат құрамдас бөлігінің дұрыс арақатынасын бақылау, түйіршіктегіште тұрақты жүктемені ұстау;
түйіршіктегіштің мөлшерлеу және күйдіру жабдықтарымен келісілген жұмысын қамтамасыз ету;
химиялық талдаулар мен сынаулар негізінде шекемтасты опалау үшін қатты отының санын бақылау;
қоректендіргіштердің, електердің, тазартқыш құрылғылардың жағдайын қадағалау;
түйіршіктегіштерді бақылау-техникалық тексеруге, жөндеуге және жөндеуден қабылдауға қатысу.
229. Мыналарды:
шихта дайындаудың, шекемтастарды түйіршіктеу мен күйдірудің технологиялық процесін;
түйіршіктегіштерді, қоректендіргіштерді, қолданылатын өлшеу және автоматика құралдарын техникалық пайдалану ережесін білуге тиіс.
14-параграф. Шекемтасты опалғыш машинисі, 3-разряд
232. Жұмыс сипаттамасы:
шикі шекемтастарды көмір тозаңымен опалау процесін жүргізу;
шекемтасты опалағышты қосу және тоқтату;
көмір тозаңын шекемтас опалағышқа бір қалыпты берілуін қадағалау;
электр қозғалтқыштардың айналым санын өзгерту жолымен шикі шекемтастарға көмір тозаңын жағу қабатының қалыңдығын реттеу;
механизмдерді тазалау және майлау, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
233. Мыналарды:
көмір тозаңын шекемтастарға жағу технологиясын;
шекемтастарды опалағыштардың құрылғысын, жұмыс қағидаттарын және техникалық пайдалану ережесін;
көмір тозаңының химиялық және физикалық қасиеттерін білуге тиіс.
15-параграф. Ыстық қайтарымды мөлшерлеуші, 4-разряд
234. Жұмыс сипаттамасы:
ыстық қайтарымды мөлшерлеу процесін жүргізу;
шаң-тозаңды сорып алу үшін сөндіру, қоректендіру және желдеткіш барабандарын қосу және тоқтату;
қайтарымды суыту үшін белгіленген температураға дейін суды мөлшерлеу;
електік талдау сынамаларын іріктеуді қадағалау;
ыстық қайтарымды мөлшерлеу жолымен шихталарды қыздыру;
тасымалдағыш таспада ыстық қайтарымды бірқалыпты тарату;
жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау және жою, қызмет көрсететін жабдықты бақылау-техникалық тексеруге және жөндеуге қатысу.
235. Мыналарды:
агломерат пен шекемтас өндірісінің негізгі технологиялық процестерін;
ыстық қайтарымды мөлшерлеу және шихталау процесін;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын;
майлайтын материалдардың сорттары мен қасиеттерін;
слесарлық істі білуге тиіс.
16-параграф. Құдықпештер мен пештерді тиеуші-түсіруші, 2-разряд
236. Жұмыс сипаттамасы:
жүргізілетін процестің технологиясына сәйкес шикізат пен отынның арақатынасын сақтай отырып, пешке немесе құдық пешке шикізатты тиеу;
шикізат пен отын тиелген вагонеткаларды кілеттерден тасу, оларды тиегіш қондырғыларға жылжыту;
құдықпештер мен пештерді түсіру;
шихта құрамындағы өзгерісті дер кезінде айқындау;
қоректендіргіш және тиегіш құрылғыларды қадағалау және олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою;
тиелген вагонеткаларды бақылап өлшеуге тасу.
237. Мыналарды:
пештер мен құдықпештердің жұмыс қағидаттарын;
тиегіш және қоректендіргіш құрылғылар мен шығырлардың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын;
пештер мен құдықпештерді тиеу және түсіру;
артылатын шикізат пен отынның мөлшерлемесін;
шикізат пен отынның сорттары мен қасиеттерін білуге тиіс.
17-параграф. Ыстық агломератты түсіруші, 3-разряд
238. Жұмыс сипаттамасы:
теміржол вагондарға, аглохопперлерге және басқа ыдыстарға ыстық агломераттар мен ыстық шекемтастарды тиеу кезінде науа қақпақтарын басқару;
тиелген вагондардың қозғалысы кезінде шығырлар мен итергіштерді басқару;
тасымалдағыш ыдыстарға ыстық агломераттар мен шекемтастарды бір қалыпты және дұрыс тиелуін қадағалау;
вагондарды, аглохопперлер мен басқа да ыдыстарды толтыру кезінде бір жолдан екінші жолға ауыспалы науаны ауыстырып қосу;
агломерациялық және күйдіру машиналарының артындағы науаларды және жиек ағыстарын тазалау;
агломерат пен шекемтас тиеу кезінде вагондар қозғалысы жөнінде белгі беру;
теміржолдарды, ағынды жыраларды, жұмыс алаңын шашылған агломерат пен шекемтастан тазалау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
239. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын, жұмыс қағидаттарын;
ыстық агломерат пен шекемтасты тасымалдағыш ыдыстарға тиеу ережесін;
агломерат пен күйдірілген шекемтас сапасына қойылатын талаптарды білуге тиіс.
6-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің көмір және сланец өндіру, көмір және сланец шахталары мен разрездерінің құрылысы жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Көмір байыту аппаратшысы
240. Жұмыс сипаттамасы:
көмірді (сланецті) байытудың технологиялық процестерін: бөлу, флотациялау, сепарациялауды бөлу, флотациялау машиналарында, сепараторларда, жуу комбайндары мен науаларда, концентрациялау үстелдерінде, байыту циклондарында қашықтықтан немесе қолмен басқару режимінде жүргізу;
қиыршықты көмір ұнтағын аэрофонтандаушы және ортадан тепкіш сепараторларда сепарациялау;
қатардағы көмір мен байыту өнімдерін, айналма су мен суспензияны техникалық және экспресс-талдау деректері бойынша бақылау және реттеу;
қатардағы көмір мен байыту өнімдерінің іріктелген сынамаларының қабатпен бөлінуі экспресс-талдауын жүргізу;
байыту жабдығына, қоректендіргіштерге, дозалаушы құрылғылар мен реагент құбырларға қызмет көрсету;
жабдықтар мен автоматты бақылау және реттеу жүйелерін қосу және тоқтату, бекітілген технологиялық нұсқаулыққа сәйкес олардың жұмысын кезеңдеп бақылау;
қызмет көрсететін жабдықтардың, машиналардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.
241. Мыналарды:
бөлу, флотациялау жабдықтарының, сепараторлардың, көмір жуу комбайндары мен науалардың, концентрациялау үстелдерінің, електердің және қосалқы жабдықтардың құрылымын, конструктивтік ерекшеліктерін, техникалық сипаттамасын және жұмыс режимін;
көмірді (сланецті) байыту технологиясын, қиыршықты көмір ұнтағы өндірісін;
байыту жабдығы тізбегінің схемасын;
көмірді байыту машиналарында бөлу, қабаттап бөлу принципін;
көмір сыныптамасы мен байытылуын;
көмір мен байыту өнімдерінің, шламның жылжу сызбасын;
механизмдерді басқару тәртібін;
сақтандыру және тежегіш құрылғылары мен бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс принципін;
бастапқы көмір (сланец) бойынша үлестік жүктемесін;
соңғы байыту өнімдері шығымының өндірістік нормалары мен олардың сапасына қойылатын талаптарды;
реагенттердің қасиеттерін;
реагенттерді сақтау және олармен жұмыс ережесін;
көмірлі (сланецті) шламдарды флотациямен байыту процесінің физикалық-химиялық негіздерін;
байыту өнімдері сынамасын іріктеу, бөлу жөніндегі нұсқаулықты;
автоматты бақылау және реттеу жүйесінің жұмыс принципін, ерекшеліктері мен оларды қосу және тоқтату тәсілдерін;
технологиялық процестің өтуін автоматты бақылау, химиялық талдау және реттеуіштер белгілемесіне түзету енгізу арқылы бағалау әдістерін;
технологиялық процесті қашықтықтан және қолмен басқару режимінде жүргізу ерекшеліктерін;
майлау жүйесін және майлау материалдарына қойылатын талаптарды;
қызмет көрсететін механизмдер мен машиналардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін;
электр слесарь ісін білуге тиіс.
Магнитті сепараторларға қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;
концентрациялау қызметін көрсету кезінде - 3-разряд;
жуу науаларына, байыту циклондарына, бөлу машинасына, үш флотациялау машинасына, аэрофонтандаушы және ортадан тепкіш сепаратарлауға дейін қызмет көрсету кезінде бір - 4-разряд;
екі немесе үш бөлу машинасына, үшеуден артық флотациялау машинасын, сондай-ақ көмір жуу комбайндарына, сондай-ақ көмір жуу комбайндарына, ауыр орталы сепараторларға, пневматикалық сепараторлар мен машиналарға, элеватор доңғалақты сепараторларға, ауыр орталы үш өнімді кешендерге қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.
2-параграф. Көмір қабылдауды бақылаушы, 2-разряд
242. Жұмыс сипаттамасы:
келетін вагондардағы көмірді бақылау, таңбалау;
көмірді түсіру үшін қабылдау шұңқырларын немесе қоймаларды дайындау;
вагондарды көмірлерімен шахта топтары бойынша сұрыптау;
қоймадағы көмірдің біркелкіленуін вагондардан түсіруді, көмірдің жаңа маркасын түсіру алдында шұңқырлардың немесе шахта топтарының жақсылап тазалануын қадағалау.
243. Мыналарды:
көмірдің маркасы мен топтарын;
шихта құрамын;
көмірді шихталау тәсілдерін;
түсіру алдында вагондардың тұрып қалу нормаларын білуге тиіс.
3-параграф. Тау-кен қазбаларын жөндеу жөніндегі кен жұмысшысы, 2-разряд
244. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен қазбаларында уақытша рельс жолдарын салу;
рельс жолдары секцияларын алу немесе көтеру;
кен қазбасын қолмен немесе механикаландырылған құралдың көмегімен жұмыстау;
жекелеген шпалдар мен рельстерді ауыстыру;
шпалдарды балластпен жабу немесе себелеу;
суағар арналарды жасау немесе қалпына келтіру;
стрелка бұрмаларының, тұйық қималар мен тақталардың, бұрылу айналмасының, крестовиналардың жекелеген бөлшектерін ауыстыра отырып бөлшектеу, тазалау, жөндеу;
жол салынған жерге балласт себу;
рельстерді: пресспен түзеу, ұштарын кесу, тесу;
шпалдарды, рельстерді, брустарды, костыльдерді, планкаларды, қажетті материалдар мен құралдарды тасымалдау;
қызмет көрсететін учаскедегі жолдың жай-күйін аралап көру және тексеру;
болт қосындыларын тарту, костыльдерді қатайтып қағу, жолды шаблонмен тексеру;
жөнделетін жол учаскесінде, қозғалысқа қауіпті жерлерде қоршаулар мен сақтандыру белгілерін орнату;
жол белгілерін жөндеу;
жолды және суағар арнаны бөгде заттардан тазарту;
кен бүйірлері мен шатырын тарту;
жыныстарды жинау;
бекітпе артындағы қуысты толтыру;
жыныс тиелген вагонеткаларды әкету және бостарын жақындату;
аралыққа кесінді әзірлеу;
аралықтың барлық түрлерін тұрғызу және жөндеу;
қазбаны кеңейтпей өлшеу стансаларын, кроссингтерді орнату және жөндеу;
желдеткіш есіктерін, ағаш щиттерді, төсемдерді, сланецті жаппаларды, траптарды, полкаларды, люктерді, баспалдақтар еңіс бұрышы 45 градусқа дейінгі жүру бөлімшелерінде саты қанаттарын дайындау, орнату және жөндеу;
біліктілігі анағұрлым жоғары кенжұмысшының басшылығымен жұмыс орындау.
245. Мыналарды:
уақытша рельс жолдарын салуға және жөндеуге, стрелка бұрмаларын, тұйық қималар мен тақталарды, бұрылу айналмасын салуға қойылатын техникалық талаптарды;
рельс жолдарының табанын тексеруге арналған шаблонның құрылымын және оны пайдалану ережесін;
шахта көлігіндегі сигнализация жүйесін және жол сигналдары мен белгілерін орнату ережесін; жол балластына қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
рельстің, стрелка бұрмаларының, тұйық қималардың, шпалдардың және тағы басқа түрлерін;
шахта бекітпесінің негізгі түрлерін;
қуыс артын бітеудің және тартпа элементтерді орнатудың тәртібі мен ережесін;
кабель және контакт желісімен жұмыс ережесін;
суағар арналары түрлерін, жүргізу және бекіту тәсілдерін;
желдеткіш аралықтарының, есіктерінің, сланец жаппаларының, кроссингтердің құрылым түрлері мен нысанын;
кен қазбалары жүру бөлімшелерін жабдықтау ережесін білуге тиіс.
4-параграф. Тау-кен қазбаларын жөндеу жөніндегі кен жұмысшысы, 3-разряд
246. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен қазбаларында тұрақты рельс жолдарын шаблондар мен ватерпасты қолдана отырып белгіленген профиль бойынша салу;
кен қазбаларындағы жол жабынын көлік құралдары мен қазба габариттеріне қарай бағдарлау;
балластты жоспарлау;
шпалдарды, брустарды төсеу;
рельстерді жымдастыру;
рельс жолдары секцияларын планкалар мен болт қосындыларының көмегімен қосу;
ток өткізетін аралықтарды орнату;
стрелка бұрмаларын, тұйық қималар мен тақталарды, бұрылу айналмасын, крестовиналарды құрастыру және төсеу, оларды рельс жолдарымен түйістіру;
жолдың дұрыс салынуын тексеру;
бекітпе элементтерін дайындау және аралық рамалармен бекітпенің барлық түрлерінің элементтерін ауыстыру;
бекітпені шығарып алу және кен қазбаларын сөндіру;
престердегі метал бекітпе элементтерін қалпына келтіру;
көмір және кен бункерлерін тазалау;
жұмыс процесінде қолданылатын механизмдерді, айлабұйымдарды ағымдық жөндеу және қызмет көрсету.
247. Мыналарды:
рельс жолдарын салуға және жөндеуге, стрелка бұрмаларын, тұйық қималар мен тақталарды, бұрылу айналмасын, крестовиналарды салуға және кен қазбаларын бекітуге қойылатын техникалық талаптарды;
рельс жолдарын айналмаларда және еңісті қазбаларда салудың ережесін;
қисық жол учаскелерінде жол берілетін еңістер мен радиустарды;
ағаш бекітпе элементтерінің әртүрлі құлыпты қосындыларының түрлері мен нысанын;
кен қысымы мен оның біліну сипаты туралы негізгі ұғымдарды;
бекітпенің барлық түрлерінің элементтерін ауыстыру ережесін және оңтайлы жолдарын;
жөнделетін кен қазбасы бекітпе паспортының мазмұны мен оны толтыру тәртібін білуге тиіс.
5-параграф. Тау-кен қазбаларын жөндеу жөніндегі кен жұмысшысы, 4-разряд
248. Жұмыс сипаттамасы:
20 шаршы метрге дейінгі жазық және тік кен қазбаларын ескі бекітпесін толық алып тастап, кенді шығарып немесе қазба қимасын уату балғасының, жару тәсілімен немесе қолмен кеңейте отырып, барлық түрдегі және типтегі жаңа бекітпелерді орната отырып, жоба бойынша қайта бекіту;
шпурларды бұрғылау;
рама астына от салу;
оқпандар мен шурфтарды мұздан тазарту;
зумпфтар мен су жинағыштарды тазалау;
қазба топырағын қырғы машинамен өңдеу;
қолданылатын машиналарға қызмет көрсету және олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою;
еңіс бұрышы 45 градустанжоғары кен қазбаларында сөрелерді, лядтарды, баспалдақтар орнату және жөндеу;
қазба құламаларын бөлшектеу және орнын бекіту;
кен қазбаларын полимер материалдармен бекіту.
249. Мыналарды:
кен қазбаларында жөндеу жұмыстарын жүргізудің техникалық шарттарын;
кен қазбасының бағытын тексеруге арналған маркшейдерлік белгілердің және оларды пайдалану тәртібін;
қолданылатын бекітпенің мөлшерлеме типі түрлерін, түрлерін және оны жөндеу тәсілдерін;
қолданылатын механизмдердің, құралдың, айлабұйымдардың құрылымын және олармен жұмыс істеу ережесін;
құламаларды бөлшектеу ережесі мен тәсілдерін;
жыныстарды нығайту үшін қолданылатын полимер материалдарының түрлері мен қасиеттерін, олармен жұмыс істеу ережесін білуге тиіс.
6-параграф. Тау-кен қазбаларын жөндеу жөніндегі кен жұмысшысы, 5-разряд
250. Жұмыс сипаттамасы:
көлденең және көлбеу кен қазбаларын жоба бойынша 20 шаршы метрденжоғары жарыққа қабысуларды, бекітпелердің барлық түрі тұрғызылған камераларды бекіту;
тік оқпандарда, басқа да тік қазбаларда және кен албары бар оқпандардың қабысуында ескі бекітпелерді жойып, жаңаларын тұрғызу;
шой балғамен және қолмен оқпандарда бетон мен жыныстарды бөлшектеу;
тік кен қазбаларында бекітпелерді, арматураларды, ауа және су құйғыш қондырғыларды жөндеу, кабельдерді ілу және басқа жұмыстар кезінде сақтандырғыш сөрелерді монтаждау әрі демонтаждау;
бетон бекітпелерін жөндеу;
кен қазбаларын үйінді бойынша қайта бекіту;
көмір мен жыныстарды, кен қазбаларының қырлары мен жабындарды өндіру кезінде қолданылатын машиналарды басқару, бекітпелерді орнату.
251. Мыналарды:
тік кен қазбалары бекіту және арматуралау түрлерін;
бекітпені қалпына келтіру тәсілдерін;
кен қазбаларында бетон жұмыстарын жүргізу тәртібін;
үйінділерді аршу тәсілдері мен ережесін;
қолданылатын машиналар мен механизмдердің құрылғысын техникалық сипаттамасын және пайдалану ережесін білуге тиіс.
7-параграф. Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кен жұмысшысы, 3-разряд
252. Жұмыс сипаттамасы:
өрт ошағын ұңғыма арқылы лайландыру;
жыныс үйіндінің үстіңгі қабатын инъекторды пайдалана отырып лайландыру;
инъекторларды жыныс үйіндісі өртінің ошағы аймағында қағу;
учаскені және өрт ошағын лайландыру ұңғымаларымен қоршау;
жарықтар мен қуыстарды толтыру және лайландыру;
жынысты шығарып алу және үю;
арналар мен траншеяларды бекіту;
ескі пульпа және суағар арналарды, құдықтарды, сорғы және пульпа айдау станцияларын жұмыс бабында ұстап тұру;
бұрғы мұнаралары инъекторларын құрастыру, бөлшектеу, жөндеу және қайта орнату;
құбырларды құрастыру және бөлшектеу;
еңістерді, құламаларды, карьер жиектерін тазарту және шабақтау;
араластырғыштарда балшықты, цементті, әкті ерітінді және пульпа дайындау;
құрамды анықтауға пульпа сынамасын алу;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
253. Мыналарды:
топырақ, оның сыныптамасы туралы негізгі деректерді;
жыныс үйіндісінің жылу және газ жағдайын;
арналар мен траншеяларды үңгілеу ережесін, олардың бекіту тәсілдері мен түрлерін;
қолданылатын құралмен жұмыс істеу ережесін;
бекіту материалдарының сапасына қойылатын талаптарды;
ағаш және металл мұнаралардың конструкциясы мен габариттерін;
инъекторлардың көлемін;
бұрғылау жабдығы мен циркуляция жүйесін монтаждау және жөндеу схемасын;
слесарь және ағаш ұстасы ісінің негіздерін;
жарықтар мен қуыстарды толтыру, "іліктерді" жою ережесін;
жыныстардың табиғи еңіс бұрыштарын;
учаскені және өрт ошағын лайландыру ұңғымаларымен қоршау ережесін;
лайландыруға арналған пульпа консистенциясын;
араластыру камерасының құрылымын;
пульпаның құрамын таразылау әдісімен анықтау ережесін;
ұңғымалардың қабылдау воронкалары түрлерін;
лайланған пульпасу магистральдерін, топтық лайландыру ұңғымаларын қалпына келтіру тәсілдерін;
лайланатын нысанға лайлылық беру тәртібін;
пульпа сынамасын алу тәсілдерін білуге тиіс.
8-параграф. Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кен жұмысшысы, 4-разряд
254. Жұмыс сипаттамасы:
өрт сөндіру кезінде гидромониторды және пульпа арнасын басқару;
гидромониторды құрастыру, бөлшектеу, орнын ауыстыру және орнату;
жаппаларды орнату;
диаметрі әртүрлі құбырларды қосу және төсеу;
пульпаның қажетті консистенциясын анықтау және ұстап тұру;
пульпа сынамасын алу;
аралықтарды лайландыру;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
пульпасу және суағар арналарды, құдықтарды жүргізу;
құдықтарды түрлі бекітпелермен бекіту, балшықты, бетонды, ауа өткізбейтін қаптамаларды тұрғызу.
255. Мыналарды:
гидромониторды құрастыру, бөлшектеу, орнын ауыстыру және орнату ережесін, оның құрылымын;
жаппалардың, айрылмалы құлыптардың, түрлі типтегі аралықтардың құрылымын;
бекітпе түрлері мен бекіту материалдарының сұрыптарын;
лайландыруға арналған пульпа консистенциясын;
жанып жатқан көмірді тиеу және тасымалдау ережесін;
көмір мен жыныстарды олардың қасиеттеріне қарай қағудың тәсілдері мен жолдарын;
кен жыныстарының беріктігі сыныптамасын;
слесарь ісі негіздерін білуге тиіс.
9-параграф. Разрездiң тау-кен жұмысшысы, 2-разряд
256. Жұмыс сипаттамасы:
разрездерде экскаваторлардың, үйінділік көпірлер мен үйінді жасағыштардың қозғалысы үшін жолдар дайындау;
теміржол және автожолдардың габариттерін тазалау;
алаңдарды тазалау және экскаватор астына төсемдер салу;
кабельді барабанға орау және оны тасымалдауға қатысу;
кемерлердің үстіңгі жиектерінің құламаларын тазалау;
экскавациялау немесе жарылыс жұмыстарынан кейін забой сызығын шабақтау;
отын, су, майлайтын, жанғыш және сүртетін материалдарды жеткізу;
забойлардан ағаштардың діңгектері мен жұмыр тастарды қазу;
жол габариттерін, шөміш сыйымдылығын, таспаларды, доңғалақшаларды, конвейер таспасын бөгде заттардан тазалау;
тау-кен массасын тазалау, кептелістерді жою;
гидроүйінділерде пульпа ағынын бөлу және су аққыш құдықтардың деңгейін реттеу;
сорғыштардың, жыралардың, қабылдағыш құдықтардың аузын тазалау;
пульпа қозғалысының бағытын өзгерту;
бөгеттер мен пульпоөткізгіштерді қадағалау;
қазылатын аймақтардың бетін қоршау;
пульпо- су өткізгіш түтіктерді кеңейту;
гидромеханизмдерді құрастыруға, бөлшектеуге және ауыстыруға, дренажды жыралар мен қабылдағыш құдықтар жүргізуге және бекітуге, материалдар мен жабдықтарды тиеуге, түсіруге әрі жеткізуге, экскаватордың, үйінді көпірлер мен үйінді жасаушылардың тораптарын майлауға қатысу.
257. Мыналарды:
забойда техниканың қозғалысы үшін жолдарды дайындау тәртібін;
экскаваторлардың, үйінді көпірлер мен үйінді жасаушылардың түрлерін;
теміржол габариті;
экскаваторлардың, үйінді көпірлер мен үйінді жасаушылардың жанында жұмыс істеу ережесін;
қазылатын тау-кен жыныстарының қасиеттерін;
пайдалы қазбалар мен жыныстардың табиғи құламаларының бұрышын;
құламаларды тазалау және забойды шабақтау, пульпоөткізгіш жыраларды тазалау кезіндегі жұмыс тәсілдерін;
электр кабелін пайдалану ережесін;
су құламаларының, пульпаөткізгіш және су өткізгіштердің құрылғысын;
дренажды жыралар мен қабылдағыш құдықтардың міндетін, оларды жүргізу және бекіту тәсілдерін;
слесарлық істің негіздерін білуге тиіс.
10-параграф. Разрездiң тау-кен жұмысшысы, 3-разряд
258. Жұмыс сипаттамасы:
конвейер сызықтары үшін жаңа тас жолды жоспарлауға қатысу;
конвейерлер мен конвейерлердің негіздерін тазалау, аршу, қозғалту, тасымалдау, орнату және кеңейту;
конвейер сызығының жұмысын, конвейерге орнатылған қайта тиегіштердің, жылжымалы құрылғылар мен шағылдырғыштардың жағдайын, материалдардың қабылдағыш агрегаттарға дұрыс тиелуін қадағалау;
конвейер мен қайта тиегіш қондырғылар астындағы ленталарды, доңғалақша тіректерді, алаңдарды тазалау;
кептелістерді жою;
орнатқаннан немесе кеңейткеннен кейін конвейерлерді сынау.
259. Мыналарды:
қызмет көрсетілетін конвейерлердің, қайта тиегіш құрылғылардың, шағылдырғыштардың құрылғысы мен техникалық сипаттамасын;
конвейерлердің орналасу схемасын және оларға күтім жасау ережелерін;
көлік таспасына жіберілетін жүктемелерді;
конвейерлерді қозғалту, орнату, кеңейту кезінде қолданылатын көтергіш және басқа да құрылғыларды пайдалану тәсілдері мен ережелерін білуге тиіс.
11-параграф. Байыту және кесекшелеу қондырғыларының машинисі
260. Жұмыс сипаттамасы:
барлық түрдегі байыту және кесекшелеу қондырғыларында жарықтандыру, қоюландыру, пульпа мен шламдарды жуу, шикізат пен дайын өнімді елеу, ұнтақтау, мөлшерлеу, сүзу, майсыздандыру, тасымалдау процестерін жүргізу;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды тиеу және түсіру;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші және талдаулардың нәтижелері бойынша қысымды, вакуумды, сүзгі тазалығын, реагенттердің, пульпалардың, судың берілуін, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс режимін мерзімдік бақылау және реттеу;
сорылғандарды, кептелістерді жою, шашылғанды жинау;
қызмет көрсетілетін жабдықты қосу және тоқтату, тазалау және жуу, оның жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жөндеуге қатысу.
261. Мыналарды:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың конструкциясын, техникалық сипаттамасын және жұмыс режимін;
коммуникациялар схемасын;
байыту және кесекшелеу қондырғыларында техникалық процесті жүргізу ережесін;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен қосу аппаратураларының құрылғысын, оларға күтім жасау ережесін;
қызмет көрсету жабдықтың автоматты блоктау тәсімін;
көмірдің (жанар тастардың) техникалық шарттарын, маркаларын және топтарын;
шихталардың құрамын, оны есептеу әдістерін;
шикізаттардың сапалы көрсеткішін белгілеу әдістемесін;
буды жабдықтау және гүрсілдерден конденсаттарды қайтару схемасын;
майлау мерзімділігін және майлау материалдарына қойылатын талаптар;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысында бұзушылықтардың туындау себебін және оны жою тәсілдерін;
электр слесарлық істің негіздерін білуге тиіс.
Өнімділігі сағатына 60 тоннаға дейінгі мөлшерлеу құрылғысына;
мерзімділік қызмет ететін вакуум-сүзгілеріне;
жиынтық өнімділігі сағатына 400 тоннаға дейінгі уатқыштарға;
гидрошахталардың сусыздандыру қондырғыларына;
қолмен түсірілетін мерзімді қызмет ететін центрифугаларға;
өнімділігі сағатына 100 тоннаға дейінгі сыныптауыш және сусыздандырғыш (вибрациялық) електерге, қоректендіргіштерге, 3-разрядтағы байыту және кесекшелеу қондырғылары машинисінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген қоректендіргіштен басқа, қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;
өнімділігі сағатына 100 тоннадан жоғары сыныптауыш және сусыздандырғыш (вибрациялық) електерге, бумен қыздыратын дискілі-пішімбілікті електерге;
өнімділігі сағатына 60 тоннадан 400 тоннаға дейінгі мөлшерлеу құрылғыларына;
сүзу алаңы 100 шаршы метрге дейінгі сүзгі-престерге;
автоматты түсіретін мерзімді және үздіксіз қызмет ететін жүрдек немесе аса жүрдек центрифугаларға;
ірі ұнтақтаудағы көмір шұңқырларының, алғашқы бункерлердің қоректендіргішіне;
үздіксіз қызметтегі сүзу аппараттарына;
жиынтық өнімділігі сағатына 400 тоннадан жоғарыұнтақтағыштарға;
түйіршіктелген көмір ұнтақтары фабрикасының електері мен қоректендіргіштеріне;
қоюлатқыштер мен гидроциклондарға қызмет көрсету кезінде 3-разряд;
өнімділігі сағатына 400 тоннадан жоғарымөлшерлеу құрылғыларына;
сүзу алаңы 100 шаршы метрден, 500 шаршы метргедейінгі сүзгі-престерге;
түйіршіктелген көмір ұнтақтары фабрикасының диірмендері мен мөлшерлеу құрылғыларына;
бір текті қоспаларды немесе қойылтылған өнімдерді бөлу кезінде аса жүрдек центрифугаларға (құбырлы, табақты сұйық сеператорлар);
бағдарламалық басқарылатын центрифугаларға қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;
сүзу алаңы 500 шаршы метрден артық сүзгі-престерге қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.
262. Ескертпе.
жоғары білікті байыту және кесекшелеу қондырғылары машинисінің басшылығымен байыту және кесекшелеу қондырғыларына қызмет көрсету кезінде бір разрядқа төмен тарифтеледі.
12-параграф. Жерасты қондырғыларының машинисі
263. Жұмыс сипаттамасы:
сорғыш және көмір сорғыш қондырғыларын, эрлиф көтермелерін, сырма және маневрлі шығырларды, аударғыштарды, конвейерлерді, қоректендіргіштерді, тиегіштерді, итергіштерді, вагонаралық жапқыштарды, вагонеткаларды механикалық тазалау құрылғыларын және ұқсас машиналар мен механизмдерді басқару;
қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің және басқа да жабдықтардың жұмыс режимін және техникалық жағдайын қадағалау, оларға тиеу дәрежесін реттеу, қондырғылардың жұмыс процесіндегі ұсақ бұзушылықтарды анықтау және жою;
тораптар мен бөлшектерді майлау;
көмірді (жанартасты) конвейерден, қоректендіргіштер немесе люктен вагонеткаларға арту;
вагонеткалар мен конвейерлерден көрінетін жыныстарды және бөгде заттарды іріктеу, оларды салу;
қызмет көрсету аймағында тиелген және бос вагонеткаларды тіркеу, ағыту және тасымалдау;
құрамды тиейтін немесе түсіретін жерге қалыптастыру және сүйемелдеу;
белгі беру;
рельстен шығып кеткен вагонеткаларды көтеру;
сырмалау процесінде тау-кен массасын қайлалау, ұсақтау және сырма жолына тастау;
маневрлі және сырмалы шығырларды қозғалту және оларды жаңа орынға бекіту;
вагонеткаларды, көлік механизмдерін, қабылдау алаңдары мен тиеу және түсіру орындарындағы жолдарды, люктің және сырмалы сөрелердің астын тазалау;
қызмет көрсететін машиналарды, механизмдерді және басқа да жабдықтарды жөндеуге қатысу.
264. Мыналарды:
қызмет көрсететін машиналарды, механизмдер мен қондырғылардың құрылғыларын, түрлері мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану және күту ережесін;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою тәсілдерін;
қосу аппаратураларының, бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қызметінің қағидаттарын;
қызмет көрсететін жабдықтарды жерге орнықтыру құрылғысын;
қызмет көрсететін учаскеде жүктерді тасымалдау схемасын;
жұмыс орындарындағы жолдар мен стрелкалардың профилін және техникалық жағдайын;
рельстен шығып кеткен вагонеткаларды көтеру тәсілдері;
сорғыш және көмір сорғыш қондырғылардың тиімді жұмыс режимін және оларды гидравликалық соққыдан сақтау тәсілдерін;
соруға арналған пульпожинағыштардың, сужинағыштардың, коллекторлардың, құдықтардың құрылғысын;
арқандардың конструкциясын, бекіту және оның ұзындығын реттеу тәсілдерін;
әртүрлі жағдайларда оларды сырмалау тәсілдерін;
гидравлика мен электр слесарлық істің негіздерін білуге тиіс.
Жоспарлы жүктемемен тиеу пункттеріне қызмет көрсету кезінде бір жұмыскерге:
бір ауысымда стационарлық - 250 тоннаға дейін көмір (сланец) мен жыныстар және бір ауысымда стационарлық емес - 100 тоннаға дейін;
өнімділігі сағатына 200 тоннаға дейін конвейерлер (пештер мен қиысқазбалардағы конвейерлерден басқа);
жүктемесіне қарамастан қоректендіргіштер;
жоспарлы жүктемесімен тәулігіне 2000 тоннаға дейін көмір (сланец) мен жыныстарды аударғыштар;
3 және 4 разрядтағы көтергіш қондырғылар машинистерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілмеген басқа да жұмыстарды орындау кезінде 2-разряд;
жоспарлы жүктемемен тиеу пункттеріне қызмет көрсету кезінде бір жұмыскерге:
бір ауысымда стационарлық - 250 тоннадан артық көмір (сланец) мен жыныстар және бір ауысымда стационарлық емес - 100 тоннадан артық;
өнімділігі сағатына 200 тоннадан артық конвейерлер (көлбеу шахталары мен штольня конвейерлерін қосқанда);
жоспарлы жүктемесімен тәулігіне 2000 тоннадан артық көмір (сланец) мен жыныстарды аударғыштар;
гидротолтырмалардың араластырғыш камералары;
жоспарлы жүктемесі тәулігіне 2000 тоннаға дейінгі шахталардың басты гидрокөтергіштерінің орталық көмірсорғыш станциялары (қондырғылары);
гидрошахталардағы қайта шайқалған сорғыш және көмірсорғыш қондырғылар;
дайындау қазбаларындағы көмір мен жыныстарды тасымалдайтын сырмалы шығырлар- 3-разряд;
шахталардың тәуліктік жоспарлы жүктемесі 2000 тонна және одан артық басты гидрокөтергіштерінің орталық көмір сорғыш станцияларына (қондырғыларына) және эрлифт көтергіштеріне қызмет көрсету кезінде -4-разряд.
13-параграф. Жер соратын қондырғының машинисі
265. Жұмыс сипаттамасы:
ашық кен жұмыстарында жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) қызмет көрсету;
жер соратын қондырғыларды (агрегаттарды), барлық жүйедегі жер сорғыштарды (топырақ сорғыларын) қарау, қосу, қажетті жұмыс режимін белгілеу және қозғалтқыштарды тоқтату;
судың және гидроқоспаның (пульпаның, суспензияның) берілуін реттеу;
берілген жұмыс режимін және гидроқоспадағы қатты бөліктердің сұйықтық, концентратты қысымын ұстау;
гидромонитор және сорғы станциясының жұмыс режимін үйлестіру; бақылау-өлшеу аппаратураларының көрсеткішін қадағалау;
қызмет көрсетілетін жабдықтар мен арматуралардың техникалық жағдайын, бекітілген құбырлар учаскесін тексеру және оларды күту;
жер сорғыштар мен құбырларды жуу;
жер сорғыштардың, гидроқысымды жүйелердің, бақылау аспаптарының, автоматика құралдарының және сақтандырғыш құрылғылардың жұмыстарын қарау, реттеу;
соратын құбырлардың, қабылдағыш зумпфтердің, пульпоөткізгіш жыралардың техникалық жағдайын қадағалау және оларды тазалау;
тығыздамаларды толтыру;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою;
жабдықтар мен құбырларды жөндеу және жаңа орынға қозғалту жұмыстарына қатысу;
қажетті құжаттаманы жүргізу.
266. Мыналарды:
қызмет көрсетілетін жер сорғыштардың (топырақ сорғыларының), қолданылатын басқа да жабдықтардың, бақылау-өлшеу аппаратураларының құрылғысын және жұмыс қағидаттарын;
қосу және жапқыш арматуралардың, зумпфтердің, пульпоқұрастырғыштардың, құбырлардың конструкциясы мен схемасын;
жер сорғыштарды, қызмет көрсететін жабдықтарды және құрылғыларды қосу, тиімді жұмыс режимін таңдау және тоқтату ережесін;
құбырларды жуу ережесін;
қызмет көрсететін жабдықтардың бұзушылығын анықтау және жою, оны гидравликалық соққыдан сақтау тәсілдерін;
қазылатын тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін; су мен гидроқоспалардың физикалық және химиялық қасиеттерін;
гидроқоспадағы қатты бөліктердің жіберілетін концентрациясын;
жер сорғыштардың және олардың жетектерінің сипаттамасын, олардың жұмыс процесінде жіберілетін жүктемелерді;
электр техника, гидравлика және механика жөнінде негізгі мәліметтерді;
электр слесарьлық іс негіздерін білуге тиіс.
Гидроқоспаның сағатына 1000 текше метрге дейінгі жиынтық өнімділігімен, забой қасындағыдан басқа, жер соратын станцияларға, қондырғыларға(агрегаттарға) қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;
гидроқоспаның сағатына 1000-нан 3000 текше метрге дейінгі жиынтық өнімділігімен, забой қасындағыдан басқа, жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;
гидроқоспаның сағатына3000-нан астам және 10000 текше метрге дейінгі жиынтық өнімділігімен, забой қасындағыдан басқа, жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) немесе гидроқоспаның сағатына 2000 текше метрге дейінгі жиынтық өнімділігімен жер соратын қондырғыларға қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;
гидроқоспаның сағатына 10000 текше метрден артық жиынтық өнімділігімен, забой қасындағыдан басқа, жер соратын станцияларға, қондырғыларға (агрегаттарға) немесе гидроқоспаның сағатына 2000 текше метр және одан да артық сомалық өнімділігімен жер соратын қондырғыларға қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.
14-параграф. Жерасты тау-кен монтажшысы, 3-разряд
267. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен шахтасы жабдығын монтаждау кезінде қолданылатын құбырлар мен жаппа арматурасын, конвейер ставтарын, қырғы конвейерлерді (тазалау забойындағы забой конвейерлерінен басқа), қосалқы жабдықты, құрылғылар мен құралдарды монтаждау және бөлшектеу;
жетек станцияларын, воронкаларды, бункер жаппаларын монтаждау;
кабель тарту, жазық және тік еңісті кен қазбаларында рештактарды төсеу;
монтаждау учаскелеріңде монтаждалатын тораптарды, бөлшектерді көтеру, орнын ауыстыру кезінде қосалқы жабдықты басқару;
аппаратура мен басқа да жабдықты орналастыру үшін төсем дайындау;
материалдар мен жабдықты орналастыратын орын дайындау;
кен массасын көлік құралына тиеу;
кен қазбалары қабылдау-жөнелту алаңдарында материалдар мен жабдықтарды механизмдердің көмегімен және қолмен белгіленген орындарда қабылдау, тиеу, жеткізу және түсіру;
жабдықты бояу, трафарет бойынша жазба жазу;
электрмен, газбен пісіру жұмыстары өндірісі;
біліктілігі анағұрлым жоғары кен монтажшысының басшылығымен тау-кен жабдығын монтаждау және бөлшектеу жөніндегі басқа да жұмыстарды
атқару.
268. Мыналарды:
кен ісі негіздерін; жабдықталатын және қызмет көрсететін машиналардың, механизмдер мен құрылғылардың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамаларын;
жүкті, бөлшектер мен тораптарды ілмектеу және бекіту тәсілдерін;
қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің, айлабұйымдардың, тіркеме құрылғыларының шекті жүктемесін;
монтаждау жұмысын жүргізу тәртібін;
кабельді, құбырларды төсеу мен жаппа арматурасын монтаждау жөніндегі техникалық шарттарды;
қолданылатын материалдардың қасиеттерін;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы негізгі ақауларды жою тәсілдерін;
қолданылатын бояулардың қасиеттерін;
бояудың және жазба түсіру тәсілдерін;
электрмен пісіру машиналары мен аппараттары туралы негізгі деректерді, қолданылатын оттықтарды пайдалану, ұстау жолдары ережесін;
жабдық астындағы іргетас габаритін тексеру тәсілдерін;
слесарь ісін;
монтаждалған жабдықты тексеру ережесі мен тәсілін білуге тиіс.
15-параграф. Жерасты тау-кен монтажшысы, 4-разряд
269. Жұмыс сипаттамасы:
шығарып алу және үңгілеу комбайндарының, тазарту забойындағы қырғы конвейерлерінің, гидрофирлендіріліген бекітпе секциялары мен май станцияларының, гидротаратпаның, гидравлика тораптарының, гидро таратып бөлгіштердің, гидроқұлыптардың, басқару блоктарының, бункерлердің, бактардың, тоңазытқыш конденсаторларының, жылу алмастырғыштардың және тоңазытқыш қондырғыларының буландырғыштары мен итергіштердің механикалық бөлігін монтаждау және бөлшектеу;
мыналарды:
бас кен қазбаларында орнатылған стационарлық ленталы конвейерлерді;
стационарлық су ағызу және көмір сору қондырғыларын;
көтеру машиналарын;
тежегіш арқандар мен парашют құрылғыларын;
шығырларды;
монорельсті жолдарды;
оқпанның механикалық дабылдатқышын;
қосуды реттеу аппаратурасын;
жоғары вольтті электр қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу, баптау және сынамалау;
шығырларды, монтаж станоктарын, айлабұйымдардың орнын ауыстыру және орнату, тазарту, дайындау забойларында жеткізу және монтаждау жұмысы кезінде оларды басқару;
көпірше, еңіс, төсемдерді орнату, олар бойынша материалдарды, бөлшектерді, тораптарды, бекітпе секцияларын забойға жеткізу;
құрылымдарды құрылыс-монтаж пистолетімен қағу.
270. Мыналарды:
жабдықталатын және қызмет көрсететін машиналардың, механизмдер мен құрылғылардың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамаларын;
монорельсті жолдардың құрылымын және техникалық пайдалану ережесін;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды және оның себептерін, оны жою тәсілдерін;
қызмет көрсететін жабдықтың шекті жүктемесін;
монтаж жұмыстары өндірісінің тәртібін, ережесі ме тәсілдерін;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын және оларды пайдалану ережесін;
қолданылатын материалдардың қасиеттерін;
электртехника және тау-кен ісі негіздерін;
тазалау және дайындау забойларында монтаждау жұмыстарын жүргізу шарттарын;
қолданылатын бекітпе түрлерін, оны орнату мен алудың тәртібі мен тәсілдерін білуге тиіс.
16-параграф. Жерасты тау-кен монтажшысы, 5-разряд
271. Жұмыс сипаттамасы:
энергиямен қамтамасыз ету, гидравлика, автоматтандыру және қашықтықтан басқару жүйелеріндегі:
тар алымды комбайндармен, стругалармен, шығарып алу кешендерімен және агрегаттарымен жабдықталған тазалау забойларындағы;
комбайндармен жабдықталған дайындау забойларындағы;
бас еңістерде, бремсбергтерде, соқыр шахталарда орнатылған көтеру машиналарындағы;
орталық гидро көтергідегі электронды техника (жартылай өткізгіш), пневмоавтоматика, радиоэлектроника, телемеханика және изотоптық аспаптар элементтерін монтаждау;
бөлшектеу және баптау;
күрт құлама қабаттардағы щитті агрегаттар мен басқа да кешендерді, сондай-ақ "МПК-2", "ПНБ-2", "2ПНБ"-2, "ППН-5" кен тиеу машиналарының маркаларын, "УПШ" типті бұрғы қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және баптау жөніндегі жұмыстарды орындау;
ыдыстар мен арқандарды көп арқанды көтергілерге ілу;
алмастыру құрылғыларын, жармалау-толтыру кешенін монтаждау;
монтаждан кейінгі сынамалау процесінде бекітпе мен конвейер секцияларын ауыстыру кезінде кешендерді, агрегаттарды, комбайндарды, гидрожүйені басқару;
жынысты қағыр түсіру және ірі габаритті жабдықтың орнын ауыстыру әрі оны тазалау және дайындау забойларында монтаждауға жағдай жасау үшін шатыр, топырақ және бүйір жыныстарды ұнтақтау балғасымен көмірді (сланецті) алып шығу;
шпурларды қол және колонкалы электр бұрғымен бұрғылау;
забойларды уақытша бекітпемен ресімдеу және бекіту;
жабынды құру;
тазалау забойлары мен дайындау қазбаларда бекітпені алу және орнату;
костерді салу және бөлшектеу;
кабельдер мен суландыру шлангілерін тасымалдау, ілу немесе салу;
желдеткіш құбырларын ілу;
монтаждалған жабдықты пайдалануға тапсыру.
272. Мыналарды:
монтаждалатын машиналардың, механизмдердің, электр қондырғыларының, автоматика құралдарының, қашықтықтан басқару және басқа да жабдықтардың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамаларын, оларды монтаждау, бөлшектеу, реттеу, баптау және жұмыста опробациялау тәсілдерін;
жұмыс режимін, жүктемені тексеру, қызмет көрсететін жабдықты опробациялау процесінде пайдалану сипаттамалары мен диаграммаларды алу тәсілдерін;
жоғары дәлдікті бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын және оларды пайдалану ережесін;
монтаждауды және онымен байланысты тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдер мен құралдардың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамасын;
кен жыныстарының қасиеттері мен олардың сыныптамасын;
шатырды түзеу тәсілдерін;
уақытша және тұрақты бекітпе түрлерін;
тазалау және дайындау забойларын бекіту тәсілдерін;
кен мен жынысты ұнтақтау балғасымен және жару тәсілімен кесу, қағыт түсіру жөніндегі жұмысты жүргізу тәртібін;
жару жұмыстарын жүргізу ережесін;
жабдықты пайдалануға тапсыру ережесін білуге тиіс.
17-параграф. Жол-көлік машиналарының машинисі
273. Жұмыс сипаттамасы:
негізгі және ауыспалы аспалы жабдықтарды қолдана отырып, алаңдарды жоспарлау, тас жолдарды, жолдарды жылтырату, топырақтар мен шашылатын материалдарды тасымалдау, жол төсемдерін таптау, теміржолды қозғалту, тау-кен массасын қопсыту және осыған ұқсас жұмыстарды орындау кезінде жол-көлік машиналарын басқару;
жол-көлік машиналарына жанар-жағар май материалдарын құю, машинаның тораптарын, аспалы және тіркелмелі жабдықтарды майлау;
жұмыс процесінде машиналар мен механизмдердің бұзушылығын анықтау және жою;
қызмет көрсетілетін жабдықтардыпрофилактикалық жөндеу және жөндеудің басқа түрлеріне қатысу.
274. Мыналарды:
жол-көлік машиналарының, аспалы жабдықтар мен құрылғылардың техникалық сипаттамасын және құрылғысын;
аспалы жабдықтарды монтаждау-демонтаждау ережесін, жұмыс қағидаттарын және оларды басқару жүйесін;
іштен жану қозғалтқышын майлау, қоректендіру және суыту жүйесін;
қызмет көрсетілетін жабдықтарға арналған шекті жүктемені;
жол қозғалысы ережесін;
машинаны түсіру және көтерудің рұқсат етілетін бұрыштарын;
жол-көлік машиналары орындайтын жұмыстың түрлерін, оларды орындау тәртібі мен тәсілдерін;
тіркемелі және аспалы жабдықтармен жұмыс істеу ережесін;
жол мен алаңдарды салу кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптарды;
жанар-жағар май материалдарының маркалары мен шығыс нормаларын;
қызмет көрсетілетін машиналар мен жабдықтардың бұзушылықтарын белгілеу және жою тәсілдерін;
тораптар мен бөлшектерді майлау схемасын және кезеңділігін;
орындалған жұмыстарға қабылдау-тапсыру құжаттарын рәсімдеу тәртібін слесарлық істі білуге тиіс.
Тіркелмелі грейдерді басқару кезінде - 2-разряд;
қозғалтқыш қуаты 44,2 киловатқа (60 ат күші) дейінгі автогрейдерді, салмағы 5 тоннаға дейінгі моторлы катоктарды басқару кезінде - 3-разряд;
қозғалтқыш қуаты 44,2-ден 73,5 киловатқа (60-тан 100 ат күші) дейінгі автогрейдерді, салмағы 5 тоннадан артық моторлы катоктарды басқару кезінде - 4-разряд;
қозғалтқыш қуаты 73,5-тен 147,2 киловатқа (100-ден 200 ат күші) дейінгі автогрейдерді басқару кезінде - 5-разряд;
қозғалтқыш қуаты 147,2 киловаттан (200 ат күші) артық автогрейдерді басқару кезінде - 6-разряд.
18-параграф. Кептіргіш қондырғы машинисі, 3-разряд
275. Жұмыс сипаттамасы:
әртүрлі типті кептіргіш қондырғыларда қолмен және қашықтан басқару режимінде кептіру процесін жүргізу;
кептіргіш қондырғыларды тиеу және түсіру;
жабдықтарға қызмет көрсету және жұмысын бақылау;
кептіру процесін технологиялық нұсқаулыққа сәйкес реттеу;
отынды қабылдау бункерлеріне беру;
кептіру процесін жүргізу үшін берілетін отынды жағу және белгілі газ температурасын ұстап тұру процесінің режимін реттеу;
пештің оттықтарын күл мен қождан тазалау;
пештердегі, тиеу және түсіру камераларындағы температураны өлшеу;
кептіру өнімдерінің сапасын тексеру;
кептіргіш қондырғыларды, автоматты бақылау және реттеу жүйелерін қосу және тоқтату;
шығындалатын отынға есеп жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
276. Мыналарды:
кептіру процесінің технологиясын;
қызмет көрсетілетін кептіргіш қондырғылардың, оттықтардың, автоматты бақылау және реттеу жүйелерінің, сондай-ақ қолданылатын қосалқы жабдықтардың құрылғысын;
кептіргіш қондырғыларды тиеу және түсірудің тәртібі мен ережесін;
кептіруге келіп түсетін отындардың, материалдардың физикалық қасиеттерін және кептіру өнімдеріне қойылатын талаптарды;
отынды жағу сапасын, шығыс нормасын, режимдерін және оны беруді реттеу ережесін;
белгі беру, майлау жүйелерін;
майлау материалдарына қойылатын талаптарды;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою тәсілдерін;
жылу техникасы мен слесарьлық істің негіздерін білуге тиіс.
Екі және одан да көп кептіру қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;
автоматты бақылау және реттеу жүйесі бар кептіру қондырғыларына қызмет көрсету кезінде- 5-разряд.
19-параграф. Сұрыптау машинисі, 2-разряд
277. Жұмыс сипаттамасы:
қызмет көрсететін механизмдерді, қондырғыларды басқару және техникалық жағдайы мен қалыпты жұмысын қадағалау;
қорғану, бақылау-өлшеу аспаптарын, қосу аппаратураларын, реверстік және белгі беру құрылғыларын, қоректендіргіш кабельді жерге қосу мен жалғауды қадағалау;
қызмет көрсететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою.
278. Мыналарды:
қызмет көрсететін механизмдер мен қондырғылардың құрылғысын;
механизмдерді электрлік қорғаудың негізгі түрлерін және электр жабдықтарын жерге қосу құрылғысын;
майлаудың режимі мен жүйелерін, қолданылатын майлау материалдарының түрлерін;
электр техника, слесарьлық іс негіздерін білуге тиіс.
20-параграф. Сүрлемдерге және көмір мұнараларына қызмет көрсету жөніндегі машинист, 2-разряд
279. Жұмыс сипаттамасы:
көмірді сүрлем, көмір мұнаралары немесе секциялар, шахта топтары бойынша тиеу және бөлу механизмін басқару;
автоматты сынамалағыштың жұмысын қадағалау;
ыдыстардағы газ режимін бақылау;
мұнаралар мен сүрлемдердегі көмір мөлшерін өлшеу;
науаны тазалау;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
280. Мыналарды:
көмір мұнараларының, сүрлемдер мен қызмет көрсететін механизмдердің құрылғысын;
көмірдің маркасы мен топтарын және оларға бекітілген бункерлерді;
компоненттер бойынша шихталардың құрамын;
слесарьлық іс негіздерін білуге тиіс.
21-параграф. Ұнтақтау-тиегіш агрегаттың машинисі, 5-разряд
281. Жұмыс сипаттамасы:
жыныстарды ұнтақтау, тасымалдау кезінде, сондай-ақ оны көшіру кезінде ұнтақтау-тиегіш агрегаттарын басқару;
тиеу-аудару тасымалдағышын басқару;
ұнтақтау-тиегіш агрегаттарының қозғалғыш механизмдері мен тиеу бөлігін сынау және реттеу, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткішін қадағалау;
ұнтақтау-тиегіш агрегаттары жұмыстарының процесіндегі бұзушылықтарды анықтау және жою, жоспарлы-алдын алу жөндеуге қатысу.
282. Мыналарды:
ұншақтау-тиегіш агрегаттардың, оның механикалық, гидравликалық және электрлік жабдықтардың құрылғысын және техникалық сипаттамасын агрегат жұмыстарының тиімді режимін;
тау-кен жыныстарының қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысында туындайтын бұзушылықтардың себептерін және оны жою тәсілдерін;
майлау схемасын, майлау материалдарын және оларға қойылатын техникалық талаптарды;
электр слесарьлық ісін білуге тиіс.
22-параграф. Шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғысының машинисі, 6-разряд
283. Жұмыс сипаттамасы:
шахта оқпандарын (шурфтарын) бұрғылау және түсу-көтерілу операциялары кезінде бұрғылау қондырғыларын басқару;
бұрғылау жабдықтарының барлық кешенінің жұмысын және техникалық жағдайын қадағалау;
бұрғылау колоннасын құрастыру және бөлшектеу, бұрғылау құралын қарау, шаржыларды ауыстыру және істен шыққан қашауларды алмастыру;
бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткішін бақылау;
бұрғылау режимін сақтау;
консольді-бұрама крандарды, жылжымалы арбаларды, таль жүйесін, шахта оқпанын бекіту және арматуралау кезінде электр тельфердерді басқару;
тюбинг бекітпелерін орнату және құрастыру, шахта оқпандарына арматуралау элементтерін беру және тағы басқақызмет көрсететін жабдықтарды жоспарлы-алдын алу жөндеуге қатысу.
284. Мыналарды:
тік оқпандарды (шурфтарды) барлық жүйедегі бұрғылау агрегаттарымен бұрғылаудың техникалық ережесін;
бұрғылау қондырғыларының, бұрғылық құбырларды бекітіп қосуға және бұрып шығаруға арналған агрегаттардың, бұрама крандар мен консольдердің, беру механизмдерінің конструкциясын, кинематикалық схемасын, типтері мен техникалық сипаттамасын, тюбинг бекітпелерін орнату және құрастыру;
екі қатарлы колоннаны бұрғылау конструкциясын;
тік оқпандарды (шурфтарды) бұрғылау және бекіту технологиясын;
роторлық бұрғылау режимдерін, балшық сорғыларының, компрессорлардың жұмысын;
әртүрлі типті қашауларды, шағын механикаландыру аспаптарын, тюбингтерді беру және құрастыру механизмдерін, тығындама механизмдерін қолдану және тігістерді шекімелеу ережесін;
қызмет көрсетілетін материалдарды майлау режимін;
бұрғылау механизмдердің бұзылу белгілерін және оларды жою тәсілдерін;
бұрғылау жабдықтарының қуатын оңтайлы пайдалану тәсілдерін;
тау-кен жыныстарының қасиеттерін және шахта оқпандарын бұрғылау кезінде олардың жайын;
шахта оқпандарының қисаю себептерін;
шахта оқпандарының қисықтығын өлшеу әдістерін және оның алдын алу шараларын;
шахта оқпандарын бұрғылау кезіндегі авария түрлерін және, оларды болдырмау тәсілдерін, оларды ескерту жөніндегі әдістерді;
ұңғымаларды бұрғылау және жуу режимдері мен кестесін;
бұрғы қондырғыларын жұмысына есеп жүргізу және "бұрғылау" журналын жүргізу ережесі мен тәртібін;
шахта оқпандарының тереңдігін өлшеу тәсілдерін;
геологиялық-техникалық тапсырманы құрастыру тәртібін;
қолданбалы механика, электр техника негіздерін;
слесарьлық істі білуге тиіс.
285. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
286. Ескертпе.
шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғылары машинисінің көмекшілері шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғылары машинисінің құқығы бар болса, бірге жұмыс істейтін машинистерден бір разряд төмен, құқығы болмаған кезде екі разрядқа төмен тарифтеледі.
23-параграф. Шой балғаларын ұрушы, 6-разряд
287. Жұмыс сипаттамасы:
тазалау забойлары мен оқпақтарда, қисық сызбаларда, штректерде, тік және тік көлбеу жазықтарында шой балғамен көмірді қазу;
көмір мен жыныстарды ұнтақтау, ірі кесектерді шабу және көмір мен жыныстарды өткізу;
қайта жабулар мен сөрелерді құру;
шой балғамен немесе көмір арасымен "орамдарды" қирату, кесу;
забойларды бекітпе паспортына сәйкес бекіту;
өзгертілген бекітпелерді ауыстыру;
шлангты үрлеп тазалау және шой балғаға жалғау;
ұштарды және кескіштерді, икемді шлангтарды ауыстыру;
шой балғалардың, көмір араларының жұмысындағы бұзушылықты анықтау және жою.
288. Мыналарды:
бүйір жынысының және қат құрылымдарының қасиеттерін: кливажы, жарықшақтығы, көмірді сығымдау, жыныс қатпарлары мен жалған төбелердің, қатты кірінділердің болуы, оқыс лақтырынды мен кен соққыларына бейімділігін;
шой балғалар мен көмір араларының құрылғысын және пайдалану ережелерін, олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілін;
көмірді қазып алу тәсілдерін;
забойлардың түрлері және бекіту тәсілдерін;
бекітпе паспортының мазмұны мен толтыру тәртібін және төсемдерді басқаруды білуге тиіс.
24-параграф. Жерасты электр слесарі, 3-разряд
289. Жұмыс сипаттамасы:
қызмет көрсетілетін жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, жөндеу;
стационарлы емес сорғыш қондырғыларды, учаскелік көмір сорғыш қондырғыларды, ауа үрлегіштерді, өртке қарсы және газсыздандыру құбырларын, шахта вагонеткаларын, электровоздарды, гидровоздарды, дизель тасушыларды, арқанды-креслолы және жер бетіндегі жолдарды, таспа ені 900 миллиметрге дейін таспалы конвейерлерді, қырнауыш конвейерлерді, бұрғы станоктарын, қоректендіргіштерді, итергіштерді, барабан диаметрі 1000 миллиметрге дейін шығырларды, ішінара желдететін желдеткіштерді, вагонеткаларды тазалау қондырғыларын, суды пласталарға айдамалау жабдықтарын, түсіру шұңқырларын, тарту және түрлендіру кіші станцияларын, зарядтау құрылғыларын, белгі беру және жарықтандыру құралдарын, тарату, абоненттік кабель және телефон желілерін, тарату шкафтары мен қораптарын, өткізу муфталарын, телефон аппараттарын, троллейлі және төмен вольтті кабельдер желілерін, электр аппараттары мен қондырғыларын жерге қосу орындарын сынау, пайдалануға тапсыру және техникалық қызмет көрсету;
заряд үстелдері мен электровоздарға орнатумен қозғалтқыш батареяларын зарядтау;
қозғалтқыш батареяларын тексеру, электролит үстеп құю немесе ауыстыру;
май сынамаларын іріктеу және оны қызмет көрсетілетін жабдықтарда ауыстыру;
шахтадағы электр газбен пісіру жұмыстарының өндірісі;
жоғары білікті жерасты электр слесарінің басшылығымен осыған ұқсас күрделі жұмыстарды орындау.
290. Мыналарды:
жөнделетін жабдықтың міндетін, конструкциясын, жұмыс қағидаттарын, техникалық қызмет көрсетудің нормалары мен көлемін;
қызмет көрсетілетін машиналарды, механизмдер мен құрылғыларын монтаждауға, реттеуге, сынауға және қабылдауға қойылатын талаптарды;
осы жұмыстардың қауіпсіз өндірісінің ережесі мен тәсілдерін;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдарының құрылғысы мен міндетін және оларды пайдалану ережесін;
төмен вольтты электр қондырғыларының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін;
электр техникасы негіздерін;
слесарьлық және монтаждау жұмыстарын білуге тиіс.
25-параграф. Жерасты электр слесарі, 4-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:
тазалау және дайындау забойларында қолданылатын машиналарды, механизмдерді және басқа да жабдықтарды, барабан диаметрі 1000 милиметрге дейін көтергіш машиналарын (шығырларды), стационарлық суаққыштарды, орталық гидрокөтергіштердің көмір сорғыш қондырғыларын, таспа ені 900 милиметрден артық таспалы конвейерлерді, тау-кен қазба жөндеулеріндегі "хаусхер" типті машиналарды, "ВШ-ІА" типті вулканизаторларды, шахталық тоңазытқыш қондырғыларды, скипті көтеру құрылғыларын тиеу, адамдарды-жүктерді таситын бір рельсті және арқан жолдарды, өздігінен жүретін вагонеткаларды, жоғары вольтты кіші станциялардың жабдықтарын, учаске газ тозаңынан қорғайтын және ауа температураларының аппаратуралары, байланыс және апаттарды хабарлайтын жоғары жиілікті қондырғыларды монтаждау, демонтаждау, баптау, сынау, пайдалануға тапсыру және техникалық қызмет көрсету;
жерге ток кеткен кезде қорғану аппараттарының іске қосылу уақытын тексеру;
фидерлік автоматтар мен қосқыштардың ең жоғары токтан қорғану қондырғыларының шамасын тексеру және теңшеу;
қысымда жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жөндеу және сынау;
шахта оқпандарында электрмен пісіру жұмыстарының өндірісі;
жоғары білікті электр слесарының басшылығымен басқа жұмыстарды орындау.
292. Мыналарды:
қызмет көрсетілетін машиналардың, механизмдер мен басқа да жабдықтардың конструкциясын, техникалық сипаттамасын, жұмыс қағидаттарын және сынау ережесін;
қондырғылардың, аспаптардың, автоматикалардың, телемеханиканың, радио-электротехника мен басқа жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың себептерін және белгілерін;
кабельдер мен электр техникалық материалдардың сыныптамасын;
кабельдерді оқшаулауды, сыйымдылығын және электрлік кедергісін өлшеу және сынау ережесін;
тозған бөлшектерді қалпына келтіру;
жұмыс істейтін бөлшектерге, тораптар мен механизмдерге жіберілетін жүктемелерді;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың істен шығуын және аварияларды ескерту жөнінде профилактикалық шараларды;
қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге берудің, сынау және тапсырудың техникалық шарттарын;
жоғары кернеу тоғын, кіші электр станцияларының коммуникациясын қосу және сөндіру ережесін;
сымдар мен кабельдерді есептеу және іріктеуді;
күштік электр аппараттарын монтаждау және қосу тәртібін;
жөнделетін жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді монтаждауға, реттеуге, қабылдауға және сынауға қойылатын талаптарды, осы жұмыстар өндірісінің ережесін және тәсілдерін;
жоғары вольтты электр қондырғыларының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін;
электро техника және осциллография негіздерін білуге тиіс.
26-параграф. Жерасты электр слесарі, 5-разряд
293. Жұмыс сипаттамасы:
электрмен жабдықтау, гидравлика және дистанциялық басқарудың жүйесіндегі электрондық (жартылай өткізгіш) техника, пневмоавтоматика, радио-электротехника, телемеханика элементтері бар аппаратуралар мен жабдықтарды және изотоптық аспаптарды, монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау, сынау, пайдалануға тапсыру:
көп қармайтын және аз қармайтын комбайндармен, жоңғыштармен, бұрғылау қондырғыларымен, қазу комбайндарымен жабдықталған тазартым забойларында;
механикаландырылған үңгілеу кешендерімен және үңгілеу комбайндарымен жабдықталған дайындау забойларында;
газ тозаңдарын орталықтан бақылау құрылғыларымен жабдықталған газ бойынша жоғары санатты және III санатты жерасты қазба шахталарында;
"КРУВ", "КРУН", "ЯВ" және осыларға ұқсас типтегі кіші станциялардың жинақты жоғары вольтты тарату құрылғыларында;
бас еңісте, бремсбергтерде, қараңғы шахталарда орнатылған жыныстарды тиегіш машиналарында, көтергіш машиналарда;
шахталардың, өткізгіштердің тік оқпандарының арматураларын монтаждау, ауыстыру, жөндеу;
көтергіш ыдыстардың басы мен соңындағы арқандарды ауыстыру;
тіркеме құрылғылар мен көтергіш ыдыстарды тексеру;
арқандардың және парашют құрылғыларының, скиптік көтергіштердің тиеу және түсіру құрылғыларының ұзындығын тексеру және реттеу;
тік оқпандардағы өткізгіштерді түзеу.
294. Мыналарды:
механикаландырылған кешендерді, агрегаттарды, тау-кен комбайндарын, жоңғыштарды, көтергіш машиналарды, сондай-ақ автоматтандыру, телемеханика және радиоэлектроника құралдарын қосқанда шахтада қолданылатын машиналардың, механизмдер мен жабдықтардың құрылғысын, техникалық сипаттамасын және жұмыс қағидаттарын, оларды монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау тәсілдерін;
қызмет көрсететін машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және автоматтандыру, телемеханика және радиоэлектроника құралдарын сынау және жұмысқа қосу ережесін;
сынау және жүктемедегі жұмыс процесінде жұмыс, жүктеме режимдерін тексеру және пайдалану сипаттамасы мен диаграммаларды жазып алу тәсілдерін;
жөнделген және бапталған жабдықтарға техникалық құжаттама жасау ережесін;
гидрожүйе қызметінің қағидаттарын;
электротехника және осциллография негіздерін;
жоғары дәлдікпен электрондық-өлшеу және изотоптық аспаптарды пайдалану ережесін білуге тиіс.
7-тарау. Қоңыр көмір мен озокерит кендерін қайта өңдеу жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Озокерит және озокерит өнімі өндірісінің аппаратшысы, 3-разряд
295. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті озокерит және озокерит өнімі өндірісінің аппаратшысының басшылығымен озокерит және озокерит өнімін алу процесін жүргізу;
шикізатты экстракциялау, балқыту кезінде қосалқы операцияларды орындау;
шикізаттың резервуарлық паркіне қызмет көрсету және резервуарларды тазалау;
ыдыстағы озокерит өнімінің деңгейін өлшеу;
қатты шикізатты, жапсырмаларды кептіргіштерге-балқытқыштарға тиеуге қатысу;
қызмет көрсететін қондырғыларға қоймадан мыс нафтендерін және талшықты озокеритті іріктеу және жеткізу;
кептіргіштерге, араластырғыштарға, сорғыларға, желдеткіш қондырғыларға қызмет көрсету;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтауға және жоюға қатысу.
296. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және пайдалану ережесін;
озокерит және озокерит өнімін алу технологиялық режимінің параметрлерін;
қызмет көрсететін учаскедегі коммуникация схемасын;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының және құрылғыларының міндетін және пайдалану ережесін;
пайдаланылатын шикізатқа және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттарды;
слесарьлық іс негіздерін білуге тиіс.
2-параграф. Озокерит және озокерит өнімі өндірісінің аппаратшысы, 4-разряд
297. Жұмыс сипаттамасы:
озокерит және озокерит өнімін алудың технологиялық процесін жүргізу;
экстракциялау бөлімшесінің жабдықтарын: бункерлерді-дозаторларды, экстракторларды, қыздырғыштарды, бензин-ерітінділері бар резервуарлық қабылдағыштарды жұмысқа дайындау, қосу және қызмет көрсету;
экстракторларға озокерит кендерін тиеу;
бензин-ерітінділерін қабылдау және оларды резервуарларға тиеу;
экстракторлардан бензин қалдығын төгу;
өңделген кенді экстракторлардан түсіру;
оны өңделген жыныстар бункеріне және бункерден үйіндіге тасымалдау;
аралық ыдыстарға, дренаж лотоктарына, үйінділерге арналған бункерлерге, ерітінділердің резервуарлық паркіне қызмет көрсету;
қырнауышты және таспалы конвейерлерді басқару;
жұмысты қадағалау және экстрациялау бөлімшесінің бақылау және автоматика аспаптарына қызмет көрсету;
техникалық құжаттаманы жүргізу;
технологиялық жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды ескерту және жою, оны жөндеуге қатысу.
298. Мыналарды:
озокерит және озокерит өнімінің технологиялық схемасын;
қызмет көрсететін учаскеде технологиялық құбырлар мен арматуралардың схемасын;
экстракциялау бөлімшесінің негізгі және қосалқы жабдықтарының, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика аспаптарының құрылғысын, дайындау, қосу және тоқтату тәртібін;
берілген режимге сәйкес қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын реттеу ережесін білуге тиіс.
3-параграф. Озокерит және озокерит өнімі өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд
299. Жұмыс сипаттамасы:
озокерит өнімін алу кезінде мисцелланы қайта өңдеудің, шикізат құрамдауыштарын тығыздаудың (араластыру) технологиялық процесін жүргізу;
қайта айдау бөлімшесінің жабдықтарын: құбырлы пешті, ректификациялы колоннаны, жылу алмастырғыштарды, тоңазытқыштарды, су ажыратқыштарды, конденсатор-тоңазытқыштарды, озокерит үшін жинағыштарды және тығыздау бөлімшесінің: кептіру аппараттарын, сүзгілерін, таразылау агрегаттарын, араластырғыш аппараттардың, битум сорғыларын жұмысқа дайындау, іске қосу және қызмет көрсету;
озокерит өнімін дайындау үшін рецептура жасау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші және талдаулардың нәтижесі бойынша: құбырлы пешке мисцелланың келіп түсуін, озокерит өнімін алу кезінде араластыруға – шикізат құрамдауышын, шикізат құрамдауыштарын мұқият араластырылуын, алынатын өнімнің сапасын бақылау;
берілген режимге сәйкес қызмет көрсететін жабдықтар жұмысының параметрлерін реттеу;
озокерит өнімін алу үшін церезин, петролатум, парафин, гудрон және басқа шикізат шығыстарына есеп жүргізу;
тығыздау және қайта айдау бөлімшелері бойынша өндірістік журнал жүргізу.
300. Мыналарды:
озокерит және озокерит өнімі өндірісінің технологиясын және технологиялық схемасын;
озокерит және озокерит өнімін алудың технологиялық процесінің параметрлерін және реттеу ережесін;
озокерит және озокерит өнімі өндірісінің физикалық-химиялық негіздерін;
қолданылатын ерітінділердің, шикізат пен материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін;
пайдаланылатын шикізатқа, материалға және шығарылатын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттарды және техникалық шарттарды;
қызмет көрсететін жабдықтың сигнал беру, блоктау және өрт сөндіру жүйелері қызметінің қағидаттарын;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін;
озокерит және озокерит өнімінің өндірісі процесінің материалдық теңгерімін және шикізат пен басқа қоспалардың қажеттілігіне есептеулер жасау ережесін және әдістемесін білуге тиіс.
4-параграф. Озокерит және озокерит өнімі өндірісінің аппаратшысы, 6-разряд
301. Жұмыс сипаттамасы:
озокерит және озокерит өнімін алу технологиялық процесінің толық циклін: озокерит кендерін экстракциялау, кен ерітінділерін қалпына келтіру, шикізатты дайындау және тығыздау, жоғары озокерит өнімін алу процестерін жүргізу;
ұсату, экстракциялау, қайта айдау және тығыздау бөлімшесінің жұмыстарын үйлестіру;
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика аспаптарының көрсеткіші бойынша озокерит және озокерит өнімін алудың технологиялық процесінің толық циклін барысын бақылау;
бақылау үшін сынамаларды алу;
берілген технологиялық режимдерге сәйкес қызмет көрсететін
жабдықтардың жұмыс параметрлерін реттеу;
ерітінділердің, материалдардың, реагенттердің санын есептеу, оларды мөлшерлеу, озокерит өнімдерін дайындау үшін рецептура жасау;
озокерит және озокерит өнімін алу технологиялық процесінің толық циклінің барлық кезеңдерінде алынатын өнімнің сапасын бақылау;
шикізат шығынын және дайын өнімнің шығуына есеп жүргізу;
өндіріс журналдарында жазбалар жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтарға жүргізілген жөндеуге ақау ведомостын жасауға қатысу.
302. Мыналарды:
озокерит және озокерит өнімін алудың толық циклінің технологиялық схемасын және пайдаланылатын құрылғылардың технологиялық карталарын;
озокерит және озокерит өнімі өндірісінде қолданылатын жабдықтардың конструктивтік ерекшелігін;
озокерит және озокерит өнімі өндірісінің технологиялық процесін есептеу әдістемесін және үйлестіруді;
жалпы озокерит және озокерит өнімі өндірісінің технологиялық процесінің толық циклін реттеудің ережесін білуге тиіс.
5-параграф. Реагент өндірісінің аппаратшысы, 4-разряд
303. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті реагент өндірісінің аппаратшысының басшылығымен көмір сілтілі (гумат) өндірісінің және түрін өзгертудің технологиялық процесін жүргізу;
қоймаға теміржол цистерналарынан және автоцистерналардан сұйық каустикалық соданы қабылдау;
қолданылатын реагенттердің сілтілері мен ерітінділері құйылған ыдыстарды қыздыру;
көмірді каустикалық содамен араластыру;
сілтілер мен қолданылатын реагенттердің технологиялық регламентпен берілген концентрацияларын үнемі ұстану;
көмір сілтілік (гумат) реагенттердің ылғалдылығын бақылау;
көмір сілтілік (гумат) реагенттерді ыстық ауамен кептіру;
көмір сілтілік (гумат) реагенттердің шығуын және түрінің өзгеруін бақылау;
талдау үшін көмір сілтілік (гумат) реагенттер шикізатының және жартылай өнімдерінің сынамаларын іріктеу;
артта қалған аппаратураның жұмысын, технологиялық жабдықтардың қымталуын және тығыздалуын бақылау;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтауға және жоюға қатысу.
304. Мыналарды:
көмір сілтілік (гумат) реагенттер өндірісінің және түрін өзгертудің технологиялық схемасын;
көмір сілтілік (гумат) реагенттер өндірісінде қолданылатын сілтілердің, материалдардың және реагент ерітінділерінің қасиеттерін;
қызмет көрсететін жабдықтардың және механизмдердің құрылғысын және қызметінің қағидаттарын;
технологиялық құбырлардың схемасын;
слесарьлық істі;
ащы сілтілермен зақымданған кезде алғашқы жәрдем көрсету тәсілдерін білуге тиіс.
6-параграф. Реагент өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд
305. Жұмыс сипаттамасы:
көмір сілтілері (гумат) өндірісінің және түрін өзгертудің технологиялық процесін жүргізу;
іске қосуға дайындау, қызмет көрсететін қондырғыны қосу және көмір тиеу;
экстракцияланған көмірдің ылғалдылығын, оның ірілігін және сілтілердің концентрациясын бақылау;
көмір сілтілік реагенттер және оның түрін өзгерту үшін рецептуралар жасау, қажет болған жағдайла оны түзету;
сілтілерді мөлшерлеу және қызмет көрсететін қондырғыларға беру;
көмір сілтілік (гумат) реагенттердің шығуын және түрін өзгертуді, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика аспаптарының жұмысын қадағалау;
реакторларға, қоспалауыштарға, конвейерлерге, булы калориферге, циклондарға, желдеткіштерге, сорғыларға қызмет көрсету және жұмысындағы бұзушылықтарды жою;
герметикалық жағдайын тексеру, қызмет көрсететін жабдықты тығыздау;
техникалық құжаттаманы жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтарды алдын ала жөндеуге қатысу.
306. Мыналарды:
көмір сілтілік (гумат) реагенттер өндірісі және оның түрін өзгерту процесінің технологиясын және параметрлерін;
көмір сілтілік реагенттер және оның түрін өзгерту өндірісінде пайдаланылатын қондырғыларына технологиялық процесті жүргізу ережесін;
қызмет көрсететін жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктерін;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін;
кептіру құрылғыларын тиеу тәртібін және ережесін;
пайдаланылатын шикізатқа және көмірсілтілік (гумат) реагенттердің және олардың модификациясының мемлекеттің стандарттарын және техникалық шарттарын білуге тиіс.
7-параграф. Тау балауызы өндірісінің аппаратшысы, 3-разряд
307. Жұмыс сипаттамасы:
тау (қоңыр көмір) балауызын алу процесін жүргізуге қатысу;
көлік құралдарына, аспирациялы, құю және сору желдеткіш жүйелеріне, жылу алмасу жабдықтарына қызмет көрсету, олардың жұмысын қадағалау;
экстракцияланған көмірдің ылғалдылығын бақылау, онда қалған қалдықтарды айқындау;
қызмет көрсететін экстракторларға шикізатты тиеуге қатысу;
шикізатқа және пайдаланылатын материалдардың шығыстарына есеп жүргізу;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
308. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс қағидаттарын және пайдалану ережесін;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының міндетін және пайдалану ережесін;
шикізатқа және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттарды және салалық стандарттарды;
слесарьлық іс негіздерін білуге тиіс.
8-параграф. Тау балауызы өндірісінің аппаратшысы, 4-разряд
309. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті тау балауызы өндірісі аппаратшысының басшылығымен үздіксіз қызметтегі экстракторларда, түрі өзгертілген – колонна типтегі экстракторларда тау (қоңыр көмір) алудың технологиялық процесін жүргізу;
негізгі экстракциялық жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысу, жұмысқа дайындау және іске қосу;
шоғырланған қышқылдарды, ерітінділерді және тотықтырғыштарды қабылдау және дайындау;
қызмет көрсететін экстракторларға шикізат пен реагенттерді тиеу;
центрифугалардың, бөлгіш ыдыстардың, тоңазытқыштардың-конденсаторлардың, реакторлардың, сорғылардың, желдеткіш жабдықтардың жұмысын реттеу және қызмет көрсету;
бақылау аспаптарының және автоматика жұмыстарын қадағалау;
белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу;
технологиялық жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды ескертуге және жоюға қатысу.
310. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын;
тау (қоңыр көмір) балауызы өндірісінің техникалық схемасын;
негізгі технологиялық жабдықтарды дайындау, қосу және тоқтату тәртібін;
берілген режимге сәйкес қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын реттеу ережесін;
қызмет көрсететін экстракторларға шикізат пен реагенттерді тиеу тәртібін;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың түрлері мен сипатын және технологиялық процесті жүргізуде ауытқуларды, олардың пайда болу себептерінбілуге тиіс.
9-параграф. Тау балауызы өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:
үздіксіз қызметтегі экстракторларда, түрі өзгертілген – колонна типтегі экстракторларда тау (қоңыр көмір) алудың технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ шала өңделген қоңыр көмір балауызын шайырсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;
жоғары білікті тау балауызы өндірісі аппаратшысының басшылығымен түрі өзгертілген колонна типтегі экстракторларда және реакторларда тазартылған балауыз алудың технологиялық процесін жүргізу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша технологиялық процестің барысын бақылау;
экстракциялы және шайырсыздандыру жабдықтары жұмыстарының берілген параметрлерін реттеу;
қызмет көрсететін экстракторларға шикізатты тиеуді және ерітіндіні мөлшерлеуді қадағалау;
тез тұтанатын сұйықтық құйылған ыдыстарға қызмет көрсету;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу;
шығарылатын өнімге есеп жүргізу;
жүргізілетін технологиялық процестердің материалдық теңгерімін жасау, шикізат, ерітінділер мен реакциялық қоспалардың қажеттілігін есептеу.
312. Мыналарды:
тау балауызы мен оның өзгертілген түрінің өндірісінің технологиясын;
қызмет көрсететін учаскенің коммуникация схемасын;
экстракциялау процесінің физикалық-химиялық негіздерін шайырсыздандыруды және тазартуды;
жүргізілетін технологиялық процестердің параметрлерін;
қолданылатын ерітінді мен еріткіштердің физикалық-химиялық қасиетін;
экстракциялаудың технологиялық процестерін реттеудің ережесін шайырсыздандыру және тазарту;
пайдаланылатын шикізатқа, материалдарға және шығарылатын тау балауыздарына қойылатын мемлекеттік стандарттарды және техникалық шарттарды;
қызмет көрсететін жабдықтың сигнал беру, блоктау және өрт сөндіру жүйесі қызметінің қағидаттарын;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың себебін және оларды жою тәсілдерін;
жүргізілетін технологиялық процестердің материалдың теңгерімін және оны жүргізу үшін шикізат, ерітінділер мен реакциялы қоспа қажеттілігіне есептеулер жасау ережесі мен әдістерін білуге тиіс.
10-параграф. Тау балауызы өндірісінің аппаратшысы, 6-разряд
313. Жұмыс сипаттамасы:
кептірілген қоңыр көмірді экстракциялау, битум ерітіндісін булау, экстрагентті қалпына келтіру, экстракцияланған шикізатты аккумуляциялау, шала өңделген тау балауызын шайырсыздандыру шайырсыздандырылған тау балауызын тотықтыру жолымен тазарту, үздіксіз және мерзімдік қызметтегі аппараттарда жуу, бейтараптандыру, ағарту және кристалдау жолымен шала өңделген тазартылған және түрі өзгертілген балауызды алудың технологиялық процесінің толық циклін жүргізу;
бөлімшелердің (учаскелердің) жұмыстарын үйлестіру:
экстракциялау, булау, шайырсыздандыру және тазарту;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша шала өңделген және тазартылған балауызды алудың технологиялық процесінің толық циклінің барысын бақылау;
бақылау үшін сынамаларды іріктеу;
шикізаттың, материалдардың, экстрагенттердің санын есептеу, оларды мөлшерлеу, тазартылған балауыз алу үшін рецептура жасау, реактивтерді дайындау;
аралық өнімді алу үшін тазартылған реактор мен жабдықтарда реакциялық қоспалардың берілген параметрлерін реттеу, тазарту процесін түзеу;
тазартылған реакторды іске қосу және тоқтату;
шикізаттың шығынын және дайын өнімнің шығуына есеп жүргізу;
өндірістік журналда жазба жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтардың қауіпсіздігі мен техникалық пайдалану ережесінің орындалуын бақылау.
314. Мыналарды:
қызмет көрсететін қондырғылардың технологиялық тәсімін және пайдаланылатын құрылғылардың технологиялық картасын;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ құбырлардың құрылғыларын және пайдалану ережесін;
шала өңделген тазартылған және түрі өзгертілген балауыз өндірісінің технологиясын;
пайдаланылатын шикізаттың, реагенттердің, реакциялық қоспалардың физикалық-химиялық қасиеттерін;
шала өңделген тазартылған және түрі өзгертілген балауыз алу процесін есептеу әдістемесін және технологиялық режимді үйлестіру және қауіпсіз жүргізу ережесін білуге тиіс.
11-параграф. Құйғыш машина машинисі, 4-разряд
315. Жұмыс сипаттамасы:
құйғыш машиналарды, оның қалыптарын тау балауызымен, озокерит немесе озокерит өнімімен толтыру кезінде басқару;
құйғыш машиналарды іске қосуға дайындау және іске қосу;
буды желдеткіш жүйенің калориферіне, балауыз құйғыш коллекторға беру, құйғыш машинаны жылы ауамен қыздыру;
құйғыш машиналардың қалыптарын толтыру, балқыту температурасының, құйғыш машинаға берілетін ауаның деңгейін реттеу;
құйғыш машиналар конвейерінің жұмысын қадағалау, балауыздың, озокерит және озокерит өнімінің салқындау параметрлерін, белгіленген технологиялық регламенттерді ұстану;
құйғыш машиналардың қалыптарын балауыз, озокерит және озокерит өнімінің қалдықтарынан тазарту;
құйғыш машиналардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою;
желдеткіш қондырғылардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.
316. Мыналарды:
құйғыш машиналардың құрылғысын, жұмыс қағидаттарын және оны баптау тәсілдерін;
құйғыш машиналарды және онымен технологиялық байланысты механизмдерді, жабдықтарды, аспаптар мен аппаратураны басқару тәртібін;
балауыз, озокерит және озокерит өнімін қотару және құю процесінің технологиясын;
қолданылатын құрылғылар мен құралдарды қолдану ережесін;
құйғыш машинаның міндеті және майлау мерзімділігін және майлау материалдардың сорттары мен қасиеттерін;
тау (қоңыр көмір) балауызы, озокерит және озокерит өнімі өндірісінде қолданылатын
ерітінділердің қасиеттерін, олардың әсерінен қорғану ережесін білуге тиіс.
8-тарау. Құрылыс материалдарын шығару және байыту жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Графит байытушы, 3-разряд
317. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті графит байытушының басшылығымен графитті байыту процесін жүргізу;
реакторға графит, тұзды қышқыл, ыстық және суық су тиеуге қатысу және будың берілуін реттеу.
318. Мыналарды:
графитті байытудың негізгі технологиялық процестерін;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын білуге тиіс.
2-параграф. Графит байытушы, 4-разряд
319. Жұмыс сипаттамасы:
графитті байыту процесін жүргізу;
реакторға графит, тұзды қышқыл, ыстық және суық су тиеу;
реакторлардың, эксгаустердің, ағынды және соратын желдеткіштердің, бу, су, қышқыл және ауа құбырларының жұмысын қадағалау;
буды реакторға берілуін реттеу;
шығатын өнімнің сыртқы белгілері мен талдау деректері бойынша сапасын бақылау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
320. Мыналарды:
графитті байыту технологиясын;
графитті химиялық байытудың белгіленген технологиялық режимін;
реагенттердің міндетін, олардың қасиетін және шығыс нормаларын;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін білуге тиіс.
3-параграф. Суспензияны бақылаушы, 2-разряд
321. Жұмыс сипаттамасы:
каолинді байыту процесінде суспензия сапасын бақылау;
дезинтеграциялық барабаннан келіп түсетін суспензияның тығыздығын өлшеу;
реактивті судың берілуін реттеу;
тиелетін ұлуды қадағалау;
шикі каолиннің, құмның және реактивті судың сынамаларын іріктеу;
элеваторды және шликерлік көлікті қосу және тоқтату.
322. Мыналарды:
каолинді байыту процесінің негіздерін;
суспензияның, құм мен судың сапасына қойылатын талаптарды білуге тиіс.
4-параграф. Реактивті суды дайындаушы, 2-разряд
323. Жұмыс сипаттамасы:
каолин өндірісінде реактивті су дайындау;
чандарды сумен толтыру;
суға каустикалық содамен, сұйық шыны, әк сүтін және басқа да қосындыларды құю;
каогуляциядан кейін чандарда реактивті судың сілтілігі мен температурасын және суспензия тығыздығын айқындау;
тарату және чандардағы суспензияны қыздыру;
бульер доңғалағына қызмет көрсету.
324. Мыналарды:
суспензияның, әк сүтінің және реактивті судың сапасына қойылатын талаптарды;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және чанға су құю жүйесін;
орталықтан тепкіш сорғыны және каустикалық соданы пайдалану ережесін;
реактивті судың сілтілігін айқындау ережесін білуге тиіс.
5-параграф. Слюда дайындаушы, 1-разряд
325. Жұмыс сипаттамасы:
қалыңдығы 3 миллиметрден жіңішке және қалыңдығы 3 миллиметрден артық забойдың шала өңделген өніміне қолмен забойдың шала өңделген өнімін сұрыптау;
қалыңдығы 3 миллиметрденжіңішке забойдың шала өңделген өнімін қолмен шала өңделген мусковитті іріктеу.
326. Мыналарды:
шала өңделген мусковиттің техникалық шарттарын;
забойдың шала өңделген өнімін қайта өңдеу схемасын;
қолданылатын өлшеу аспаптарын, шаблондар мен шек қою кестелерін пайдалану ережесін;
шала өңделген мусковитті беру ережесін білуге тиіс.
6-параграф. Слюда дайындаушы, 2-разряд
327. Жұмыс сипаттамасы:
слюданы - шикі өнімді алу үшін пышақтың, щетка мен балғаның көмегімен қолмен қалыңдығы 3 миллиметрден артық забойдың шала өңделген өнімін өңдеу;
әрбір пластинаның сапасы мен міндетін айқындау үшін белгіленген қалыңдыққа дейін пластинадағы дәнекерленген жазықтық бойынша слюда кристалдарын пышақпен жару;
алынған пластиналарды өнімнің мөлшері мен сарттары бойынша сұрыптау;
механикаландырылған процесте-әртүрлі конструкциялы станоктарда барлық операцияларды орындау;
қызмет көрсетілетін механизмдердің жұмысындағы ұсақ бұзушылықтарды жою.
328. Мыналарды:
өндірістік шала өңделген өнімнің техникалық шарттарын;
забойдың шала өңделген өнімін тиімді өңдеу тәсілдерін;
өнімді өлшемі мен сорттары бойынша сұрыптау ережесін;
қызмет көрсететін механизмдер мен жабдықтардың құрылғысын және жұмыс қағидаттарын білуге тиіс.
7-параграф. Слюда дайындаушы, 3-разряд
329. Жұмыс сипаттамасы:
слюданың түрлері мен кенорындары бойынша оның сапалық сипаттамасын айқындау үшін қолмен забойдың шала өңделген өнімдерін бақылап өңдеу;
забойдың шала өңделген өнімі мен шығарылатын өнімнің сапасын бақылау;
тұтынушыларға жіберер алдында өнімнің сапасы мен рұқсатын тексеру.
330. Мыналарды:
забойдың шала өңделген өнімдерінің техникалық шарттарын және өндірістік шала өңделген өнімдерінің шығарылымын;
шығарылатын өнімнің мөлшері мен сорттары бойынша сұрыптау ережесін;
қолданылатын өлшеу аспаптарының, шаблондар мен құралдарының жұмыс қағидаттарын, оларды пайдалану ережесін;
забойдың шала өңделген өнімін шикі өнімге қайта өңдеу схемасын білуге тиіс.
8-параграф. Плиталар мен блоктарды жарушы, 5-разряд
331. Жұмыс сипаттамасы:
балғаның, төсемдер мен пунчеттердің көмегімен берілген өлшем бойынша плиталар мен блоктарды қағып жару;
шпурларды перфоратормен немесе қолмен бұрғылау;
перфораторды жұмысқа дайындау және оның ауаөткізгіш магистральға қосу;
перфораторға күтім жасау және оның жұмысындағы ұсақ бұзушылықтарды жөндеу;
ауаөткізгіш шлангты көшіру;
қолданылатын құралға май құю және көшіру.
332. Мыналарды:
перфоратордың конструкциясын және жұмыс қағидатын;
тау-кен жыныстарының физикалық қасиеттерін және жарылу сызығын бағыттау;
шпурлардың орналасу схемасын және тереңдігін;
қолданылатын құралдың түрлерін және оларға май құю әдістерін білуге тиіс.
9-параграф. Асбест байыту өндірісінің зертханашысы, 3-разряд
333. Жұмыс сипаттамасы:
асбест байыту өндірісінің байыту цехтарымен өндірілетін өнімнің сапасын талдау, асбесті бункерлерге салу технологиясын және дайын өнімдер цехының бөлігіндегі үйінділерді реттеу;
асбесттің берілген сапасын орталау және таптар мен маркаларға қалыптастыру, буып-түюге дайындалған асбесттің бақылау аппараттарында сынаулар жүргізу және оны буып-түюге рұқсат беру;
қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес асбестті буып-түю және вагондарға тиеу процесінде оны бақылау аппараттарында (бақылау аппараттарында, талшықтардың ұзындығын талаушыларда, гидро сыныптағыштарда) сынау;
асбест байыту өндірісінің байыту цехтарымен өндірілетін өнімді байқау және сынау бойынша журнал жүргізу.
334. Мыналарды:
асбестке және ілеспелі байыту өнімдеріне қойылатын қолданыстағы техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды;
сынауға жататын өнімнің ерекшелігін;
асбест байыту өндірісінің технологиялық процесін;
сынау жабдықтарының құрылғысын;
асбесті сынау, өткізілген сынауларды жүргізу, өңдеу және нәтижелерін жалпылау әдістемесін білуге тиіс.
335. Ескертпе.
осы тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген барлық кешенді зертханалық жұмыстар игерілмеген жағдайда, асбест байыту өндірісінің зертханашысын тарификациялау бір разрядқа төмен жүргізіледі.
10-параграф. Забойшы, 4-разряд
336. Жұмыс сипаттамасы:
ашық тау-кен жұмыстарында пайдалы қазбаларды тазалап қазу жөніндегі кешенді жұмыстарды орындау;
тексеру және забойды қауіпсіз жағдайға келтіру, забойды тазалау;
шой балғалардың, перфораторлар мен басқа жабдықтар мен құралдардың көмегімен пайдалы қазбаларды шығару;
жарудан кейін тау-кен массасын қазу;
шпурлардың орналасуын және бағытын белгілеу;
шпурларды бұрғылау;
пайдалы қазбаларды қазу, автомашиналар мен басқа да көлік құралдарына тиеу;
карьердің траншеялары мен борттарын бекіту, жыраларды үңгілеу;
қызмет көрсететін жабдықтардың және қолданылатын құралдардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою.
337. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың және қолданылатын құралдардың құрылғысын;
тау-кен жыныстары мен кендерінің негізгі қасиеттерін;
пайдалы қазбалардың төселу шартын және олардың кендегі құрамына байланысты қазу тәсілдерін;
шығарылатын жыныстардың санаттарын;
қолмен бұрғылау тәсілдерін;
кондициялық өнімге техникалық шарттарын;
пайдалы қазбалардың бос жыныстардан айыру белгілерінбілуге тиіс.
электро слесарлық істі.
11-параграф. Траншеяларды кесуші, 3-разряд
338. Жұмыс сипаттамасы:
тас кесетін машиналар үшін кіретін және шығатын құру кезінде электр арасымен немесе қолмен қажетті тереңдіктегі тау-кен массивінде көлденең және ұзындық бойымен аралау өндірісі;
массивтен тау-кен жыныстарын бөлу, кесілген тау-кен жыныстарын шығару және төсеу;
траншея кертпештерін жобалау;
траншеяларды белгілеу.
339. Мыналарды:
тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін;
траншеялардың өлшемін;
траншеяларды кесу тәсілдері мен ережесін;
электр арасының құрылғысын және онымен жұмыс істеу ережесінбілуге тиіс.
12-параграф. Асбест пен кенді қабылдаушы, 2-разряд
340. Жұмыс сипаттамасы:
механикаландырып шығару цехтарынан асбест кендерін қабылдау, кейін кен байыту фабрикаларына тапсыру;
асбест кендерін құлату;
байыту фабрикаларында асбест кендерін қабылдау;
жоғары сортты кендерді таразылап қабылдау;
ұсақ ұсату цехынан сапалы асбестті қабылдау;
қабылданған асбест кендері мен асбестке есеп жүргізу;
қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу.
341. Мыналарды:
асбест кендерінің қасиеттері мен сапасын;
асбест кенін тапсыру, қабылдау және құжаттамалық ресімдеу ережесін;
кендегі асбесттің құрамын айқындау, вагондардың аудару құрылғыларын пайдалану ережесін;
қабылданған асбест кендері мен асбесті таразылау және есеп жүргізу ережесін;
сорты әртүрлі асбесті бар бункерлерді орналастыру;
сорты әртүрлі асбесттердің мемлекеттік стандарттарды білуге тиіс.
13-параграф. Саз балшық кесетін машинаның машинисі, 4-разряд
342. Жұмыс сипаттамасы:
саз балшық шығаруда қолданылатын барлық типтегі саз балшық кесетін машиналарды басқару, саз балшықта көлік құралдарына тиеу;
забойды тексеру және оның қауіпсіз жағдайға келтіру;
саз балшық кесетін машинаны забойдың шетіне көшіру;
беретін тасымалдағыштарды, кесетін құралдарды, тиейтін тасымалдағыштарды реттеу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
саз балшық кесетін машинаны тазалау, майлау, оның жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жөндеуге қатысу.
343. Мыналарды:
барлық типті саз балшық шығаратын машиналардың құрылғысын;
карьер қазу ережесін;
шығарылатын саз балшықтың түрлерін;
саз балшық кесетін машинаның жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін;
электро слесарлық іс негіздерінбілуге тиіс.
14-параграф. Слюда іріктеу қондырғысының машинисі, 3-разряд
344. Жұмыс сипаттамасы:
байытудың екі сатысы бар слюда іріктеуші байыту қондырғыларын басқару;
технологиялық регламентке сәйкес қызмет көрсететін жабдықтарды қосу және тоқтату;
құрамында слюданың болуын ескере отырып, тау-кен массасының бір қалыпты берілуін қадағалау;
елек торкөздерін тазалау, тасымалдағыштардың тозған електер мен роликтерін ауыстыру;
қызмет көрсететін қондырғыларды майлау, жөндеуге қатысу.
345. Мыналарды:
слюданы байыту технологиясын;
байытудың екі сатысы бар слюда іріктеуші байыту қондырғылардың құрылғысын;
забойдың шала өңделген өніміне қойылатын талаптарды білуге тиіс.
15-параграф. Слюда іріктеу қондырғысының машинисі, 4-разряд
346. Жұмыс сипаттамасы:
байытудың екіден артық сатысы бар бөлшектеу және слюда іріктеуші байыту қондырғыларын басқару;
електердің жұмыс істейтін саңылауларын реттеу;
желдеткіш жүйесіне қызмет көрсету.
347. Мыналарды:
байытудың екіден артық сатысы бар бөлшектеу және слюда іріктеуші байыту қондырғыларының құрылғысын;
слюданы бөлшектеу және байыту технологиясын;
желдеткіш камералардың, ауаөткізгіштер мен шаң тұндырғыш жабдықтардың құрылғысынбілуге тиіс.
16-параграф. Тас кесетін машинаның машинисі, 4-разряд
348. Жұмыс сипаттамасы:
бір дискілі арамен тас кесетін операциялық (тілгілеу) машиналарды басқару;
стандартты тасты және табиғи тастардан ірі блоктарды шығару кезінде көлденең және ойымен аралауды жүргізу;
қызмет көрсететін машиналарды кесу цикліне орнату;
араларды орнату және ауыстыру;
рельстік жолдан жылжытумен кесудің жаңа цикліне қызмет көрсететін машиналарды қайта айдау;
табиғи тастардан блоктарды шығару және бөлшектеу бойынша арқанды-кескіш қондырғыларды басқаруға қатысу, олардың жұмыс істейтін және бағыттандыратын тіреулерін ұңғымалар мен траншеяларға орнату және қайта орнату;
тартқыш құрылғылармен арқанды-кескіш қондырғыларының тросын тартуды реттеу, арқанды-жиналмалы құрылғылардың көмегімен тозған тросты ауыстыру және шынжырлау;
монолит тастарды аралау аймағына абразивтік материалдардың берілуін реттеу;
қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.
349. Мыналарды:
табиғи тастардан блоктар шығару және бөлшектеу бойынша бір дискілі арасы бар тас кескіш операциялық (тілгілеу) машиналарының және арқанды-кескіш қондырғылардың, қозғалту және кесу тораптарының, электрлік және гидроэлектрлік жетектердің құрылғысын;
қызмет көрсететін машиналар мен қондырғылардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін;
монолиттерді кесу және аудару технологиясын;
қызмет көрсететін машиналар мен қондырғыларда қолданылатын тростардың сипаттамасын;
арқанды-кескіш қондырғылардың тростарын ауыстыру және шынжырлау;
тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін;
шығарылатын тастан және табиғи тастан жасалатын ірі блоктардың мемлекеттік стандарттарын;
абразивтік материалдарды қолдану ережесін білуге тиіс.
17-параграф. Тас кесетін машинаның машинисі, 5-разряд
350. Жұмыс сипаттамасы:
табиғи тастан жасалған блоктарды шығару және бөлшектеу бойынша екі
дискілі арасы бар тас кесетін операциялық (тілгілеу) машинасын немесе
арқанды-кескіш қондырғыларды басқару;
қызмет көрсететін машинаның (қондырғының) тиімді жұмыс режимін таңдау және қамтамасыз ету, оны тоқтату;
өздігінен кіретін жүйенің аралау немесе бұрғылау жұмыстарының өндірісі;
тростарды жинау және табиғи тастан жасалатын блоктарды шығару және бөлшектеу жөніндегі арқанды-кескіш қондырғылардың бағыттаушы тіреулерін бекітуді бақылау.
351. Мыналарды:
табиғи тастардан блоктар шығару және бөлшектеу бойынша барлық типті тас кесетін машиналардың және арқанды-кескіш қондырғылардың, қозғалту және кесу тораптарының, электрлік және гидроэлектрлік жетектердің конструктивтік ерекшеліктерін;
монолиттерді кесу және аудару технологиясын;
фракциялық құрам бойынша абразивтерді таңдау ережесін және оның шығыстарын нормалауды білуге тиіс.
Табиғи тастан блоктарды шығару және бөлшектеуде төрт және одан да көп дискілі аралары бар тас кесетін операциялық (тілгілеу) машиналарды басқару кезінде- 6-разряд.
18-параграф. Асбест байыту жабдықтарын реттеуші, 4-разряд
352. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті асбест байыту жабдықтарын реттеушінің басшылығымен асбест байыту жабдықтарында асбест кендерін байытудың технологиялық процесін жүргізу;
асбест байыту жабдықтарына жүктемені реттеуге қатысу;
дайын өнімнің құйғыштарының толығуын, материалдың бірқалыпты келіп түсуін қадағалау.
353. Мыналарды:
асбест байыту жабдықтарында асбест кендерін байытудың технологиялық процестерінің негіздерін;
асбест байыту жабдықтарының құрылғысын және оны пайдалану ережесін;
асбесттің сорттары мен маркаларына қойылатын мемлекеттік стандарттарды;
асбест кендерінің сипаттамасынбілуге тиіс.
19-параграф. Асбест байыту жабдықтарын реттеуші, 5-разряд
354. Жұмыс сипаттамасы:
қызмет көрсетілетін асбест кендерін байытудың және асбест шығарудың технологиялық процесін жүргізу және реттеу;
қызмет көрсететін жабдықтардың (уатқыштар, диірмендер, електер, тасымалдағыштар) жүктемесін реттеу және олардың үздіксіз жұмыстарын қамтамасыз ету;
кендегі асбест талшығын тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды орындау;
технологиялық көрсеткіштерді, асбесттің құйылуын, қызмет көрсететін учаскедегі қалдықтарда асбест талшығының шығындарын бақылау.
355. Мыналарды:
асбест кендерін байытудың және қызмет көрсететін учаскеде асбесттерді шығарудың технологиялық процесін және оны бақылаудың әдістерін;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен конструкциялық ерекшеліктерін;
асбесттің, құрылыс материалдарының сорттары мен маркаларына және шығарылатын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттардыбілуге тиіс.
20-параграф. Асбест байыту жабдықтарын реттеуші, 6-разряд
356. Жұмыс сипаттамасы:
сорттары мен маркалары бойынша белгіленген тапсырысқа сәйкес жалпы цех бойынша асбест кендері мен байытудың және асбест шығарудың технологиялық процесін жүргізу, технологиялық процестің және байытылатын жабдықтарға жүктеменің режимін реттеу;
жалпы цех бойынша технологиялық көрсеткіштерді, асбесттің тозаңдану дәрежесін, асбест талшықтарының қалдықтарда шығындалуын бақылау.
357. Мыналарды:
жалпы цех бойынша асбест кендерін байытудың және асбест шығарудың технологиялық процесін;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және негізгі ерекшеліктерін, оларды байыту процесінде байланыс схемасын;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілін;
асбестте шаңның және қалдықтарда асбест талшықтарын айқындау тәсілдерін;
нормадан тыс тозаңдануды және қалдықтарға асбест талшықтарының түсуін жою тәсілдерінбілуге тиіс.
Параграф 21. Тасты таңдаушы-төсеуші, 3-разряд
358. Жұмыс сипаттамасы:
забойдағы таскескіш машинаның артындағы қабырғалық тастарды жинау, оларды мемлекеттік стандартқа сәйкес сұрыптау, штабельдерге немесе тасымалдаушы құралдарға салу;
таскескіш машиналардың жұмыс аймағын бут пен құмнан тазалау;
жарылу сызығын белгілеу.
359. Мыналарды:
қабырғалық тастарға қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын;
тастарды штабельдер мен тасымалдағыш құралдарға салу ережесін білуге тиіс.
22-параграф. Термокесуші, 4-разряд
360. Жұмыс сипаттамасы:
ірі гранит блоктарын шығару кезінде жыныстардың тереңдігінде термокескіштің көмегімен саңылаулар тесу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша термокескішке жылу-ауа қоспасының келіп түсуін бақылау, тау-кен массивтерінде саңылаулардың тереңдігіне байланысты термокескіштің жұмыс істеу режимін реттеу;
жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау, термокескішті ұсақ жөндеу.
361. Мыналарды:
термокескіштің құрылғысын;
терең тау-кен жыныстардың қасиетін;
қаптайтын тастардың ірі блоктарына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын;
термокескіштің жұмыс істеу режимін реттеу ережесін;
жанармай материалдарының қасиетін және оларды пайдалану ережесін;
пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысын және қолдану ережесін білуге тиіс.
23-Параграф. Үйіндіні ұнтақтаушы, 3-разряд
362. Жұмыс сипаттамасы:
кенді қолмен шығару;
забойды тексеру және қауіпсіз жағдайға келтіру;
бос тау-кен жыныстарын ұнтақтау және кенді тау-кен жыныстарынан бөлу үшін кенді қолмен балғамен, сүйменмен, кайлмен немесе шой балғамен бөлшектеу;
кен мен тау-кен жыныстарын қолмен тиеу және тасымалдау;
шой балта жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
363. Мыналарды:
кенді тау-кен жыныстарынан айыру;
тау-кен жыныстары мен кендердің қасиеттерін;
шой балғалардың құрылғысын және олармен жұмыс істеу ережесін;
кен мен тау-кен жыныстарын қолмен ұнтақтау және тиеудің ережесі мен тәсілдерін білуге тиіс.
9-тарау. Тау-кен және тау-кен-күрделі жұмыстарға арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің (жалпы кәсіптер) тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Бекітуші, 3-разряд
364. Жұмыс сипаттамасы:
бекітпенің барлық түрлерінің жекелеген рамаларын, элементтерін ауыстыру;
аралық рамаларды, тіреулерді, табандықтарды, төсемдерді орнату;
атпалар мен тиранттарды қою және алу;
арналарды, траншеяларды, қазаншұңқырлар мен копуштарды бекіту; қазбаның бүйірі мен шатырын тартпалау, тартпаларын ауыстыру, бекітпенің ар жағындағы кеңістікті қалау;
табандықты қыру және қазба бүйірлерін тазарту;
бекітпе мен қораманың барлық элементтерін іріктеу және дайындау, жұмыс орнына жеткізу;
аралыққа кесінді дайындау;
аралықтардың барлық түрлерін тұрғызу және оларды жөндеу;
желдеткіш есіктерінің, терезелерінің, өлшеу станцияларының, ағаш шиттердің, құбырлардың, жаппалардың, көпіршелердің құрылымын орналастыру және оларды жөндеу;
есік қораптарын орнату;
есіктерді ілу, ағаш еденді орнату, икемді төсем салу, стеллаждарды орнату;
газенкаларға торша, баспалдақ сатыларын және баспалдақтарды орнату;
шахталардың желдеткіш оқпандарын қаптау;
ағаштың, төсемдердің, траптардың, қоршаулардың, күрделі емес қорамалардың, штольнядағы бекіту рамаларының қарапайым құрылымдарын бөлшектеу;
қораманы бетон мен ерітіндіден тазарту;
штангілерді дайындау, бетон қоспасын, әзірлеу және жұмыс орнына жеткізу;
арматураны байлау, болттарды, ілмектерді орнату және цементтеу;
ағаштар мен қоршауларды құру;
ілме ағаштарды бөлектеу;
тік сызықты қораманың шиттерін, қорамалардың барлық түрлерінің тік сызықты элементтерін жасау және жөндеу;
қораманы ұзартпай ұстап тұратын қарапайым мінбесаты элементтерін дайындау;
жерасты имараттарының ара жабындарының, арқалықтары мен ұстындарының қорамаларын бөлшектеу;
рельс жолдарын төсеу және қайта төсеу;
жыныстарды вагонеткалармен жұмысталған кеңістікті құрғақ қалау орнына жеткізу;
кен жынысы тиелген вагонетканы әкету және бостарын әкеліп беру;
кен жынысын жинау.
365. Мыналарды:
кен қазбаларында бекіту және жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайларын;
ағаш, метал, забой жанындағы темірбетон және арнаулы бекітпенің негізгі түрлерін, бекітпенің, мінбесаты мен қораманың жекелеген рамаларын, элементтерін ауыстырудың тиімді жолдары мен ережесін;
қолданатын құралдың жұмыс принципін;
кабель және байланыс желісімен жұмыс ережесін;
бекітпе мен жол төсеміне қойылатын техникалық талаптарды;
қолданылатын ағаштың, кірпіштің, тастың, бетонның және басқа да материалдардың сұрпын, қасиеттерін, нысанын, пайдаланылу мерзімін;
кен қазбаларының сипаттамасын, нысанын және орналасуын;
желдеткіш пен басқа да аралықтардың, баспалдақ және қозғалыс бөлімшелерінің, полкалардың, траптардың, люктердің, жаппалардың, конструкциясы мен нысанын;
кен қазбаларының бағытын тексеруге арналған маркшейдерлік белгілердің нысаны мен пайдалану тәртібін;
қажетті көлемдегі ұсталық жұмысты орындау тәртібін;
мінбесаты мен қораманы орнату тәсілдерін білуге тиіс.
2-параграф. Бекітуші, 4-разряд
366. Жұмыс сипаттамасы:
жазық кен қазбаларын, тазарту забойлары мен қиыс бұрышы 45 градусқа дейінгі кен қазбаларын, 5-разрядты бекітушінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген бекітпеден басқа, бекітпенің барлық түрлерімен, ескі бекітпені ішінара немесе толық алып, бетонды бөлшектей және кенді шығара отырып бекіту және жөндеу;
қазба қимасын ұнтақтау балғасының көмегімен, жару тәсілімен немесе қолмен кеңіту;
бекітпе элементтерін дайындау және аралық рамаларды орнату, барлық бекітпе түрлерінің жекелеген рамалары мен элементтерін ауыстыру;
шпурларды бұрғылау;
бекітпені алу, сөндірілген қазбаны қалау, кен қазбаларын сөндіру;
ағаш армирдің жекелеген дестелерін: атпаларды, вандруттарды, оқпандар мен шурфтардағы өткізгіштерді ауыстыру және жөндеу;
құлаған жерлерді бөлшектеу және бекіту;
рама үстіне от салу;
оқпандар мен шурфтарды мұздан тазарту;
аспалы мінбесатыны құру;
лекалалдарды, кружалдарды, арка қорамаларын, күмбездер мен ұтарын бөлшектеу;
ұстын, арқалық, аралық, қабырға, іргетас қорамаларын орнату;
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер жұмысындағы ақауды анықтау және жою.
367. Мыналарды:
бекітпенің түрлерін және оларды салу тәсілдерін;
ағаш бекітпе элементтерінің әртүрлі құлыпты қосындыларының түрлерін және нысанын;
кен қазбаларын бекіту паспортын;
бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу ережесін;
тау-кен қазбаларында жөндеу жұмыстарын жүргізудің техникалық шарттарын;
құламаларды бөлшектеудің ережесі мен тәсілдерін;
тау-кен қысымы және оның көріну сипаты туралы негізгі ұғымдарды;
түрлі үлгідегі тау-кен қазбаларының сипаттамасын;
арматураны орнату ережесі мен тәртібін;
оқпандарды арматураларға қойылатын техникалық талаптарды;
тау-кен қазбаларын бекіту және жөндеу кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдердің, құралдар мен құрылғылардың түрлері мен құрылымын, оларды пайдалану және күтіп сыныптау ережесін;
тау-кен қазбасының көлденең қимасы ауданын анықтау тәсілдерінбілуге тиіс.
3-параграф. Бекітуші, 5-разряд
368. Жұмыс сипаттамасы:
шахта оқпандарын, тік кен қазбаларын, қиыс бұрышы 45 градустан жоғары кен қазбаларын, оқпан маңы кен қазбалары бар оқпан байламдарын, кен албарын бекітпенің барлық түрлерімен бекіту және жөндеу;
арматуралау, арматураларға қызмет көрсету және жөндеу;
оқпандарды қарау;
веер пішіндес және көп бұрышты бекітпені құру, жөндеу және ауыстыру;
поездардың қозғалысын үзбей тоннельдерді жөндеу;
кен қазбаларын машиналардың көмегімен темірбетон, металл және басқа да штангілермен қорамасыз бетондаумен бекіту;
тоннельдің, қиыспаның және күмбездің темірбетон қаптамасының кружалдары мен қорамасын орнату;
орнықсыз кен жыныстарында, көшкіндерде, құлама құмдарда, карстарда жүргізілетін кен қазбаларының бекітпесін бекіту және жөндеу;
оқпандардағы және басқа да тік кен қазбаларында бекітпені жөндеу кезінде сақтандыру сөрелерін монтаждау және бөлшектеу;
оқпандардағы өткізгіштерді жөндеу, қызмет көрсету және түзеу.
369. Мыналарды:
оқпандарды үңгілеу тәсілдерін;
бекітпелер мен оқпан арматурасының түрлерін;
оқпан маңы кен қазбалары бар оқпан байламы ережесін;
оқпандары бекіту кезінде қолданылатын машиналар мен механизмдердің құрылымын, пайдалану ережесін; поездардың қозғалысын үзбей тоннельдерді жөндеу ережесін;
темірбетон және металл анкерлік бекітпелерді орнату тәсілдерін;
күрделі ағаш бекітпе құрылғылар мен күрделі қиыспалар мен кесінділерді белгілеу және әзірлеу тәсілдерін;
қорамалардың барлық түрлерінің конструкциясын және оларды орнату тәсілдерін;
шахта оқпандарын ағаш конструкциялармен арматуралау тәсілдері мен ережесінбілуге тиіс.
4-параграф. Шпурларды бұрғылаушы
370. Жұмыс сипаттамасы:
шпурларды қол және колонкалы перфораторлармен, электр бұранды үскілермен, пойнттармен, қол бұрғымен бұрғылау;
шпурларды бұрғылап сіңіру және бұрғылау, оларды забойға жылжыту және орнату процесінде өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларын басқару;
гидрооқтарды басқару, автобергіні реттеу және ыңғайлау;
бұрғы механизмдері мен бұрғы қондырғаларын жұмысқа дайындау;
кен қазбалары тоғысын штангілі бекітуге қатысу;
бұрғылау-жару жұмыстары паспортына сәйкес шпурлардың орналасуын белгілеу;
жерге қосуды тексеру;
бұрғы механизмдерін энергетикалық желіге қосу;
шпурларды үрлеу, жуу, бұрғылау барысында оларды және қаптамаларды ауыстыру;
бұрғыларды, долоттарды, қаптамаларды іріктеу;
тығындарды бұрғыланған шпурларға дайындау және сіңіру;
көпіршелерді тұрғызу, пневматикалық және басқа да қолдаушы құрылғыларды орнату;
жұмыс орнын қарау, оны қауіпсіз жағдайда ұстау, беткей мен шатырды жинауға қатысу;
уақытша бекітпе орнату;
бұрғы механизмдері мен бұрғы қондырғыларының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
бұрғы механизмдері мен қондырғыларын техникалық күту, олардың қажалатын тораптарын майлау;
пневматикалық магистральдарды, сумен жабдықтау және желдету жүйелерін жеткеруге қатысу.
371. Мыналарды:
қызмет көрсететін бұрғы механизмдері мен бұрғы қондырғыларының құрылымын;
жетектердің гидравликалық жүйесінің, ауыстырып беру қорабының, дизельді қозғағыштар мен қызмет көрсететін бұрғы қондырғыларының басқа да тораптарының жұмыс принципін, оларды бөлшектеу және құрастыру тәртібін;
бұрғы қондырғыларын тау-кен қазбалары бойынша тасымалдау ережесін;
шпурларды оңтайлы орналастыру схемалары мен олардың тереңдігін;
бұрғылау-жару жұмыстары паспортының мазмұнын және оны толтыру тәртібін;
бұрғыланатын тау кен жыныстарының ерекшелігіне қарай бұрғы құралына май құю сапасына қойылатын талаптарды;
қаптаманы қайрау жөніндегі жұмыстың тәртібі мен оны қабылдауды;
тау-кен жыныстарының қасиеттерін мен олардың жату сипаттамасын;
тау-кен қазбаларының атауын және орналасуын;
пайдалы қазбаның бос жыныстан айыратын сыртқы белгілерді;
бұрғылау кезінде шаң пайда болуымен күресу шараларын;
қозғағыштарға, шассилер мен гидроқұбырларға арнап қолданылатын майлардың сұрыптарын және майлау жүйесін;
бұрғы құралын күтіп ұстау мен ауыстыру ережесін;
желдеткіш пен жұмыс орнын сығымдалған ауамен және сумен қамтамасыз ету схемаларын;
энергетикалық желі құрылымын және сызбасын;
электротехника, геология, пайдалы қазба орындарын барлау жөніндегі негізгі деректерді;
электр желілеріндегі кемуді жою әдістерін;
уақытша бекітпені орнату мен бұрғы механизмдері мен бұрғы қондырғылары жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін;
жару жұмыстарын жүргізудің ережесі мен тәсілдерін білуге тиіс.
Шпурды қолмен бұрғылау кезінде - 3-разряд;
шпурларды қол және колонкалы перфораторлармен, массасы 35 килограмға дейінгі (массасы пневмоқолдауышпен қоса көрсетіледі) электр бұранды үскілермен ашық жұмыста бұрғылау кезінде - 4-разряд;
шпурларды қол және колонкалы перфораторлармен, массасы35 килограмнан артық электр бұранды үскілермен ашық жұмыстарда және 35 килограмға дейін жабық қазбаларда, штольняларда, шурфтарда бұрғылау кезінде;
шпурларды дизельді қозғағышпен жабдықталғандардан басқа бұрғы қондырғыларымен бұрғылау кезінде - 5-разряд;
шпурларды қол және колонкалы перфораторлармен, массасы 35 килограмнан артық электр бұранды үскілермен жабық қазбаларда, штольняларда, шурфтарда бұрғылау кезінде;
шпурларды дизельді қозғағышпен жабдықталған өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларымен;
шпурларды су асты бұрғылау кезінде - 6-разряд;
шпурларды арнайы забойларда перфораторлармен, бұрғы қондырғыларымен, электр бұранды үскілермен бұрғылау және пайдалы қазба қабатының өнімділік қуатын өлшеу, кен жынысының бұрғылануын, уатылғыштығын сынау және бұрғылау-жару жұмыстарының оңтайлы параметрлерін анықтау үшін кен массасын уатқыш балғамен ұнтақтау кезінде - 7-разряд.
372. 7-разрядты шпур бұрғылаушы үшін техникалық және кәсіптік(арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
373. Ескертпе.
Шпур бұрғылаушының көмекшілері шпур бұрғылау құқығы болса шпур бұрғылаушыдан бір разрядқа төмен, ал құқығы болмаса – екі разрядқа төмен тарифтеледі.
5-параграф. Әуе-арқан жолының вагонетшісі, 2-разряд
374. Жұмыс сипаттамасы:
вагонеткаларды толтыру және әкету;
тиелген және бос вагонеткаларды, оларды әуе-арқан жолына жеткізе отырып тіркеу және ағыту;
вагонеткаларды әуе-арқан жолы арқанынан монорельске қабылдау және вагонеткаларды босатып, бостарын арқанға бере отырып қабылдау және монорельс бойынша қажетті бағыттарда орнын ауыстыру;
вагонеткаларды бункерлерге жеткізу және бөліп тарату, оларды босату және әуе-арқан жолы трассасына қосу жеріне дейін жеткізу;
әуе-арқан жолы желісіне шығатын вагонеткалар арасындағы белгіленген қашықтықты сақтау;
дабылды, тиелген вагонеткалар санын есептегішті, арқанның жай-күйін қадағалау;
вагонеткаларды және әуе-арқан жолы механизмдерін қарау, канаттың тартылуын тексеру және реттеу;
вагонеткаларды, тарту және жеткізу канаттарын майлау;
шашылған жынысты жинау және оны үйіндіге апару;
әуе-арқан жолын жөндеуге қатысу.
375. Мыналарды:
әуе-арқан жолы механизмдері мен вагонеткалардың құрылымын;
вагонеткаларды әуе-арқан жолына қабылдау мен жөнелту ережесін;
вагонеткаларды тиеу толықтығы нормасын;
вагонеткалардың үлгілері мен олардың сыйымдылығын білуге тиіс.
6-параграф. Гидромониторшы
376. Жұмыс сипаттамасы:
топырақты және кен жыныстарын әзірлеу (кесу, құлату), шаю, шайып түсіру, тасымалдау, қазбаны өңдеу, кессондар мен түсірме құдықтарды батыру, дамбылар мен басқа да жер имараттары мен үйінділерін шаю кезінде гидромониторды басқару;
өрт ошақтарын жерасты басқару құбырлары бойынша ұйықтандыру, өздігінен тұтанатын жұмысталған көмір қабаттарын, профилактикалық ұйықтандыру, жарықтар мен ойықтарды ұйықтандыру;
пульпа ағынын басқару және оның қажетті консистенциясын ұстап тұру;
ағынның біркелкі шаюын, қажетті бағыты мен қысымын қамтамасыз ету;
гидромониторды бөлшектеу, құрастыру, жылжыту және теңгермелеу;
су жолдары мен пульпажолдарын бөлшектеу, құрастыру, ұзарту және қысқарту;
аспаптар мен ұштамаларды ауыстыру;
қазбаланған кеңістікті бекіту;
кен жынысы мен топырақтың ірі кесектерін ұнтақтау, оларды штректе өңдеу және науалар бойынша өткізу;
жоғары қысымды став қақпақтарын ашу және жабу;
науалардың, су жолдары мен пульпажолдары коммуникацияларының жай-күйін қадағалау, бөгде заттарды ұстап қалу;
гидромониторларға қызмет көрсету және профилактикалық жөндеу.
377. Мыналарды:
қызмет көрсететін гидромониторлардың, аспаптардың, қақпақтардың, жоғары қысымды ставкалардың, су жолдары мен пулпажолдарының құрылымын, конструкциясын және принципін;
топырақ туралы негізгі мәліметтерді;
арналар мен траншеяларды жөндеу ережесін;
гидромониторлардың техникалық сипаттамаларын, оларды бөлшектеу, құрастыру және теңгермелеу ережесін;
шаюмен өңдеу ережесін;
құрғақ және су күйіндегі кен жыныстары мен топырақтың физикалық қасиеттерін;
кен жынысы мен пайдалы қазбалардың беріктігі бойынша сыныптамасын;
кен жыныстары мен топырақтың шаю мен гидравликалық тасымалдаудың тәсілдері мен негізгі схемаларын;
ұштама нысандары мен оларды ауыстыру тәсілдерін;
шашылма плоттың шөгу сипаты мен шайылатын жыныстардың гранулометриялық құрамын;
забойдағы және қазбаны бекіту жұмысының негізгі ерекшеліктерін;
бекітпе түрлері мен үлгілерін;
бекіту материалдарының қасиеттерін;
шоғырландырушы штректердегі науа құрылымын;
учаскедегі су жолдары мен пульпажолдарының схемасын;
гидромонитор жұмысындағы ақау себептерін және оларды жою тәсілдерін;
электр слесарьлық істі;
гидравлика негіздерін;
гидромониторды пайдалану ережесін;
қоршаған ортаны қорғаудың негізгі ережесін;
ұйықталған ұңғыма учаскесін қоршау ережесін;
пульпа консистенциясын;
қабылдау құйғыштарының түрлерін;
ұйықтануды нысанға берудің тәртібін;
пульпа сынамасын алу тәсілдерін білуге тиіс.
Топырақты және тау-кен жыныстарын ең жоғары ұштама кезінде өнімділігі сағатына 1000 текше метрге дейін су болатын гидромонитормен әзірлеу, шаю, шайып түсіру кезінде- 3-разряд;
топырақты және тау-кен жыныстарын ең жоғары ұштама кезінде өнімділігі сағатына 1000-нан 3000 текше метрге дейін суболатын гидромонитормен әзірлеу, шаю, шайып түсіру, кезінде - 4-разряд;
топырақты және тау-кен жыныстарын ең жоғары ұштама кезінде өнімділігі сағатына 3000 текше метрден жоғары су болатын гидромонитормен әзірлеу, шаю, шайып түсіру кезінде;
топырақты және тау-кен жыныстарын ең жоғары ұштама кезінде гидромонитордың өнімділігіне қарамастан пульпадайындаушы бункерлерде (құрылғыларда) әзірлеу мен тасымалдау және кессондар мен құдықтарды түсіру кезінде;
тау-кен жыныстарын жуып шаю қондырғыларында әзірлеу, дезинтеграциялау және тасымалдау кезінде - 5-разряд.
7-параграф. Жарушы, 4-разряд
378. Жұмыс сипаттамасы:
ашық, жерасты жұмыстары мен геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезінде жару жұмыстарын орындау;
мартен пештерінің қождықтарындағы, суыған "козелдардағы" шпурларды және металлургия өндірісіндегі шоғырмақтарды жару;
қумаларда, кен еңістеріндегі қатпаларды, кен қазбасы шатырындағы және қабырғасындағы жармаларды жою кезінде, шойтастарды бөлшектеу, жатып қалған кеннің металл жаңқаларын, тұздарды, қатып қалған ағаштарды қопсыту, ағаш діңгегін тазарту, ағаш құлату жөніндегі жару жұмыстарын орындау;
күндізгі қабаттағы және бронешұңқырдағы металл құрылғыларда жару жұмыстарын орындау;
патрон-боевик дайындау;
патрондарды маркалау және электродетонаторларды іріктеуге қатысу;
шпурларды, ұңғымаларды, камералар мен жару жұмыстары үшін жүргізілетін басқа да қазбаларды зарядтау;
ату-жару аппаратурасын зарядтау;
оттықты және электрлі жару кезінде жалғыз және топтық шпурларды зарядтау;
базистік және таратып бөлу қоймаларынан жару материалдарын жазғызу, алу, тиеу;
түсіру және жұмыс орнына жеткізу;
тығындама әзірлеу;
шпурлар мен ұңғымалардың орналасуының, тереңдігі мен бағытының жару жұмыстары жобасы мен паспортына сәйкестігін тексеру;
шпурлар мен ұңғымаларды түрлі үлгідегі пневмозарядтаушылармен зарядтау;
ұңғымаларды механикаландырылған тығындау;
шпурлар мен ұңғымаларды зарядтау алдында забойдағы метанды өлшеу және әрбір жарылыс алдында зарядтарды өлшеу;
қауіпсіз аймақты анықтау және қауіпті аймақты күзет постыларын орналастыру;
бекітпенің жай-күйін, сланецтеу сапасын, қоршаулар мен ескерту белгілерінің орнатылуын тексеру;
жару жұмыстарын жүргізу туралы белгіленген дабылды беру;
жару желісін монтаждау, оның дұрыстығын тексеру, электр желісінің қарсылығын тексеру;
жару материалдарының пайдалануға жарамдылығын, анықтау, жарамсызын жою;
жарылыс жұмыстарынан кейін орынды қарау, жарылмай қалған зарядтарды жою;
жару материалдарына полигондық сынауды, олардың жұмсалу есебін жүргізу, оны растау және қалдықтарды қоймаға тапсыру;
жару жұмыстары журналын жүргізу;
геофизикалық жұмыстарда - ұңғымаларды перфорациялауға және дүмпітуге арналған электр запалдарды әзірлеу;
ату аппаратурасының жарамдылығын тексеру, зарядтауға дайындау, зарядтау және сирету.
379. Мыналарды:
жару заттары мен жару құралдарының үлгілері мен қасиеттерін;
жару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережесін;
барлық үлгідегі пневмозарядшылардың, электр өлшеу аспаптарының, ату-жару аппаратурасының, топырақ жеткізгіштің, торпедалардың құрылымын;
жару желілерін монтаждауға арналған құрылғылардың түрлерін;
оттықты, электрлі және электроттықты жару тәсілдері кезінде дүмпіткіш шнурды қолдана отырып зарядтау мен жарудың тәртібін;
жару жұмыстарының, ұңғымаларды перфорациялау мен торпедалаудың негізгі әдістерін;
электрмен жару кезінде қосу схемасын;
жару желілерін ток көзіне қосу ережесін;
адаспа ток шамасын;
кен ауасының құрамын;
кен газының қасиеттерін мен олардың жол берілетін шекті процентін;
газ байқалған кездегі сақтану шараларын;
кен ауасындағы газды өлшеу тәсілдерін;
қазбалардың сланецтелуін тексерудің тәртібін;
жару материалдарының шығыс нормасын, оларды сақтау, тасымалдау, сынау және жою ережесі мен тәсілдерін;
жарылмай қалған зарядтарды жоюдың ережесі мен тәсілдерін;
жару жұмыстарын жүргізу кезінде белгіленген дабылдатқышты;
қоршау құрылымы ережесін;
кен қазбаларының орналасуын;
кен жыныстарының қасиеттерін;
шпурларды бұрғылау тәсілдері мен геологиялық және техникалық жағдайларға қарай оларды орналастыруды білуге тиіс.
8-параграф. Жарушы, 5-разряд
380. Жұмыс сипаттамасы:
ашық, жерасты кен жұмыстарын жүргізу кезінде, тасымалдау және гидротехникалық тоннельдерде оқпандарды, еңісті және тік қазбаларды үңгілеу және тереңдету, суэлектрстанциялар, ғимараттарын, арнаулы нысандағы жерасты құрылымдарын салу кезінде, орман өртімен күрес кезінде күрделі жару жұмыстарын орындау;
жаппай жару кезінде жарылыс желісін монтаждау, шпурлар мен ұңғымаларды зарядтау;
түрлі құрылғыларға жақын жерлерде, биіктігі 3 метрден асатын тазалау кеңістігі бар қабаттарда (ленталарда), күре кен орындарын тазарту жұмыстарында, бекітпелер бойынша полкалардан зарядтау кезінде жару жұмыстарын жүргізу;
жартасты кендер мен жартас үстіндегі топырақтарда қазаншұңқыр жасау үшін бөлектелген зарядтарды жару;
шпурларды, ұңғымаларды, камераларды, салмалы зарядтарды, бекітпелер, жабдықтар, механизмдер, коммуникациялар болған жағдайда, электродетонаторлар мен дүмпітуші шнурды қолдана отырып, оттықты және электр оттықты тәсілдер серияларымен зарядтау және жару;
желдеткіш, бекітпе, тарсыл ағындарының, аражабындардың, сөрелердің жай-күйін тексеру;
жару жұмыстарын "контурлық жару" әдісімен орындау;
электр жару және алмастырушы желілерді зарядтардың аралас қосындысымен монтаждау;
сейсмикалық әсері, жарықшақтардың ұшуына және соғы толқынына қарай қауіпті аймақты айқындау;
жару заттарын механикаландырылған кешенде қайта өңдеу;
шпурларды, ұңғымаларды, камераларды зарядтық және заряд жеткізу машиналарымен механикаландырылған зарядтау, оларды басқару және техникалық қызмет көрсету.
381. Білуге тиіс:
ашық, жерасты кен жұмыстарын жүргізу кезінде, тасымалдау және гидротехникалық тоннельдерде оқпандарды, еңісті және тік қазбаларды үңгілеу және тереңдету, суэлектрстанцияларын, ғимараттарын, арнаулы нысандағы жерасты құрылымдарын салу кезінде, орман өртімен күрес кезінде, жаппай жару, басқа да күрделі жару жұмыстарын орындау кезіндегі жару жұмыстары өндірісінің ерекшеліктерін;
жарылыс желісін алмастыру тәртібін;
күрделі жару желілерін монтаждау схемасын және есептеу тәртібін;
сейсмикалық әсері, жарықшақтардың ұшуына және соғы толқынына қарай қауіпті аймақты есептеудің тәртібін;
зарядтық және заряд жеткізу машиналарының құрылымын және оларды пайдалану ережесін;
түйіршіктелген жару заттарымен пневмозарядтау кезінде статикалық электрмен күрес әдістерін;
қысқа баяулатылған жарылыс ерекшеліктерін;
кен-геологиялық жағдайларға орай зарядтардың тиімді құрылымдары мен қысқа баяулатылған жарылыс схемаларын таңдау ережесін;
екінші топтағы жарылыс материалдары қоймаларындағы қоймаішілік тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстарын механикаландыруды;
кен қазбаларын жару заттарымен механикаландырылған зарядтауға арналған технологияны, автоматтандыру құралдарын;
жару заттарын контейнерлік жеткізу, сақтау және таралу технологиясын;
динамореактивтік жүйелердің құрылымын.
9-параграф. Жарушы, 6-разряд
382. Жұмыс сипаттамасы:
айрықша құрылғыларды салу, жұмыс істеп тұрған имараттарға қосу кезінде, кессон камераларында ерекше күрделі жару жұмыстарын орындау;
шпурлардың санын, орналасуы мен тереңдігін анықтау, электр жару желісін монтаждау;
айрықша имараттар іргетастарына, тұрақты жерасты коммуникацияларына, жұмыс істеп тұрған метрополитен тоннелдеріне, магистральдық темір және автокөлік жолдарына, электр жеткізу желілеріне, газ-мұнай құбырына, көпір құрылысына жақын жерде күрделі жару жұмыстарын орындау;
күрт еңісті ойпаңдарда, түпті тереңдету жұмыстарында, минералды түпке сеппе салу кезінде, аралықтарды алу кезінде, қадаларды қағу кезінде зарядтарды жару;
сең жүру кезінде мұздарды жару;
ғимараттар мен имараттарды бұзу, домна және мартен цехтарын қайта құрылымдау кезінде жару жұмыстарын орындау;
торпедаларды жабдықтау, оларды ұңғымаға түсіру және жару.
383. Мыналарды:
айрықша ғимараттар мен имараттарды салу, күрт еңісті ойпаңдарда, түпті тереңдету жұмыстарында, қадаларды жарумен қағу кезінде, минералды түпке сеппе салу кезінде, магистральдық темір және автокөлік жолдарына жақын жерде күрделі жару жұмыстарын жүргізу ережесін;
металл мен ыстық массивтерді ұнтақтау кезінде, мұз жару және су асты жұмыстарында, ғимараттар мен имараттарды бұзу үшін зарядтарды жару ережесін;
торпедаларды жабдықтау, ұңғыманы дүмпітуге арналған зарядтарды дайындаудың тәртібін білуге тиіс.
384. Ескертпелер.
1) адамдар жару жұмыстарына жару жұмысы өндірісіне құқық беретін құжаты болғанда ғана жіберіледі;
2) жару материалдарын жеткізумен айналысатын жарушы көмекшілері 2-разряд бойынша, ал шпурларды, ұңғымаларды, мина камераларын жаруға дайындық жөніндегі жұмыстарға жарушының көмегімен бір мезгілде қатысқан кезде 3-разряд бойынша тарифтеледі.
10-параграф. Бекіту материалдарын шахтаға жеткізуші, 3-разряд
385. Жұмыс сипаттамасы:
бекіту, құрылыс, жағармай материалдарын, қосалқы бөлшектерді, құбырларды, рельстерді, түрлі жабдықтар мен басқа да ілеспе материалдарды вагондарға, вагонеткаларға және басқа да көлік құралдарына тиеу;
оларды шахта оқпандарына, штольняға, және шахта үстіндегі басқа да нысандарға жеткізу, материалдарды қолмен блоктардың, шығырдың, домкраттың, түрлі такелаж механизмдерінің және құрылғыларыдың көмегімен кілеттерге, қауғаларға, скиптерге тиеу және түсіру;
материалдарды шахтаға түсіру;
көтеру механизмдері мен құрылғыларын басқару;
тростарды жалғау;
қажетіне қарай жүктерді түсіретін жерге дейін ілесу;
орманды белгілеу және бөлу, бөренелерді брустарға, пластиналар мен тақтайға кесу;
орман материалдарын ақауға шығару;
материалдарды, жабдықтарды түсіру және нысаналы жерге қоймалау;
рельстен шығып кеткен вагонеткаларды қою;
белгіленген белгілерді қабылдау және беру.
386. Мыналарды:
қолданылатын бекітпелердің және ілеспе материалдардың түрлері мен мөлшерін;
жұмыста қолданылатын такелаж құрылғыларының, көтеру-тасымалдау жабдығының нысаны мен құрылымын, оларды орнату және пайдалану ережесін;
жабдықтарды және басқа да жүктерді көлік құралдарына бекіту тәсілдерін;
ілмектеу құралдарының беріктігін тексеру тәсілдерін;
көтеру-тасымалдау жабдығы мен құрылғылары жүктемесінің шекті нормасын;
бекіту және басқа да материалдарды тиеу, түсіру және тасымалдау ережесін;
оларды шахтаға түсіру ережесін;
көлік құралдарының, кілеттердің габаритін;
орман материалдарының сұрыптарын, тегін және мөлшерін;
ағаш түсіру құрылғысын білуге тиіс.
11-параграф. Геологиялық жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы, 1-разряд
387. Жұмыс сипаттамасы:
геологтың немесе гидрогеологтың басшылығымен жұмыс орындау;
түпкі жыныстарды тазарту және ашу;
тау-кен қазбалары үлгілерін қағу, буып-түю, тасымалдау, қажет болғанда өлшеу, парафиндеу;
үлгілер мен сынамаларға этикетка толтыру және жапсыру, оларды тіркеу және зертханаға жіберу;
судың сынамасын алу және тасымалдау, оларды тиісті журналға тіркеу;
ұңғыма тереңдігін бақылап өлшеу;
тау-кен үйінділерінен, бос жыныс үйінділерінен және басқа да тау-кен массасынан сынама алу;
қарапайым схемаларды орындау және көбейту.
388. Мыналарды:
тау-кен жыныстарының шөгу жағдайлары, тау-кен қазбаларының орналасуы мен нысаны туралы негізгі ұғымдарды;
ұңғымалар мен кен қазбаларынан кен жынысы үлгілерін іріктеудің тәртібі мен ережесін, оларды сақтаудың тәртібі мен ережесін;
су сынамасын іріктеудің, ресімдеудің және сақтаудың тәртібін;
бос жыныстың пайдалы қазбадан сыртқы ерекшелік белгілерін;
тау-кен жыныстарының қабылданған сыныптамасын;
сынамалар мен кен жынысы үлгілерін тіркеу журналын және басқа да белгіленген құжаттамаларды толтыру мен сақтаудың тәртібін;
геологиялық қарапайым жоспарларды білуге тиіс.
12-параграф. Геологиялық жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы, 2-разряд
389. Жұмыс сипаттамасы:
сынамалар мен тау-кен жынысы үлгілерін, кенді және басқа да пайдалы қазбаларды тау-кен қазбаларынан, табиғи ашық жерден, бұрғылау ұңғымаларынан алу;
тау-кен қазбалары мен кеннің физикалық қасиеттерін анықтауға қатысу;
"РИМВ-3" аспабының көмегімен бұрғы ұңғымаларын геологиялық зерттеу жұмыстарын орындау;
тау-кен қазбаларын санаттары бойынша сыныптау;
тау-кен қабаттары мен тектоникалық бұзылу қабаттары элементтерін, жерасты суларының гидростатикалық ағын күшін және ұңғымалар, арналар мен тағы басқа бойынша су шығысын тау-кен компасының көмегімен өлшеу;
графикалық материалдарды көшіріп басу.
390. Мыналарды:
тау-кен жұмыстарын жүргізу негіздерін;
тау-кен жыныстарының атауын және негізгі қасиеттерін;
геофизикалық, геологиялық аспаптардың атауын, нысаны мен пайдалану ережесін;
тау-кен орнының геологиялық құрылымы мен гидрогеологиялық жағдайларын;
тау-кен компасы мен қолданылатын басқа да құрылғылар мен құралдарды қолдану ережесін;
тау-кен қазбаларынан, табиғи ашық жерден, бұрғылау ұңғымаларынан сынамалар мен тау-кен жынысы үлгілерін алудың тәртібі мен ережесін;
тау-кен жыныстарының шөгу элементтері мен жарықшаларды тау-кен компасымен өлшеу әдістерін;
жарықпен көшіріп басу қондырғысын және аммиакты пайдалану ережесін білуге тиіс.
13-параграф. Геологиялық жұмыстардағы кен жұмысшысы, 3-разряд
391. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен қазбалары мен ұңғымаларды сынамалайтын жерлерді белгілеу.
бақылау сынамаларын алу, сынамаларды кептіру, ұнтақтау, қысқарту, майдалау, химиялық талдауға дайындау;
тау-кен қазбаларының, кен мен басқа да пайдалы қазбалар үлгілерінің геологиялық коллекциясын жинау және ресімдеу;
пайдалы қазбаның өнімді қабаты мен сыйымды тау-кен жынысының қуатын өлшеу;
тектоникалық жарықтар мен жарықшаларды өлшеу;
тау-кен қойнауынан пайдалы қазбаны алудың толықтығы мен сапасын, көшкін құбылыстарын қадағалау және олар туралы уақытында ескерту;
тау-кен сұрыптарының дұрыс шихталануын бақылау;
бұрғы ұңғымаларындағы жерасты сулар мен олардың тау-кен қазбаларына келу ағындарының деңгейін өлшеу;
тау-кен қазбалары мен бұрғы ұңғымаларының алғашқы және таза геологиялық құжаттамасын (паспорттарды, ұңғыманың стратиграфиялық колонкаларын, сынамалау журналын, жұмыс жоспарын), графикалық материалдар-жоспарларды, разрездерді салу және ресімдеу, камералды жұмыстар;
тау-кен жыныстары мен пайдалы қазбаларды іріктелген сынамалар бойынша эталондық коллекцияға сәйкес сыныптау.
392. Мыналарды:
тау-кен жыныстарының сыныптамасын; жыныстардың петрографиялық түрлерін;
сыйымдылықты жыныстар мен кендердің постмагматикалық өзгерістерін, олардың байыту технологиясына әсерін;
пайдалы қазбаны жөнелтуге арналған сұрыптама паспорттарды жасау ережесін;
шығындардың туындау, құнарсыздану себептері мен оларды қысқарту тәсілдерін;
бороздалық, задиркалық және уыстық сынамаларды алу ережесін;
ұңғыма шламы бойынша негізгі металдың болуын анықтау ережесін;
шөгінді жыныстардың фациальдік талдау негіздерін;
тектоника элементтерін;
тау-кен мен жыныстардың құрылымдық-текстуралық сипаттамасын;
тау-кен жыныстары мен пайдалы қазбаларды далада және зертханада зерттеу әдістерін;
сеппе құрылымы элементтері мен олардың кеңістіктегі арақатынасын;
гидрогеологиялық өлшем әдістерін;
инженерлік геология элементтерін;
разрез, профиль, стратиграфиялық колонкаларды құру ережесін;
құжаттаманы толтыру, есепке алу және сақтау тәртібін;
есептеу техникасын қолдану ережесін;
пайдалы қазба қорын жедел есептеудің қабылданған әдістемесін білуге тиіс.
393. Ескертпе:
жұмысты жерасты суларының қалдықты ағыны кезіндегі күрделі гидрогеологиялық және тектоникалық немесе кен соқпасы бойынша қауіпті жағдайларда орындаған кезде тарифтеу бір разрядқа жоғары жүргізіледі.
14-параграф. Жерасты тау-кен жұмысшысы, 1-разряд
394. Жұмыс сипаттамасы:
жоспар бойынша ауысымына 100 тоннаға дейін тау-кен массасын беретін тақталар мен бұрылмаларда жұмыс орындау;
тиелген және бос вагонеткаларды шығырлардың, итергіштердің көмегімен және қолмен итеріп әкелу және әкету;
вагонеткаларды тақталар мен бұрылмалар арқылы қабылдау және бағыттау;
вагондар мен алаңшаларды тіркеу және ағыту, стрелкаларды ауыстыру;
құрамдар мен жеке вагондарға ілесу;
дыбыс және көрінетін белгілерді беру және қабылдау;
жұмысшылар мен жүктерді түсіру мен көтеру есебін жүргізу;
түсу және шығу жетондарын түсу және шығу уақытын көрсете отырып қабылдау және белгілеуге тапсыру;
рельстен шығып кеткен вагонеткалар мен вагондарды көтеру;
вагонеткаларды, машиналарды, механизмдерді, әкетілетін қазбалар мен жолдарды, тақталарды, алаңшаларды, суағар арналарды вагондарға тией отырып көмірден, кеннен, жыныстан және басқа да бөгде заттардан тазарту;
вагонеткалардың подшипниктерін қарау және майлау;
аралықтарды, щиттерді, құбырларды балшықпен сылау;
тозаң жиналатын жерлерді сланецтеу;
тау-кен қазбаларын ағарту;
балшықты, цементті, әк ерітінді дайындау;
эмульсия дайындау;
конвейерлерді ұнтақтан тазарту;
желдеткіш аралықтарын ашу және жабу;
шлангілерді орау. зумпфтардағы сүзгі торларына қызмет көрсету;
жерасты имараттарының қаптауын қолмен тазарту;
суды қол сорғыларымен ағызып әкету;
пайдалы қазбаның көрінетін жыныстармен қоқысталуын тексеру және есепке алу;
кенді іріктеп алу;
вагонеткалардың толық тиелуін тексеру;
өндірілген пайдалы қазба мен кенді есепке алу;
тазарту және дайындау забойларынан тыс жерде пайдалы қазбаның пайдаланылу сынамасын вагонеткалар мен конвейерлерден сынамаалғыш пен арнайықұрылғының көмегімен іріктеп алу;
сынамаларды бөліп қою;
жару материалдарын жару жұмыстары өндірісі орнында, жарылатын блоктарда және басқа да нысандарда уақытша күзету;
қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
бұрғы құралын жеткізу, материалдарды әперу, суды қайнату және жеткізу, забойканы әзірлеу және әперу, оқытуды қажет етпейтін, басқа да қосалқы жұмыстарды орындау.
395. Мыналарды:
тиеу-түсіру құрылғыларының, шығырлардың, итергіштердің, конвейерлердің, қолданылатын механизмдердің, құрылғылардың жұмыс принципін, олармен жұмыс істеу ережесін;
вагонеткалар мен тіркеу құрылғыларының, сланецтеу және кенді ағартуға арналған аспаптардың үлгілерін;
арқанды тасылымды пайдалану ережесін;
адамдар мен жүктерді тасымалдау ережесін;
рельстен шығып кеткен вагонеткаларды көтеру әдістерін;
жол сигналдарын орнату және стрелкаларды ауыстыру ережесін;
пайдалы қазбаны қабылдау және бракке шығару ережесін;
инертті тозаң нысанын, оны жұмсау нормасын және сақтау тәртібін;
балшықты, цементті, әк ерітіндінің нысанын және әзірлеу ережесін;
кен жыныстарының нысаны мен орналасуын, олар бойынша қозғалыс ережесін;
майлау материалдарының сұрпы мен қасиеттерін, оларды қолдану тәсілдерін;
стрелка ауыспаларын пайдалану және ұстау ережесін;
пайдаланылу сынамасын іріктеу алу және бөліп қою ережесі мен тәсілдерін;
сынама сапасына қойылатын талаптарды;
сынамаалғыш құрылымын;
өндірілген пайдалы қазба мен кенді есепке алу тәртібін;
жару материалдарын жару жұмыстары өндірісі орнында және басқа да нысандарда күзету туралы ережені;
сүзгі торының, зумпфтардың, сору құбырының құрылымын білуге тиіс.
15-параграф. Жерасты тау-кен жұмысшысы, 2-разряд
396. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс орнында жоспар бойынша ауысымына 100 тоннадан артық тау-кен массасын бере отырып, тақталар мен кірмелердегі жұмысты орындау;
тиелген және бос вагонеткаларды забойдан тыс жерде қолмен және механизмдермен итеріп әкелу және әкету;
адамдардың кілеттерге, вагонеткаларға дұрыс отырғызылуын және олардан шығарылуын қадағалау;
тау-кен массасын қотарғыш арқылы кен түсіріміне, бункерге немесе конвейерге түсіру;
кілеттің дұрыс қауіпсіз және дұрыс тиелуі мен босатылуын қадағалауда оқпаншыға көмек көрсету;
топырақты, жапырақтарды, ағаш төсем еңісін тазарту және олар бойынша пайдалы қазбаларды өткізу;
шашылған кен массасын жинау;
жапырақтарды (рештактарды), ағаш төсемдерді қайта төсеу және ауыстыру;
тазарту және дайындау забойларында қабаттық және пайдалану сынамаларын іріктеп алу;
тау-кен массасын скреперлеу, құрамдарды құрастыру және бөлшектеу кезінде қосалқы жұмыстарды орындау;
тормоздық бремсберг қондырғысын басқару, оның, канаттың, роликтердің, жолдың, тормоз шкивінің және дабыл құрылғысының жұмысын қадағалау тормоз шкивінің подшипниктерін майлау;
пайдалы қазбаны алу технологиясының сақталуын бақылау;
жару заттарын жарушының қадағалауымен жару жұмысы өндірісінің орнына жеткізу;
эмульсия құюға қойылған вагондардың жарамдылығын тексеру, эмульсияны құбыр бойынша айдау кезінде насостарды қосу және ажырату, вагон саңылауларын тығынмен жабу;
бос вагондарды беру мен толтырудың аяқталғаны туралы тау-кен диспетчеріне хабарлау;
гидроэлеваторды басқару және қызмет көрсету, оны қосу және тоқтату, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды жою;
пульпаның гидроэлеватор мен топырақсорғыш зумпфтарына түсуін қадағалау, пульпадан бөгде заттарды алып тастау;
сору құбырын тазалау;
қызмет көрсететін машиналарды, механизмдерді, құрылғыларды жөндеуге қатысу;
әжетханаларды зарарсыздандыру ерітінділерімен өңдеу және шахтадан қоқысты шығару.
397. Мыналарды:
тау-кен массасын еңістер бойынша өткізу әдістерін;
ағаш төсемді құру тәсілдерін;
әкету және жол бағыттарының схемаларын;
қызмет көрсететін учаскедегі жол профилін;
поездардың жол қозғалысын, вагонеткаларды тиеу, түсіру және әкетуді реттеу ережесін;
желдеткіш схемасын және шахта бойынша кету ағынының бағытын;
жару материалдарын сақтау, тасымалдау және кен қазбалары бойынша орнын ауыстыру ережесін;
жару материалдарының қасиеттерін;
қоршаулардың құрылымын және постыларды орнату ережесін;
жару жұмыстары кезіндегі белгіленген дабылдатуды;
сынамаларды алу және бөліп қоюға арналған мемлекеттік стандарттарды;
көмірді (сланецті) қабылдау және ақауға шығару туралы ережені, жұмыстарды;
сынамаалғыш пен сынамабөлгіш механизмдерінің, бремсберг қондырғысының, құрылғының, гидроэлеватолармен басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципін;
пульпақұбыр схемасын білуге тиіс.
16-параграф. Жерасты тау-кен жұмысшысы, 3-разряд
398. Жұмыс сипаттамасы:
тік желілі және қисық желілі жол учаскелеріндегі рельс-шпал құрылысын монтаждау және бөлшектеу;
тау-кен қазбаларында тұрақты және уақытша рельс жолдарды белгіленген профиль бойынша шаблондар мен ватерпастарды пайдалана отырып төсеу;
шпалдарды, брустарды төсеу, рельстерді қосу, рельс жолы секцияларын планкалар мен болт қосындыларының көмегімен біріктіру;
стрелка ауыспаларын бөліп қою, монтаждау және бөлшектеу, оларды шпалға бекіту және тексеру;
оқпанда, шурфта немесе ұңғымада бекіту, жару, құрылыс, жанар-жағармай материалдарын, қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қабылдап алу, оларды қолмен немесе такелаж механизмдері мен құрылғылардың көмегімен тиеу вагонеткаларға, алаңшаларға, қауғаларға, кілеттерге тиеу және түсіру;
тау-кен қазбалары бойынша нысаналы жеріне, учаскеден учаскеге, оқпанға (шурфке) жеткізу, шахтадан жіберу;
суағар, дренаж арналары мен құдықтарды қолмен жүргізу, бекіту, қалпына келтіру және жыныс пен шламнан тазарту, шламды жинау, тиелген вагонеткаларды әкету;
дренаж жұмыстары өндірісі кезінде жабдықтарға қызмет көрсету;
тау-кен қазбаларының жай-күйін қарау, бүйірлер мен шатырын перфоратордың, уату балғасының көмегімен, немесе қолмен қақпалау;
вагонеткаларды жабысқан және тығыздалған массадан пневмоқұралды қолдана отырып тазарту;
маневр жұмысы өндірісінде электровоз машинисіне көмектесу;
жерасты құрылғылары бойынша жұмыстарды орындау;
кен бүйірлері имен шатырын тарту, тартпасын ауыстыру, бекітпенің аржағындағы бос жерді бітеу;
топырақты тегістеу және кен бүйірлерін тазарту;
аралыққа арналған кесіндіні дайындау;
аралықтардың барлық түрлерін тұрғызу және оларды жөндеу;
желдеткіш есіктерінің, терезелерінің, өлшеу станцияларының, ағаш шиттердің, құбырлар мен көпіршелерді құру және жөндеу;
есік қораптарын, терезе топсаларын, стеллаждарды орнату;
еңіс бұрышы 45 градусқа дейінгі тау-кен қазбаларында траптарды, люктерді, баспалдақтарды, сөрелерді, қоршауларды, тұтқаларды, бункерлерді дайындау, орнату, бөлшектеу және жөндеу;
шахталардың желдеткіш оқпандарын қаптау;
штангі дайындау, бетон қоспасын әзірлеу, оны жұмыс орнына жеткізу;
арматураны өру, болттарды, ілмектерді орнату және цементтеу;
бекітпе және қорама элементтерін іріктеу және дайындау;
кенді вагонеткалармен жұмысталған кеңістікті құрғақ төсеу орнына жеткізу;
кен еңісінен тау-кен жынысы мен тік воронкаларды шығару және оларды бункерге немесе кентүсірмеге өткізу, шойтастарды бөлшектеу, кентүсірімді ұзарту;
шпурлар мен бұрғы асты орнын қолмен бұрғылау;
тығын дайындау және бұрғыланған шпурларға тығындау;
бұрғылар мен қаптамаларды іріктеу;
жарушының басшылығымен, жару материалдарын жару жұмыс өндірісінің орнына жеткізе отырып, ұңғымаларды, шпурларды, мина камераларын зарядтауға қатысу;
зумпфтарды, ұстауыш камераларды (кілет, скип астындағы), сужинауыштарды ұйықтан, шашылған кен массасынан, вагонеткаларға тиеп және одан түсіре отырып, тазарту;
ірі кен кесектерін ұнтақтау;
қырғылы және ленталы конвейерлердің конвейер ставтарын тазалау;
конвейерлердегі рештактар мен шынжырларды ауыстыруға, барабанды ауыстыруға қатысу;
ленталы конвейерлерді жөндеуге қатысу;
су тоспаларына қызмет көрсету (ыдысты орнын ауыстыру, жеткізу, орнату, суға толтыру);
металл сынығын жинау, тиеу және шахтаға түсіру;
көмір және сланец шахталарындағы өрттің алдын алу және сөндіру: құбыр ставтарын құру, бөлшектеу, орнын ауыстыру, төсеу;
аралыққа арналған кесіндіні дайындау, шпурларды бұрғылау, қазбаларды, арналар мен құдықтарды түрлі бекітпелермен бекіту, жанып жатқан массив аймағындағы көмір мен жынысты алу жөніндегі жұмыстарды орындау;
пайдалы қазбаны проходкалау және алу кезіндегі қосалқы жұмыстарды орындау.
399. Мыналарды:
ауыр бөлшектер мен жабдықтарды тиеу кезінде қолданылатын көлік құралдарының, құрылғылардың құрылымын;
орман материалдарының сұрпын, тегін және мөлшерін;
дренаж, суағар арналары мен құдықтарды түрлі жағдайларда жүргізу және бекіту ережесі мен тәсілдерін;
такелаж жұмыстарының әдістері мен ережесін;
түрлі үлгідегі аралықтардың нысаны мен құрылымын;
жанып жатқан көмірді сөндірудің тәсілдері мен жолдарын;
тау-кен қазбаларында көмір жанып жатқан кезде жұмыс жүргізу ережесін;
учаскенің және шахтаның суағар схемасын;
шпурларды, ұңғымаларды, мина камераларын зарядтау ережесін;
сужинауыштардың, зумпфтардың құрылымы мен орналасуын;
клеттер мен скиптердің жұмыс кестесін;
полкалардың, траптардың, баспалдақтардың, люктер мен тау-кен қазбаларындағы басқа да жабдықтардың құрылымы мен нысанын;
шахтадағы ағаш шебері жұмыстарын орындау тәсілдерін;
әртектес ағаш түрлерінің механикалық қасиеттері мен сұрыптарын;
қолданылатын бекітпе түрлерін және үлгілерін;
слесарь және монтаж жұмыстарын жұмысқа қажетті көлемде орындау ережесін;
газ кесу аппаратурасының құрылымы туралы негізгі мәліметтерді білуге тиіс.
17-параграф. Жерасты тау-кен жұмысшысы, 4-разряд
400. Жұмыс сипаттамасы:
дренаж, суағар арналары мен құдықтарды жүргізу, қалпына келтіру кезінде, жеткеру қондырғыларын, дренаж машиналарын, қабаттардың гидроүзіктерін жүргізуге арналған қондырғыларды басқару;
дренаж жұмыстары өндірісі кезінде дренаж машиналарына қызмет көрсету;
еңіс бұрышы 45 градустан жоғарытау-кен қазбаларында кроссингтерді, траптарды, тиеу люктерін, баспалдақтарды, полкаларды, лядтарды, қоршауларды, тұтқаларды, бункерлерді дайындау, орнату, бөлшектеу және жөндеу;
шахта оқпанын мұздан тазарту;
оқпанның қауға және баспалдақ бөлімшелерінің қабырғаларын қаптау және жөндеу;
пайдалы қазбаны өндіру және тау-кен қазбаларын үңгілеу кезінде өздігінен жүретін жабдықтарды, тиеу-жеткізу және басқа да машиналар мен қондырғыларды басқаруға көмек көрсету;
жұмысталған кеңістікті қататын салмамен қалау;
салма материалын реттеу және құбырлар бойынша бағыттау;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;
құбырларды ұзарту және қысқарту;
жұмыс басталғанға дейін және ауысым кезінде жұмыс орнын қауіпсіз жағдайда ұстау;
қабылданған салмалардың санын есепке алу;
салма жұмыстарында скрепер шығырын басқару;
ағаштан, металдан және басқа да материалдардан жасалған қорама мен аралықтардың құрылымын;
қорама мен аралықтарды бекітуге арналған метал штангілерді орнату;
тазарту кеңістігінен тыс жерде бекіту және бекіту және монтаждау-бөлшектеу жұмыстарын орындау;
тік оқпандарды үңгілеу немесе тереңдету кезінде ілмелі полкте: қауғаларды, материалдарды, жабдықтарды ілмелі полктің қонышынан өткізу;
полкті немес құбыр ставтарын түсіру көтеру кезінде құбыр ставтарын полктің ляды арқылы өткізу;
орнықсыз көмір тектес массивтерін химиялық нығайтуға арналған жабдықты жеткізу, монтаждау, бөлшектеу, орнын ауыстыру және жұмысқа дайындау;
ысырғыш және эмульсионды қоныштарды салу, оларды бекітпе элементтеріне ілу;
жабдықты орнатуға арналған алаңды жоспарлау және тазалау;
химиялық реагенттерді бөліп салу және жұмыс жүргізілетін жерге жеткізу;
шпурлар мен ұңғымалардың айырықтарын герметизациялау;
бекітпе ерітінділерді әзірлеу;
химиялық реактивтерді паспортқа сәйкес массивке ығыстыру, параметрлерін реттеу;
ығыстыру жүйелерінің герметикалылығын бақылау;
қабаттарды гидроайыруды жүргізу;
401. Мыналарды:
қолданылатын машиналар мен жабдықтардың құрылымын, техникалық сипаттамаларын;
иньекциялық жабдық пен жерасты қазбаларындағы қабаттарды гидроайыруға арналған жабдықтады монтаждау, бөлшектеу және пайдалану ережесін, олардың техникалық сипаттамаларын;
қолданылатын бекітпе құрамын, олардың реагенттерін, сақтау,
тасымалдау ережесін және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын;
жыныстарды химиялық нығайту жөніндегі жұмыс параметрлерін;
бекітпе құрамды иньекциялау режимі мен көлемін;
жыныстардың сапасыз нығайтылу себептерін және оларға жол бермеу шараларын;
қабаттарды гидроайыруды және дренаж арналарын машинамен жүргізу тәртібін;
бекітпе түрлерін;
бекітпені тұрғызу және жөндеу, жұмысталған кеңістікті қалау жұмыстарын орындау тәртібін;
түрлі үлгідегі тау-кен қазбаларының сипаттамасын;
еңіс бұрышы 45 градустан астам дейінгі кен қазбаларында қозғалыс бөлімшелері құрылғыларының құрылым мен жөндеу ерекшеліктерін;
тау-кен жыныстарының физикалық қасиеттерін;
құбырлардың коммуникациялық схемаларын;
оқпандарды арматуралау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру кестесін;
полк арқылы өтетін қауғалардың, қоныштардың, құбырлардың мөлшерін;
электротехника мен слесарлық іс негіздерін;
орнықсыз көмір тектес массивтерін химиялық нығайту, қабаттарды гидроайыру және жерасты жағдайларындағы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережесін білуге тиіс.
18-параграф. Жол жұмысшысы, 2-разряд
402. Жұмыс сипаттамасы:
шахтадағы (кеніштегі) және шахта (кеніш) үстіндегі рельс жолдары мен автожолдарды салу, жөндеу және ағымдық ұсату кезінде қарапайым жұмыстарды орындау;
рельс жолдары мен автожолдар негіздерін қолмен тазалау кезінде жыныстарды жинау;
щебеньді қолмен лақтыру және бөліп қою; рельстерді кесу; рельс жіктерін бөлшектеу;
рельсті ағаш шпалдарға бекіту;
болттарды бекіту, балдақтарды қағу;
шпалдарды, рельстерді, брустарды, балдақтарды, бекітімдерді, құралдар мен материалдарды әкелу және бөліп қою;
жол белгілерін түзету, қазбаны және суағар арналарын жөндегеннен кейін тазалау;
бетон қоспаларына материалдарды дайындау, оларды дозалаушы құрылғылар мен бетон араластырғыштарға толтыру;
бетон қоспаларын суағар арналарға және жаяу жолдарға төсеу;
жол немесе автожол негізін профильдеу кезінде әктасты лақтыру және бөліп төсеу;
шпалдарды қолмен және механикаландырылған қол құралымен қағу;
бетон қоспасын вибратормен нығыздау;
шпалдар мен брустарды қолмен кері зарарсыздандыру;
қызмет көрсететін жол учаскесін аралау және тексеру;
кен қазбасын жұмыс орнында қауіпсіз жағдайға келтіру;
жолдарды бөгде заттардан тазарту;
403. Мыналарды:
тау-кен жынысының негізгі қасиеттерін және тау-кен қазбасын қауіпсіз жағдайға келтіру тәсілдерін;
тау-кен қазбаларының орналасуын;
жол белгілері мен сигналдарын;
жұмыс өндірісі орнын белгіленген белгілермен қоршау ережесін;
жолдар мен автожолдардың негізін, жоғарғы жол бөлігін құруға қолданылатын материалдарды;
қол, электрлендірілген және пневматикалық құралды қолдана отырып жұмыс істеудің тәсілі мен жолдарын және олардың құрылымын;
бетон қоспаларын әзірлеудің тәсілі мен құрамын;
бетон қоспасын әзірлеуге, тасымалдауға және нығыздауға арналған жабдықтың нысанын, құрылымын және қолдану ережесін;
жолдар мен автожолдарды жабдықтауға арналған материалдарды жұмыс орнына тау-кен қазбалары бойынша жеткізу тәсілдерін;
жолдар мен автожолдардың негізі мен жоғарғы құрылысын тұрғызу кезіндегі жұмыстарды орындаудың тәсілдері мен жолдарын;
салынатын жол мен автожолдың профилін;
қарапайым жұмыс оқу ережесін;
жолдың негізі мен жоғарғы құрылысы негізгі элементтерінің атауларын;
жол негіздері мен жабындарының түрлерін білуге тиіс.
19-параграф. Жол жұмысшысы, 3-разряд
404. Жұмыс сипаттамасы:
шахтадағы (кеніштегі) және шахта (кеніш) үстіндегі рельс жолдары мен автожолдарды салу, жөндеу және ағымдық ұсату кезіндегі жұмыстарды орындау;
рельс жолдары мен автожолдардың негіздерін жолдың үстіңгі құрылысына дайындау, негізге бетон қоспасын төсеу;
суағар арналары мен жаяу жолдардың құрылымын;
түзу сызықты және қисық сызықты учаскелердегі жолдың рельс шпал құрылысын монтаждау және бөлшектеу;
стрелка бұрмаларын, олардың шпалға бекітпелерін бөлу, монтаждау және бөлшектеу, оларды эпюр бойынша тексеру;
рельс жіктерін саңылауларды реттей отырып монтаждау;
қисық сызықты бұрманың бұрылу арқылы өлшеу;
қисық сызықты бөліп қою;
жоспардағы рельсшпал торшасын гидравликалық немесе винтті түзеуші аспаппен реттеу;
рельс жолдарының түзу сызықты және қисық сызықты учаскелеріндегі рельс тағанының енін шаблон бойынша өлшеу және реттеу;
рельс жолдарының орналасуын биіктігі мен деңгейі бойынша өлшеу және реттеу;
автожолдар және жаяу жолдардың үстіңгі қабатын профиль бойынша, маяктар бойынша, шаблондар мен деңгейлер бойынша өлшеу және тегістеу;
шпалдарды эпюр бойынша реттеу;
рельс шпал торшасы элементтерін жеке ауыстыру;
жіктердегі ток жеткізуші қиысуларды орнату;
вагон-бункерлерге, өздігінен жүретін, гидравликалық жол құралы бар жол жөндеу машиналарына қызмет көрсету, олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
405. Мыналарды:
жол құрылысы және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған механизмдердің, қол аспаптарының, құрылғылардың, қондырғылар мен басқа да жабдықтардың нысанын, құрылымы мен пайдалану ережесін;
рельс жолдары мен автожолдарды құру және жөндеу кезіндегі жұмыс технологиясы мен ұйымдастыруды;
рельс жолдары мен автожолдардың үстіңгі құрылысы элементтерін реттеудің тәсілдері мен ережесін;
эскиздер мен сызбаларды жасау және оқу ережесін;
қолданылатын материалдар мен олардың қасиеттерін;
жол құрылысы және жөндеу жұмыстарын орындауға қажетті материалдар санын есептеу тәсілдерін;
рельс жолдары мен автожолдарды құрылысы мен жөндеу сапасына қойылатын техникалық талаптарды;
бетон жұмыстарының сапасына қойылатын негізгі талаптарды;
қисық сызықты өлшеу және бөліп қою тәсілдерін;
дөңгелектеудің жол берілетін радиустарын;
гидравликалық аспаптардың құрылымын, оларды пайдаланып жұмыс істеудің тәсілдері мен жолдарын білуге тиіс.
20-параграф. Жол жұмысшысы, 4-разряд
406. Жұмыс сипаттамасы:
шахтадағы (кеніштегі) және шахта (кеніш) үстіндегі рельс жолдары мен автожолдарды салу, жөндеу және ағымдық ұсату кезінде күрделі жұмыстарды орындау;
стрелка бұрмаларын, олардың шпалға бекітпелерін бөлу, монтаждау және бөлшектеу, оларды шпалдарға және брустарға қолмен және балдақақымен бекіту;
төселген стрелка бұрмасын эпюр бойынша оның маркасы мен үлгісіне қарай тексеру;
жазық және еңісті жолдарды, стрелка бұрмасының шаблоны, деңгейі мен бағыты бойынша өлшеу және реттеу;
қисық рельс жолдарын есептелген қозғамалар бойынша жобалық жағдайға қою кезінде визалау және бөліп қою;
ауыстыру механизмін орнату және реттеу;
рельс шпал торшасын жобалық жағдайға орнату кезінде оптикалық аспаптарды (нивелирлерді) қолдана отырып визалау;
контррельстерді орнату және бекіту; теңдеу аспаптарын монтаждау және бөлшектеу;
407. Мыналарды:
рельс жолдары мен стрелка бұрмаларының құрылымын, конструкциясы мен ұстау нормаларын;
стрелка бұрмаларының бөліп қою және реттеу тәсілдерін;
рельс жолдары мен стрелка бұрмаларын орнату және жөндеу жөніндегі жұмыс өндірісі ережесін;
рельс жолдары мен стрелка бұрмаларын орнату сапасына қойылатын талаптарды;
қолданылатын жабдықтың, қол және механикаландырылған құралдың нысанын, құрылымын және пайдалану ережесін;
жолдарды профиль бойынша визалау үшін оптикалық құралдарды пайдалану ережесін білуге тиіс.
21-параграф. Тау - кен жұмысшысы, 1-разряд
408. Жұмыс сипаттамасы:
карьерлер мен разрездерде вагондарды, вагонеткаларды, автомобиль жолдары мен теміржолдарды, тасылым қазбаларын, су ағызу арналарын қоқыстан, жыныстардан, ұйықтардан тазарту;
пайдалы қазбаның көрінетін жыныспен қоқысталуын тексеру және есепке алу;
вагонеткалардың, вагондар мен басқа да көлік құралдарының тиелу толықтығын тексеру;
өндірілген пайдалы қазбаның және жыныстардың есебін жүргізу;
сынама алу, жеткізу және есепке алу;
брак актісі мен пайдалы қазбаның өндірудің есебін жүргізу жөніндегі құжаттарды ресімдеу;
стрелкаларды ауыстыру;
карьерлерде, сондай-ақ басқа нысандарда жару жұмыстары өндірісі орнында жару материалдарын, зарядталатын блоктарды, ұңғымаларды, жарылыс қауіпті аймақты уақытша күзету;
қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату, сигнал белгісін беру және қабылдау;
шлангілерді орау;
вагонеткаларды, машиналар мен механизмдерді майлау;
жұмысталған майды жинау және оны регенерациялауға тапсыру;
рельстен шығып кеткен вагонеткалар мен вагондарды көтеру;
балшық, цемент, әк және басқа да ерітінділерді әзірлеуге қатысу;
жүктерді тиеу;
түсіру және жылқымен тасымалдау, аттарды, ат әбзелдерін күту;
үй-жайларды зарасыздандыру, әжетхананы жинау;
шурфтарды үңгілеуге қатысу;
бұрғылау құралын жинақталуы бойынша іріктеу және оны жұмыс орнына жеткізу;
мұқалып қалған бұрғы құралын жинау және оны шеберханаға жеткізу;
карьерлердегі автокөлік жолдарына көктайғақ кезінде құм себу, суды қайнату және жеткізу, шаңды тазарту, кәріз желілерін хлорлау мен оқытуды қажет етпейтін басқа да ұқсас жұмыстарды орындау.
409. Мыналарды:
қолданылатын механизмдердің, құрылғылар мен құралдың жұмыс принципін, олармен жұмыс істеу ережесін;
бұрғы жиынтықтарын жеткізу бағытын, орнын ауыстыру ережесін, олардың мөлшерін, ұштама пішінін;
жүктерді штабельге салу тәсілін;
ауыстыру стрелкалары мен белгілерді ұстау ережесін;
тау-кен қазбаларының атауын және орналасуын, олар бойынша қауіпсіз қозғалыс ережесін;
пайдалы қазбаның жыныстардан сыртқы ерекшелігін;
жағармай материалдарының сұрпы мен қасиеттерін, оларды қолдану тәсілдерін;
берілген пайдалы қазба есебінің тәртібін;
рельстен шығып кеткен вагонеткаларды қою ережесін;
пайдалы қазбалар мен жыныстарды сыныптау белгілерін білуге тиіс.
22-параграф. Тау - кен жұмысшысы, 2-разряд
410. Жұмыс сипаттамасы:
жүк тиелген және бос вагонеткаларды қолмен және механизмдермен әкелу және әкету;
жұмыс орнында орнатылған итергіштерді, шығырларды басқару;
вагонеткаларды тірке қосу және ағыту, оларды шығыр арқанына және электровозға тіркеу және ағыту;
вагонеткаларды кілеттерге орнату және бекіту;
кілетті дұрыс тиеу және босатуды қамтамасыз етуге оқпаншыға көмек көрсету;
материалдарды тиеу және түсіру;
материалдар мен аспаптарды сланецтеуге және қазбаларды ағартуға жеткізу және ұсыну;
ерітінді әзірлеу;
рельс жолдарын жол ауыстырғышпен орнына қозғау кезінде көмекші жұмыстарды орындау, құрамдарды құрастыру және бөлу мен басқа да ұқсас жұмыстар;
шығарма шұңқырларды зарарсыздандыру;
конвейерлерде, жынысты іріктеу ленталарында, алаңшалар мен вагондарды жыныстарды пайдалы қазбадан қолмен іріктеп алу;
пайдалы қазбаны ірі кесектерін ұсата отырып бөлшектеу, сұрыптау;
пайдалы қазбаны кен массасынан іріктеп алу, қоймалау, қабылдаушыға тапсыру, көлік құралына тиеу;
пайдалы қазбаны өлшеу және қабылдаушыға тапсыру;
вагонеткаларды қотарғышпен түсіру;
жару заттарын жарушының қадағалауымен жару жұмыстары өндірісі орнына жеткізу;
забой материалдарын әзірлеу және жеткізу;
гидроэлеваторларға, шөмішті элеваторларға, топырақ сорғыларына қызмет көрсету;
пульпаның элеваторлар мен топырақ сорғысы зумпфына біркелкі түсуін қадағалау;
кептеме немесе ауа тығынын болдырмау;
пульпадан бөгде және ірі заттарды қолмен немесе айлабұйым көмегімен алып тастау;
сорма өңешін, сору құбырын, зумпф үстіндегі оттықты тазалау;
құдықтарды тазалау және жөндеу;
қызмет көрсететін жабдықтар мен механизмдердің жұмысындағы ұсақ ақауларды жою;
арзан мүкәммалды қабылдау, сақтау және беру.
411. Мыналарды:
итергішті, шығырды, бункер бекімесі мен басқа да қызмет көрсететін механизмдердің құрылымын және пайдалану ережесін;
гидроэлеваторлардың, шөмішті элеваторлардың, топырақ сорғыларының жұмыс принципін;
сору құрылғысы мен пульпақұбыр схемасын;
вагонеткалар мен басқа да көлік құралдарының үлгілерін және нысанын, оларды тасу ережесі мен тәртібін;
жол бағыттарының сызбасын;
тіркеу түрлерін;
вагонеткалар мен тіркемелерді арқанға, электровозға тіркеу тәсілдерін;
пайдалы қазба сұрыптарын;
бос жыныстың пайдалы қазбадан сыртқы ерекшелік белгілерін;
пайдалы қазбаны шығару кезінде жол берілетін шығын нормаларын;
жынысты пайдалы қазбаны бүлдірмей бөлшектеу және бөліп алу тәсілдерін;
инертті тозаң нысанын, оның шығыс нормасы мен сақтау ережесін;
қолданылатын ерітінділердің нысанын және оларды әзірлеу әдістерін;
транспортерде жұмыс істеу ережесін;
пайдалы қазбаларға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын;
жару материалдарымен жұмыс істеу, сақтау және тасымалдау ережесін;
жару материалдарының қасиеттерін;
қоршау құру ережесін білуге тиіс.
23-параграф. Тау - кен жұмысшысы, 3-разряд
412. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен массасын механикаландырылған эстакадаларда түсіру және тиеу, эстакада механизмдерін басқару, түсіру және тиеуді реттеу;
жарушының басшылығымен жару заттарын жару жұмыстары өндірісі орнына жеткізе отырып, ұңғымалар мен шпурларды зарядтауға қатысу;
шпурлар мен ұңғыма орнын қолмен бұрғылау;
шахталар мен шпурлар оқпандарын толық кеспелеумен бұрғылау кезінде қосалқы көмекші жұмыстарды орындау;
бекітпе мен қораманы іріктеу және әзірлеу;
шахталардың, ағаш құбырлардың, траптар мен люктердің, баспалдақтардың, сөрелердің және басқа да кен қазбалары жол бөлімшелері жабдықтамаларының желдеткіш оқпандарын қаптауға арналған бекітпе элементтерін дайындау және жөндеу;
эстакадаларды, дозатор қондырғыларын жабдықтау және жөндеу, ашық кен жұмыстарындағы ағаш шебері жұмыстарын орындау.
413. Мыналарды:
механикаландырылған эстакада құрылымын;
тау-кен массасын эстакадаларда үйіндіге түсіруді реттеу ережесін;
қолданылатын бекітпе мен ілеспе материалдардың түрлері мен мөлшерін;
шпурлар мен ұңғымаларды зарядтаумен байланысты негізгі ережелерді;
құрылыстар бөлшектерінің конструкциясын;
түрлі ағаш тектерінің қасиеттері мен сұрыптарын;
орман ауруы мен олардың бүліну себептерін білуге тиіс.
24-параграф. Көшкінге қарсы қорғау жұмысшысы, 2-разряд
414. Жұмыс сипаттамасы:
тау баурайларына қар өлшейтін қадаларды шығару және оларды қар көшкіні ошақтарында орнату;
оқ-дәрілерді немесе жару заттарын тиеу және машиналардан түсіру;
тау баурайларына жару заттарын шығару және оларды жару орындарына жеткізу;
қар көшкіні стансаларына тамақ, жабдықтарды, құралдар мен аспаптарды, басқа да жүктерді көтеру;
тау баурайларындағы қардың орнықтылығы жай-күйін анықтау мақсатымен қардың механикалық және құрылымдық сипаттамасын зерттеу үшін шурфтарды қазу;
шығуға қиын аудандардың көшкін қауіптілігін зерттеу кезінде аспаптарды, құралды, шаруашылық заттары мен тамақты басқа жерге апару;
қар ұстайтын қалқандарды тиеу, түсіру, орнату және орнын ауыстыру, жөндеу.
415. Мыналарды:
қар көшкіні станциясында немесе қар көшкініне қарсы қорғаныс цехтарында (қызметтерінде) жүргізілетін жұмыстардың жекелеген түрлері бойынша арнаулы нұсқаулықты;
қар көшкініне қарсы қорғаныс принципін;
қар көшкініне қарсы және қар ұстайтын құрылыстардың конструкциясын білуге тиіс.
25-параграф. Көшкінге қарсы қорғау жұмысшысы, 3-разряд
416. Жұмыс сипаттамасы:
геологиялық-кен барлау жұмыстары жүргізілетін аудандарда қар қабатының немесе көшкін қауіпті тау баурайларының жай-күйін қадағалау;
қар жиналған жерлерде вышка орнату;
қауіпті аймақта жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысын есепке алу және тіркеу, олардың белгіленген қозғалыс ережесін сақтауын бақылау;
бақыланатын аймақтағы қар көшкіні немесе қар құламасы туралы көршілес постыларға хабарлау;
авариялық байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
адамдар мен көлік құралдары қар құламасына тап болған кезде сигнал беру, құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
417. Мыналарды:
көшкін қауіпті жерлердің жайылу шекарасын;
көшкінге қарсы қорғаныс жұмыстарын жүргізу, адамдарды құтқару және алып шығу жұмыстарын жүргізу ережесін;
көшкін кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету шараларын;
байланыс құралдарының, авариялық сигнализация мен қолданылатын құралдардың жұмыс принципін, оларды пайдалану ережесінбілуге тиіс.
26-параграф. Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы, 1-разряд
418. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен қазбаларын жүргізу, шахта оқпандарын, тоннельдер салу, шахта үсті нысандарын салу, арнаулы нысандағы имараттарды салу кезінде бұрғылау контурын шығару, түсіру, нивелирлеу, өлшеу жұмыстарын маркшейдердің басшылығымен орындау;
арақашықтықты өлшеу;
рейкаларды, вехтарды, штативтер мен отвестерді орнату;
отвес желілері мен нивелир рейкасы бөліктерін жарықтандыру;
геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен аспаптарды тазалау, сүрту, орнын ауыстыру және орнату;
реперлер мен маркшейдерлік пункттерді бекіту;
құжаттаманы ресімдеуге қатысу.
419. Мыналарды:
геодезиялық және маркшейдерлік аспаптардың, өлшеу құралдарының атауын, нысаны және олармен жұмыс істеу, оларды баптау ережесін;
маркшейдерлік және геодезиялық белгілерді және оларды орнату ережесін;
жер рельефі туралы негізгі ұғымдарды; тау-кен қазбаларының орналасуы мен нысанын;
қарапайым маркшейдерлік жоспарларды;
құралдар мен аспаптарды сақтау, беру және қабылдау тәртібін;
забойлар мен карьердегі жұмыс кертпешінде маркшейдерлік жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің тәртібін білуге тиіс.
27-параграф. Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы, 2-разряд
420. Жұмыс сипаттамасы:
маркшейдерлік және геодезиялық аспаптарды жұмыс орнында орнату;
маркшейдерлік және геодезиялық белгілер мен реперлерді орнату;
маркшейдерлік негіздеменің уақытша және тұрақты пункттері мен реперлерді салу және оны сыртқы әрлеу;
тау-кен қазбаларының детальды маркшейдерлік түсіріміне қатысу;
өтпелі тау-кен қазбаларын суретке салу құжаттаманы ресімдеу, өлшеу материалдарын өңдеуге қатысу;
биік нүкте белгілері мен түсірім нүктелеріне дейінгі жазық арақашықтықты есептеп шығару;
деңгей өлшегіштің көмегімен белгіні жерге түсіру;
тау-кен қазбаларының маркшейдерлік түсірімі нәтижелерін маркшейдерлік жоспарға түсіруге қатысу;
учаске аумағын планиметрмен есептеу немесе өлшеу;
түсірім нүктелерін белгілеу және техеометриялық түсірім жұмыстарын орындау;
стереофотограмметриялық түсірімге арналған тану белгілерін жасау және орнату;
жарықшаларды қадағалау және оларды кен қазбаларында өлшеу;
фотоға түсіру және фотозертхана жұмыстары кезіндегі дайындық жұмыстарын орындау;
тазарту кеңістігінің ойма қуаттарын өлшеуге, тау-кен қазбаларының жылжуын аралық өлшеуге және оларды жөндеу көлемін, тау-кен қазбаларындағы саңылауларды өлшеуге қатысу;
екінші дәрежелі тау-кен қазбаларында пикеттерді бөліп қою;
геодезиялық және маркшейдерлік аспаптар мен құралдарды күтіп баптау;
визирлік нысаналарды орнату және кертпеш көмегімен орталандыру.
421. Мыналарды:
теодолиттің, нивелирдің, кен компасының, арнаулы геодезиялық және маркшейдерлік аспаптар мен құралдардың нысанын;
геодезиялық және маркшейдерлік аспаптарды, белгілер мен реперлерді орнатудың тәртібі мен әдістерін;
маркшейдерлік түсірлі мен нивелирлеуді орындаудың негізгі әдістері мен тәртібін;
тау-кен жұмыстарын жүргізу негіздерін;
тау-кен жынысының көшкіні туралы негізгі ұғымдарды;
маркшейдерлік түсірлі материалын өңдеу әдістерін;
қарапайым маркшейдерлік жоспарларды;
белгіні жерге түсіру ережесін;
визирлік нысаналарды кертпеш көмегімен орталандыру әдістерін;
фотозертхана жұмыстары өндірісі мен әдістері ережесін;
төмен вольтті жылжымалы электроэнергия көздерімен жұмыс істеу ережесін білуге тиіс.
28-параграф. Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы, 3-разряд
422. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен қазбаларының габаритін, тазартылатын кеңістіктің ойма қуаттарын, бұрғылау-жару ұңғымаларының тереңдігі мен бағытын, тау-кен жыныстары көшкінінің желілік жылжу параметрін анықтау;
тау-кен қазбаларының жабық параметрлері мен дренажды әзірлеу кезінде шөміштеу тереңдігінің жедел мөлшерін бақылау;
стереофотограмметриялық, дыбыслокациялық әдістермен, сондай-ақ гидроскопиялық, лазерлік аспаптарды, радио-жарық дальнометрлерін қолдана отырып, маркшейдердің басшылығымен жауапты түсіру кезінде қатысу;
разрез жиектерінің, карьерлердің, үйінділердің көшкінді деформацияларын маркшейдердің көрсетуі бойынша түсіру;
көлік ыдыстарын тиелуін фотобақылау жөніндегі жұмысты орындау, ыдыстардың тиелу көлемін фототүсіру бойынша анықтау;
геологиялық барлау қазбаларын инструменталдық бөліп салу;
жарықпен көшіру жұмыстарын орындау;
орындалған тау-кен жұмыстары көлемін, көтеріліп жатқан тоннельдер мен басқа да тау-кен қазбалары қималарының нақты көлемін анықтауға қатысу, маркшейдерлік құжаттарды, графикалық материалдар-жоспарларды, разрездерді ресімдеу;
күрделі кен қазбаларында пикеттерді бөліп түсіру;
қадағалау стансаларында кен қазбаларының жылжуын және олардың жөндеу көлемін өлшеуді жүргізу;
тау-кен қазбалары мен ұңғымаларға отвестер бойынша немесе құралдың (угломердің) көмегімен бағдар беру;
тау-кен қазбаларын қарсы забоймен және қауіпті аймақтарда жүргізген кезде, жоғары дәлдікті түсірулерде маркшейдерлік тірек желілерін салуға, тік оқпандардың, жазық жағдайлар мен биіктіктерді теодолиттік түсіру кезінде профильді түсірілуін тексеруге қатысу;
тоннельдердегі жол реперлерін орнату және олардың орналасуын анықтау;
тоннель қаптауының бүйір және тік қалдықтары мен эллиптілігін өлшеу: жоғары дәлдікті маркшейдерлік аспаптар мен құралдарды орнатуға және жұмыс қалпына келтіруге қатысу;
рамкалар мен маркаларды орнату, трассадағы өтпелі кешеннің орналасуын анықтау;
жоспардағы және профильдегі тоннель қаптауын түсіру;
шахталық рельс жолдарын нивелирлендіру өндірісі;
жерасты қазбалардың жауапты түсірілімдеріне, кранасты жолдардың түсіріліміне, төсем жұмыстарына және қуыстарды өлшеуге қатысу;
тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарын жасау кезінде кестелік және графикалық материалды дайындауға қатысу;
маркшейдерлік оптикалық аспаптарды тексеру өндірісіне қатысу.
423. Мыналарды:
маркшейдерлік түсірілімдер мен есептеулердің негізгі әдістерін;
маркшейдерлік жұмыс өндірісінің технологиясын;
қолданылатын аспаптарды пайдалану ережесін;
стереофотограмметриялық жұмыс өндірісінің ережесін;
орындалған тау-кен жұмыстарының көлемі мен салынып жатқан тоннельдер мен құрылыстар қималарының нақты мөлшерін анықтау тәсілдерін;
көлік ыдыстарындағы кен массасын фотосурет бойынша есептеу әдістемесін;
тау-кен жынысының көшкіні туралы негізгі ұғымдарды;
маркшейдерлік құжаттаманы толтырудың, есепке алудың және сақтаудың тәртібін;
есептеу техникасын пайдалану ережесін;
тоннель қаптауының бүйір және тік қалдықтары мен эллиптілігін өлшеу ережесін;
трассадағы өтпелі кешеннің орналасуын анықтау тәсілін;
тоннельдерде жол реперлерін орнату мен орналасуын анықтау тәртібін;
тоннель қаптауын шығарылған осьтен түсіру ережесін;
тоннель қаптауы элементтерінің жобалық жағдайдан жол берілетін ауытқуларын;
жарықпен көшіріп басу қондырғысының құрылымы мен оны және аммиакты пайдалану ережесін;
бағыттарды интрументальдық оқпандау ережесін білуге тиіс.
424. Ескертпе:
жерасты сулардың қалдықты ағыны кезінде күрделі гидрогеологиялық және тектоникалық жағдайларда жерасты тау-кен қазбаларының немесе тау-кен соқпасы бойынша қауіпті жерасты тау-кен қазбаларының маркшейдерлік түсірілімінжүргізу кезінде, сондай-ақ ашық тау-кен жұмыстарын мәңгілік мұз аудандарында алтын, қалайы және алмаз тау-кен орындары жағдайларында орындаған кезде маркшейдерлік жұмыстағы тау-кен жұмысшысын тарифтеу бір разрядқа жоғары жүргізіледі.
29-параграф. Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы, 5-разряд
425. Жұмыс сипаттамасы:
пайдалы қазбаны тазартып алу жөніндегі, пештерді, просектерді, гезенкаларды, орттарды, лава разрездерін, монтаждау камераларын (қабаттарын) өткізумен байланысты жұмыс кешенін орындау;
шпурлар мен ұңғымаларды өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларымен, дизельдіден басқа кареткалармен, пневмоұстауышпен қоса массасы 35 килограмға дейінгі перфораторлармен (көмір және сланецті шахталарда өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларымен, барлық үлгідегі кареткалармен және перфораторлармен), электробұрғылармен және пневмобұрғылармен бұрғылау;
забойды қарау және оны қауіпсіз жағдайға келтіру, забой топырағын жоспарлау;
тау-кен массасын әртүрлі әдіспен жинау, тиеу және жеткізу;
шатырды бекіту және басқару паспортына сәйкес уақытша және тұрақты бекітпе тұрғызу, шатырды орналастыру, костерлерді қалау және орнын ауыстыру;
тазарту забойының шатыр жынысын және оның полимерлік материалдармен қиысуларын нығайту;
тіреу және керме тіректерін орнату;
төсемді салу;
забойдағы тау-кен массасын скреперлеу;
жұмысталған кеңістікті қалау;
тау-кен тазартып алу машиналарын басқаруға көмек көрсету;
гидромониторларды, электр және пневматикалық жетекті, қуаты 147,2 киловатқа(200 ат күші) дейінгі дизельді қозғағышы бар тиеу, тиеу-жеткізу машиналарын, салу машиналарын, скреперлі шығырларды, өздігінен жүретін шатыр қаптау сөрелері мен жұмыста қолданылатын басқа да машиналарды басқару;
суды қабатқа сіңіретін қондырғыларды, бекітпе мен конвейер секцияларын жылжыту кезінде гидро жүйені басқару;
забой аймағында және тазарту забойына (лаваларға, блоктарға) іргелес қазбаларда жабдықты монтаждауға, бөлшектеуге, тасымалдауға, орнын ауыстыруға және орнатуға қатысу;
металл сеткадан жасалған майыспа жабындарды монтаждау, тірек арқалығын жылжыту және тарқамтушы комбайнмен жұмыс кезінде роликтердің орнын ауыстыру;
арнаулы забой жанындағы бекітпенің қадаларын жылжыту;
тазарту забойы жанындағы қазбалардағы конвейерлерді ұзарту және қысқарту;
бекітпе материал мен жабдықты штректен забойға жеткізу, оларды забойда бөліп, тазарту забойынан штрекке беру;
тазарту забойы жанындағы материал мен жабдықты тиеу және түсіру;
қызмет көрсететін жабдыққа жанар-жағармай құю және майлау;
нишаларды үңгілеу;
люктерді ілу, кесінді ходоктарды ұзарту;
су және ауа өткізетін магистральдық ұзартуға, забой жабдығын жөндеуге қатысу;
тау-кен массасы мен газдарды кенет лақтырындысының алдын алу жұмыстарын орындау.
426. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың, машиналардың, механизмдер мен пайдалы қазбаны тазартып алуда қолданылатын құрылғылардың құрылымын, техникалық сипаттамасын, оларды қабылдау, опробациялау және күтіп баптау ережесін;
қосу және реттеу аппаратурасының жұмыс принципін;
қызмет көрсететін машиналарды бөлшектеу және монтаждау тәртібін;
ауа құбырлары мен суқұбырларының схемасын;
жерді султандыру жүйесін;
тау-кен жыныстарының қасиеттерін;
жерді суландыру жүйесін;
бүйір жыныстары мен қабат құрылымының қасиеттерін;
кливаж, жарықшақтылық, сығымдау, жыныс қабаттарының, жалған шатырдың, қатты қосындылардың, кенет лақтырындылар мен кен соқпаларына бейімділігі, жұмысталатын қабаттың газ молшылығының болуы қасиеттерін;
тау-кен қазбаларын бағыттар бойынша жүргізу ережесін;
шпурларды оңтайлы орналастыру схемасын;
пайдалы қазба мен жынысты шаюдың негізгі схемасы мен әдістерін;
бекітпе түрлерін және забойды бекіту тәсілдерін;
тау-кен ісі негіздерін;
бекітпе мен шатырды, бұрғылау-жару жұмыстарын басқару паспортының мазмұнын және толтыру тәртібін;
шатырды басқарудың түрлі тәсілдерін қолдану шарттарын;
жұмысталған кеңістікті қалау тәсілдері мен салма материалдар туралы негізгі деректерді;
шатыр жынысын бекіту үшін қолданылатын полимер материалдарының түрлері мен қасиеттерін, олармен жұмыс істеу ережесін;
орман сортаментін және метал қадалардың типоөлшемдерін;
түрлі жағдайларда жазықтық және еңісті қазба жүргізу тәсілдерін;
жару жұмыстары кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережесін;
кесетін құралды қайрау және баптауға қойылатын талаптарды;
қызмет көрсететін жабдықтар мен механизмдердің жұмысындағы ұсақ ақау түрлерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін;
3-разрядты электр слесарьдың білім деңгейінде электр слесарьлық істібілуге тиіс.
427. Ескертпе:
тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген тазарту жұмыстарының тұтас кешені игерілмеген жағдайларда, тазарту забойларының тау-кен жұмысшысын тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
30-параграф. Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы, 6-разряд
428. Жұмыс сипаттамасы:
шпурлар мен ұңғымаларды өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларымен, дизельді қозғағышы бар өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларымен (кареткалармен), массасы 35 килограмнан артық (пневмоұстауышпен қоса) перфораторлармен бұрғылау;
жазық және еңісті қабаттардағы көмірді уатушы балғамен алу;
тау-кен массасын қуаты 147,2 киловаттан (200 ат күші) артық тиеу-жеткізу машиналарымен тиеу және жеткізу;
марганецті алу жөніндегі тазартып алу жұмыстарының тұтас кешенін орындау.
429. Мыналарды:
әтүрлі үлгідегі өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларының конструктивтік ерекшеліктерін;
дизельді қозғағышы бар тиеу-жеткізу машиналарының құрылымын, техникалық сипаттамасын;
пайдалы қазбаны тазартып алу жөніндегі жұмысты жүргізудің оңтайлы тәсілдерін;
қызмет көрсететін машиналардың басқару жүйесін;
тау-кен жыныстарының шөгу сипатын, оларды жұмыстау шарттарымен мүмкіндіктерін;
электротехника, геология, пайдалы қазба орнын барлау негіздерін;
марганецті алу кезінде - марганецті кенді алу технологиясын, шатырды басқару тәсілдерін;
шығарынды газды нейтрализаторлардың құрылымын, оларды пайдалану ережесін;
жару жұмыстарын жүргізу ережесі мен тәсілдерін;
гидротрансформаторлардың, трансмиссияның, қызмет көрсететін машиналардың қозғағыштары мен басқа да тораптарының майлау, қоректендіру, салқындату жүйелерін білуге тиіс.
31-параграф. Экскаваторлар, үйінді көпірлері мен үйінді жасаушылар жанындағы тау-кен жұмысшысы, 2-разряд
430. Жұмыс сипаттамасы:
жолдарды экскаваторлардың, үйінді көпірлері мен карьердегі үйінді жасаушының қозғалуына дайындау;
теміржол габариттері мен автожолдарды тазарту;
алаңшаларды тазарту және экскаватор астына төсем алу;
кабельді барабанға орау және оны тасымалдауға қатысу;
кертпешің жоғарғы қырының еңістерін тазарту;
забой желісін экскавациядан немесе жару жұмыстарынан кейін шабақтау;
отын, су, жанар, жағар және сүрту материалдарын жеткізу;
забойдан діңдер мен қойтастарды алу;
экскаваторларды, үйінді көпірлер мен үйінді жасаушыларды майлауға қатысу.
431. Мыналарды:
жолдарды экскаваторлардың, үйінді көпірлері мен үйінді жасаушының қозғалуына дайындаудың тәртібі мен тәсілдерін;
теміржол габариттерін;
экскаваторлардың, үйінді көпірлері мен үйінді жасаушы үлгілерін және олардың жанында жұмыс істеу ережесін;
әзірленетін тау-кен жынысының қасиеттерін;
пайдалы қазба мен жыныстың табиғи қиябеті бұрышын;
қиябетті тазалау және забойды шабақтау кезіндегі жұмыс жолдарын;
электр кабельмен жұмыс ережесін;
жағармайлардың сұрпы мен қасиеттерін;
слесарьлық іс негіздерін білуге тиіс.
32-параграф. Бұрғыға май құюшы-ұста, 4-разряд
432. Жұмыс сипаттамасы:
шаблон бойынша бұрғыларды әзірлеу, арматуралау және бұрғыға май құю станоктарында және құралмен май құю, бұрғыларды берілген технология бойынша термоөңдеу (шыңдау);
бұрғыларды немесе олардың алмалы ұштарын қатты балқымалармен арматуралау;
бұрғы ұшындағы паздарды қатты балқыма пластинкасымен дәнекерлеуге дайындау және тексеру;
пластинкаларды дәнекерлеу және әзірлеу;
бұрғы қаптамалары мен кесуші тістерін жасау;
бұрғыларды жинақталуы бойынша іріктеу;
қызмет көрсететін станок жұмысындағы ақауды анықтау және жою.
433. Мыналарды:
бұрғыға май құю станоктары мен горнның құрылымын және пайдалану ережесін;
бұрғыларды арматуралау және шыңдау технологиясын;
бұрғы болаты мен қатты балқымалардың қасиеттері мен сапасын;
бұрғыларға май құю, арматуралау және шыңдау тәсілдерін;
дәнекерлеу температурасын және бұрғыларды салқындату ережесін;
жинақтағы бұрғылардың мөлшерін;
қолданылатын құрылғылар мен құралдары пайдалану ережесін білуге тиіс.
33-параграф. Лампышы, 2-разряд
434. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі жүйелердегі шахта шамдарын зарядтау және май құю; аккумулятор батареяларын зарядтау үстеліне орнату және оларды зарядтау, бензинді шамдарды үрлеу;
қажетті тығыздықтағы электролитті жасау, аккумулятордағы деңгейді қадағалау және белгіленген деңгейге дейін толтыру;
заряд агрегаттарына қызмет көрсету, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;
құралдардың көрсеткіштері бойынша зарядтау процессін реттеу;
аккумулятордыңбайланыс бөліктерін таттан, ластан, тұз бен сілтіден тазарту;
шахта шамдарын талдау, жарамдылығын тексеру және пломба салу, оларды жөндеуге беру және жөндеуден алу;
шамдарды, өздігінен құтқарғыштарды, газоанализаторларды қабылдау, қарау және оларды жұмысшыларға беру;
респираторларды қабылдау, жуу және шамдар мен жұмыс нөмірлерін жұмыскерлердің түсу және көтерілу есебін жүргізе отырып беру;
шамдар мен өздігінен құтқарғыштардың есебін жүргізу, оларды ұсақ жөндеу;
карбидті ұнтақтау;
шамхана орынжайын жинау.
435. Мыналарды:
түрлі жүйелердегі шахта шамдарының, заряд агрегаттарының, өздігінен құтқарғыштардың, газоанализаторлардың, респираторлар мен зарядтау кезінде қолданатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын;
шахта шамдары мен аккумулятор батареяларын зарядтау ережесін;
өрт сөндіргіштермен, қышқылдармен, сілтілермен және басқа да шамдарды зарядтау материалдарымен жұмыс істеу ережесін;
электролит жасау ережесін;
аккумуляторларды зарядтау режимін;
шамдарды бөлшектеу, құрастыру, қабылдау және беру ережесін;
карбидті, қышқылдар мен сілтілерді, және басқа да материалдарды сақтау ережесін;
электротехника негіздерін білуге тиіс.
34-параграф. Люкші, 2-разряд
436. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен массасын тиеу пункттерінде люктерден вагонеткаларға, транспортер лентасына және автомашиналарға, бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 100 тонна дейінгі жоспарлы жүктемемен тиеу;
тиелген және бос вагонеткаларды қызмет көрсету аймағында шығырдың, итергіштің көмегімен және қолмен итеріп әкелу және итеріп әкету;
шығырды, итергішті және тиеу және түсіру пункттерінің басқа да механизмдерін басқару;
таразы нормасына сәйкес тиеудің толықтығын бақылау;
қызмет көрсететін машиналардың тежегіш жүйесінің жарамдылығын тексеру;
алынған мінбесатыны қабылдау, қоймалау және вагонеткаларға тиеу;
конвейерді, гидротозаңсыздандыратын қондырғыларды қосу және ажырату;
люктердегі кен массасын көсеу, вагонеткаларда тегістеу скреперлік тиеуді және тиеу бункерлерінің толуын қадағалау;
вагонеткаларды тіркеу және ажырату, стрелкаларды ауыстыру;
қажетті жағдайларда, тиеу-түсіру орнына дейін құрамға ілесу;
белгі беру;
тиеу пункттеріндегі маневр кезінде электровоз машинисіне көмектесу;
құрамды құрастыру және бөлу;
конвейерлерді масштабтау;
вагонеткаларға бирка ілу;
пайдалы қазбадан көрінетін жыныстарды іріктеу;
вагонеткаларды, бункерлерді, тақталарды, тиеу және түсіру орындарындағы қабылдау алаңдары мен жолдарды, люк пен скрепер сөрелерін астын тазалау;
тау-кен массасын суландыру;
рельстен шығып кеткен вагонеткаларды тежеу және көтеру;
қызмет көрсететін механизмдердің, люктердің, люк жаппаларының ұсақ ақауларын жою;
люк астындағы шашылған тау-кен массасын жинау.
437. Мыналарды:
тиеу-түсіру механизмдерінің, шығырдың, итергіштің, конвейердің құрылымын;
вагонеткалар мен тіркеу үлгілерін, оларды күтіп баптау нұсқаулығын;
қызмет көрсететін учаскедегі жүк тасымалдау схемасын;
жолдардың, жұмыс орнындағы тақталар мен стрелкалардың профилі мен жай-күйін;
пайдалы қазба кесектерінің негізгі қасиеттерін, сұрпы мен шекті мөлшерін, оның бас жыныстан ерекшелік белгілерін;
канаттың, тіркеу құрылғылары мен вагонеткалар ақауының алдын алу шараларын білуге тиіс.
Тау-кен массасын тиеу пункттерінде бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 100 тоннадан артық және 300 тоннаға дейінгі жоспарлы жүктемемен тиеу кезінде-3-разряд;
тау-кен массасын тиеу пункттерінде бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 300 тоннадан артық және 1500 тоннаға дейінгі жоспарлы жүктемемен тиеу кезінде - 4-разряд;
тау-кен массасын тиеу пункттерінде бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 1500 тоннадан артық және 3000 тоннаға дейінгі жоспарлы жүктемемен тиеу кезінде - 5-разряд;
тау-кен массасын тиеу пункттерінде бір жұмысшыға шаққанда ауысымына 3000 тоннадан артық жоспарлы жүктемемен тиеу кезінде - 6-разряд.
35-параграф. Әуе-арқан жолының машинисі, 3-разряд
438. Жұмыс сипаттамасы:
тиелген және бос вагонеткаларды тасымалдау кезінде әуе-арқан жолының шығырын басқару;
шығырдың, электр қозғағыштың, арқанның, шкивтердің, таспалардың, тіркеу және тежегіш құрылғыларының жұмысын, жолдың жай-күйін қадағалау;
қызмет көрсететін механизмдер жұмысының режимін реттеу;
берілген тиеулі вагонеткалардың санын есепке алу;
тежегішті және барабан футеровкасын тексеру;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.
439. Мыналарды:
қызмет көрсететін шығырдың, электр қозғалтқыштарын, қосу аппаратурасының мен басқа да механизмдердің құрылымын;
арқанды күту ережесін;
арқан жолын қосудың және тоқтату ережесін;
майлау режимі мен жүйесін;
қолданылатын майлау материалдарының түрлерін;
найзағай разрядтарынан негізгі қорғану түрлерін;
электр слесарьлық істібілуге тиіс.
440. Ескертпе:
жолаушылар тартқан жолына қызмет көрсету кезінде әуе-арқан жолының машинисін тарифтеу бір разрядқа жоғары жүргізіледі.
36-параграф. Бульдозер машинисі, 3-разряд
441. Жұмыс сипаттамасы:
қозғағыш қуаты 44,2 киловатқа (60 ат күші) дейінгі бульдозерді басқару;
тау-кен массасын, топырақты, отынды, шикізатты және басқа да материалдарды қайта үю;
карьерде, үйінділерде, қоймаларда жоспарлау жұмыстарын орындау;
ернеуді, қабатты тазарту;
кен жынысын, топырақты тегістеу;
әкету жолдарын профильдеу және тазалау;
ашу жұмыстары өндірісі;
темір жолдарды қозғау;
забойда тау-кен массасын экскаваторларға жақындату;
забой табанын, күрт еңістерді, кертпештерді тегістеу;
жүктерді тиеу;
түсіру және орнын ауыстыру;
үйінділерді жырту, қарды, аумақты тазалау;
топырақты қопсыту;
штабельдеу жұмыстарын орындау;
бульдозерлерді қарау және жағар, жанармай құю;
қажалатын бөлшектерді майлау;
профилактикалық жөндеу жүргізу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу;
бульдозер жөндеуіне ведомость толтыру.
442. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың, қозғалтқыштардың, құрылғылардың, басқару жүйесінің құрылымын;
бульдозерді пайдалану ережесін;
бульдозермен орындалатын кен жұмысының түрлерін;
жағар, жанармай материалдарының маркалары мен жұмсау нормасын;
ашық тау-кен және жол жұмыстары өндірісі туралы негізгі мәліметтерді;
тау-кен қазбаларының қасиеттерін;
тау-кен қазбаларымен жұмыс шарттарын және мүмкіндіктерін, бульдозердің түсу және көтерілудегі шекті бұрыштарын;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге ведомость толтыру ережесін;
іштен жану қозғалтқышының майлау, қоректендіру және салқындату жүйесінбілуге тиіс.
Қозғалтқыш қуаты 44,2 киловаттан жоғары 73,6 киловатқа (60-ден 100 ат күші) дейінгі бульдозерді басқару кезінде - 4-разряд;
қозғалтқыш қуаты 73,6киловаттан жоғарыжәне 147,2киловатқа (100-ден 200 ат күші) дейінгі бульдозерді басқару кезінде;
шашпа кен орындарындағы ашу жұмысы өндірісі кезінде қозғағыш қуаты 147,2 киловатқа (200 ат күші) дейінгі бульдозерді басқару кезінде - 5-разряд;
қозғалтқыш қуаты 147,2 киловаттан жоғары және 279,7 киловатқа (200-ден 380 ат күші) дейінгі бульдозерді басқару кезінде - 6-разряд;
қозғалтқыш қуаты 279,7 киловаттан жоғары және 366,0 киловатқа (380-нен 500 ат күші) дейінгі бульдозерді басқару кезінде - 7-разряд;
Қозғағыш қуаты 366,0 киловаттан (500 ат күші) жоғары бульдозерді басқару кезінде - 8-разряд.
433.Ескертпе:
автомобиль және теміржолдарды, суландыру және кеме жүзу арналарын, бөгеттерді, қоршама топырақ дамбаларын, ғимараттар мен құрылыстар астының қазаншұңқырларын, электр беру желілері және контакті желісі тіреулерін, жерасты коммуникациялар траншеяларын, су ағызу кюветтерін, тау үстіндегі және банкеттің сыртындағы арналарды, тау-кен қазбаларын жерасты тәсілмен проходкалау күрделі бойынша ұқсас ғимараттар құрылысы кезінде резерв оймалары мен үйінділерін, кавальерлер мен банкеттерді әзірлеу және жоспарлау жөніндегі жұмыстар БТБА, 3-шығарылым, "Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары" бөлімі бойынша тарифтеледі.
37-параграф. Бұрғы қондырғысының машинисі
444. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды бұрғылау және ұлғайту кезіндегі, бұрғылау станоктары мен трактор базасындағы өздігінен жүретіндерін қоса алғанда, түрлі үлгідегі қондырғыларды басқару;
бұрғылау жабдығын монтаждау, орнын ауыстыру, жұмысқа дайындау, орнату және реттеу, оны орнатуға арналған алаңды жоспарлау және тазарту;
бұрғылау жұмыстары паспортына сәйкес ұңғымаларды белгілеу;
геологиялық жағдайларға, қиындықтар туындауына, бұрғы жабдығы мен құралының жай-күйіне қарай бұрғылау процесін басқару;
ұңғымаларды цементтеу, тампонаждау, қаптама құбырмен бекіту және технологиялық регламентпен және режимдік-технологиялық құжаттамаға сәйкес көзделген басқа да жұмыстарды орындау;
көтеру-түсіру жұмыстары, штангілерді ұзарту, құбырларды шығарып алу;
құралдың ось күшін, айналу жылдамдығын, бұрғылаудың оңтайлы режимін қамтамасыз ететін жуу ерітіндісінің, ауаның көлемін таңдау;
бақылау-өлшеу жабдықтарының көрсеткіштерін қадағалау;
оңтайлы үңгілеу жылдамдығына жету үшін бұрғылау процесінің параметрлерін реттеу;
ұңғымалардағы қисықтықтың, авариялар мен қиындықтардың алдын алу жұмыстарын орындау;
жуу ерітінділері мен тампонаж қоспаларын әзірлеу;
жуу сұйықтарының параметрлерін бақылау;
ұңғымаларда кен жынысының су қайтарымын қалпына келтіру, сүзгілер мен су көтеру құралдарын орнату;
бұрғыларды, долоттарды және бұрғы қаптамаларын іріктеу, оларды бұрғылау процесінде ауыстыру;
ұңғымаларды тазарту, жуу, науалау;
бұрғы жабдығына орнатылған компрессорларға, бұрғы жабдығымен кешенді жұмыс істейтін жылжымалы компрессорларға (станоктарға), отпен бұрғылау кезінде қолданылатын газды қондырғыларға, насостарға, сұйық оттегіне арналған ыдыстар мен басқа да қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;
ұстап қалу (ловильные) жұмыстары, ұңғыма сағасын жабу;
қызмет көрсететін жабдық пен трактор жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу;
қозғалтқыштарды, автоматтар мен қосқыштарды ауыстыру;
арнаулы геофизикалық, гидрогеологиялық және басқа да зерттеулерді жүргізу үшін аспаптар мен сағалық құрылғыларды дайындауға қатысу;
жою жұмыстарын жүргізу;
қажетті жағдайларда кернді, бұрғы шламын, кен қазбалары үлгілерін іріктеу және бұрғылануы бойынша жыныстың беріктігі санатын анықтау;
бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін жерді қайта өңдеу;
бұрғыдағы ілмектеу және тиеу-түсіру жұмыстары;
алғашқы техникалық құжаттаманы жүргізу.
445. Мыналарды:
бұрғылау және күшті жабдықтардың нысанын, құрылымын, сипаттамасын, оларды монтаждау және бөлшектеу, пайдалану ережесін;
бұрғылау мұнара мен мачталарының конструкциясын, оларды құрастыру және бөлшектеу ережесін;
бұрғылаудың технологиялық режимдерін, қалыпты және күрделі жағдайларда ұңғыманы кернді алу және кернді алмай бұрғылау мен кеңейту ережесі мен тәсілдерін;
ұңғымаға арналған геологиялық-техникалық нарядты;
бұрғылау-жару жұмыстары паспортының мазмұнын және толтыру тәртібін;
ұңғымаларды цементтеудің, битумдаудың, силикаттаудың, тампонаждың және қатырудың мақсаты мен мәнін;
жуу сұйықтарының, кен жынысының беріктігін төмендеткіштер мен күрделі иньекциялық ерітінділердің құрамын, нысанын, әзірлеу және өңдеу тәсілдерін;
қолданылатын жабдықтың, құрылғылар мен материалдардың нысаны;
сипаттамасы мен түрлерін;
бұрғыланатын тау-кен жынысының беріктігіне қарай, бұрғылау құралына май құю сапасына қойылатын талаптарды;
геологиялық жағдайларға, қиындықтар туындауына, бұрғы жабдығы мен құралының жай-күйіне қарай бұрғылау процесін басқару тәсілдерін;
пайдалы қазбалардың шөгу жағдайлары мен нысандарын;
техникалық ақаулар мен авариялардың туындау себептерін, олардың алдын алу және жою шараларын;
кернді іріктеу және сақтау жөніндегі нұсқаулықты;
ұстап қалу (ловильные) жұмыстарын орындау тәсілдерін;
геология, гидрогеология, кен жұмыстары, электротехника, гидравлика, пневматика негіздерін;
тау-кен қазбаларының атаулары мен орналасуын;
тау-кен жыныстарының сыныптамасы мен қасиеттерін;
жерді рекультивациялау әдістерін;
алғашқы техникалық құжаттаманы жүргізу ережесін, оның нысандарын;
энергетика желісінің құрылымы мен сызбасын, және ток шығынын жою әдістерін;
ілмектеу жұмысы өндірісінің тәсілдері мен ережесін;
трактордың және өздігінен жүретін қондырғының құрылымын, оларды пайдалану және жөндеу ережесін;
аварияны жою және қауіпсіз жүргізу ережесін білуге тиіс.
Қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын бірінші сыныпты (жүк көтергіштігі 0,5 тоннаға дейін) бұрғылау қондырғыларымен, мотобұрғылармен, қол және жылжымалы жинақтармен, штангілермен бұрғылау кезінде -3-разряд;
ұңғымаларды өздігінен жүрмейтін станоктармен, соққылап-айналып бұрғылайтын, қозғағышының қуаты 50 киловатқа дейінгі өздігінен жүретін станоктармен, жерасты тау-кен қазбаларынан зондтап бұрғылау станоктарымен;
қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын екінші сыныпты (жүк көтергіштігі 0,5 тоннадан 1,5 тоннаға дейін) бұрғылау қондырғыларымен;
гидрогеологиялық және геофизикалық ұңғымаларды тазарту агентін қолданбай айналу тәсілімен, соғу-канаттық және басқа да бұрғылау тәсілдерімен;
шойтастарды өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен, перфораторлармен, электро бұрғылармен бұрғылау кезінде - 4-разряд;
ұңғымаларды соғу-арқандық станоктармен, қозғалтқышының қуаты 50 киловаттан артық өздігінен жүретін айналып бұрғылау станоктарымен, қозғалқышының қуаты 150 киловатқа дейінгі өздігінен жүретін айналып бұрғылау станоктарымен, қозғалтқышының қуаты 50 киловаттан 100 киловатқа дейінгі өздігінен жүретін шарошты бұрғылау станоктарымен, түйісімді-бұрғылау машиналарымен және зондылап бұрғылау станоктарын қоспағанда, жерасты тау-кен қазбалары станоктарымен;
қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын үшінші, төртінші және бесінші сыныпты (жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан 15 тоннаға дейін) бұрғылау қондырғыларымен;
гидрогеологиялық ұңғымаларды тазарту агентін қолдана отырып айналдыру тәсілімен бұрғылау кезінде;
пайдалы қазбаны жұқа қабаттардан шнек-бұрғы машиналарымен және жерасты жұмысындағы станоктармен шығару кезінде - 5-разряд;
ұңғымаларды қозғалтқышының қуаты 150 киловат және одан да артық өздігінен жүретін айналып бұрғылау станоктарымен (немесе гидрожүйелермен жабдықталған), қозғалтқышының қуаты 300 киловатжәне одан да артық өздігінен жүретін шарошечті бұрғылау станоктарымен;
қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын алтыншы, жетінші және сегізінші сыныпты (жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары) бұрғылау қондырғыларымен;
пайдалы қазбаны жұқа қабаттардан шнек-бұрғы машиналарымен және ашық кен жұмысындағы станоктармен шығару кезінде 6-разряд.
446. Ескертпелер:
1) осы тарифтік-біліктілік сипаттамасы бойынша жұмысшылар мен жұмыстар БТБА, 6-шығарылымы, 2-тарау "Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының разрядтары бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары" бойынша тарифтелетін мұнай мен газға арналған ұңғымалардан басқа, ұңғымалардың барлық түрлерін бұрғылаумен айналысатын жұмыстар мен жұмысшылар тарифтеледі;
2) геологиялық барлау ұңғымаларын геологиялық сынаманың сапасын арттыруды және бұрғылау жылдамдығын, ұңғы оқпанының берілген бағытын белгілеуді және ұстап тұруды қамтамасыз ететін арнаулы техникалық құралдарды (арнаулы кернқабылдағышы бар кешендерді, гидроұрғыштарды, пневмоұрғыштарды, керн гидротасымалымен бұрғылауғабағытталған және көп оқпанды бұрғылау) қолдана отырып бұрғылау кезінде;
геологиялық барлау ұңғымаларын күрделі тау-кен-геологиялық жағдайларда бұрғылау кезінде;
геологиялық барлау ұңғымаларын жұмысталған шахта даласында (ұңғымаларды жұмысталған қабаттар арқылы бұрғылау кезінде) барлау кезінде тарифтеу бір разрядқа жоғары жүргізіледі;
3) қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары сыныптары мемлекеттік стандарттармен бекітілген және олар: бұрғылау тереңдігін, ұңғыманың бастапқы және соңғы диаметрін, ілмектегі жүк көтергіштікті, жетекті электр қозғағыш қуатын, бұрғы снарядының айналу жиілігін, қиыс бұрышын, көтеру жылдамдығын, бұрғы білтесінің ұзындығын қамтиды;
4) бұрғылау жабдығы қозғағыштарының қуаты осы жабдықта орнатылған электр қозғағыштарының сомаланған қуаты алынды;
5) бұрғы қондырғысы машинисінің бұрғы қондырғысы машинисінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстардың тұтас кешенін игерген көмекшісі өзі бірге жұмыс істейтін бұрғы қондырғысы машинисінен бір разрядқа төмен, егер жұмыстардың тұтас кешенін игермеген болса екі разрядқа төмен тарифтеледі;
6) бұрғы қондырғысы машинисінің көмекшісі болмаған кезде, жылжымалы компрессорларға жылжымалы (қозғалтқыштары әртүрлі) компрессор машинисі қызмет көрсетеді, олар БТБА, 3-шығарылым, "Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары" бөлімі бойынша тарифтеледі.
38-параграф. Вибротиеу қондырғысының машинисі, 4-разряд
447. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен массасын блоктан, құлату аймағынан шығару және алу, оны кентүсірімге тиеу, кентүсірімнен вагонға және басқа да көлік құралына тиеу кезінде вибротиеу қондырғысын басқару;
тау-кен массасын суландыру;
кептемелерді жою;
тау-кен массасын тиеу кезінде белгі беру;
вибротиеу қондырғысын монтаждауға және бөлшектеуге, жөндеуге қатысу;
вибротиеу қондырғысы механизмдерінің жұмысын, механикалық және электрлі бөліктеріндегі ақауларды жоя отырып опробациялау және реттеу;
тасымалдау ыдыстарын қашықтықтан басқару құралының көмегімен орнын ауыстыру жөніндегі маневрлік жұмыстар өндірісі.
448. Мыналарды:
вибротиеу қондырғысының құрылымын, кинематикалық схемалары мен жұмыс режимін;
сақтандыру құрылғылары мен қосу аппаратурасының жұмыс принципін;
қызмет көрсету учаскесіндегі кен қазбаларының орналасуын;
қондырғы тораптарын майлаудың кезеңділігі мен майлау нүктелерін білуге тиіс.
Жару заттарының көмегімен кептемелерді, доғалықтардағы кен қақтарын жою және шойтастарды ұнтақтау кезінде, жару жұмыстарына құқық беретін құжаты болса - 5-разряд.
39-параграф. Гидросалманы араластыру қондырғысының машинисі, 3-разряд
449. Жұмыс сипаттамасы:
гидросалманы араластыру қондырғысының жұмысын технологиялық режимге сәйкес қадағалау;
пульпаның берілуін реттеу;
араластырғыштарды қосу және тоқтату;
гидросалманы араластыру қондырғысының жұмысындағы, тораптар мен бөлшектерді бөлшектеуді талап етпейтін ақауларын анықтау және жою.
450. Мыналарды:
гидросалманы араластыру қондырғысы мен пульпажинауыштардың құрылымын, техникалық сипаттамасын және жұмыс режимін;
гидросалманы араластыру қондырғысы жұмысын басқару ережесін және реттеу тәсілдерін;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін;
электротехника негіздерін;
электр слесарь ісін білуге тиіс.
40-параграф. Еріту қондырғысының машинисі, 2-разряд
451. Жұмыс сипаттамасы:
кенді, көмірді және басқа да сусыма материалдарды газбен және бумен еріту қондырғыларда еріту процесін анағұрлым жоғары білікті еріту қондырғысы машинисінің басшылығымен жүргізу;
жүктерді қыздыруға қойған кезде пештердің немесе бу қондырғыларының оттықтарын қосу;
подшипниктердің, желдеткіштердің және еріту секцияларындағы температураның салқындауын реттеу;
суландыру жүйесін орнату;
жүктерді қыздыруға қабылдау және қою, оларды ерігеннен кейін беру;
секция қақпаларының толық жабылуын қадағалау.
452. Мыналарды:
газбен және бумен еріту қондырғыларының және олардың жабдықтарының жұмыс принципін;
еріту қондырғыларында пайдаланылатын газдардың түрлері мен қасиеттерін білуге тиіс.
41-параграф. Еріту қондырғысының машинисі, 3-разряд
453. Жұмыс сипаттамасы:
кенді, көмірді және басқа да сусыма материалдарды газбен және бумен еріту қондырғыларда еріту процесін жүргізу;
пештің қызуын, температураны, электр қозғалтқыштардың дұрыс қосылуын және желдеткіш жұмысын, пештердегі газдың қысымын, газ жаппалары мен дроссельдерін, бу құбырының жай-күйін, вентильдерді, резина шлангілерді, пикті және будың қысымын бақылау;
газдың, будың, судың берілуін реттеу;
газ пештері мен дар қондырғыларының жарамды жағдайы мен үздіксіз жұмысын тексеру және қамтамасыз ету;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
454. Мыналарды:
ерітуші қондырғылар мен пештердің, сумен салқындату желдеткіштерінің құрылымын;
газды пайдалану және қалыпты жағдайлар мен газды ортада еріту жұмыстарын жүргізу ережесін;
газ құбырына және жағы бөлімшесін газ беруді қосу мен тоқтату ережесін;
газ, бу және су коммуникациясын білуге тиіс.
42-параграф. Жол қозғағыш машинисі, 4-разряд
455. Жұмыс сипаттамасы:
теміржолдың орнын ауыстыру және жылжыту кезінде жолқозғағыш механизмдерін басқару;
рельстерді, рельс ұстауышпен дұрыс қамтылуын, жолқозғағыш механизмдерінің жұмысын, контакті желісі мен жоғары вольтті кабельдердің жай-күйін қадағалау;
жолды тегістеу;
жұмыс уақытында жолқозғағышты ескерту белгілерімен қоршау;
жолқозғағыш механизмдерін жарамды жағдайда ұстау;
жанар-жағармай материалдарын құю;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
ағымдағы жөндеуге және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу;
жабдықты жөндеу жұмысына арналған ведомості жасау.
456. Мыналарды:
жолқозғағыш механизмдерінің құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамасын, басқару схемасын;
теміржол көлігіндегі қозғалыс пен сигнализация ережесін;
майлау жүйесін және майлау материалдарының сұрыптарын;
ашық тәсілмен тау-кен жұмыстарын жүргізу туралы негізгі мәліметтерді;
теміржолдың жоғарғы құрылымын білуге тиіс.
43-параграф. Жол қозғағыш машинисі, 5-разряд
457. Жұмыс сипаттамасы:
6-жолақты экскаватор жолдарының орнын ауыстыру және жылжыту кезінде үздіксіз әрекет ететін жолқозғағыш механизмдерін басқару;
экскаватор жолдарын жылжыту кезінде өздігінен жүретін жолқозғағыш машинаның, дизельдің, компрессордың, көтеру және бұру құрылғысының жұмысын, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;
өздігінен жүретін жолқозғағышты зарядтау кезінде рельстердің рельс ұстауышпен дұрыс қамтылуын және жолқозғағышты разрядтау кезінде рельс ұстауыштың тістемеден шығуын қадағалау;
байланыс желісі мен экскаваторлардың жоғары вольтті кабельдерін қоректендірушілердің жай-күйін қадағалау;
жолқозғағыш механизмдерін жарамды жағдайда ұстау;
жанар-жағармай материалдарын құю;
жолды тегістеу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
дизельді қозғалтқышты күрделі жөндеуге қатысу.
458. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың және оның тораптарының:
электр қозғалтқыштың, дизельдің, генератордың, компрессордың, жүру механизмі құрылғысының, ролик ұшының, көтеру және бұру механизмдерінің, шығырдың құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамасын, басқару схемасын;
пневматикалық жүйе құбырларының жалпы схемасын;
сақтандыру клапандарын реттеу ережесі мен тәсілдерін;
электротехника негіздерін;
жолқозғағыштың электро схемасын;
қолданылатын өлшеу құралдарының, қосуды реттеу аппаратурасының, автоматика элементтерінің, қорғаныш пен электр жабдықбұғаттауының жұмыс принципін;
тау-кен жұмыстарын жүргізу паспортының мазмұны мен оны толтыру тәртібін;
6-жолақты экскаватор жолдарының және контакті желісінің құрылымынбілуге тиіс.
459. Ескертпе:
жолқозғағыш машинистерінің көмекшілері өздері бірге жұмыс істейтін жолқозғағыш машинистерінен бір разрядқа төмен тарифтеледі.
44-параграф. Тау-кен жуып тазалау машиналарының машинисі, 5-разряд
460. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен жуып тазалау машиналарын: өндіру және үңгілеу комбайндарын, алу агрегаттарын, оның ішінде автоматтандырылған және бағдарламалық басқарылатын, жоңғы қондырғылы, кескі машиналарын басқару;
гидроландырылған бекітпе секцияларының, бүрлеуіштің және агрегат торшасының щитті забойға орналастыру кезіндегі жай-күйін қадағалау;
тірек арқалықтары мен бүрлеуіш қондырғыларының жетекті ұштарын босату, жылжыту және гидродомкрат көмегімен жаңа орында бекіту;
кен-техникалық талаптар мен кен-геологиялық жағдайларға орай түрлі үңгілерді үңгі машиналарымен өндіру;
жоғарғы "қалдықты" түрлі тәсілмен кесу;
тау-кен жуып тазалау машинасының тораптары мен бөлшектерін майлау, турбомуфта мен май станциясының деңгейін тексеру және май құю, машиналарды опробациялау;
тістерді, клевактерді, кескілерді, пышақтарды тексеру және ауыстыру;
шатырдың, кабельдердің, құбырлардың, шлангілердің, тиеу машиналарының жай-күйін тексеру;
пайдалы қазбаны алудың және қазба жүргізудің дұрыстығын қамтамасыз ету;
атқарушы органды жұмыс процесінде реттеу;
жұмыс процесінде тарту және сақтандыру арқандарының немесе тарту шынжырының жағдайын қарау және қадағалау;
суландыру жүйесін, сақтандыру шығырлары мен майстансаларын басқару;
тау-кен жуып тазалау машиналарының, механизмдері мен басқа да жабдықтардың ақауларын жұмыс барысында анықтау және жою;
тау-кен жуып тазалау машиналарын жұмыс процесінде бұру, монтаждау, бөлшектеу, түсіру (көтеру) және айдап бару;
машиналар мен оның үстіндегі шатырды жұмыс соңында сақтандыру тіреулерімен бекіту;
керме және еңіс тіреулерді орнату, машина қозғалысына кедергі болатын тіреулерді алу және орнату, машина жолын тазарту;
орнықты тіреуді орнатуға және қайта орнатуға қатысу;
қызмет көрсететін машиналарды, агрегаттарды, басқа да жабдықтарды, жабдықтарды және жекелеген тораптарының орнын ауыстыра, тиеп түсіре отырып, монтаждау және бөлшектеу жөніндегі жоспарлы-алдын алу жөндеулеріне қатысу;
комбайнды забойдан забойға өз жүрісімен айдап беру.
461. Мыналарды:
тау-кен жуып тазалау машиналарының;
өндіру және үңгілеу комбайндарының, алу агрегаттарының, бүрлеуіш қондырғыларының, үңгі машиналарының құрылымын және техникалық сипаттамаларын;
қызмет көрсететін жабдықтарды монтаждау және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптарды;
қолданылатын электр жабдықтың құрылымы мен сипаттамасын;
жерге қосу құрылымын;
шаңсору және суландыру жүйелерін;
жекелеген бөлшектер мен тораптардың тозу мерзімін;
сайлау материалдарының, бекітпе гидрожүйесі мен қызмет көрсететін машиналар эмульсияларының түрлерін, оларға құюға қажетті майдың көлемін;
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің майлау жүйелерін;
тістерді, клевактерді, кескілерді, пышақтарды қайрау сапасына қойылатын талаптарды;
бекітпе мен шатырды басқару паспортының мазмұны мен толтыру тәртібін;
тау-кен жыныстарының қасиеттерін және пайдалы қазбаны алу кезіндегі олардың жай-жапсарын;
тау-кен ісі, электротехника мен гидравлика негіздерін;
электр слесарьлық істі білуге тиіс.
Жуып тазалау агрегаттарын, өндіру және проходкалау комбайндарын, оларды жөндеу жұмыстарын өздігінен орындай отырып басқару кезінде- 6-разряд.
462. Автоматтандырылған және бағдарламалық басқарылатын тау-кен жуып тазалау машиналарын басқару кезінде техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
45-параграф. Тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының машинисі, 4-разряд
463. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысын кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының анағұрлым жоғары білікті машинисінің басшылығымен басқару;
кен мен тау-кен жынысының шаттас кесектерін өнеркәсіптік жиіліктегі токпен немесе құлайтын жүкпен бұзу процесін жүргізу;
қолданылатын құрал мен құрылғыларды жұмыс орнына жеткізу, штангілерді жұмысқа дайындау, жерге қосуды тексеру, электро кабельді қайта жалғау, электр желісіне қосу;
шойтастарды бұзу орнын күзетуді қамтамасыз ету, белгі беру;
қызмет көрсететін жабдықты қарау, тазалау және майлау;
тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысын жөндеуге және орнын ауыстыруға қатысу;
техникалық құжаттаманы жүргізу.
464. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, пайдалану және қондырғының жоғары вольтті жабдықтарын және күштік трансформаторларды баптау ережесін;
забойлардың орналасуын;
тау-кен массасы мен шойтастарды бұзу жұмыстары өндірісінің орнын қоршау тәртібін білуге тиіс.
46-параграф. Тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының машинисі, 5-разряд
465. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысын басқару;
кеннің шойтас кесектерін өнеркәсіптік жиіліктегі токпен немесе құлайтын жүкпен бұзу процесін жүргізу;
теміржол вагондарында және тағы басқа жыныстарды, шойтастарды, темірбетонды, қатып қалған көмір мен сусыма материалдарды бұзу кезінде кесектассоққыны және жару генераторы қондырғысын басқару;
жару генераторы қондырғысын жұмысқа дайындау, сыйымдылықтарға компоненттерді толтыру;
қызмет көрсететін қондырғының забойда орнын ауыстыру;
тау-кен жыныстарының беріктігі мен тау-кен массасы шойтастарының сипатына қарай қызмет көрсететін қондырғының жұмыс режимін таңдау;
штангі электродтарына кернеу беру және қажет болған кезде оны түсіру;
жоғары вольтты жабдықтың байланыстары мен изоляторларын, блоктар құрылғыларының жерге қосылу дұрыстығын, күштік трансформатордағы майдың деңгейін қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге және оған техникалық қызмет көрсетуге: қарау, тазалау және майлауға, жанар-жағармай материалдарын құюға қатысу.
466. Мыналарды:
тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғылары түрлі үлгілерінің құрылымын;
жару генераторы қондырғысының жұмыс принципі мен режимін, оның жұмысында қолданылатын компоненттердің физикалық-химиялық қасиеттерін;
электродтарды тау-кен массасы шойтастарына оңтайлы орналастыру схемасын;
қолданылатын бақылау-өлшеу құралының құрылымын;
тау-кен жыныстарының қасиеттері мен беріктігін;
электр техника негіздерінбілуге тиіс.
47-параграф. Конвейер машинисі
467. Жұмыс сипаттамасы:
конвейерлерді, элеваторларды, шнектерді, қоректендіргіштерді, қайта тиеу арбаларын, жетекті конвейер станциясын басқару;
конвейерлердің қозғалысын кері бұру және ауыстыру, олардың тиелу деңгейін реттеу;
тарту құрылғыларының және таспа жүрісін реттеу;
қайта тиеу арбаларының, тарту барабандарының, қоректендіргіш редукторларының, конвейерде орнатылған автоматты құрылғылардың жарамдылық жағдайын, материалдардың қабылдау агрегаттарына дұрыс түсірілуін қадағалау;
конвейерлерді ұзартуға және орнын ауыстыруға, таспалар мен шынжырларды қосуға қатысу;
өздігінен жүретін конвейердің жұмысын экскаватор жұмысымен үйлестіру;
таспалар мен жетекті майлау, лентаны, роликтерді, ролик тіректерін тазалау;
қатардан шыққан роликтерді ауыстыру;
конвейер лентасынан бөгде заттарды алу, шашылған тау-кен массасын жинау;
науашалардағы кептемелерді жою;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны тазарту;
май станцияларындағы ағын арналарын жуу.
468. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың, қосу және бақылау-өлшеу аппаратурасының нысаны мен құрылымын, оларды баптау ережесін;
қызмет көрсететін жабдықтың әрбір түріне арналған жылдамдық пен жүктемені, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәртібі мен тәсілдерін;
тасымалданатын материалдың сипаттамасын және оны сұрпы бойынша орналастыру тәртібін;
конвейерлердің, қоректендіргіштердің, тарту құрылғылары мен жылдамдық вариаторларының орналасу сызбасын;
конвейерлерді кері бұру және лентаның қозғалу жылдамдығын реттеу тәсілдерін білуге тиіс.
Қапшықтықтан басқарылатын конвейерлерге, өнімділігі сағатына 200 тоннаға дейінгі конвейерлерге жерасты кендерде және үстіңгі жұмыстарда сағатына 500 тоннаға дейінгі конвейерлерге қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;
өнімділігі сағатына 200 тоннадан артық конвейерлерге жерасты кендерде және үстіңгі жұмыстарда сағатына 500 тоннадан артық конвейерлерге;
сыйымдылығы 600 литр және одан артық шөмішті драгалардағы бас конвейерлерге;
өнімділігі сағатына 1000 тоннаға дейінгі үйінді жасаушы конвейерлерге, көп шөмішті экскаваторларға, көлік-үйінді көпірлеріне;
агломерация фабрикалары мен кесектеу фабрикаларының ыстық қайтарым конвейеріне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;
өнімділігі сағатына 1000-нан аса 5000 тоннаға дейінгі үйінді жасаушы конвейерлерге, көп шөмішті экскаваторларға, көлік-үйінді көпірлеріне;
өнімділігі сағатына 5000 тоннаға дейінгі магистральдық конвейерлердің жетекті станцияларына;
бейтарап ортаның герметикалық конвейерлеріне қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;
өнімділігі сағатына 5000 тоннадан артық үйінді жасаушы конвейерлерге, көп шөмішті экскаваторларға, көлік-үйінді көпірлеріне;
өнімділігі сағатына 5000 метр және одан да жоғары магистральдық конвейерлердің жетекті станцияларына;
екі немесе одан да көп жетекті стансалары бар конвейерлерге қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.
48-параграф. Көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі, 3-разряд
469. Жұмыс сипаттамасы:
көлік құралдарынының ішкі қабаты мен тауар өнімін оларды тасымалдау кезінде бірге қатудан және жабысудан сақтайтын заттармен: тұз ерітіндісімен, ниогринмен, кос-пен, шлакпен, әкпен, креозотпен, флотореагенттермен, ағаш ұнтағымен, майлау және басқа да заттармен өңдеу кезінде әктеуішті, тұз қайнатқышты, шлак беруші, майландырушы, бүркуші қондырғыларды басқару;
сорғыларды, конвейерлерді, скрепер шығырлары мен басқа да механизмдерді басқару;
тұз ерітіндісінің әзірлеу және берілген тығыздығын сақтау;
профилактикалық заттардың көлік құралдарына берілуін реттеу;
жұмыс орны шегіндегі теміржол және автокөлік жолдары габариттерін тазарту;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
қондырғының бөлшектері мен тораптарын тазалау және майлау.
470. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және техникалық пайдалану ережесін;
жол құралдарын, тау-кен массасы мен тауар өнімдерін өңдеу жөніндегі нұсқаулықты;
бірге қатудан және жабысудан сақтайтын заттардың физикалық қасиеттерін, оларды жұмсау нормаларын;
ерітінділердің тығыздығын анықтау тәсілдерін;
отын жағу және профилактикалық заттармен жұмыс ережесін;
электр слесарьлық іс негіздерін білуге тиіс.
Көлік құралдары мен тауар өнімдерін бірге қатудан және жабысудан сақтайтын заттармен өңдеу жөніндегі жұмыстарды көлік құралдарын өңдеу жөніндегі анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен орындау кезінде - 2-разряд.
49-параграф. Өздігінен жүретін жерасты машиналардың машинисі, 4-разряд
471. Жұмыс сипаттамасы:
қосалқы нысандағы жұмыстарды орындау кезінде іштен жану қозғалтқышы бар түрлі үлгідегі және нысандағы, өздігінен жүретін жерасты машиналарын: отын-май құю, шатыр ернеулеу, тасымалдау машиналарын, кабельтөсегіштерді, құбыр салушыларды және басқа да машиналарды басқару;
тау-кен қазбаларының жай-күйін: борттарын, кертпелерін, траншеяларды, шатырды қарау;
тау-кен қазбасы шатырын ілініп қалған тастар мен жыныс кесектерінен шатыр ернеулеу машинасының көтергі құрылғысынан кернеулеу;
штангілерлі орнату; қызмет көрсетілетін тау-кен қазбаларындағы шатыр мен бекітпенің жай-күйін қадағалау;
жерасты коммуникацияларды салу кезінде кабельді механикаландырылған төсеу және құбырсалушы манипуляторлардың көмегімен технологиялық құбырларды салу;
жанар-жағармай материалдарын жеткізу және оларды желідегі өздігінен жүретін машиналарға құю, отын аппаратурасын реттеу;
адамдар мен түрлі жүктерді жұмыс орнына және кері қарай тасымалдау;
тасымалданатын жүктерді тиеу және түсіру;
өздігінен жүретін жерасты машиналарға техникалық қызмет көрсету, оның барлық жүйелері мен тораптарының, сигнализацияның, жарықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексеру;
өздігінен жүретін жерасты машиналардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
қызмет көрсететін машинаның тасымал кендері мен еңістер бойынша орнын ауыстыру;
қызмет көрсететін машинаны жоспарлы-алдын ала жөндеуге қатысу;
өздігінен жүретін жерасты машиналар жұмысы есебінің алғашқы құжаттамасын жүргізу.
472. Мыналарды:
іштен жану қозғалтқышы бар түрлі үлгідегі және нысандағы, өздігінен жүретін жерасты машиналардың, жекелеген тораптары мен агрегаттарының құрылымын;
қызмет көрсететін машиналардың,пневматикалық және гидравликалық жүйелердің техникалық сипаттамаларын;
өлшеу құралдарының нысаны мен құрылымын;
тау-кен жыныстарының негізгі қасиеттерін;
кен қазбасының шатыры мен борттарын ернеулеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің ережесі мен жолдарын;
желдеткіш пен өрт сөндіру схемаларын;
шаң мен газ шоғырлануының жол берілетін нормаларын;
шаң мен газ басу тәсілдерін;
қызмет көрсететін машиналардың тасымалдау қазбалары бойынша қозғалу схемасы мен ережесін, машиналардың көтерілуі мен түсуінің шекті бұрыштарын;
тау-кен массасы мен түрлі жүктерді тиеудің, тасымалдау мен түсірудің ережесі мен тәртібін;
қызмет көрсететін машиналардың май құятын сыйымдылықтарының құрылымын;
жанар-жағармай материалдарын жеткізу, оларды қауіпсіз сақтау және қызмет көрсететін машиналарға құю ережесін;
гидро және май жүйелеріндегі қысымды реттеу ережесін;
қолданылатын майлар мен отынның сұрыптары мен қасиеттерін, олардың технологиялық сипаттамаларын;
қызмет көрсететін машиналарының, жекелеген тораптар мен агрегаттардың майлау картасын, техникалық қызмет көрсету кезеңділігін, олардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою тәсілдерін;
қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру мерзімін;
электротехника, гидродинамика негіздерін;
слесарлық істі;
электротехника мен металл технологиясы негіздерін орындалатын жұмыс көлемінде;
қызмет көрсететін машиналар жұмысы есебінің алғашқы құжаттамасын жүргізу ережесін;
жерасты жағдайларда қызмет көрсететін машиналардың қауіпсіз жұмысы ережесінбілуге тиіс.
50-параграф. Өздігінен жүретін кабельжылжытқыш машинисі, 3-разряд
473. Жұмыс сипаттамасы:
экскаваторларға, үйінді жасаушыға энергия қорегін беретін икемді жоғары вольтті кабельді механикалық төсеу кезінде қозғалтқышының қуаты44,2киловатқа (60 ат күші) дейінгі өздігінен жүретін кабель жылжытқышты басқару;
кабельдің дұрыс оралуын бақылау;
басты және қосалқы барабандағы кабельдің тұтастығын тексеру;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қозғағыштар мен тежегіш құрылғыларының бекітпесін қадағалау;
өздігінен жүретін кабельжылжытқыштың жүрісін опробациялау;
жерге қосу мен күштік кабельдің желіге қосылуын тексеру;
механизмдердің, генератордың, кабельді арбашаның электро жабдығының жұмысын қадағалау;
жылжу трассасын анықтау;
дизель-электр қондырғысына жанар және жағармай құю және қарау;
дизельді іске қосу және оның жұмысын басқару;
іс-қимылдың экскаватор, үйінді жасаушы машинистерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету;
өздігінен жүретін кабельжылжытқышты жарамды жағдайда ұстау, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
ағымдық жөндеу, басқа да жөндеу түрлеріне қатысу және қызмет көрсететін жабдықты жөндеу ведомосын жасау;
белгіленген құжаттаманы жүргізу.
474. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықты, оның қозғалтқыштарының, трансформаторларының құрылымын, басқару жүйесін, техникалық сипаттамаларын;
жанар және жағармай материалдарының маркісі мен жұмсау нормаларын;
ашық тау-кен және жол жұмыстары өндірісі туралы негізгі мәліметтерді;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеу ведомосын жасау ережесін;
іштен жану қозғалтқыштарын майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерін;
электр жабдығының жұмыс принципін;
күштік кабельді электр желісіне қосу ережесін;
өлшеу құралдарының нысанын және жұмыс принципін;
техникалық құжаттаманы жүргізу ережесін;
өздігінен жүретін кабельжылжытқыштың жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеу түрлерін;
электротехника негіздерін;
электр слесарьлық істі білуге тиіс.
Қозғалтқышының қуаты 44,2 киловаттан 73,6 киловатқа (ат күші 60-тан 100-ге) дейінгі өздігінен жүретін кабельжылжытқышты басқару кезінде - 4-разряд;
қозғалтқышының қуаты 73,6 киловатқа (ат күші 100-ден 200-ға) дейінгі өздігінен жүретін кабель жылжытқышты басқару кезінде - 5-разряд;
қозғалтқышының қуаты 147,2 киловаттан артық (200 ат күші) өздігінен жүретін кабельжылжытқышты басқару кезінде - 6-разряд.
Параграф 51. Үңгілеу кешенінің машинисі, 4-разряд
475. Жұмыс сипаттамасы:
диаметрі 3 метрге дейінгі тау-кен қазбаларын үңгілеу кезінде тоннельдік төсегішті және механикаландырылмаған үңгілеу кешенін (щитін) басқару;
механикаландырылмаған үңгілеу кешені мен төсегіштің орналасуын, жылжуын тексеру;
механикаландырылмаған үңгілеу кешенінің жағдайын жоспарда, бейінде және тоннель осі бойынша түзеу;
механикаландырылмаған үңгілеу кешенінің өз осінің бойымен айналуын жою;
қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық жөндеу;
механикаландырылмаған кешен мен төсегіштің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
гидравликаның ағынын жою;
май станциясының жұмыс қысымын реттеу;
белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.
476. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың және электрлік қосу аппаратурасының құрылымын;
механикаландырылмаған үңгілеу кешені мен төсегіштің үлгілерін;
электр механикалық және гидравликалық жабдықтың нысаны мен жұмыс принципін;
механикаландырылмаған проходкалау кешенінің қозғалысын жоспарда, бейінде және тоннель осі бойынша бағытын анықтау тәсілдерін;
тау-кен жыныстарының сыныптамасын және негізгі қасиеттерін;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін білуге тиіс.
Параграф 52. Үңгілеу кешенінің машинисі, 5-разряд
477. Жұмыс сипаттамасы:
диаметрі 3 метрден артық тау-кен қазбаларын проходкалау кезінде механикаландырылмаған үңгілеу кешенін (щитін) басқару;
механикаландырылмаған үңгілеу кешені мен төсегіштің орналасуын тексеру және түзеу;
механикаландырылмаған үңгілеу кешенінің өз осінің бойымен айналуын жою;
қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық жөндеу;
механикаландырылмаған кешен мен төсегіштің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.
478. Мыналарды:
барлық үлгідегі механикаландырылмаған үңгілеу кешенін, олардың механикалық және гидравликалық жабдықтарының құрылымын, электрмен қоректендіру схемасын;
механикаландырылмаған үңгілеу кешенінің қозғалысын жоспарда, бейінде және тоннель осі бойынша бағытын анықтау тәсілдерін;
тоннель қаптауларының түрлерін, оларды орнатудың тәсілдері мен кезектілігін;
механикаландырылмаған үңгілеу кешенін қозғау ережесін білуге тиіс.
53-параграф. Үңгілеу кешенінің машинисі 6-разряд
479. Жұмыс сиппаттамасы:
механикаландырылған үңгілеу кешенін (щитін) басқару;
механикаландырылған үңгілеу кешенінің орналасуын тексеру және түзеу;
механикаландырылмаған үңгілеу кешенінің жағдайын жоспарда, профильде және тоннель осі бойынша түзеу;
механикаландырылған үңгілеу кешенінің өз осінің айналасында айналуын жою;
кесетін механизм агрегатын қосу және тоқтату;
тозған кескіштер мен фрездерді ауыстыру;
қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық жөндеу;
механикаландырылған үңгілеу кешенінің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, гидравликалық жабдығының ағынын тоқтату.
480. Мыналарды:
барлық үлгідегі механикаландырылған үңгілеу кешенін, олардың механикалық және гидравликалық жабдықтарының құрылымын, механикаландырылмаған үңгілеу кешенінің қозғалысын жоспарда, бейінде және тоннель осі бойынша тексеру және түзеу тәсілдерін;
кескіштер мен фрездердің тозу деңгейін анықтау ережесін, оларды ауыстыру тәртібін;
механикаландырылған проходкалау кешенін жүргізу және орнынан қозғау ережесін, оның жұмысындағы ақауды анықтау және жою тәсілдерін білуге тиіс.
54-параграф. Реактивті қондырғы машинисі, 5-разряд
481. Жұмыс сипаттамасы:
теміржол платформасында, тракторда құрастырылған реактивті қондырғыны басқару;
жолдарды, думпкарларды, ленталы транспортерлер мен басқа да механизмдерді қатып қалған мұздан, қардан, кеннен, көмірден тазарту;
реактивті қондырғының жұмысын қадағалау, қозғағыштың, автоматика мен отын аппаратурасы аспаптарының жұмысын режимін реттеу;
реактивті қондырғыға ұсақ жөндеу жүргізу;
реактивті қозғағышты, турбина компрессорын және басқа да аспалы агрегаттарды ауыстыру және оларды баптау.
482. Мыналарды:
Қызмет көрсететін реактивті қондырғыны құрылымын;
реактивті қозғалтқыштың жұмыс принципін;
жанар және жағармайлардың қасиеттерін, олардың жұмсалу нормаларын, реактивті қозғалтқыштың жұмыс режимін білуге тиіс.
қыс жағдайында автомобильдердің қозғалтқыштың қыздыруға арналған стационарлық реактивті қондырғыға қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.
55-параграф. Скрепер машинисі, 3-разряд
483. Жұмыс сипаттамасы:
ашық тау-кен жұмыстарында, карьердегі автомобиль жолдары құрылысында және кен массасын қоймалау орындарында тау-кен массасын, топырақты әзірлеу, жылжыту және қоймалау кезінде қозғалтқыштың қуаты 44,2 киловатқа (60 ат күші) дейінгі тіркемелі және өздігінен жүретін скреперді басқару;
забойдың техникалық дұрыс әзірленуін және скрепердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
топырақты жұмысталған кеңістікке және үйіндіге үю;
тартқыштарды қарау және жанар, жағармай материалдарын құю;
қолданылатын өлшеу құралдарын, арқандардың, блоктардың, буксирлердің беріктігін, тораптар мен тежегіш құралдарының бекітілуін қадағалау;
қажалатын бөліктер мен бөлшектерді майлау;
тартқышты, тіркемелі немесе аспалы жабдықты жөндеудің барлық түлеріне қатысу;
қызмет көрсететін жабдықты қарау және жөндеу журналын жүргізу; жөндеуге ақау ведомосін жасау.
484. Мыналарды:
тартқыштардың, тіркемелі құрылғылардың аспалы жабдықтың, қозғағыштардың, қолданылатын құрылымын және техникалық сипаттамаларын;
скреперлерді басқару жүйесін;
түрлі сыныптағы топырақты әртүрлі тереңдікте өңдеу кезіндегі жол қозғалысы;
әзірлеу және орнын ауыстыру ережесін;
ашық тау-кен жұмыстары өндірісі туралы негізгі мәліметтерді;
тау-кен жыныстарының қасиеттерін;
қызмет көрсететін жабдықтың түсіру және көтерудің жол берілетін бұрыштарын;
іштен жану қозғалтқыштарының майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерін;
қызмет көрсететін жабдықты жөндеу ведомосын толтыру ережесін білуге тиіс.
Қозғалтқыштарының қуаты 44,2 киловаттан артық 73,6 киловатқа (ат күші 60-тан100-ге) дейін өздігінен жүретін скреперлерді басқару кезінде- 4-разряд;
қозғалтқыштарының қуаты 73,6 киловаттан артық 147,2 киловатқа (ат күші 100-ден 200-ге) дейін өздігінен жүретін скреперлерді басқару және шашыраңқы кен орындарында ашу және өндіру жұмыстарын қозғағышының қуаты 147,2 киловатқа (200 ат күші) дейін өздігінен жүретін скреперлермен жүргізу кезінде - 5-разряд;
қозғалтқыштарының қуаты 147,2 киловаттан артық 279,7 киловатқа (ат күші 200-ден 350-ге) дейінгі өздігінен жүретін скреперлерді басқару кезінде - 6-разряд;
қозғалтқыштарының қуаты 279,7 киловаттан (350 ат күші) артық өздігінен жүретін скреперлерді басқару кезінде - 7-разряд.
485. Ескертпе:
автомобиль және теміржолдарды, суландыру және кеме жүзу арналарын, бөгеттерді, қоршама топырақ дамбаларын, ғимараттар мен имараттар астының қазаншұңқырларын, электр беру желілері және байланыс желісі тіреулерін, жерасты коммуникациялары траншеяларын, су ағызу кюветтерін, тау үстіндегі және банкеттің сыртындағы арналарды, кен қазбаларын жерасты тәсілімен үңгілеу күрделі бойынша ұқсас ғимараттар құрылысы кезінде резерв оймалары мен үйінділерін, кавальерлер мен банкеттерді әзірлеу және жоспарлау жөніндегі жұмыстар БТБА, 3 шығарылым, "Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары" бөлімі бойынша тарифтеледі.
56-параграф. Скреперлік шығыр машинисі, 3-разряд
486. Жұмыс сипаттамасы:
забойдан тыс аймақта тау-кен массасын скреперлеу кезінде, челнокты-қайта жабу құрылғыларымен жабдықталған қуаты 55 киловатқадейінгі скрепер шығырларын және қуаты 38 киловатқа дейінгі скрепер шығырларын басқару;
байыту қалдықтары мен жуу аспабынан малтатастардың сынықтарын скреперлеу;
жабынды жынысты алғаннан кейін пайдалы қазба қабатының шатырын тазалау және тегістеу;
қайлалау және ірі кесектерді ұсату;
тау-кен массасын скрепер жолына лақтыру;
шығырды бекіту;
блоктарды бекіту және қайта ілу, жерге қосуды тексеру, арқанды жалғау және ауыстыру;
қызмет көрсететін жабдықты монтаждауға, бөлшектеуге, орнын ауыстыруға және жөндеуге қатысу.
487. Мыналарды:
скрепер шығырларының құрылымын, үлгілерін және техникалық сипаттамаларын;
тежегіш, сақтандыру құрылғылары мен қосу аппаратурасының жұмыс принципін, олардың нысанын және пайдалану ережесін;
тіркемелі құрылғылар мен арқандардың құрылымын, арқанды бекітутәсілдерін және олардың ұзындығын реттеу ережесін;
арқандарға қойылатын талаптарды;
түрлі жағдайларда скреперлеу тәсілдерін;
скрепер шығырларын жерге қосу ережесін;
қызмет көрсететін учаскедегі тау-кен жынысының орналасуын;
пайдалы қызбаны жыныстан ерекшелейтін белгілерді;
қызмет көрсететін жабдықты монтаждау, бөлшектеу, орнын ауыстыру және жөндеу тәртібін;
қозғағыштың жұмыс принципін;
жер үстін сызбалар мен эскиздер бойынша жоспарлау ережесін.
Челнокты-қайта құрылғыларымен жабдықталған, қуаты 55 киловаттан 100 киловатқа дейінгі скрепер шығырларын және қуаты 38 киловатт және одан жоғары скрепер шығырларын басқару кезінде, забойдан тыс аймақта кен массасын скреперлеу кезінде - 4-разряд;
тау-кен массасын забойда скреперлеу кезінде, қуаты 100 киловаттан жоғары скрепер шығырларын басқару кезінде; доғалықтардағы кептемелер мен кен қатпаларын жою және шойтастарды жару заттарының көмегімен ұсақтау кезінде және жару жұмыстарына құқық беретін құжаты болған кезде – 5-разряд.
57-параграф. Сынама алу машинасының машинисі, 5-разряд
488. Жұмыс сипаттамасы:
теміржол вагондарынан көмірдің тауарлық және бақылау сынамаларын іріктеу және өңдеу процесінде, сондай-ақ оны теміржол бойынша орнына қозғау кезінде сынама алу машинасын басқару;
ұнтақтауыш жұмысын қадағалау;
зертхана сынамаларын химиялық зертханаға жеткізу;
жаппа жабдық пен сынама іріктеу машинасының тораптарын майлау;
сынама іріктеу машинасының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық жөндеу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу;
жерге қосуды тексеру және күштік кабельді желіге қосу.
489. Мыналарды:
сынама іріктеу машинасының, жаппа жабдығының құрылымы мен техникалық сипаттамасын;
сынама іріктеу машинасын бөлшектеу, монтаждау ережесін, жұмыс принципі мен басқару жүйесін;
қозғалтқышты майлау, қоректендіру және салқындату жүйесін;
электротехника мен металлдар технологиясын орындайтын жұмыс көлемінде;
теміржол вагондарынан көмірдің тауарлық және бақылау сынамаларын белгіленген стандарттарға сәйкес іріктеу схемасын білуге тиіс.
58-параграф. Тиеу-жеткізу машинасының машинисі, 4-разряд
490. Жұмыс сипаттамасы:
жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі электр немесе пневматикалық жетекті жүк тиеу-жеткізу машиналары мен түрлі үлгідегі өздігінен жүретін вагондарды басқару;
забойлардағы іліктастарды жиектеу;
тау-кен массасын суландыру және тиеу;
тау-кен массасын тасымалдау және кен түсірімге, вагондарға және басқа да көлік құралдары түрлеріне тиеу;
забойдағы және забой мен кентүсірімге кірмелердегі топырақты тазарту;
қабат топырағынтопыраын тазарту немесе қабаттарды салма жұмыстары өндірісіне дайындау;
тау-кен массасын тарсыл електері арқылы өткізу;
конвейер шынжырларының, өткізу шынжыры мен фрикционды тіркеу муфталарының тартылуын реттеу;
машинаны қарау және майлау;
тежегіш жүйесінің жарамдылығын, шиналардағы, баллондардағы және гидравликалық жүйедегі қысымды тексеру;
сигнализацияны, жарықты, қоректендіру кабелі мен жерге қосуды тексеру;
қызмет көрсететін кен орындарындағы шатыр мен бекітпенің жағдайын қадағалау;
қажетіне қарай - газ және газ динамикалық құбылыстар бойынша қауіпті қабаттардағы газды өлшеу;
қызмет көрсететін машина жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу;
жұмыс орнын тазарту.
491. Мыналарды:
электр немесе пневматикалық жетекті жүк тиеу-жеткізу машиналары мен түрлі үлгідегі өздігінен жүретін вагондардың құрылымын;
тау-кен массасын тиеу, тасымалдау және түсіру ережесін;
қызмет көрсететін машина жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін;
тау-кен жыныстарының негізгі қасиеттерін;
қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының нысанын және құрылымын гидравликалық, пневматикалық және электр желілерінің схемасын;
фрикциондық өткізу жұмыстарының принципін;
тежегіш жүйесі мен гидравлика жүйесін;
гидрожүйедегі және май жүйесіндегі қысымды реттеу ережесін;
электр қорғану аппаратурасының құрылымын және жұмыс принципін;
жерге қосу құрылғысы ережесін;
жанар және жағармай материалдарының сұрыптары мен қасиеттерін;
электротехника мен гидродинамика негіздерін;
слесарьлық істі;
жол қозғалысы ережесін білуге тиіс.
59-параграф. Тиеу-жеткізу машинасының машинисі, 5-разряд
492. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен қазбаларын үңгелеу, тазарту жұмыстары кезінде жүк көтергіштігі 5 тоннадан жоғары немесе дизельді қозғалтқышының қуаты 147,2 киловатқа (200 ат күші) дейінгі электро немесе пневматикалық жетекті жүк тиеу-жеткізу машиналарын басқару;
кен орындарындағы (жұмыс орнындағы) шатыр мен бекітпенің жағдайын қадағалау;
тау-кен массасын суландыру, тиеу, тасымалдау және кен түсірімге, вагондарға тиеу;
тиеу-жеткізу машиналарына техникалық қызмет көрсету, олардың барлық жүйелері мен тораптарының ақауларын тексеру;
сақтандыру үйінділерін карьерлерге түсіру.
493. Мыналарды:
дизельді қозғалтқышты электр немесе пневматикалық жетекті жүк тиеу-жеткізу машиналарының құрылымын, техникалық сипаттамасын, басқару жүйесін;
пайдалы қазба кен орындарын жұмыстауға қолданылатын жүйелердің негізгі элементтерін;
шатырды басқару тәсілдерін;
желдеткіш пен өрт сөндіру схемаларын;
жұмысты жүргізудің оңтайлы тәсілдерін;
электро слесарлық істі;
тиеу-жеткізу машиналарының бетін өңдеу ережесін білуге тиіс.
Дизельді қозғалтқышының қуаты 147,2 киловаттан (200 ат күші) жоғары, жүк тиеу-жеткізу машиналарын басқару кезінде - 6-разряд.
60-параграф. Тиеу машинасының машинисі
494. Жұмыс сипаттамасы:
тиеу машинасы мен әмбебап шөмішті тиегішті басқару;
кен массасын суландыру, қайлалау, транспортерге немесе вагонеткаға тиеу;
жолдарды, тиеу тораптарындағы, тұйықтардағы қақ тұндырғыштарды тазарту;
машиналарға жанар-жағармай материалдарын құю;
машинаны жабысқан ластан тазарту;
машинаны жаңа орынға қою;
тиеу машинасы жұмысындағы ұсақ ақауды анықтау және жою.
495. Мыналарды:
қызмет көрсететін тиеу машинасы мен әмбебап шөмішті тиегіштің құрылымын;
тау-кен массасын транспортерге немесе вагонеткаға тиеудің тәртібін;
айырғыш құрылғыны пайдалану ережесін;
қызмет көрсететін механизмдердің жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін;
тау-кен қазбаларының нысаны мен орналасуын және олар бойынша жүру ережесін;
тау-кен жыныстарының физикалық қасиеттерін;
қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының нысанын және құрылымын;
желдету схемасын, берілетін қысымдалған ауаға қойылатын белгіленген талаптарды;
ауа құбыры мен энергия құбыры желілерінің схемаларын;
электротехника жөніндегі негізгі мәліметтерді;
слесарь және монтаждау жұмыстарын қажетті көлемде орындау тәртібін білуге тиіс.
Забойдан тыс жерде өнімділігі сағатына 60 текше метрге дейінгі тиеу машинасын басқару кезінде - 4-разряд;
өнімділігі сағатына 60 текше метрден жоғарытиеу машинасын басқару кезінде - 5-разряд;
суағар арналары мен рельс жолдарын проходкалау, тазалау және жөндеу кезінде, құбырларды монтаждау, люктерді, полкаларды құру, жүктерді көтеру, салу және орнын ауыстыру, арнаулы өндіріс жағдайларында топырақтан кен жынысын жинау кезінде кен массасын вагонеткаға тиеуге арналған әмбебап шөмішті тиегішті басқару кезінде - 6-разряд.
61-параграф. Үйінді жасаушы машинисі, 4-разряд
496. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен массасының орнын ауыстыру және жұмыс алаңы, еңіс топырағы немесе теміржол бойынша қозғау кезінде, экскаватормен немесе ағынды технология бойынша эстакадамен бір кешенде жұмыс істейтін, өнімділігі сағатына 1500 текше метрге дейінгі үйінді жасаушыны, өздігінен жүретін қайта тиеуішті немесе штабель салушыны басқару;
кен массасының үйіндіге салынуын, оның конвейер желісіне қайта тиелуін, эстакада бойынша қозғалуын, трассаның, үйінділердің, жұмыс алаңдары мен еңістердің жай күйін, конвейерлердің біркелкі толтырылуын, үйінді жасаушының, қайта тиеушінің орнықтылығын, оның механизмдерінің жарамдылығын қадағалау;
қызмет көрсететін машинаның жұмысын өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша реттеу;
кабельді тіркеуге қатысу, оның жай-күйі мен қозғалуын бақылау;
қызмет көрсететін машина мен оның стрелкасын берілген схема бойынша қайта бұру;
іс-әрекеттің экскаватор машинисімен үйлесімділігін қамтамасыз ету;
айрықша жел жүктемесі кезінде қызмет көрсететін машинаның орнықтылығын қамтамасыз ету, оны қабылдау және қарау, техникалық қызмет көрсету;
қызмет көрсететін машина мен жылжымалы эстакада жұмысындағы ақауды анықтау және жою;
қызмет көрсететін машинаны жөндеу ведомосін жасау және оны жөндеуге қатысу.
497. Мыналарды:
үйінді жасаушы, өздігінен жүретін қайта тиеуіш, орталап тиеу кешені мен қызмет көрсететін имараттардың штабель салушысы агрегаттарының құрылымын, техникалық сипаттамасын;
қосу және бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану ережесін;
тау-кен жыныстары негізгі қасиеттері мен үйінді жасаушы сызбасын;
забойларды өңдеу жөніндегі тау-кен жұмыстарын ұтымды жүргізу ережесін;
қызмет көрсететін машина жұмысындағы ақауды анықтау және жою тәсілдерін;
сигнализация мен байланыс құрылғыларының жүйесін;
теміржолдардың құрылымы туралы негізгі мәліметтерді;
майлау жүйесін, қолданылатын майларды және олардың қасиеттерін;
теміржолдарды ұзарту және орнынан қозғау тәртібін;
электр слесарьлық істі білуге тиіс.
Экскаватормен немесе ағынды технология бойынша эстакадамен бір кешенде жұмыс істейтін, өнімділігі сағатына 1500-ден 4000 текше метрге дейінгі үйінді жасаушыны, өздігінен жүретін қайта тиеуішті немесе штабель салушыны басқару кезінде - 5-разряд;
экскаватормен немесе ағынды технология бойынша эстакадамен бір кешенде жұмыс істейтін, өнімділігі сағатына 4000 текше метр және одан да жоғары үйінді жасаушыны, өздігінен жүретін қайта тиеуішті немесе штабель салушыны басқару кезінде - 6-разряд.
498. Ескертпе:
үйінді жасаушы машинистерінің көмекшісі өзі бірге жұмыс істейтін үйінді жасаушы машинистен бір разрядқа төмен тарифтеледі.
62-параграф. Үйінді көпір машинисі, 5-разряд
499. Жұмыс сипаттамасы:
ашушы экскаваторлармен бірге жұмыс істеу кезінде, тау-кен массасын тасымалдау, үйінді жасау және көпірді забойдың бойымен жылжыту жөніндегі үйінді көпірін және оның механизмдерін басқару;
орындаушылық іс-қимылдың экскаваторлармен және көпірді (бас, үйінді тіреуінің, жүру механизмдерінің) басқару пульттерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету;
топырақтың үйіндіге салынуын, трасса мен үйінділердің, жұмыс алаңдары мен көпір механизмдерінің жарамдылығын қадағалау;
үйінді көпір жұмысын өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша опробациялау және реттеу;
үйінді көпірді берілген схема бойынша жылжыту;
кабельді реттеуге, арқанды, лентаны, шөміш тістерін ауыстыруға қатысу;
машинаның жерге қосылуын және икемді кабельдің жай-күйін тексеру;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауды анықтау және жою;
ағымдық жөндеуді орындау және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу;
үйінді көпірді жөндеуден кейін қабылдау, ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде қарау;
жабдықты жөндеу ведомосін жасауға және оны жөндеуге қатысу;
экскаватормен бірге жұмыс істейтін үйінді көпірінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету;
айрықша жел жүктемесі кезінде үйінді көпірді бекіту.
500. Мыналарды:
ашық тау-кен жұмыстарын жүргізудің технологиялық процестерін;
өңделетін кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін, олардың массивтегі және үйіндідегі жағдайын;
үйінді жасау схемасын;
көшкін құбылысы белгілерін;
үйінді көпір машиналары мен механизмдерінің, оның механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электр жабдықтарының, өлшеу құралдарының, электрмен пісіру машиналары мен аппараттарының, жанартауландыру құралының және құрылымы мен техникалық пайдалану ережесін;
сигнализация мен байланыс құрылғыларының жүйесін;
теміржолдардың құрылымы туралы негізгі мәліметтерді;
майлау жүйесін, қолданылатын майларды және олардың қасиеттерін;
теміржолдарды ұзарту және орнынан қозғау тәртібін;
электро слесарлық істі 3-разрядты электро слесарь білімі көлемінде білуге тиіс.
Бас басқару пультіне қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.
63-параграф. Үйінді соқасының машинисі, 3-разряд
501. Жұмыс сипаттамасы:
тіркемелі, үйінді соқасының (стругтың, скрепердің) лемехтері біржақты және екі жақты орналасқан механизмдерін басқару;
үйіндіні жоспарлау, жырту, еңістерді жұмыстау, жыныстарды үйінді бермаларынан еңіске түсіру, кюветтерді кесу және теміржол габариттерін тазарту;
үйінді соқасының бөлшектері мен механизмдерін жарамды жағдайда ұстау;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы анықталған ақауларды жою жөндеу ведомосін жасау, ұсақ ақауларды жою;
қызмет көрсететін жабдықты ағымдық жөндеуді орындау және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу, үйінді соқасының механизмдерін тазалау және майлау.
502. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен техникалық сипаттамасын;
үйінді соқасының механизмдерін басқару тәсілдерін;
теміржолдардың құрылымы туралы негізгі мәліметтерді;
теміржол бойынша қозғалыс ережесін;
тау-кен жұмыстарын ашық тәсілмен жүргізу туралы негізгімәліметтерді білуге тиіс.
Өздігінен жүретін үйінді соқасына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.
64-параграф. Шахта электровозының машинисі, 3-разряд
503. Жұмыс сипаттамасы:
тиелген және бос құрамдарды әкету кезінде электровоздарды, тіркеме салмағы 10 тоннаға дейінгі гидровоздарды, тіркеме салмағына қарамастан дизелевоздарды басқару;
жол профилі мен құрамның салмағына қарай шахта электровозының жүру жылдамдығын реттеу;
құрамдарды қалыптастыру және тиеу-ауыстыру пункттері мен эстакадаларда маневр жұмыстарын орындау;
вагондарды тиеу және түсіру орындарына қою;
жүктерді әкету, бос вагондарды әкелу;
адамдарды жұмыс орнына және кері қарай жеткізу;
вагондарды тіркеу және ағыту;
рельстен шығып кеткен электровоздар мен вагондарды көтеру және қою;
тау-кен массасын люк-дозатордан тиеу және қотарғышта босату кезінде электровозды қашықтықтан басқару;
жолдағы стрелкаларды бұру;
тиеу және түсіру пункттерінің желдету есіктерін, итергіштерін, шығырлары мен басқа да механизмдерін басқару;
қазаншұңқыр мен қотарғыш төсемін тазарту;
электровоздарды экипировкалау және құмдауыштарға май құю;
аккумулятор жәшігін бекіту және аккумулятор батареяларын ауыстыруға қатысу;
гидровозды энергия жүйесінен зарядтау;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;
басқару механизмін және жүру бөлшектерін қарау әрі опробациялау;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды жою.
504. Мыналарды:
электровоздардың, гидровоздардың, дизелевоздардың құрылымын, техникалық сипаттамасын;
поездардың жүру кестесін және жүк және адамдары бар составтардың қозғалыс ережесін;
жол профилін және оның жай-күйін, қызмет көрсететін учаскедегі жол белгілерін түрлі жұмыс жағдайы кезіндегі электровоздардың, гидровоздардың, дизелевоздардың тарту сипаттамаларын;
теміржолдардың, коммутация мен энергиямен қоректендіру схемасын;
тежегіш құрылғыларының жүйесін;
стрелка бұрмасының, вагондарды автотежеуге арналған компрессорлардың құрылымын;
вагондарды тіркеу және ағыту ережесін;
рельстен шығып кеткен электровоздар мен вагондарды көтеру үшін қолданылатын тәсілдер мен құрылғыларды;
аккумулятор батареяларының құрылымын, оларды зарядтау және баптау ережесін;
зарядтау камералары жабдығын;
жерге қосу ережесін және контакті желісін ілу тәсілдерін;
белгілердің, белгі беру құралдарының, орталау және блокировкалау нысанын;
токты өзгерту тәсілдерін;
контакті желісін қоректендіруді;
диспетчерлік қызмет схемасын;
жерасты тау-кен қазбаларының орналасуы мен нысанын;
қызмет көрсететін машинаны қабылдау және опробациялау;
майлау жүйелерін және қолданылатын жанар-жағармай материалдарын;
электротехника негіздері мен слесарлық істі;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәртібінбілуге тиіс.
Тіркеме салмағы 10-нан 25 тоннаға дейінгі гидровоздарды басқару кезінде - 4-разряд;
тіркеме салмағы 25 тонна және одан да жоғары электровоздарды басқару кезінде - 5-разряд.
64-1-параграф. Шахталық аспалы локомотив машинисі, 4-разряд
Ескерту. 64-1-параграфпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.11.2019 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
504-1. Жұмыс сипаттамасы:
жүк тиелген және бос құрамды тасымалдау, адамдарды жеткізу кезінде ілінісу салмағына қарамастан шахталық аспалы локомотивтерді басқару;
аспалы монорельсті жолдың профиліне және құрам салмағына байланысты шахталық аспалы локомотивтің қозғалыс жылдамдығын реттеу;
тиеу және айырбастау пункттерінде құрамдарды қалыптастыру және маневрлік жұмыстарды орындау;
жүктерді, жабдықтар мен материалдарды жеткізу және беру;
адамдарды жұмыс орнына және кері жеткізу;
құрамның көлік бірліктерін тіркеу және ажырату;
жүктерді тиеу;
жүк көтергіш механизмдерді басқару;
жүктерді тиеу және түсіру кезінде шағын механизациялау құралдарын қолдану;
жолдағы бағыттамаларды ауыстыру;
желдеткіш есіктерді, итергіштерді, шығырларды және тиеу және түсіру пункттерінің басқа да механизмдерін басқару;
шахталық аспалы локомотивтерді жабдықтау, жанар-жағар май құю, жұмыс сұйықтықтарын толтыру;
басқару механизмдерін, жүріс бөліктерін, гидро өткізгіштері бар секцияларды, тартқыш қондырғыларын, тежегіш арбаларды және кабиналарды тексеру және сынау;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою;
борттық журналдарды толтыру.
504-2. Білуге тиіс:
шахталық аспалы локомотивтердің құрылғысы мен техникалық сипаттамасын;
поездардың қозғалыс кестесін және құрамдардың жүкпен және адамдармен қозғалыс қағидаларын;
аспалы монорельсті жолдың профилін, оның жай-күйі мен қызмет көрсетілетін учаскедегі жол белгілерін;
әртүрлі жұмыс жағдайларында шахталық аспалы локомотивтердің тартымдық сипаттамасын;
аспалы монорельсті жолдардың, коммутация мен энергиямен қоректену схемасын;
тежегіш құрылғылардың жүйесін;
бағыттамалы бұрмалардың құрылысын, көлік бірліктерін тіркеу және ажырату қағидаларын;
ішкі жану қозғалтқыштарының және аккумуляторлық батареялардың құрылысын;
жанар-жағармай материалдарын құю және жұмыс сұйықтықтарын толтыру қағидаларын;
аккумулятор батареяларын зарядтау және күту қағидаларын;
жерасты гараждарының және аккумулятор батареяларын зарядтау жабдықтарын;
сигналдар мен сигнализация орталықтандыру және бұғаттау құралдарының мақсатын;
токты түрлендіру тәсілдерін;
диспетчерлік қызмет схемасын;
жерасты тау-кен қазбаларының орналасуы мен атауын;
қызмет көрсетілетін машиналарды қабылдау және сынау тәртібін;
майлау жүйесі мен қолданылатын майлау материалдарын;
электротехника негіздерін және слесарліқ істі;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәртібін.
65-параграф. Экскаватор машинисі, 4-разряд
505. Жұмыс сипаттамасы:
ашу, өндіру, қайта экскаваторлау, тазарту, үю және тиеу-түсіру жұмыстары өндірісі кезінде шөмішінің сыйымдылығы 0,40 текше метрге дейінгі бір шөмішті экскаваторды басқару;
тау-кен массасы мен топырақты өңдеу;
қоймалардағы отын мен түрлі материалдарды көлік құралдарына, үйінділерге тасып төгу;
тау-кен массасы мен топырақты карьер ернеуіне немесе үйіндіге ауыстыру;
забойды, еңістің үстіңгі және төменгі алаңдарын жоспарлау;
жұмыс процесінде экскаватордың орнын ауыстыру;
жүру механизмдерін реттеу;
тау-кен массасын автомобильмен тасымалдау кезінде аралық теміржол қоймаларындағы қойма бұрышын қажетті шамаға дейін еңістеу, соңғы контур бойынша еңістеу жұмысы өндірісі, дренажды арнаны әзірлеу;
шұңқыр жанындағы шойтасты тазалау;
забойдың техникалық дұрыс әзірленуін және экскаватордың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
топырақты қабаттап әзірлеу;
тау-кен массасын сұрып бойынша алуды қамтамасыз ету;
пайдалы қазба мен жыныстарды теміржол құрамдарына, думпкарларға, платформаға, автомашина мен бункерге тиеу;
тау-кен жынысын жұмысталған кеңістікте және үйіндіде үю;
забойды селективті әзірлеу өндірісі;
экскаватор трассасын бейіндеу;
көлік құралдары мен теміржолдарды кеннен тазарту;
жерге қосуды тексеру және күштік кабельді желіне қосу;
бу экскаваторының экипировкалау;
экскаваторға жанар және жағармай материалдарын, су құю;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және арқандардың беріктігін, қозғағыш бекітпелерін, тежегіш құрылғыларын қадағалау;
жүру механизмдерін опробациялау;
шөмішті жабысқан топырақтан тазарту;
экскаватор астына төсем щиттерін салу;
белгіленген құжаттаманы жүргізу;
профилактикалық қарау және экскаваторды жөндеуге қатысу;
арнақазғышты басқару;
экскаватордың ауысымдық аспалы жабдығына қызмет көрсету (тиеу құрылғысына, кабель жылжытқышқа және тағы басқа жабдықты);
экскаваторларды жөндеу кезінде ілмектеу және такелаж жұмыстарын орындау.
506. Мыналарды:
қызмет көрсететін экскаваторлардың құрылымын, техникалық сипаттамасын;
экскаватордың механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарының жұмыс принципін;
экскаватор жұмысының оңтайлы режимін және көсіп алу жолдарын;
ауыр және жеңіл топырақты әзірлеу кезінде экскаватор механизмдерін басқару жолдарын;
тау-кен массасы мен топырақты үстіңгі қабатта, забойдағы жерасты жағдайларында әзірлеу ережесін;
пайдалы қазбалардың сұрыптары бойынша ерекшеліктерін;
дала жағдайларында және көлденеңдік жерлерде жүру ережесін;
терең забойларда топырақты қуатты экскаватормен әзірлеу ерекшеліктерін;
ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу туралы негізгі мәліметтерді және учаскенің (разрездің) тау-геологиялық сипаттамасын;
көшкін құбылыстарының белгілерін;
әзірленетін жыныстың физикалық-механикалық қасиеттерін және пайдалы қазбаның жыныстан ерекшелігін;
төбешіктерді, забой линиясын әзірлеу мен жүргізу ережесін;
әзірлеу жүйесі мен жағдайларына қарай түрлі экскавациялау тәсілдерін қолдану әдістерін;
экскаваторды электр желісіне қосу ережесін;
қолданылатын өлшеу құралдары мен автоматты құрылғылардың жұмыс принципі мен нысанын;
ауысымдық аспалы жабдықпен жұмыс ерекшеліктерін;
тау-кен массасы мен топырақты теміржол составтарына, думпкарларға, автомашиналар мен конвейер линияларындағы бункер люктеріне тиеу ережесін;
тасымал, құбыр төсеу жұмыстары өндірісі ережесін;
белгіленген құжаттаманы жүргізу ережесін;
экскаватор жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін;
экскаваторды жөндеу, монтаждау және бөлшектеу түрлерін;
экскаваторды тез тозатын бөлшектері мен тораптарының құрылымын, оларды ауыстыру тәртібін;
электротехника, автоматика, электр және телебасқару негіздерін;
негізгі жұмысты орындайтын экскаватор машинисінен бір разряд төмен тарифтелетін электр слесарь (слесар) білімі көлеміндегі электро слесарлық істі;
пісіру, такелаж және ілмектеу жұмыстары технологиясынбілуге тиіс.
Шөмішінің сыйымдылығы 0,4-тен 2,5 текше метрге дейінгі бір шөмішті экскаваторды немесе шөмішінің сыйымдылығы 2,0 куба метрден кем ұзартылған жабдығы бар (тік күректі) экскаваторды, немесе теоретикалық өнімділігі сағатына 1000 текше метрге дейінгі көп шөмішті шынжырлы және роторлы экскаваторды басқару кезінде - 5-разряд;
шөмішінің сыйымдылығы 2,5-тен 4,6 текше метрге дейінгі бір шөмішті экскаваторды немесе шөмішінің сыйымдылығы 2,0-тен 4,0 текше метрге дейінгі ұзартылған жабдығы бар (тік күректі) экскаваторды, немесе теоретикалық өнімділігі сағатына 1000-нан 2500 текше метрге дейінгі көп шөмішті шынжырлы және роторлы экскаваторды, немесе кен массасын селективті алуға арналған арнаулы конструкциялы көп шөмішті экскаваторды, немесе теоретикалық өнімділігі сағатына 4000 тоннаға дейінгі барабанды - орталап тиеу машинасын немесе роторлы үлгідегі штабельдеуші - заборлы машинаны басқару кезінде - 6-разряд;
шөмішінің сыйымдылығы 4,6-тен 10,0 текше метрге дейінгі бір шөмішті экскаваторды немесе шөмішінің сыйымдылығы 4,0 текше метрден жоғары ұзартылған жабдығы бар (тік күректі) экскаваторды, немесе теоретикалық өнімділігі сағатына 2500-нан 4500 текше метрге дейінгі көп шөмішті шынжырлы және роторлы экскаваторды басқару кезінде - 7-разряд;
шөмішінің сыйымдылығы 10,0 текше метрден және одан да жоғары бір шөмішті экскаваторды немесе теоретикалық өнімділігі сағатына 4500 текше метрден және одан да жоғары көп шөмішті шынжырлы және роторлы экскаваторды басқару кезінде - 8-разряд.
507. Ескертпелер:
1) экскаватор шөмішінің сыйымдылығы стандартты шөміш сыйымдылығы бойынша алынды;
2) автомобиль және теміржолдарды, суландыру және кеме жүзу арналарын, бөгеттерді, қоршама топырақ дамбаларын, ғимараттар мен имараттар астының қазаншұңқырларын, электр беру желілері және контакті желісі тіреулерін, жерасты коммуникациялары траншеяларын, су ағызу кюветтерін, тау үстіндегі және банкеттің сыртындағы арналарды, кен қазбаларын жерасты тәсілімен проходкалау күрделі бойынша ұқсас ғимараттар құрылысы кезінде резерв оймалары мен үйінділерін, кавальерлер мен банкеттерді әзірлеу және жоспарлау жөніндегі жұмыстар БТБА, 3 шығарылым, "Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары" бөлімі бойынша тарифтеледі;
3) экскаватор машинисінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстардың барлық кешенін игерген экскаватор машинисінің көмекшілері өздері бірге жұмыс істейтін экскаватор машинисінен бір разрядқа төмен, және егер олар жұмыстың барлық кешенін игермеген болса, екі разрядқа төмен тарифтеледі;
4) адымдауыш немесе роторлы экскаваторды басқару кезінде экскаватор машинисіне техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
66-параграф. Желдеткіш қондырғысының моторшысы, 1-разряд
508. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен қазбаларын желдету кезінде өнімділігі минутына 5000 текше метрге дейінгі желдеткіш қондырғыларын басқару (оның ішінде бас желдету желдеткіштері жұмысын қашықтықтан қамтамасыз ету);
бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, реверстеуші құрылғылардың, электро қозғалтқыштардың, қосу аппаратурасының жай-күйін қадағалау;
желдету ағынын реверстеу;
желдеткіштерді қосу және тоқтату;
желдеткішті, реверстеуші құрылғыларды, қосу аппаратурасын, жұмыс істейтін және резервтегі қондырғылардың ременді және редукторлы өткізбелерін қарау;
подшипниктер мено редукторларды майлау;
қосу муфталарының ремендері мен саусақтарын қадағалау;
желдету жұмыстары есебінің журналын жүргізу;
калорифер қондырғысына қызмет көрсету.
құбырлардың, кен қазбасы оқпаны сағасы аражабынының тығыздығын тексеру.
509. Мыналарды:
желдеткіш қондырғысының электро қозғалтқышының, қосу аппаратурасының, бақылау-өлшеу құралдарының нысанын, жұмыс принципі мен құрылымын;
аварияларды болдырмау және жою жоспарына сәйкес желдеткіш қондырғысы жұмыс режимін;
желдеткіш қондырғысын майлау схемасын және қолданылатын майлау материалдарының қасиеттерін;
желдеткіш қондырғысын реверстеу схемасын және тәсілдерінбілуге тиіс.
Өнімділігі минутына 5000-нан 20000 текше метрге дейінгі желдеткіш қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;
өнімділігі минутына 20000 текше метрден жоғары желдеткіш қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.
67-параграф. Оқпаншы, 2-разряд
510. Жұмыс сипаттамасы:
адамдар мен жүктерді көтеру және түсіруге арналған көтеру машинасының машинисіне пайдалы қазба мен жыныстарды берудің тәуліктік жоспарлы оқпандарда:
1250 тоннаға дейін жүк көтеру кезінде;
750 тоннаға дейін - адам-жүк көтеру кезінде;
6000 тоннаға дейін скиптік көтеру кезінде жүктемеге қарамастан адамдарды түсіру-көтеру көтерімдеріне қызмет көрсету кезінде, салынып жатқан шахталардың, кеніштер мен метрополитендердің оқпандарына жүк көтеру кезінде шахтадан белгі қабылдау және белгі беру;
вагонеткалар мен платформаларды кілетке орнату және бекіту, оларды түсіру;
шахта оқпаны механизмдері мен құрылғыларының жұмысын қадағалау;
кулак құрылғыларын, итергіштерді, тербелетін алаңшаларды, стопорлар мен кілеттерді, скиптер мен қауғаларды толтыру жөніндегі басқада механизмдерді басқару;
еңісті шахталардың қабылдау алаңдарында тиеулі вагонеткаларды қабылдау және бостарын жөнелту;
оқпандарды, сақтандыру торшаларын, дозалаушы құрылғыларды үңгілеу кезінде лядтарды жабу және ашу, олардың жарамдылығын қадағалау, шахтаға берілген және түсірілген материалдардың есебін алу;
ұзын өлшемді материалдар мен ауыр жабдықты түсіруге, көтеруге және тиеуге қатысу;
көтеру мен түсірудің белгіленген тәртібі мен ережесін қамтамасыз ету;
шығу жетондарын қабылдау;
көтеру, тежегіш және сақтандыру құрылғыларының, дабыл құралдарының жарамды жай-күйін қадағалау;
скиптің қисық және дұрыс отырғызылуын қадағалау;
сигналдық құрылғыларды, кілеттерді, люктер мен затворларды ұсақ жөндеу;
сақтандыру құрылғыларын басқару;
шашылған кен массасын жинау, скиптерді тазалау;
суды сорып шығару, сорғыларға қызмет көрсету.
511. Мыналарды:
кілеттердің, скиптердің, қауғалардың, затворлардың, алаңшалардың, дозаторлардың, сақтандыру торшаларының, люктердің құрылымын;
итергіштер мен биіктік компенсаторларының, стопорлардың, кулак механизмдерінің, парашюттің жұмыс принципін;
адамдар мен жүктерді оқпан бойынша түсіру мен көтеру ережесін;
вагонеткалардың үлгілерін;
ұзын материалдарды, көлемді жабдықтарды, жару материалдары мен жару заттарын тиеу, түсіру, көтеру және түсіру тәсілдері мен жолдарын;
шығырларды, итергіштер мен төңкергіштерді пайдалану ережесін;
көтерілген жүктің санын есепке алу ережесін;
оқпан жұмысының кестесін;
пайдалы қазбаны бас жыныстан ерекшелейтін сыртқы белгілерді;
дозатор қондырғысының жұмысындағы ақауларды, кептемелерді жою тәсілдерін;
адамдар мен жүктерді түсіру мен көтеру кезіндегі жол берілетін шекті жүктеменібілуге тиіс.
Тек материалдарды, жабдықтар мен қосалқы бөлшектреді түсіру жөніндегі қосалқы оқпандарға қызмет көрсету кезінде - 1-разряд;
пайдалы қазба мен жыныстарды берудің тәуліктік жоспары бар оқпандарға қызмет көрсету кезінде:
1250 тонна және одан да артық жүк көтеру кезінде;
тіркеме салмағы 10 тоннаға дейін электровоздарда әкету жұмыстарын орындау кезінде;
750 тонна және одан да артық адам-жүк көтеру кезінде;
6000 тоннадан артық скиптік көтеру кезінде;
салынып жатқан шахталардың, кеніштер мен метрополитендердің оқпандарына адам-жүк көтеруге қызмет көрсету кезінде;
шахтадан пайдалы қазбаны бас оқпанда беру жөніндегі автоматтандырылған кешенге қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.
512. Ескертпе.
Судың ағыны секундына 5 текше метрден жоғары шахта оқпандарында оқпаншының разряды оқпан жүктемесіне қарай көзделген разрядтан бір разрядқа жоғары белгіленуі мүмкін.
68-параграф. Пайдалы қазбаны геофизикалық опробациялау операторы, 4-разряд
513. Жұмыс сипаттамасы:
кенді жерасты тау-кен қазбалары мен карьерлері қабырғасында және забойларында, ұңғымалар мен шпурларда, көлік сыйымдылықтарында, үймелерде, транспортер ленталарында және тағы басқа опробациялау және оларда металдың болуын анықтау процесін ядролық-геофизикалық аппаратураны қолдана отырып, рентгенорадиометриялық, нейтронды және гамма- әдістерімен пайдалы қазбаны геофизикалық опробациялау жөніндегі анағұрлым білікті оператордың басшылығымен жүргізу;
ұнтақ және ірі жарма сынамаларда өлшеу;
қызмет көрсететін аппаратураны жұмысқа дайындау: аспаптарды схемаға қосу, анализатордың немесе спектрометр көмегімен қайталама спектрді өлшеу, спектрлерді графикалық құру, таңдаулы жұмыс режимдерін белгілеу, жұмыс тұрақтылығын тексеру;
жасанды қоспалар мен кен модельдерін дайындау;
қызмет көрсететін аппаратураны құру үшін эталонды полигон дайындау;
өлшеу нүктесіне датчикті орнату;
штангілер мен шығырлардың көмегімен забой оқпанына ұңғыма снарядтарын беру және оларды алу;
техникалық құжаттаманы жүргізу;
күрделі емес есептерді орындау;
қызмет көрсететін жабдықтың механикалық бөлігін профилактикалық қарау және оның жұмысындағы ақауларды жою.
514. Мыналарды:
кенді ядролық-геофизикалық аппаратураны қолдана отырып түрлі әдістермен опробациялау тәртібін және ережесін;
радиоактивті сәулелер спектрлері мен спектрометриялық әдістер туралы негізгі мәліметтерді;
спектрлер құрылымы ережесін;
ядролық-геофизикалық әдістердің физикалық негіздерін;
қолданылатын ядролық-геофизикалық аппаратураның жұмыс принципі мен пайдалану ережесін;
қолданылатын сәуле көздері үлгілерін және олармен жұмыс ережесін;
тау-кен жұмыстарын жүргізу негіздерін;
тау-кен қазбаларының нысаны мен орналасуын;
тау-кен жыныстары сыныптамасын;
жасанды қоспалар мен кен модельдерін дайындау ережесін;
электротехника негіздерін білуге тиіс.
69-параграф. Пайдалы қазбаны геофизикалық опробациялау жөніндегі оператор, 5-разряд
515. Жұмыс сипаттамасы:
кенді жерасты кен қазбалары мен карьерлері қабырғасында және забойларында, ұңғымалар мен шпурларда, көлік сыйымдылықтарында, үймелерде, транспортер ленталарында және тағы басқасынамалау және оларда металдың болуын анықтау процесін ядролық-геофизикалық аппаратураны қолдана отырып, рентгенорадиометриялық, нейтронды және гамма- әдістерімен жүргізу;
радиоизотоп көзі мен есептеуішті датчиктің зондовое құрылғысына орнату;
селективтік және дифференциалдық сүзгілерді дайындау;
эталонды полигондарда, жасанды қоспалар мен кен үлгілерінде аппаратураны құру элементтерді спектрлер бойынша сәйкестендіру;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс режимін таңдау;
сынамалар мен табиғи шөгінділердегі элементтер қоспасын анықтау кезіндегі түзетулерді есептеу;
берілген алгоритмдер бойынша өлшеу режимін белгілеу;
пайдалы қазбаларды қайта өндіру үшін бағалауға арналған бақылау өлшемдері;
өлшеу нәтижелерін есептеу техникасы көмегімен өңдеу.
қызмет көрсететін жабдықты ағымдық жөндеу;
516. Мыналарды:
кенді түрлі әдістермен опробациялау тәртібін және ережесін;
ядролық физика, радиоэлектроника, жоғары математика негіздерін;
түрлі детектор үлгілерімен спектрометрия сәулелерінің физикалық негіздерін;
қолданылатын есептеу техникасының жұмыс принципін;
ядролық сәуле спектрлерін интерпретациялау тәсілдерін;
селективтік және дифференциалдық сүзгілерді дайындаудың, аппаратураны құрудың ережесі мен тәртібін;
ядролық-геофизикалық аппаратура құрылымын білуге тиіс.
70-параграф. Газ өлшеуші, 1-разряд
517. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен қазбаларындағы кен газдарын бензинді шаммен, газ талдауышпен немесе индикаторлармен өлшеу;
тау-кен қазбаларында кен газдарын болуын өлшеу;
ауаның тозаңдану дәрежесін тексеру;
өлшеу нәтижелерін ауысым сайынғы рапортқа, журналға және ақпараттық тақтаға жазу;
шаң-газ режимінің бұзылуының алдын алу және жою шараларын қабылдау;
газдалған қазбаларда болуға тыйым салатын белгілерді орнату.
жұмысшыларды газдалған қазбалардан алып шығу;
желдеткіш құрылғыларының жай-күйін және жарамдылығын қадағалау;
бензинді шамдардың, газ талдауыш пен индикаторлардың жарамдылығын тексеру;
ауаны сынау орнын таңдау;
ауа мен шаң сынамасын талдауға алу және оларды зертханаға тапсыру;
ауаның жылжу жылдамдығын, температурасын, ылғалдылығын және депрессиясын өлшеу;
қызмет көрсететін учаскедегі, забойдағы электр аппаратурасын, электр жабдықтарын, кабельдер мен қорғану құралдарын сырттай қарау;
газбен уланған кезде алғашқы көмек көрсету.
518. Мыналарды:
тау-кен қазбаларының атаулары мен орналасуын, оларды желдету схемасын;
желдеткіш құрылғыларының орналасуы мен нысанын;
кен ауасының құрамын және онда түрлі газдар мен шаңның болуының шекті процентін;
газ ұстаушы және бұрып әкетуші жүйелердің сызбасын;
метанның, көмірқышқылының, көміртегі қышқылының және басқа да газдардың қасиеттерін;
бензинді шамдардың, газ талдауыш пен индикаторлардың, аспираторлардың құрылымын;
шахта авариясының алдын алу және жою жоспарын;
қазбаларда газ анықталған кездегі сақтану шараларын;
зертханалық талдауға ауа мен шаң сынамасын алудың ережесі мен әдістерін білуге тиіс.
III санаттағы, санаттан тыс, тозаң, суфлярлық бөлінулер мен көмірдің, газдың кенеттен атқылау, газ жарылысы қаупі бар шахталарда (кеніштерде) жұмыс істеу кезінде - 2-разряд.
71-параграф. Үңгілеуші, 5-разряд
519. Жұмыс сипаттамасы:
6-разрядты үңгілеушінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстардан басқа, жазық, еңісті және тік кен қазбаларында үңгілеу жөніндегі жұмыстар кешенін орындау;
шпурлар мен оқпандарды дизельдіден басқа, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен, массасы 35 килограмға дейінгі (пневмоұстауышпен қоса) перфораторлармен, электр бұрғылармен және пневмобұрғылармен бұрғылау;
өнімділігі сағатына 60 текше метрге дейінгі аспалы бұрғылау аспапты тиеу машиналарын қолдана отырып, кен массасын тиеу және шпурларды бұрғылау жөніндегі жұмыстарды орындау;
көмір және сланец шахталарында - перфораторлар мен өздігінен жүретін бұрғы қондырғыларының барлық үлгілерімен шпурларды бұрғылау;
тау-кен қазбаларын: ұнтақтау балғаларын, пневмоломдарды қолдана отырып;
жару және гидравликалық тәсілмен;
қолмен ұнтақтау;
жару жынысын әзірлеу;
тау-кен массасын кен немесе вагонеткаларға скреперлеу;
тау-кен массасын 6-разрядты үңгілеушінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген тиеу машиналарынан басқа, тиеу, тиеу-жеткізу машиналарымен және қолмен забой аймағында көлік құралдарына тиеу немесе жынысты жұмысталған кеңістікке лақтыру;
электр және пневматикалық жетекті және дизельді қозғағышты тиеу, тиеу-жеткізу машиналарын, қайта тиегіштерді, гидромониторлардың, скрепер шығырларын, су және арнаулы ерітінділер қабатына сіңіру қондырғыларын, механикаландырылмаған шитті үңгілеу кешендері мен жұмыста қолданылатын басқа да машиналар мен механизмдерді басқару және оларға қызмет көрсету;
проходкалау комбайндарын басқаруға қатысу;
жазық және еңісті кен қазбаларында;
6-разрядты үңгілеушінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген бекітпелерден басқа, барлық бекітпе түрлерін орнату;
қиысу алаңының аумағы 20 шаршы метрге дейінгі қисық сызықты кен қазбаларында тюбингті, блокты және бетонды құрастырмалы бекітпені тұрғызу;
қораманы орнату және бөлшектеу, арматураны орнату;
жару жұмыстарынан кейін кен массасын суландыру;
уақытша бекітпені бөлектеу және жөндеу;
тұрақты және уақытша рельс жолдарын салу және алу;
конвейерлерді, рештактарды, разминовкаларды, құбыр ставтарын құрастыру, бөлшектеу, орнын ауыстыру, ұзарту және қысқарту;
тік тау-кен қазбалары мен оқпандарын үңгілеу кезінде расстрелдердегі оқпандар мен полкалардағы жүру бөлімшелерін құру;
сөрелердің, люлькалардың, тартпа рамаларының орнын ауыстыру және бекіту;
тоннельдерге түрлі диаметрдегі құбырларды төсеу, оларды оқпандарға бетондап, жіктерін жаба отырып асу;
кессондарда темірбетон шлюз камераларын орнату;
үңгілеу кешендерін монтаждау және құрастыру;
забой жабдығына қызмет көрсету, монтаждау және құрастыруға, жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу;
материалдар мен жабдықты тиеу, түсіру және жеткізу, забой аймағындағы тиеулі және бос вагонеткаларды электровоздың, шығырдың көмегімен немесе қолмен әкету және әкелу;
жүргізілетін қазба бекітпесін жөндеу, қазбаны шашылған кен жынысынан тазарту;
тау-кен қазбасын құлама бойынша үңгілеу;
шурфтарды үңгілеу және бекіту;
забой жанындағы тау-кен қазбаларын сланецтеу;
забой аймағындағы тау-кен жыныстарын полимер материалдарымен бекіту.
520. Мыналарды:
тау-кен жыныстарының қасиеттерін және олардың беріктігі бойынша сыныптамасын;
тау-кен қазбасын механикаландырылған құралмен және қолмен әзірлеу ережесін және тәсілдерін;
жазық, еңісті және тік тау-кен қазбаларында үңгілеу жүргізу тәсілдерін;
тау-кен қазбаларының қиысу нысандарын;
уақытша және тұрақты бекітпе түрлерін, оларды орнату тәсілдерін;
полимер материалдарының түрлері мен қасиеттерін, олармен жұмыс ережесін, қолдану тәсілдерін;
арнаулы ерітінділердің қасиеттерін, оларды жасау тәсілдерін;
тау-кен қазбаларында үңгілеу кезінде қолданылатын жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің құрылымын, оларды пайдалану ережесін;
арматураны құрастыру және орнату ережесі мен жолдарын;
әкету жолдарының құрылымын, стрелка бұрмаларын бөлу мен төсеу, жол профилін тексеру тәсілдерін;
аспалы жабдық мөлшерін;
құбырды төсеу және бекіту тәсілдерін;
бұрғыларды, қаптамаларды қайрау және оларға май құю сапасына қойылатын талаптарды, олардың нысандары мен мөлшерлерін;
жару жұмыстарын жүргізу ережесін;
материалдар мен жабдықтарды забой аймағында тиеу, түсіру және жеткізу ережесі мен тәсілдерін;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін;
электротехника мен металлдар технологиясы негіздерін 3-разрядтағы электро слесарь білімінің көлемінде білуге тиіс.
521. Ескертпе:
үңгілеушінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген үңгілеу жұмыстарының барлық кешенін игерілмеген болса, үңгілеушілерді тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.
72-параграф. Үңгілеуші, 6-разряд
522. Жұмыс сипаттамасы:
тік оқпандарды үңгілеу, тереңдету, реконструкциялау, қайта жарақтандыру жөніндегі негізгі жұмыстарды орындау:
механикаландырылған кешендерді, оқпан үңгілеу машиналарын, агрегаттары мен комбайндарын, тиеу машиналары мен агрегаттарын басқару;
шпурлар мен оқпандарды бұрғылау, тұрақты бекітпені тұрғызу;
негізгі айналманы оның жағдайын маркшейдерлік деңгей бойынша тексере отырып арматуралау, төсеу және тарату;
сақтандыру сөрелері мен тартпа рамаларын монтаждау және бөлшектеу, шпурлар мен ұңғымаларды зарядтау және жару процесін басқару;
өтпелі кен қазбаларында веер үлгілі және көп бұрышты бекітпені, камераларда және оқпан айналасы албарында, қиысу алаңының аумағы 20 шаршы метрден аса;
дейінгі қисық сызықты кен қазбаларында тюбингті, блокты және бетонды құрастырмалы бекітпені тұрғызу;
шпурлар мен оқпандарды дизельдіден басқа, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен, массасы 35 килограмға дейінгі (пневмоұстауышпен қоса) перфораторлармен, электр бұрғылармен және пневмобұрғылармен бұрғылау;
өнімділігі сағатына 60 текше метрге дейінгі аспалы бұрғылау аспапты тиеу машиналарын қолдана отырып кен массасын тиеу және шпурларды бұрғылау жөніндегі жұмыстарды орындау, кен массасын дизельді қозғағышының қуаты 147,2 киловаттан (ат күші 200-ден) жоғары тиеу-жеткізу машиналарымен тиеу және тасымалдау, өтпелі кен қазбаларында механикаландырылған үңгілеу кешендерін басқару;
көшкінді, карстарда, шашыраңқы құмда үңгілеу жұмысын арнаулы бекітпені қолдана отырып орындау;
тоннель қаптамасының бірінші тесу сақинасын орнату;
метрополитенде: тұрақты жол құрылысы кезінде кен қазбаларын қозғалысты үзбей реконструкциялау;
стрелка бұрмаларын және қиыспа тоғысуларды оларды пайдалануға беру үшін қажетті реттеулермен төсеу;
жолдың қисық учаскелерінде қысқартылған рельстерді есептеу және іріктеу.
523. Мыналарды:
тік оқпандарды жүргізу кезінде қолданылатын проходкалау агрегаттарының, кешендерінің, оқпан проходкалау машиналарының, комбайндарының, агрегаттардың барлық үлгілерінің конструктивтік ерекшеліктерін;
тік оқпандарды бұрғылау, бекіту және арматуралау кезінде қолданылатын айлабұйымдардың құрылымын, оларды пайдалану ережесін;
оқпан жанамасын тік қазбалармен айыру тәсілдерін;
өңдеулердің барлық түрлерін монтаждау тәсілдерін;
тік оқпандарды үңгілеу кезінде полимерлі экранды тұрғызу тәсілдерін білуге тиіс.
73-параграф. Тау баурайларын үңгілеуші, 3-разряд
524. Жұмыс сипаттамасы:
тегіс тау баурайлары мен орташа тіктіктегі (I және II санатты) тау баурайларын үңгілеу және шабақтау жөніндегі жұмыстарды орындау, тік баурайлардағы (III санатты) қосалқы жұмыстарды орындау;
тау баурайларының жай-күйін қарау, баурайларды ілініп қалған кен жыныстары кесегінен қол және механикаландырылған құралдың көмегімен шабақтау;
кен массасын жинау, жұмыс өндірісі орнын тазарту;
I және II санатты тау баурайларында ауамен, сумен, электрмен жабдықтау желілерін салу;
құрылғыларды біліктілігі анағұрлым жоғары тау баурайларын үңгілеушінің басшылығымен монтаждау;
құрылғылар мен жүктерді ілмектеу және такелаж құрылғыларының көмегімен және қолмен олардың орнын ауыстыру;
болт қосындыларын бекіту;
бетон қоспалары мен ерітінділерді әзірлеу;
құрылғыларды монолиттеу;
шығырларға қызмет көрсету, такелаж құрылғыларының бөлшектеу және түсіру;
қоршауға және топтық сақтандыруға қатысу.
525. Мыналарды:
тау-кен қазбаларының негізгі қасиеттерін;
тегіс және орташа тіктіктегі тау баурайларын үңгілеу, шабақтау және бекіту тәсілдерін;
қолданылатын электро және пневматикалық құралдың, құрылғыларының мен альпинистік жабдықтардың түрлерін нысаны мен құрылымын;
қолданылатын материалдардың сұрпы мен сипаттамаларын;
құрылғыларды, бұйымдарды, құрал мен монтаж құрылғыларыныңтасымалдау, қоймалау, ілмектеу ережесін;
құрылғыларды бекіту тәсілдерін;
тік баурайларды (III санатты);
жұмыс өндірісі ережесін;
жеке және топтық сақтандыру тәсілдерін;
альпинизм техникасын альпинисті даярлаудың I кезең деңгейінде білуге тиіс.
74-параграф. Тау баурайларын үңгілеуші, 4-разряд
526. Жұмыс сипаттамасы:
тік баурайлардағы (III санатты) үңгілеу және шабақтау жөніндегі, жұмыстарды орындау, (I -III санаттар) құрылғыларды монтаждау жөніндегі жұмыстарды орындау;
орнықсыз жартас баурайларын қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, оларды әзірлеу және құлату;
тегіс және тіктігі орташа тау баурайларында массасы 5 тоннаға дейінгі болат, бетон және темірбетон құрылғыларын монтаждау және электрмен пісіру, тік баурайлардағы (III санатты) құрылғыларды монтаждауға қатысу;
III санатты баурайларда ауамен, сумен, электрмен жабдықтау желілерін салу;
тас ұстаушыларды монтаждау кезінде арматура, сетка және тросс тарту;
жару жұмыстарымен байланысты емес оқпандарды бұрғылау;
такелаж және көтеру құрылғылары мен механизмдерін орнату және бекіту;
коммуникациялардың орналасу сызбасын мен баурай рельефінің эскиздік түсірімін жасау.
527. Мыналарды:
құрылғыларын монтаждау және электрмен пісіру, тік баурайлардағы оқпандарды бұрғылау жұмыстары өндірісі технологиясын; такелаж және көтеру құрылғыларының I - III санатты баурайларда қабылдау, орнату және бекіту тәсілдерін;
пневматикалық бұрғылау қондырғысының құрылымын және онымен жұмыс ережесін; қауіпсіз жұмыс өндірісі, барлық санаттағы баурайларда сақтану және өзін өзі сақтандыру ережесін;
тау баурайында жұмысты ұйымдастыру жолдарын;
электрмен газбен пісіру жұмыстарын жүргізу ережесін, орындалатын жұмыс шегінде;
альпинизм техникасын альпинистіңIII спорттық разряды деңгейінде білуге тиіс.
75-параграф. Тау баурайларын үңгілеуші, 5-разряд
528. Жұмыс сипаттамасы:
ерекше тік баурайлардағы (IV санатты) үңгілеу шабақтау және бекіту жөніндегі жұмыстарды және тік және ерекше тік баурайлардағы (III – IV санаттар) бұрғылау жұмыстарын орындау;
шпурлар мен оқпандарды белгілеу және бұрғылау;
жартас негіздемелерінің сынбаларын анкерлермен және тростармен бекіту;
ерекше тік және тік баурайлардағы қауіпті учаскелерін қауіпсіз жағдайға келтіру тәсілдерін таңдау;
ірі габаритті құрылғылар мен III – IV санаттары баурайлардағы массасы 5 тоннадан артық құрылғыларды монтаждау және электрмен пісіру;
такелаж жабдығы мен айлабұйымдарды ерекше тік тау баурайларында құрастыру, орнату және алу;
күрделі жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізу.
529. Мыналарды:
тау баурайларын үңгілеу жөніндегі жұмыстарды орындау процесінде күрделі монтаж жұмыстарын атқарудың тәсілі мен ережесін;
ерекше тік баурайларда ауамен, сумен, электрмен жабдықтау желілерін салу тәсілдерін;
барлық санаттағы тау баурайларында шпурлар мен оқпандарды белгілеу және бұрғылау ережесін;
жартас негіздемелерінің сынбаларын бекіту тәсілдерін;
электрмен, газбен пісіру, жару және слесарь жұмыстарын жүргізу тәсілдері мен ережесін, орындалатын жұмыс шегінде;
тауда құтқару жұмыстарын жүргізудің негізгі тәсілдерін;
биіктіктегі жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын;
альпинизм техникасын альпинистің II спорттық разряды деңгейінде білуге тиіс.
76-параграф. Тау баурайларын үңгілеуші, 6-разряд
530. Жұмыс сипаттамасы:
кері еңісті тау баурайларда үңгілеу, шабақтау жөніндегі жұмыстарды орындау;
тау баурайының ерекше күрделі және ерекше қауіпті жерлерін әзірлеу және сынамалау, қауіптілік дәрежесін анықтау және III - IV санатты алдағы жұмыс учаскелерін қауіпсіз жағдайға келтіру.
531. Мыналарды:
тау-кен жыныстарының геологиялық сипаттамасын, олардың физикалық-механикалық қасиеттерін;
элементарлық топография мен геология негіздерін;
барлық санаттағы тау баурайларында жару жұмыстарын жүргізу ережесін;
кері еңісті баурайларда монтаж және такелаж жұмыстарын жүргізу ережесін;
альпинизм техникасын альпинисті даярлаудың деңгейіндебілуге тиіс.
532. Ескертпелер:
1) тау баурайларының Iсанаты - өсімдік және сынықтарының мөлшері 30 сантиметргедейінгі тас ұсақтарымен жабылған және жазықтыққа қарай еңіс бұрышы 30 градусқа дейінгі, жүруге және жүктерді қосымша бекітпелер мен тіреусіз тасымалдауға мүмкіндік беретін тегі тау баурайлары;
2) тау баурайларының II санаты – кертпеш, сүйір ұштары, жарықтары көп, өсімдікпен, сондай-ақ сынықтарының мөлшері 1 метрге дейінгі тастармен жабылған, жазықтыққа қарай еңіс бұрышы 45 градусқа дейінгі, тіктігі 30 градусқа дейін жететін, қол тіреуімен жүріп тұруға болатын, ал жүк тасымалдау үшін жұмысшы жанына арнаулы бекітпе керек болатын жалаң жартастар;
3) тау баурайларының iii санаты – сүйір ұштары мен жарықтары онша көп емес, тақталары мен қабырғалары, түрлі іріліктегі сынықтары бар тас шашырандысы бар, тіктігі 45 градустен 60 градусқа дейінгі, жүріп тұру басқа жұмсышының сақтандыруымен немесе өз сақтануымен ғана мүмкін болатын жалаң жартастар;
4) тау баурайларының IV санаты – жазықтыққа қарай еңіс бұрышы 60 градустан жоғары және кері тіктіктегі ерекше тік тау баурайлар
77-параграф. Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 3-разряд
533. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым машиналардың, тораптар мен механизмдердің, таратып бөлу құрылғыларының механикалық бөлігін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерге қоршаулар мен қаптаулар жасау және оларды жөндеу кезіндегі электр-газбен пісіру жұмыстары;
қызмет көрсететін жабдықты бояу, жазба түсіру, майлау;
май сынамасын іріктеу және оны ауыстыру;
пневматикалық құралды бөлшектеу, құрастыру, жуу, сынамалау, майлау, қабылдау, тапсыру және профилактикалық жөндеу;
такелаж және ілмектеу жұмыстарын орындау;
қарапайым бөлшектерді 12-13-квалитеттер бойынша слесарьлық өңдеу және дайындау.
534. Мыналарды:
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің нысанын, техникалық сипаттамасын, оларға техникалық қызмет көрсету нормалары мен көлемін;
слесарлық және монтаж ісі негіздерін;
машиналардың күрделі емес кинематикалық схемаларын;
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерді пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды;
металлдар мен бөлшектерді өңдеудің тәсілдері мен жолдарын;
күрделі емес металл конструкциялар мен механизмдерді монтаждау тәртібін;
қолданылатын бақылау-өлшеу жабдықтары мен аспаптарының нысанын, пайдалану ережесін;
такелаж және ілмектеу жұмыстарын орындау ережесін;
кен қазбаларының атауларын және орналасуын, олар бойынша қозғалыс ережесін;
цехтағы жарықтық, дыбыстық және ароматикалық сигнализация жүйелері мен ережесін;
дыбыстық және көрінетін сигналдарды қабылдау мен беру ережесін;
биркалы жүйе ережесін білуге тиіс.
535. Жұмыс үлгілері:
1) булы су арматурасы - сальниктерді салу;
втулкаларды, тығыздауыш сақиналарды ауыстыру;
фланецтер мен жіктердегі қосу болттарын тарту;
2) шахталық және адамдарды тау-кен қазбалары бойынша жеткізуге арналған вагонеткалар - скаттарды, подшипниктерді, тістемелерді, буферлерді ауыстыру;
кузовтарды түзеу;
3) барлық диаметрдегі вентильдер - клапандарын жұқалап тегістеу;
4) вентиляторлар - жөндеу және орнату;
5) вкладыштар - орнына келтіру және параллелдер бойынша кесу;
6) електер - сүзгілерді ауыстыру;
7) ұнтақтауыштар, вагон төңкерушілер (жерасты жағдайында) - ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
8) конвейерлер - роликтерді, роликтерді, редукторларды, жетекті және тартпа станция барабандарын, ауытқушы барабанды ауыстыру;
ленталар мен шынжырлардың тартылуын реттеу;
9) қырғышты конвейерлер - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу;
10) тиеу машиналары - шкивтерін, пальцілерін ауыстыру;
арқанды бекіту;
11) тиеу-жеткізу машиналары - жетекші мостыларын бөлшектеу;
бас өткізгіш пен редуктор блогының саңылауларын реттеу;
гидравлика, бейтараптандыру және отын багін жуу;
12) диірмендер - ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
13) насостар - втулкаларды, муфтаның қосу пальцілерін ауыстыру;
сальниктерді тығыздау;
муфта қоршауын орнату және бекіту;
құбырларды қосу;
техникалық қызмет көрсету;
14) төңкергіштер, қоректендіргіштер, итергіштер, станциондық су әкету қондырғылары, уаты балғалары, перфораторлар, гидромониторлар - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
15) сынама алушылар - шынжыр мен шөмішті ауыстыру;
16) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар (пневмокамералық насостар) - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
17) әуе-канат жолдары станциялары - техникалық қызмет көрсету, күштік арқанды бағыттау үшін роликтер мен шкивтерді орнату;
18) диаметрі 6 дюймге дейінгі құбырлар - төсеу, тіреулерді әзірлеу және орнату, жекелеген секциялар мен запорной арматурасын ауыстыру;
19) төсеу жұмыстары өндірісіне арналған құбырлар - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу;
20) шламды тасымалдауға арналған құбырлар - монтаждау, бөлшектеу, жөндеу;
21) қатты пайдалы қазба геологиялық-барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған бірінші сыныпты бұрғы қондырғылары - жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
Жұмыстарды жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі біліктілігі анағұрлым жоғары слесарьдің басшылығымен орындау кезінде - 2-разряд.
78-параграф. Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 4-разряд
536. Жұмыс сипаттамасы:
машиналардың, тораптар мен механизмдердің, механикалық бөлігін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
күштік арқанды, аспалы жолдар арқандарының қосу муфтыларын ауыстыру;
автоматтандырылған шамханалардың жабдығын қарау және жөндеу;
құбырлардың, транспортерлер жұмысының, металл конструкцияларының, тростар мен блоктардың жай-күйін қадағалау, олардың тозу дәрежесін анықтау және жекелеген элементтерді ауыстыра отырып жөндеу;
қарапайым бөлшектерді 8-11-квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу және дайындау;
топырақты қатыру кезінде тұздықты желіге және қатырушы колонкаларға қызмет көрсету.
537. Мыналарды:
қызмет көрсететін механикалық жабдықты монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, опробациялау және баптау ережесі мен тәсілдерін;
желдеткіш схемасы мен шығатын ауа ағынының бағытын;
металл конструкциялар, арқандардың, аспалардың жекелеген тораптары мен элементтерінің нысанын;
тораптарды майлау жүйесін;
бөлшек бетін өңдеудің негізгі параметрлерін;
такелаж жұмыстары мен тау-кен машиналары мен механизмдерін шахтаға түсіру тәсілдерін;
жерасты қазбаларында, шахта үстіндегі ғимараттарда металды өңдеу мен электр-газбен пісіру жұмыстары өндірісі технологиясын;
шахта үстіндегі ғимараттарда электр-газбен пісіру жұмыстары өндірісі жөніндегі нұсқаулықты білуге тиіс.
538. Жұмыс үлгілері:
1) кептіру барабандары, кептіргіш құбырлар - кептіру трактінің герметикалығын тексеру және ақауларды жою;
араластырғыштар мен қоректендіргіштерді жөндеу;
2) инерциялық және өздігінен теңгермеленетін електер - вибраторларды, пружиналарды, қорап корпусын ауыстыру, реттеу;
3) төмен литражды және бу драгалары - жөндеу;
4) конусты, валкалы, жақты жармалаушылар - құрамдағы сегменттері мен валкілерін, жармалаушы конусты, эксцентрикті, жетекті валды қраммен ауыстыру;
жармалаушы жақтарды ауыстыру және жармалау ірілігін реттеу;
5) лентасының ені 1400 миллиметрге дейінгі ленталы конвейерлер - ленталарды ұштарын өңдеп, вулканизациялай отырып ауыстыру және жөндеу;
6) компрессорлар - поршеньді сақиналарды, металл сальниктерді, шатун болттарын, клапандарды ауыстыру;
7) оттегі, пневматикалық компрессорлар - ағымдағы және орташа жөндеу;
8) еденнен басқарылатын көпірлі крандар, кран - балкалар, электро тельферлер, тальдер, автомобильді крандар, тіркеме салмағы 25 тоннаға дейінгі шахта электровоздары - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, опробациялау және күрделілігі орташа тораптарын реттеу;
техникалық қызмет көрсету;
қозғалтқышты, өздігінен жүретін кареткаларды жөндеу;
9) өздігінен жүретін тау-кен машиналары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары, өздігінен жүретін вагондар, көтеру машиналары (шығырлар) - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, опробациялау және күрделілігі орташа тораптарын реттеу;
техникалық қызмет көрсету;
қозғалтқышты, өздігінен жүретін кареткаларды жөндеу;
10) шарлы, өзі ұнтақтайтын, балғалы диірмендер - негізгі валды ауыстыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, редукторды және тісті өткізгіштерді түгендеу;
11) пневмосорғылар, түтін сорғышлар, эксгаустерлер - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
12) тиеу-жеткізу машиналары, жерасты дизельді автосамосвалдар - бөлшектеу, құрастыру және гидравлика жүйесін, цилиндрлерді, басқару рулін орнату;
бас раманы, стреланы, шөмішті, жүргізуші кабинасын, металл қаптауларды, жетекші валдарды жөндеу;
13) брикетті пресстер - қалып құралының жиынтықтарын ауыстыру;
14) айналма пештердің, шар диірмендерінің, конвейерлердің, пластикалы транспортерлердің, қоректендіргіштердің редукторлары - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
15) диаметрі 6 дюймнен жоғары құбырлар - төсеу;
тіреулерді жасау және орнату;
құбырлар мен жаппа арматурасының жекелеген секцияларын ауыстыру;
16) қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылайтын екінші - бесінші сыныпты бұрғылау қондырғылары, гидрогеологиялық және геофизикалық ұңғымаларды бұрғылау қондырғылары - жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
17) желдеткіш қондырғылары - жөндеу және қызмет көрсету;
бағыттаушы күректері ауыстыру;
18) дегазациялық және аспирациондық қондырғылар - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
19) экскаваторлар, үйінді жасағыштар, тасымалдау-үйінді көпірлері - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
техникалық қызмет көрсету;
гидравликалық жүйені жөндеу: гидравликалық домкраттарды, гидроцилиндрлерді, май құбырларын, жаппалы арматура мен аспаптарды ауыстыру және жөндеу;
20) сусыздандыратын центрифугалар - конусты щитті, қырғыларды, шнекті, сорғыны ауыстыру;
21) сусыздандыратын элеваторлар - шөміш шынжырын ауыстыру.
79-параграф. Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 5-разряд
539. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі машиналардың, тораптар мен механизмдердің, аппаратуралардың механикалық бөлігін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеу, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
көтеру ыдыстарының бас және соңғы арқандарын ауыстыру;
көтеру ыдыстары мен тіркеме құрылғыларын тексеру;
арқан құрылғыларының, скип көтермелері тиеу және түсіру құрылғыларының ұзындығын тексеру және реттеу.
540. Мыналарды:
қызмет көрсететін күрделі механикалық жабдықты монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, опробациялау және баптау ережесі мен тәсілдерін;
өздігінен жүретін тау-кен жабдығының конструктивтік ерекшеліктерін;
қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық схемасын;
күрделі бөлшектер мен тораптарды қалпына келтіру тәсілдерін;
жұмыс істейтін бөлшектерге, тораптарға, механизмдерге түсетін шекті жүктемелерді;
ақаулар мен авариялардың алдын алу шараларын; күрделі жабдықты, агрегаттар мен тораптарды жөндеудің, сынаудың және тапсырудың техникалық шарттарын;
қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар мен тіркеме құрылғыларын пайдалану және куәландыру ережесін;
шахта жабдығын жиынтықтау және прокат базасына тапсыру ережесін, жөнделген жабдыққа құжаттама жасауды;
чертеждерді, эскиздерді, кинематикалық схемаларды жасау ережесін;
орындалатын жұмысқа қажетті көлемде слесарлық істі білуге тиіс.
541. Жұмыс үлгілері:
1) аппараттар, жоғары қысымды газ құбырлары - тексеру, жөндеу, сынау;
2) оттегілі және аргонды аппаратура - тексеру, жөндеу, сынау;
3) жоғары салмақты технологиялық (карьерлік) автосамосвалдар - жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
4) машиналар мен механизмдердің гидротаратып бөлгіштер, клапанды блоктары, орталықтандырылған майлау жүйелері - жөндеу және баптау;
5) конусты жармалағыштар - втулкаларды қайта престей отырып базалық тораптарды жөндеу, эксцентриктердің, аспа тораптарының, коникалық өткізгіштердің іргелес жүзбелі сақиналарын реттеу;
6) лентасының ені 1400 миллиметрден жоғары ленталы конвейерлер - ленталарды ұштарын өңдеп, вулканизациялай отырып ауыстыру және жөндеу;
храпты тоқтатқыш пен тежегіштерді реттей отырып, оларды жөндеу;
7) өздігінен жүретін тау-кен машиналары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары, өздігінен жүретін вагондар, көтеру машиналары (шығырлар) - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, опробациялау және күрделі агрегаттары мен тораптарын реттеу;
пневмогидрожүйені жөндеу және баптау;
8) жүк көтеру машиналары - кранасты жолдарды жөндеу, реттеу және нивелирлеу;
9) тиеу-жеткізу машиналары, жерасты дизельді автосамосвалдар - гидравлика жүйесін реттеу;
гидромеханикалық ауыстыру қорабын бөлшектеу, құрастыру;
рычаг механизмін, руль жетегін, стреланы автоматты басқаруды жөндеу;
10) конвейерлердің көтергі және жетекті станцияларының басқару жабдығы мен аппаратурасы - монтаждау және баптау;
11) лентасының ені 2000 миллиметр және одан да жоғары ауыр конвейерлердің, кесектегіштердің, агломерациялық және күйдіру машиналарының, дозаторлардың, шихта материалдарының, ауыр қоректендіргіштердің редукторлары - тісті цииндрлі, коникалық және бұрамды ауыспа саңылауларын жөндеу және реттеу;
12) сепараторлар, отырғызба машиналары, қойылтқыштар, вакуум - сүзгілер, вакуумді насостары, флотомашиналар, адамдар мен жүктерді көтеруге арналған лифтілер, қазандықтар мен бу машиналары, бу қыздырғышы бар резонансты және валкалы електер, түтін сорғыштар, шлам насостары - монтаждау, жөндеу, баптау;
13) қатты пайдалы қазбаларға арналған геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылайтын алтыншы - сегізінші сыныпты бұрғылау қондырғылары - жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
14) цилиндрлер, подшипниктер - монтаждау және барлық қосындыларды түпкілікті бекіту;
15) экскаваторлар, үйінді жасағыштар, тасымалдау-үйінді көпірлері - қозғағыштар мен редукторларды орталандыру, теңгермелеу;
гидравликаны жөндеу, барлық жүйені реттеу;
компрессорларды жөндеу және баптау;
16) тіркеме салмағы 25 тонна және одан да жоғары шахта электровоздары - бөлшектеу, жөндеу, техникалық қызмет көрсету.
80-параграф. Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 6-разряд
542. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі машиналардың, тораптар мен механизмдердің, аппаратуралардың, бақылау-өлшеу аспаптарының механикалық бөлігін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
аппаратураны пневмоника және логикалық элементтерді қолдана отырып жөндеу, монтаждау және баптау.
543. Мыналарды:
өздігінен жүретін кен машиналарының агрегаттары мен тораптарының ерекше күрделі жүйелерінің конструктивтік ерекшеліктерін;
өздігінен жүретін кен машиналарының ерекше күрделі жүйелерінің жұмыс режимін белгілеу принципін;
сызбаларды, эскиздерді, кинематикалық схемаларды жасау ережесін;
теориялық механика, пневмоника негіздерін білуге тиіс.
544. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
545. Жұмыс үлгілері:
1) тепловоз тоңазытқыштарын басқару автоматикасы - тексеру, реттеу;
2) гидравликалық жетектермен және автоматты өлшеу құрылғымен жабдықталған вагон төңкергіштер - баптау;
3) агломерациялық және күйдіру машиналары - машинаның және жылу саңылауының қозғалысын реттеу, жетекті және бас радиусты тексеру;
4) өздігінен жүретін тау-кен машиналары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары, көтеру машиналары (шығырлар) - агрегаттар мен тораптардың ерекше күрделі жүйелерін, гидропневмоавтоматики жүйелерін жөндеу, баптау, реттеу және кешенді сынау;
аспаптардың жұмысын тексеру;
отын аппаратурасын жөндеу;
5) доңғалақты сепараторлар, отырғызба машиналар - автоматты жүйелерді баптау;
6) тиеу-жеткізу машиналары, жерасты дизельді автосамосвалдар - трансмиссия және гидротрансформатор жүйесін құрастыру және реттеу;
агрегаттар мен тораптарды сынау;
7) скипті және кілетті шахта көтергісінің көтеру машиналары, жолаушылар және жүк лифтілері - жөндеу, сынау және жұмысқа тапсыру;
8) флотация машиналары - импеллерлерді теңгермелеу;
9) тепловоздардың тік өткізгіштері - жөндеу, реттей отырып орнату;
10) центрифугалар, ауа үрлеуіштер - роторларды динамикалық теңгермелеу;
11) тоңазытқыштар, жоғары қысым агрегаттары, сепараторлар, компрессорлар - жөндеу, баптау, реттеу.
81-параграф. Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 7-разряд
546. Жұмыс сипаттамасы:
машиналардың, тораптар мен механизмдердің, аппаратуралардың, бақылау-өлшеу аспаптарының ерекше күрделі кинематикалық басқару жүйелерін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
ерекше күрделі машиналардың диагностикасы және профилактикасы;
жұмысының параметрлері мен сенімділігін жақсарту мақсатымен жабдықтың қарапайым кинематикалық схемаларына өзгерістер енгізу;
хопер үлгісіндегі вагондардың жүкті түсіру және бекіту механизмінің пневматикалық және механикалық жүйесін түгендеу, жөндеу, сынау және реттеу;
ерекше күрделі, шөмішінің сыйымдылығы әртүрлі экскаваторлардың гидробөлгіштері мен пневмобөлгіштерін монтаждау, бөлшектеу, баптау, опробациялау.
547. Мыналарды:
ерекше күрделі машиналардың, агрегаттардың конструктивтік ерекшеліктерін;
машиналар мен механизмдер жүйелерінің ақауларын диагностикалау және жөндеу жұмыстарын орындау жолдарын;
қарапайым кинематикалық схемаларды жасау тәртібін;
теориялық механика, металдар технологиясы, материалдардың қарсылығы негіздерін білуге тиіс.
548. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
82-параграф. Жару материалдарын таратушы, 3-разряд
549. Жұмыс сипаттамасы:
жару материалдары мен жару заттарын алу, оларды автокөлікке немесе арбаға тиеу, жеткізетін жерге дейін: базистік, карьерлік, жерасты және басқа да таратушы қоймаларға дейін ілесу;
жару материалдары мен жару заттарын түсіру және тапсыру;
құжаттарды ресімдеу;
жару материалдары бөліп салу, сақтау, кептіру, еріту;
жару материалдары мен жару заттарын жарамдылығын анықтау;
патрон таңбалау;
от білтелі шнурды жасау және кесу;
жару материалдары мен жару заттарын беру, қалдықтарын қабылдау;
жарамсыз жару материалдарын сынауға және жоюға қатысу;
жару материалдарының келіп түсуі мен шығысын есепке алу;
көпіршесінің қарсылығы мен тұтастығына қарай электрлі детонаторларды іріктеу;
патрондарды буып-түю, жәшіктер мен пакеттерге салу;
гильзалар мен пакеттерге гидро оқшаулау заттарын сіңіру;
жару материалдары мен жару заттарының олардың қоймаларға келіп түсуіне және жасалған уақытына қарай, кезектілігін бақылау;
шашыраңқы жару заттарын қайталап ұнтақтау үшін бөліп салу;
жару материалдарынан босаған тараны базистік қоймаға қайтару;
тұтату трубкаларын жасау және таңбалау.
550. Мыналарды:
жару материалдары мен жару заттарының үлгілерін мен қасиеттерін;
жару материалдары мен жару заттарын сақтау, беру, сынау және жою, оларды жоғарыға, шахта оқпаны бойынша және қоймаға дейін тасымалдау ережесін;
нитроглицеринді жару материалдарын еріту, аммиакты-селитралық жару материалдарын кептіру, оларды патрондау және нөмірлеу ережесін;
жару материалдары мен жару заттарын есепке алу жүйесі мен тәртібін;
қоймалардың құрылымын;
қоймаларды жарықтандыру және оларды күзету ережесін;
өртсөндіргіш құрылымын және оларды пайдалану ережесін;
жару жұмыстарын жүргізу ережесін білуге тиіс.
Жерасты қоймаларында тәулігіне 1 тоннадан көп және үстіңгі қоймаларда 10 тоннадан көпжару материалдарды беру кезінде - 4-разряд.
83-параграф. Төңкеруші, 2-разряд
551. Жұмыс сипаттамасы:
өнімділігі тәулігіне 2000 тоннаға дейінгі төңкергішті басқару;
төңкергіштік қажетті шекке дейін бұрылуын қадағалау;
тиеулі вагонеткалар мен шәшкелерді төңкергішке беру, оларды бекіту, төңкеру және босағандарын шығару;
тиеулі вагонеткаларды шығырдың көмегімен және қолмен итеріп әкелу және бостарын әкету;
вагонеткаларды қолмен төңкеру;
автоматты режимдегі төңкергіш жұмысын қадағалау;
тарту шығырын қашықтықтан басқару;
тиеулі вагонеткаларды ағыту және оларды бункерлерге беру;
вагонеткаларды тіркеу;
ірі кен кесектерін бункер торшасында жармалау;
бос жыныстар мен бөгде заттарды алу;
жолдар мен бос вагонеткаларды тазалау;
төңкергіш жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
552. Мыналарды:
төңкергіш құрылымын жұмыс принципін және оны басқару тәсілдерін;
қызмет көрсететін учаскенің технологиялық схемасын;
вагонеткаларды төңкергішке бекіту тәсілдерін;
тарту шығыры мен қосу аппаратурасын пайдалану және басқару ережесін;
вагонеткалар мен электровоздардың тіркеу құрылғыларының түрлерін;
оларды тіркеу және ағыту ережесін;
пайдалы қазба түрлерін;
тау-кен массасын вагонеткадан бункерге түсіру тәсілдерін;
жолдар мен тау-кен қазбаларының, стрелкалар мен бұрма айналымдарының бағыты мен орналасуын;
оларды пайдаланудың белгіленген белгілері мен ережесін;
майлау режимі мен қолданылатын майлау материалдарының қасиеттерін;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін;
слесарлық іс, электр техника негіздерін, жабдықты электр желісіне қосу схемасын;
тау-кен массасын түсіру кезінде тозаңдатпау әдістерін білуге тиіс.
Өнімділігі тәулігіне 2000 тонна және одан жоғары төңкергішті басқару кезінде - 3-разряд.
84-параграф. Үйінділердегі түсіруші, 2-разряд
553. Жұмыс сипаттамасы:
жүк тиелген автосамосвалдарды үйіндіде күтіп алу, олардың қозғалысын реттеу;
жынысты, қожды, салма материалды және басқа да өндіріс қалдықтарын көлік құралдарынан түсіру;
үйіндінің үйілуін, оның айналасының соқамен, бульдозермен немесе скрепермен тегістелуін, кондициялық және кондициялық емес пайдалы қазбаның бөлек түсірілуін қадағалау;
үйіндіні өсіру;
қабылдау ыдыстарын жабысқан және қатып қалған тау-кен массасы мен басқа да материалдардан тазарту;
шөміштерден қатып қалған қож бен "козелдерді" түсіру;
жол габариттерін шашылған тау-кен массасынан тазарту, қож құйылған жерді жинау;
экскаваторасты төсемді салуға қатысу;
автосамосвалдардың үйінді үстінде жүрген кездегі маневр қауіпсіздігі мен ескерту белгілерін беру;
жуу аспаптарындағы жұмыс кезінде дренаж арналары мен қоршауларды құру;
шойтастарды қайлалау;
қауіпті жерлерді белгімен қоршау;
жұмыс орны шегіндегі жолдардың жарықтандырылуын қадағалау;
түсіру көлік құралының есебін жүргізу;
автосамосвалдарды түсіруге арналған қажетті құрылғылардың құрылымын;
жылжымалы компрессорды қосу және оның жұмысын қадағалау.
554. Мыналарды:
үйінді жұмыстарын жүргізу және көлік қозғалысы ережесін;
автосамосвалдардың тормозының, қотарып түсіру құрылғысының конструкциясын;
компрессорлардың жұмыс принципін;
жүк түсірілетін автосамосвалдардың жүк көтергіштігін;
үйіндінің профилі мен бағытын;
үйіндідегі көлік жолдарының орналасу схемасын;
пайдалы қазбалардың жыныстан ерекшеленетін сыртқы белгілерін;
электрослесарлық іс негіздерін білуге тиіс.
85-параграф. Үйінділердегі түсіруші, 3-разряд
555. Жұмыс сипаттамасы:
жүк тиелген теміржол құрамдарын қабылдау, олардың түсіру орнына қарай қозғалысын реттеу;
жынысты, қожды, салма материалды және басқа да өндіріс қалдықтарын думпкарлардан, вагондардан, вагонеткалардан, қож шөміштерінен түсіру;
шөміштерді қою және оларды қисайтуға дайындау;
үйіндіні өсіру қадағалау;
теміржол құрамдарын босату басталғаны және аяқталғаны туралы белгі беру;
теміржол габариттерін шашылған тау-кен массасынан тазарту;
үйінді тасылым жолдарды төсеуге, қозғауға, өсіруге және көтеруге қатысу;
тұйықжолдың жұмыс бөлігінің теміржолын ұстау, ағымдағы жөндеу;
рельстен жылжып кеткен составты қоюға қатысу;
люктерді, борттар мен вагон есіктерін жабу және ашу;
қауіпті жерлерді белгімен қоршау;
босатылған вагондардың есебін жүргізу;
думпкарды қотару үшін әуе магистралын қосу.
556. Мыналарды:
үйінді жұмыстарын жүргізу және теміржол көлігі қозғалысы ережесін;
вагондардың, думпкарлардың, тормоздардың, қотарып түсіру құралдары мен компрессорлардың конструкциясын;
босатылатын көлік ыдыстарының жүк көтергіштігін;
думпкар қораптарын босату және бекітудің тәсілдері мен шарттарын;
теміржолдар мен бұрмалардың құрылымы туралы негізгі мәліметтерді;
үйіндідегі көлік жолдарының орналасу схемасын;
теміржол тұйығының рельс жолдарын ұзарту және қозғау тәртібін білуге тиіс.
86-параграф. Тау-кен қазбаларын шабақтаушы, 3-й разряд
557. Жұмыс сипаттамасы:
жару жұмысы өндірісінен кейін тау-кен қазбаларының, борттарының, керпештерінің траншеяларының жай-күйін, жүру бөлімшелерімен жабдықталған тік тау-кен қазбаларын қарау;
еңіс бұрышы 55 градусқа дейінтау-кен қазбаларының бүйірлері мен шатырын ілініп қалған тастар мен тау-кен кесектерінен перфоратордың, уату балғасы мен арнаулы құралдың көмегімен шабақтау;
қазба габариттерінен кен массасын жинау;
қада қағу, оларға сақтандыру арқандарын бекіту;
камералардың жоғарғы кертпешінен ірі кен кесектерін бөлшектеу және түсіру;
уақытша бекітпе орнату;
тау-кен қазбалары бекітпелерінің жай-күйін қадағалау;
қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жою.
558. Мыналарды:
жұмыста қолданылатын перфоратордың, уату балғасы мен арнаулы құрылғылар мен құралдың құрылымын, олармен жұмыс істеу ережесін;
массивиегі және бұзылған жағдайдағы кен қазбасының негізгі қасиеттерін;
кертпештер мен траншеялардың жол берілетін еңіс бұрыштарын;
қызмет көрсететін учаскеде тау-кен қазбаларын шабақтау жөніндегі жұмысты қауіпсіз жүргізу ережесін, тәсілдері мен жолдарын;
арқан бекітпесін тексеру тәсілдерін.
Еңіс бұрышы 55 градустан артық тау-кен қазбаларының бүйірлері мен шатырын ілініп қалған тастар мен кен кесектерінен арнаулы құралды, сақтандыру белбеуін және басқа да арнаулы құрылғыларды қолдана отырып шабақтау кезінде - 4-разряд;
қолданыстағы магистральдық теміржолдар мен тоннельдерге жақын жерде тау-кен қазбасын құлатумен байланысты жару жұмыстары өндірісінен кейін кен қазбаларын шабақтау кезінде - 5-разряд.
87-параграф. Жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі, 3-разряд
559. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым машиналардың, тораптар мен механизмдердің, сигнализация және жарықтандыру құралдарының, таратып бөлу, абоненттік кабельді және телефон желілерінің электр бөліктерін монтаждау, бөлшектеу, жерге қосу, жөндеу, опробациялау әне техникалық қызмет көрсету;
электр өткізетін әуе желілерін жөндеу және монтаждау, найзағайдан қорғанысты орнату;
электр өткізетін желілердің тіреулерін орнына ауыстыру; бақылау-өлшеу аспаптарын: амперметрлерді, вольтметрлерді, манометрлерді ауыстыру және желіге қосу;
ток күшін, ауыспалы және тұрақты кернеуі төмен тізбектердегі кернеу күшін өлшеу;
жерге қосу контурларын орнату;
икемді кабельдерді вулканизациялау, жазба түсіру;
аккумулятор батареяларын зарядтау, электролитті толтыру және ауыстыру;
сигналды құрылғыларды ілу, электр шамдарын, электр патрондарды ауыстыру;
автоматтандырылмаған шамханалардағы электротехникалық жабдықты қарау және жөндеу;
төмен кернеулі ауыспалы ток электр қозғалтқыштарын қарау және ағымдағы жөндеу;
ілмектеу жұмыстарын орындау.
560. Мыналарды:
қызмет көрсететін машиналардың, электраппаратурасының нысанын, техникалық сипаттамасын, оларға техникалық қызмет көрсету нормалары мен көлемін;
электротехника, монтаж ісі негіздерін;
төмен вольтті электр қондырғыларының құрылымы мен техникалық пайдалану ережесін;
таратып бөлу құрылғылары мен шағын станциялардың, күштік таратып бөлу желісінің алғашқы коммутация схемаларын;
қызмет көрсететін машиналардың, электраппаратурасын пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды;
күштікэлектраппараттарын, күрделі емес металлоконструкциялар мен механизмдерді монтаждау тәртібін;
броньдалған кабельдерді құрғақ дайындамаларын монтаждау нұсқаулығын;
бақылау-өлшеу аспаптары мен құралының нысанын және пайдалану ережесін;
электротехникалық қондырғылардағы жұмысқа жіберу ережесін;
электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы көрсету ережесін;
қызмет көрсететін өндірістік бөлімшедегі жабдықтың атауын және орналасуын;
шахтадағы жарық, дыбыстық және басқа да сигнализация жүйелерін және жұмыс істеу принципін;
дыбыстық және басқа да көрінетін сигналдарды қабылдау және беру ережесін;
бирка жүйесі ережесін білуге тиіс.
561. Жұмыс үлгілері:
1) булы-су арматурасы - бақылау-өлшеу аспаптарын: амперметрлерді, вольтметрлерді, манометрлерді ауыстыру және желіге қосу;
2) төмен кернеулі электр жарық беру және белгі желісі арматурасы - аспаптарды, светильниктерді, дыбысты белгі құрылғыларын, рубильниктерді, ажыратқыштарды және тағы басқа монтаждау және орнату;
3) телефон аппараты - жөндеу;
4) електер - электр жабдығын, есептеу аспаптарын орнату;
түгендеу және техникалық қызмет көрсету;
5) жармалаушылар - электр жабдығын орнату және техникалық қызмет көрсету;
6) икемді, броньдалған кабельдер - төсеу, ілу, бекіту, құрғақ дайындау, төмен кернеулі кабельдердің ұштарын пресстеу;
7) компрессорлар - электр жабдығын аппараттарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету;
8) ленталы конвейерлер - электр қозғалтқыштарын орнату, ауыстыру және желіге қосу;
9) қырғыш конвейерлер - электр қозғалтқыштарын орнату, ауыстыру және желіге қосу;
10) контакторлар, қосқыштар - контактілерді ауыстыра отырып бөлшектеу және құрастыру;
11) сорғылар - электр қозғалтқыштарын желіге қосу, жерге қосудың дұрыстығын тексеру, техникалық қызмет көрсету;
12) бірінші жармалаудағы қоректендіргіштер- электр жабдығын орнату және техникалық қызмет көрсету;
13) сақтандырғыштар - қайта зарядтау;
14) пм үлгісіндегі қосқыштар -байланыстармен катушкаларды ауыстыра отырып жөндеу;
15) жарықшамдар - жөндеу;
16) бұрғы қондырғылары - электр жабдығына техникалық қызмет көрсету;
17) желдеткіш қондырғылары - электр жабдығына техникалық қызмет көрсету;
18) электр аппараттары мен электр машиналарының шунттары, пышақтары, ұштары мен перемычкалары - дайындау және орнату;
19) жарықтандыру щиттері, рубильниктер мен магнитті қосқыштардың контактілері - жөндеу;
20) төмен вольтті электр жабдықтары - подшипниктерін ауыстыра отырып бөлшектеу, құрастыру, орнату және желіге қосу.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электр слесарьдің басшылығымен жұмыс орындау кезінде - 2-разряд.
88-параграф. Жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі, 4-разряд
562. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа машиналардың, тораптар мен механизмдердің, жоғары вольтті кіші станция жабдығының электр бөліктерін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
электр күштік қондырғыларды жерге қосу және нөлдеу;
электр жабдығының изоляциясын тексеру және жоғары вольтті қозғалтқыштар мен трансформаторларды кептіру;
икемді кабельдер мен конвейер ленталарын жөндеу, дайындау, вулканизациялау;
топтық прожекторлы жарықты жөндеу, қосу муфталарын ауыстыру;
автоматтандырылмаған шамханалардағы электротехникалық жабдықты қарау және жөндеу;
таратып бөлу құрылғыларын, электр қозғалтқыштарының, трансформаторлардың, генераторлардың, тежегіш электромагниттерінің жұмысын қадағалау және бақылау;
қайта құру қондырғыларына, кіші станцияларға, сигнализация, орталықтандыру, рельс транпорт құралдарын бұғаттау және автоматты бағдаршамменбұғаттау құралдарына техникалық қызмет көрсету;
1000 вольтқадейінгі электр құралдарын сынау;
жөнделген электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды сынау.
563. Мыналарды:
техминимум көлеміндегі электротехниканы;
қызмет көрсететін электр жабдығын монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, сынау және баптау тәсілдері мен ережесін;
электр машиналарының құрылымы мен нысанын;
қосуды реттеу аппаратурасының конструкциясы мен монтаж схемаларын;
жоғары кернеулі токты қосу және алу ережесін;
цехтық таратып бөлу құрылғылары мен кіші станциялардың коммутация схемаларын;
электр қозғалтқыштарының статорлық және роторлық обмоткаларын қосу схемасын;
жөнделген электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды сынауға арналған техникалық шарттарды;
электротехникалық қондырғылардағы жұмыс ережесін;
электр жабдығын баптау және сынамалық қосу нұсқаулығын;
жерасты тау-кен қазбаларында, шахта үстіндегі ғимараттарда, металды өңдеу технологиясын және электрогазбен пісіру жұмыстары өндірісі;
жерасты тау-кен қазбаларында, шахта үстіндегі ғимараттардағы электрогазбен пісіру жұмыстары өндірісі жөніндегі;
жерге қосу құрылғысы жөніндегі;
газды шахталар мен кеніштердегі тұйық орындарда электр энергиясын пайдалану жөніндегі;
шахталық икемді кабельдерді қарау, жөндеу және сынамалау жөніндегі;
жарылыс қаупі жоқ кеніш электр жабдығын қарау және түгендеу жөніндегі нұсқаулықтарды білуге тиіс.
564. Жұмыс үлгілері:
1) қосуды реттеуші аппаратура - бөлшектерін жеткере немесе қалпына келтіре отырып бөлшектеу, құрастыру;
2) жоғары вольтті майлы ажыратқыштар - профилактикалық қарау, жөндеу;
3) електер - электр жабдығын жөндеу;
4) электрлі драгалар - қызмет көрсету, жөндеу және сынау;
5) жармалаушылар - электр жабдығын монтаждау және баптау;
6) икемді, броньдалған, төмен және жоғары вольтті кабельдер - сақина және қосу муфталарын орната отырып жөндеу;
7) ленталы конвейерлер - басқару және дабыл жүйесін жөндеу;
8) қырғыш конвейерлер - басқару және қорғау жүйесін монтаждау және жөндеу;
9) тау-кен машиналары, бұрғы станоктары мен қондырғылары, шығырлар – электр жабдығын монтаждау және тексеру, электр қозғалтқыштарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
10) пластинкалы қоректендіргіштер - теристорлық қайта құрушыларды монтаждау және жөндеу;
11) барлық үлгідегі разрядниктер - жөндеу, сынау;
12) электрлі реакторлар, электрлі машиналардың зәкірі, контролерлері, барлық үлгідегі релелер - бөлшектеу, жекелеген элементтерін ауыстыра отырып жөндеу, монтаждау;
13) ағынды-тасымал жүйелері - технологиялық және резервтік қорғауларды, датчиктерді, храпты тоқтату электромагниттерін, соңғы ажыратқыштардың жұмысын, электрбұғаттау жай-күйін тексеру;
14) автоматты телефон станциялары - жөндеу, баптау және қызмет көрсету;
15) токқабылдағыштар - жаңаларын құрастыру және түзете отырып жөндеу;
16) электровоздардың токқабылдағыштары, фазаұлғайтқыштары - алу;
17) трансформаторлар мен таратып бөлу құрылғылары - тексеру;
18) аспирациялық қондырғылар - электронды платалар мен электр жабдығын жөндеу;
19) желдеткіш қондырғылары - электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету;
20) жарықтандыру щиттері, рубильниктер мен магнитті қосу контактілері – жөндеу;
21) экскаваторлар - электр жабдығын монтаждау, бөлшектеу және жөндеу;
22) жоғары вольтті электр қозғағыштар - подшипниктерді, щеткаұстауыштарды, щеткаларды бөлшектеу, құрастыру, ауыстыру, коллекторларды жөндеу.
89-параграф. Жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі, 5-разряд
565. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі машиналардың, тораптар мен механизмдердің, аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматты қондырғылардың, телемеханика құралдарының электр бөліктерін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
басқару құралдарын монтаждау және жөндеу;
жоғары жиіліктегі телефондау блоктарын монтаждау және баптау;
1000 вольттан жоғары кернеу кезінде электр қорғанысы құралдарын сынау;
жылжымалы және стационарлық қондырғылардың автоматты басқару және реттеу схемаларындағы ақауларды анықтау және жою;
токтың жерге кетуінен қорғаныс аппараттарының белгі беру мерзімін және фидерлік автоматтар мен қосқыштардың ең жоғары ток қорғанысы шамасын тексеру.
566. Мыналарды:
радиотехника, телемеханика, автоматика, радиоэлектроника негіздерін;
автоматика және телемеханика құралдарының құрылымын;
электротехникалық ережелер мен нормаларды;
электромонтаж схемаларын жасау ережесін;
қызмет көрсететін жабдықтың схемасын және оны энергиямен қоректендіру жүйесін;
машиналардың, аппараттардың, аспаптардың электр бөлігінің жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілерін;
кабельдер мен электротехникалық материалдар сыныптамасын;
кабельдердің изоляциясын, сыйымдылығы мен омикалық қарсылығын өлшеу және сынау ережесін;
жөнделген жабдыққа арналған құжаттаманы жасауды;
электр беру желілеріндегі жұмыс өндірісі әдістерін;
электр қорғанысы құралдарын сынау ережесін;
электр қондырғыларында жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрған электр қондырғысын қадағалау тәртібі күрделі электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды реттеуге және сынауға арналғантехникалық шарттарды білуге тиіс.
567. Жұмыс үлгілері:
1) механизмдердің жұмыс режимін басқару және бақылау диспетчерлік пультінің аппаратурасы - электроника элементтерін профилактикалық қарау, монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау, техникалық қызмет көрсету;
қосу кабельдерін жөндеу;
басқару схемасын монтаждау және баптау;
2) жылу жеткізгіштің (ыстық су мен будың) жұмсалуын бақылау аппаратурасы - жөндеу, баптау, техникалық қызмет көрсету;
3) қосуды реттеу аппаратурасы - монтаждау, баптау, ыңғайлау;
4) "АСУТП" жүйесі аппаратурасы - жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
5) квазиэлектронды "АТС" - тораптары мен блоктарын монтаждау, ыңғайлау;
6) жоғары жиіліктегі блоктар, передатчиктер мен қабылдағыштар, радиостанциялар мен байланыс радиорелелі аппаратурасы - монтаждау, баптау;
7) жоғары вольтті майлы ажыратқыштар - профилактикалық қарау, жетектерді жөндеу;
трансформатор майын ішінара немесе толық ауыстыра отырып күрделі жөндеу;
8) жоғары вольтті кабельдер - қосу муфталарын орната отырып жөндеу;
9) ленталы конвейерлер - басқару және дабыл жүйесін жөндеу;
10) қырғыш конвейерлер - басқару және қорғау жүйесін монтаждау және жөндеу;
11) тау-кен машиналары, бұрғы станоктары мен қондырғылары, көтеру машиналары - электр жабдығын жөндеу;
12) магнитті қосқыштар - баптау, байланыстарды, катушкаларды ауыстыра отырып жөндеу;
13) электрондық кернеу реттеуіштері, электрондық реле, қорғаныс панельдері - электр параметрлерін қарау, тексеру, жөндеу;
14) трансформаторлар мен таратып бөлу құрылғылары - тексеру, баптау және жөндеу;
15) турбогенераторлар - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
16) экскаваторлар, үйінді жасаушылар, тасымал - үйінді көпірлері - электр қозғағыштар мен редукторларды орталандыру, оларды теңгермелеу, монтаждау, жетектердің электр схемаларын баптау;
17) электр қозғалтқыштары, генераторлар, қосалқы электр машиналары, электр өлшеу аспаптары, топтық қайта қосқыштар мен олардың жетектері, контроллерлер мен барлық үлгідегі релелер - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, электр тізбектері қосындыларының дұрыстығын тексеру;
18) кіші электр станциялары мен цех ішілік таратып бөлу желілері, турбокомпрессорлар, басжелдету желдеткіштері, автоматика мен бақылау-өлшеу құралдарымен бір кешенді көтеру, мұздату қондырғылары - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, баптау және техникалық қызмет көрсету.
90-параграф. Жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі, 6-разряд
568. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі электр машиналары мен аппараттардың, бақылау өлшеу аспаптарының, автоматты жұмыс істейтін қондырғылардың, телемеханика құралдарының күрделі электр бөліктерін монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, баптау,опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
электрондық, телемеханикалық, радиорелелі аппаратураның, изотопты реленің, датчиктердің, реттемелі электр жетек жүйелерінің автоматты жүйелерін баптау және сынау;
бақылау, автоматтандыру және қорғаныстың барлық элементтерінің жұмысы мен өзара әрекеттерін опробациялау;
электр схемаларындағы ауыспалы процестерді осциллографирлеу және талдау, осциллограммалар бойынша жүктемені және жылдамдықты анықтау;
жартылай өткізгіш және микроэлектрондық элементтердегі схемаларды құрастыру және тексеру;
функционалдық блоктар мен схемалардың нақты сенімділігін анықтау;
байланыссыз элементтерде жиналған және 1000 вольттан жоғары кернеуге арналған схемаларды монтаждау, баптау және тексеру;
технологиялық жабдықтар мен механизмдерді энергиямен жабдықтау, автоматтандыру және қашықтықтан басқару жүйелеріндегі автоматика мен бақылау-өлшеу аспаптары элементтерін баптау және сынау;
басқару аппараттары мен станцияларының қорғаныс жүйесіндегі электроника элементтерін баптау және сынау;
электр драгаларын жөндеу және сынау, қызмет көрсету;
барлық үлгідегі электр машиналарының зәкірлерін теңгермелеу жүктемесін орната отырып динамикалық теңгермелеу.
569. Мыналарды:
жартылай өткізгіш және микроэлектрондық техникадағы, электрондық және телемеханикалық аппаратура аппараттарының құрылымын;
күрделі жабдықтар мен қондырғылар жұмыс принципінің конструктивтік ерекшеліктерін;
күрделі электр машиналарын, аппараттарын, аспаптар жұмысын реттеу тәсілдері мен ережесін;
электротехниканы, телемеханиканы, радиоэлектрониканы жұмыс істеуге қажетті көлемде;
жоғары дәлдіктегі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын;
барлық үлгідегі электр машиналарының зәкірлерін динамикалық теңгермелеу жолдары мен тәсілдерін;
электр қондырғыларын пайдалану ережесін білуге тиіс.
570. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
571. Жұмыс үлгілері:
1) жоғары вольтті камералардың аппаратурасы - изоляцияның қарсылығын өлшеу және аппараттардың өзара әрекетін тексеру;
2) бу қазандықтарының жұмысын бақылау жөніндегі аппаратура - баптау, сынау;
3) радиоизотопты аппаратура - технологиялық жабдыққа орнату және алу;
ағымдық жөндеу, дозиметриялық, радиометриялық бақылау;
4) "ТМ320" үлгісіндегі телемеханика аппаратурасы-тораптар мен блоктарды монтаждау және ыңғайлау;
5) генераторлар - орнату кезінде орталандыру;
6) өздігінен жүретін кен машиналары, бұрғы станоктары мен қондырғылары - электр жабдығының, автоматиканың, тиристорлық басқару схеманың ерекше күрделі жүйелерін жөндеу, баптау, реттеу және кешенді сынау;
7) автоматика және қашықтықтан басқару аспаптары - реттеу;
8) "АСУТП" жүйесі - телемеханикалық, радиорелелік және квазиэлектронды аппаратура схемаларын баптау және сынау;
9) жылдамдық өлшегіштер, есепшілер, кернеу регуляторлары, барлық үлгідегі электрондық релелер, қорғаныс панельдері - реттеу және сынау;
10) өнеркәсіптік теледидар қондырғылары - реттеу және кешенді сынау;
11) электр шынжырлары – омикалық қарсылығын тексеру;
12) күштік электр қозғалтқыштарын: қосалқы электр машиналары, электр аппараттар мен электр аспаптары – сынау, теңгермелеу, стендіде сынау, сипаттамасын алу;
13) теристорлық және жиілік реттейтін схемалары бар басқару электр жетектері - монтаждау, баптау, тораптары мен блоктарын жөндеу, опробациялау.
91-параграф. Жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі, 7-разряд
572. Жұмыс сипаттамасы:
электр машиналары мен аппараттардың, автоматты қондырғылардың, телемеханика құралдарының күрделі басқару жүйелерін монтаждау, бөлшектеу, баптау, опробациялау және техникалық қызмет көрсету;
теристорлы қозғыш автоматты электрондық блоктарын, электрондық, телемеханикалық аппаратура жүйелерін, датчиктерді, асинхронды-синхронды реттемелі электр жетегін баптау және сынау;
тізбектер мен аппараттар схемаларын микропроцессорлық техниканы қолдана отырып жөндеу және қызмет көрсету;
бақылау, автоматтандыру және қорғаудың барлық элементтерінің жұмысы мен өзара әрекет етуін опробациялау, оларды жөндеу және баптау;
жетектердің электр схемаларындағы ауыспалы процестерді осциллографирлеу және талдау;
жартылай өткізгіш элементтер мен микросхемалардағысхемаларды құрастыру және тексеру;
аппаратураны микросхемалар мен логикалық элементтерді қолдана отырып монтаждау және баптау;
автоматтандырылған жетектер жүйесіндегі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және сынау;
жабдық сипаттамасын алу, техникалық құжаттаманы жүргізу, формулярларды толтыру.
573. Мыналарды:
қызмет көрсететін аппараттың жартылай өткізгіш техникасындағы, электрондық және телемеханикалық аппаратурасындағы аппараттардың құрылымын;
өздігінен жүретін тау-кен машиналарының агрегаттары мен тораптарының күрделі жүйелерінің конструктивтік ерекшеліктерін;
микросхемалар мен электрондық құрастыру құрылғыларының жұмыс принципін, үлгілерін;
электротехниканы, телемеханиканы, осциллограммаларды түсіру ережесін, жұмысқа қажетті көлемде;
қызмет көрсететін жоғары дәлдікті электрондық-өлшеу аспаптарының құрылымын білуге тиіс.
574. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
575. Жұмыс үлгілері:
1) жылжымалы құрамның жоғары вольтті және төмен вольтті электрондық аппаратурасы - тексеру, ақауларды жою және реттеу;
2) бульдозерлер, жетекпен басқару блоктары - жөндеу, баптау, сынау;
3) автоматтандырылған электр жетегі жүйесіндегі бақылау-өлшеу аспаптары - жөндеу, баптау;
4) сорғы станциясы - электр жетегі теристорлық қозғыш электрондық блоктарын баптау, сынау, жөндеу;
5) шөмішінің сыйымдылығы әртүрлі экскаваторлардың бас электр жетектерін басқару панелдері мен блоктары - бөлшектеу, монтаждау, опробациялау, баптау және сынау;
6) экскаваторлардың синхронды электр қозғалтқыштарын қосу және жұмысын басқару панельдері - бөлшектеу, монтаждау, баптау, осциллограммаларды түсіру және жетектердің электр схемаларындағы ауыспалы процестерді талдау;
7) изоляцияны, ең жоғары ток қорғанысы және нөлдік қорғанысты бақылау аспаптары - баптау, жөндеу;
8) "АСУТП" жүйелері - монтаждау және микросхемалар мен логикалық элементтерді қолдана отырып баптау;
9) турбокомпрессорлар - теристорлық қозғыш автоматты электронды блоктарын баптау және сынау;
10) электр қозғалтқышы - электр жетекті асинхронды-синхронды реттеуді баптау және сынау.
10-тарау. Тау-кен химиялық шикізатты шығару және байыту жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары 1-параграф. Мирабилит шығару жөніндегі дренажшы, 3-разряд
576. Жұмыс сипаттамасы:
таза немесе ластанған мирабилитті қолмен немесе жабысқақ балшықпен шығару;
дренажды жыраларды салу, бекіту, тереңдету және кеңейту;
дренажды жыралар еңістерінің жобасын мирабилиттің бетін тегістеу.
577. Мыналарды:
дренаж жыраларын үңгілеу және бекітудің тәсілдері мен ережесін;
мирабилитті шығару тәсілдерін;
таза және ластанған мирабилиттің сыртқы айырмашылық белгілерін білуге тиіс.
2-параграф. Кратцер машинисі, 3-разряд
578. Жұмыс сипаттамасы:
қоймадан бункерге шикізат пен дайын өнімді беру кезінде өнімділігі сағатына 1000 текше метрге дейінгі кратцерді басқару;
қоймада өнімді көшіру;
кратцерді қома бойынша қозғалту және оны жұмыс үшін бекіту;
кратцерді майлау және ұсақ жөндеу.
579. Мыналарды:
шикізат пен дайын өнімді кратцердің көмегімен бункерге беру және бункерлерге тиеуді реттеу;
слесарьлық істің және электротехниканың негіздерін білуге тиіс.
Қоймадан бункерге шикізат пен дайын өнімді беру кезінде өнімділігі сағатына 1000 текше метрден жоғары кратцерді басқару - 4-разряд.
3-параграф. Фрезагрегат машинисі, 4-разряд
580. Жұмыс сипаттамасы:
фрезагрегат көмегімен мирабилиттің бетінен натрия сульфатын жинау;
тракторлық жетекте фрезборон көмегімен мирабилитті алаңның бетін фрезерлеу;
фрезагрегатты күту;
фрезерленген бетінің сапасын бақылау;
фрезагрегат жұмысындағы бұзушылықты жою.
581. Мыналарды:
фрезагрегаттың құрылғысын;
фрезерлеу технологиясын және талаптарды білуге тиіс.
4-параграф. Күкірт шығаратын және сутөкпе ұңғымалардың операторы, 4-разряд
582. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті күкірт шығаратын және сутөкпе ұңғыма операторының басшылығымен қызған судың күкіртті пластадан күкірт пен ласта суларын сору процесін жүргізу;
қызмет көрсететін ұңғымаларды жұмысқа қосу;
технологиялық режимнің параметрлерін және кен пластында жылу тасымалдағыштың бағытталған қозғалысын бақылау;
пластыдағы су қысымына және күкіртті сору дебитіне байланысты жылу тасымалдағышты толтыру, ұңғымаларды қыздыру параметрлерін реттеу;
күкірт шығару ұңғымаларындағы жылу тасымалдағыш шығыстарын және су төкпе ұңғымаларынан сорылатын пласта суларының мөлшерін, олардың температурасын және қысымын өлшеу;
ұсақ жөндеу жүргізу және жапқыш арматура мен қызмет көрсететін жабдықтардың клапандарын реттеу.
583. Мыналарды:
табиғи күкіртті өндірудің технологиялық схемасын;
қызмет көрсететін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын;
технологиялық режимдердің параметрлерін және жүргізілетін процесті реттеу ережесін;
күкіртті және пласт суларын сору кезінде болатын физикалық-химиялық процестер;
пласта суларының химиялық құрамын;
коммуникация схемасын;
күкіртті және пласта суын сору қағидаттарын;
табиғи күкірттің сапасына қойылатын талаптарды білуге тиіс.
5-параграф. Күкірт шығаратын және сутөкпе ұңғымалардың операторы, 5-разряд
584. Жұмыс сипаттамасы:
қызған судың күкіртті пластысынан күкірттің жердің астынан шығуы кезінде су төкпе ұңғымалардан күкіртті және пласталы суды сору процесін жүргізу;
бір ұңғымаларды жабу және басқа су төкпе ұңғымалардан төгу жолымен кен пластындағы жылу тасымалдағыштың бағытталған қозғалысын жасау;
күкіртті және пластылы суларды мәжбүрлеп сору кезінде жылу тасымалдағыштың дұрыс бағытта қозғалуын, су төкпе ұңғымалардың су дебитін реттеу;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге дайындау жөндеу жүргізетін персоналға жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, жабдықты жөндеуден қабылдау.
585. Мыналарды:
күкірттің жердің астынан шығу процесінің технологиясын;
қызмет көрсететін жабдықтардың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, міндетін;
арматура және коммуникация схемасын;
гидрогеологиялық жағдайға және тиісті ұңғыма бойынша жылы тасымалдағыш қозғалысының динамикасына байланысты күкірттер мен пластылы суды сору режимдерін;
табиғи күкірттің және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптарды білуге тиіс.
6-параграф. Ұңғыма жұмыстарын реттеуші, 3-разряд
586. Жұмыс сипаттамасы:
резервуарларда тұздықтың болуын қадағалау;
тау-кен иелігі, бұрғылау ұңғымалары мен сутұздыққұбыр коммуникацияларын тексеру және қызмет көрсету;
судың ұңғымаларға бір қалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету;
тығыздығы бойынша тұздықтың концентрациялығын тексеру;
тұздықты және су дөңгейжиегінің деңгейін айқындау;
сынамаларды іріктеу;
ұңғымалар мен құбырларды жылылау;
сорғы қондырғыларының жұмысын реттеу және үйлестіру.
587. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтардың, ұңғымалар мен тұздықпен жабдықтау коммуникацияларының құрылғысын және міндетін;
резервуарлардағы тұздықтың шекті көлемін;
сорғы қондырғыларының өнімділігін және олардың жұмысын реттеу;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және пайдалану ережесінбілуге тиіс.
7-параграф. Ұңғыма жұмыстарын реттеуші, 4-разряд
588. Жұмыс сипаттамасы:
тау-кен иелігіне бекітілген гидроұңғылау әдісімен тасты тұз қыртысын шаю процесін жүргізу;
сорғы қондырғыларына қызмет көрсету;
ұңғымаларға су мен мұнайдың келіп түсуін реттеу;
ұңғымаларды жылылау;
сутұздыққұбырлар мен мұнайқұбырларының жағдайын қадағалау;
сынамаларды іріктеу;
қызмет көрсететін жабдықтардың бұзушылығын анықтау және жою.
589. Мыналарды:
коммуникация схемасын;
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын;
тұз кенорындарын шаю процесінің физикалық-химиялық негіздерін;
нас қондырғылары мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету ережесін;
слесарьлық істі білуге тиіс.
8-параграф. Сульфатшы, 2-разряд
590. Жұмыс сипаттамасы:
мирабилитті жекелеген кесектерде құмның ластанған жұқа қабаттарынан тазалау;
кесекті мирабилитті бөлшектеу және штабел-торына салу;
мирабилиттің жағдайын тексеру және натрий сульфатының дайын болғанын айқындау;
орындалған жұмысты өлшеу және есеп жүргізу.
591. Мыналарды:
натрий сульфатын шығару технологиясын;
мирабилитті сусыздандырудың және сульфатты жинау шарттарын;
натрий сульфатының сапасына қойылатын талаптарды, олардың сапасын сорттары және дайын болған дәрежесі бойынша айқындау ережесін;
мирабилитті штабель-торына салу және оның көлемін өлшеу ережесін білуге тиіс.
9-параграф. Сульфатшы, 3-разряд
592. Жұмыс сипаттамасы:
мирабилитті қорыстар мен жабысқақ балшықтан тазалау;
өндірістік алаңдарды жобалау және сульфат жинау кезінде және маусымның басталуына дейін құмның ластанған жұқа қабаттарынан тазалау;
қолмен тумпакқа немесе үйіндіге домбықтаумен натрий сульфатын жинау;
мираболит шығару және өңдеу процесін басқару.
593. Мыналарды:
натрий сульфатының пайда болу шарттарын;
қазылатын кенорындарының пайдалану ерекшеліктерін;
натрий сульфатын шығару үшін алаңдарды дайындау тәсілдерін және қолданылатын құралдардың құрылғысын;
натрий сульфатын түсірмеу және ластамай жинау ережесін;
мирабилитті бөлшектеудің әдістерін, тәсілдерін және негізгі ерекшеліктерін білуге тиіс.
10-параграф. Мышьяк түсіруші, 3-разряд
594. Жұмыс сипаттамасы:
мышьякты тозаң ұстап қалғыш камералар мен бункерлерден түсіру;
мышьякты қаптарға төгу және таразылау;
қаптарды болат барабандарға салу;
болат барабандардың қақпағын жаншу;
болат барабандарды фанералы барабандарға қою;
барабандарды тасып шығару және шаңсорғышпен өңдеу;
тозаң ұстап қалғыш камералар мен бункерлерді тазарту;
мышьякты түсіру бойынша пневматикалық қондырғыны басқару және оның жұмысын реттеу.
595. Мыналарды:
тозаң ұстап қалғыш камералар мен бункерлердің құрылғысын;
пневматикалық құрылғылардың жұмыс қағидаттарын және оларға қызмет көрсету ережесін;
мышьякты түсіру тәсілдерін;
мышьякты қаптар мен барабандарға тиеу нормаларын;
болат барабандардың қақпақтарын жаншу тәсілдерін;
мышьякты тығындаудың техникалық шарттарын білуге тиіс.
11-тарау. Шымтезек шығару және қайта өңдеу жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Шымтезекті кептіру жөніндегі аппаратшы,4-разряд
596. Жұмыс сипаттамасы:
жылдық өнімділігі 30 мың тоннаға дейінгі шымтезектерді кесектейтін зауыттарда шымтезекті кептірудің технологиялық процесін жүргізу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша шымтезекті кептіру режимін реттеу;
кесектерді, конденсаттарды кептіру сапасын бақылау;
фрезерлік шымтезекті кептіру үшін беруді реттеу;
қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою;
пешке отын тиеу;
қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету.
597. Мыналарды:
шымтезек кесектейтін зауыттың технологиялық схемасын;
фрезерлік шымтезекті кептірудің және кесектеудің технологиялық процесін;
қолмен және автоматты режимде кептіру кезінде кептіру жабдықтарының, престеу жабдықтарының және шымтезектерді кескілейтін зауыттардың дайындық бөлімшесінің құрылғысын;
шымтезекті кептіру сапасына әсер ететін факторларды;
сумен жабдықтау және оның электр жабдықтарын блоктау тәсімін;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін;
слесарьлық істі білуге тиіс.
Жылдық өнімділігі 30 мыңнан 60 мың тоннаға дейінгі шымтезектерді кесектейтін зауыттарында шымтезекті кептірудің технологиялық процесін жүргізу кезінде - 5-разряд;
жылдық өнімділігі 60 мың тоннадан артық шымтезектерді кесектейтін зауыттарында шымтезекті кептірудің технологиялық процесін жүргізу кезінде - 6-разряд.
2-параграф. Шымтезек жұмысшысы, 1-разряд
598. Жұмыс сипаттамасы:
қалған кесектерді жағу, жағу ошақтарын жою, суды ұстау үшін уақытша бөгеттер салу, шымтезек сынамаларын жеткізу;
жанар-жағармай материалдарын әкелу, тасу және беру;
қар ұстау үшін қурайды дайындау және карьерге егу;
өндіріс орындарын паспорттау;
теміржол өтпелерін, көпірлерді, қатарларды қардан және мұздақтан тазарту;
шымтезекті түгендеу;
жыраларды тазалау;
суды, жеңіл жүктерді, әртүрлі бөлшектерді және материалдарды жеткізу және тасымалдау;
томарларды жинау;
шымтезек алаңын дайындау және жөндеу кезінде тіркемелі және аспалы механизмдерде жұмыс істеу, механизмдерді тіркеу және ағыту, өртке қарсы агрегаттарға қызмет көрсету;
жабдықтарды күзету;
кент, аула аумақтарын және өндірістік үй-жайларды тазалау.
599. Мыналарды:
кесілген қалдықтарды жағудың ережесін;
тұтануды сөндіру және оқшаулау ережесін;
суқоймалары мен басқа су көздерінің орналасқан жерін;
суды ұстау үшін уақытша бөгеттердің құрылғысын;
жанар-жағармай материалдарын сақтау, беру ережесін;
өртсөндіргіштердің құрылғысын және қолдану ережесін;
карьерлерге ағаш егу тәсімін және ережесін;
шымтезекті түгендеу және алаңды паспорттау бойынша жұмыстарды жүргізу ережесін;
шымтезекті кептіру механизмдерімен жұмыс жасау ережесін;
батпақты дайындау өндірісі және гидротехникалық жұмыстар кезінде қолданылатын механизмдердің (аспалы және тіркемелі) міндетін және жұмыс қағидатынбілуге тиіс.
3-параграф. Шымтезек жұмысшысы, 2-разряд
600. Жұмыс сипаттамасы:
жалпы және карталы арналары арқылы көпірлер салу және жөндеу;
шымтезектің есебін жүргізу, шымтезекке есеп жүргізуде, тиеу және түсіру кезеңді сынамаларды іріктеу;
барлық тәсілдермен шымтезекті шығару, кептіру және жинау кезінде қолданылатын машиналарға қызмет көрсету жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындау;
шымтезекті шығару, жинау және тиеу кезінде қолданылатын машиналарға қызмет көрсету кезінде кабельдерді көшіру;
жекелеген бөліктерге (кірпіштерге) қалыпталған шымтезек таспаларын бөлу;
рольгангты реттеу және тазалау.
601. Мыналарды:
жалпы және карталы арналар арқылы көпірлер салуды және жөндеу ережесін;
шымтезек шығаратын агрегаттың жұмыс қағидаттарын;
рольгангты көтеру және түсіру ережесін білуге тиіс.
4-параграф. Шымтезек жұмысшысы, 3-разряд
602. Жұмыс сипаттамасы:
шымтезек массивтерінде томарларды және бұталы өсімдіктерді тамырымен жұлуымен бірге орман ағаштарын құлату, бұтақтарды шабу, дөңгелектеу және жарамды ағаштарды қатарлап салу, жарамды ағаштар мен томарларды айналма және маятникті аралармен кесу;
шпалдарды, лафеттерді, рельстерді тасымалдау және көшіру;
шымтезек шығаратын машиналар үшін рельстер төсеу, бекіту және жолдарды түзету;
арқанды және таспалы конвейерлерге қызмет көрсету, рельстер мен шпалдарды шала өңделген шымтезек үгінділерінен тазарту;
томарларды бір жерге үю;
тақталарды төсеу және қабылдау, шымтезек кірпіштерін төсеу;
забойдағы шымтезек қабатының көлденең жоталарын және бүйір кемерлерін кесу;
троспен және тамыр жұлғыш құрылғылармен забойдан ірі томарларды шығару;
шымтезек шығаратын экскаватор машинисінің басшылығымен сорғы станцияларын, экскаваторды, аралық тіреулерді, конвейерлерді, керу станцияларын, шымтезек шығаратын агрегаттар мен механизмдерді қайта көшіруге, қозғалтуға және орнатуға қатысу;
төсемдердің құрылғысын;
кесекті шымтезекті кептіру (аудару, торларды, торкөздерді қалау және оларды қайта қалау) бойынша жұмыстарды жүргізу;
шымтезектерді қатарлау;
қабырғаларды есептеу және қатарларда желөткізгіштер салу;
бункерлер мен конвейерлерге шымтезекті қолмен тиеу;
агрегаттар өту үшін жолдарда тазалау;
тазалайтын машиналардың соңынан қалдықтарды жинау;
машиналар өту үшін өткелдер салу;
қоймада әртүрлі жүктерді, минералдық компоненттердің қоспаларын тиеу, түсіру, оларды ыдыстарға және ыдыстардан құю;
шикізатты құлатқыш машиналарданемесе гидротасқын әдісімен түсіру және өңдеу;
кесекті лотоктарға қызмет көрсету.
603. Мыналарды:
орман ағаштарын құлату, томарлар мен бұталы өсімдікті тамырымен жұлу жұмыстарын жүргізу ережесін;
жарамды ағаштарды бөлуге және отындарды дайындауға өлшемдер мен сорттарын;
ағаштарды, отындар мен томарларды бөлу және салу ережесін;
ауыр және күрделі машиналарды көтеру, көшіру ережесін;
ауыр машиналарды бекіту, монтаждау және орнату тәсілдерін;
көтергіш-тасымалдағыш әрі такелажды құрылғылардың құрылғысын және оларды орнату тәсілдерін;
ағаш жұмыстары;
шымтезек шығаратын агрегаттың жалпы схемасын және жұмыс қағидаттарын, оның қозғалысы бойынша жұмыстарды жүргізу ережесін;
керу станцияларының, конвейерлердің құрылғысын;
шымтезекті шығарудың, төсеудің, кептірудің, қатарлаудың ережесін және технологиялық схемасын;
желөткізгіштердің құрылғысын;
шымтезекті жинау және қайта өңдеу кезінде қолданылатын механизмдердің жұмыс қағидаттарын;
минералдық компоненттерді пайдалану ережесін;
өртсөндіргіш сумен жабдықтау схемасын білуге тиіс.
5-параграф. Карьершілер, 2-разряд
604. Жұмыс сипаттамасы:
берілген профильге сәйкес карьер қазу;
мұздақты сындыру, қалдықты және минералдық үйінділерді түсіру, карьерді қазу барысында кездесетін томарлар мен ағаш оқпандарын шығару;
пайдаланылатын механизмдерді келесі жұмыс учаскесіне көшіруге қатысу және қажеттігіне қарай олардың жолына тақтайлар төсеу;
шымтезек қабатын кірпішке кесу, оларды тасу және кептіру үшін төсеу.
605. Мыналарды:
шымтезек қабатының сапалы көрсеткіштеріне қарай карьер қазудың негізгі шарттарын және ережесін;
шымтезек массасын кептіру әдістерін;
томарларды тамырымен жұлу және жұмыс барысында кездесетін ағаш оқпандарын шығару әдістерін;
карьерде механизмдерді көшіру ережесін;
пайдаланылатын құралға, жабдыққа, инвентарға қойылатын талаптарды, және оларды қолдану ережесінбілуге тиіс.
6-параграф. Жыра қазушылар, 2-разряд
606. Жұмыс сипаттамасы:
қолмен қазу және жалпы, коллекторлық, су жеткізетін, таулы және ұстаушы арналарды, алғашқы траншеяларды, суды төгуге арналған арналарды, суқоймаларын және шымтезекті және минералды топырақтағы карта жыраларын жөндеу;
жобалау және олардың еңістерін бекіту;
жұмыс процесінде кездесетін томарларды, ағаш оқпандарын шығару.
607. Мыналарды:
топырақтың санатын, олардың қазудың ережесі мен тәсілдерін;
қолмен қазу, арналардың барлық түрін, алғашқы траншеяларды, суқоймаларын жөндеу, олардың еңістерін жобалау және бекіту жөніндегі жұмыс өндірісінің ережесін;
шаблондарды, құралдарды және құралдардың барлық түрін пайдалану ережесі мен тәсілдерін, оларды баптау және жөндеу ережесінбілуге тиіс.
7-параграф. Шымтезек массасын қайнатушы, 4-разряд
608. Жұмыс сипаттамасы:
шымтезек массасын қайнатудың технологиялық процесін жүргізу және реттеу;
келіп түсетін шымтезек шикізаттарының сапасын тексеру;
шымтезек шикізаттарын қоспалауыштарға бөлу;
шымтезек шикізаттарын, суды, буды, эмульсияны оларды шығындау нормаларына сәйкес мөлшерлеу;
шымтезек шикізаттарын дайындау жөніндегі механизмдерді: конвейерлерді, гидроараластырғыштарды, мөлшерлегіштерді, электр қозғалтқыштарды басқару;
олардың жұмысын қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы жекелеген бұзушылықтарды жою.
609. Мыналарды:
келіп түсетін шымтезек шикізатының ботаникалық құрамын, оның ылғалдылығын айқындау әдістемесін;
шымтезек массасының компоненттерін мөлшерлеу ережесін;
қызмет көрсететін механизмдердің құрылғысын және жұмыс қағидаттарын, олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін білуге тиіс.
8-параграф. Кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналардың машинисі, 4-разряд
610. Жұмыс сипаттамасы:
басқа механизмдермен бір кешенде жұмыс істейтін шымтезек шығаратын механизмдерді, шығарылған шымтезекті қалыптастыру және төсеу кезінде сыйымдылығы 9 текше метрге дейінгі кузовы бар төсеу машиналарын, кесекті шымтезекті тасымалдайтын және кептіретін машиналарды басқару;
машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету, олардың жекелеген тораптарын, агрегаттарын реттеу және оларды жұмысқа дайындау;
қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің жұмыс режимін қадағалау, олардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарына қатысу.
611. Мыналарды:
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің құрылғысын, техникалық сипаттамасын және пайдалану ережесін;
кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу, оны кептіру алаңына төсеу, жинау, тасымалдау технологиясын;
кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналар мен механизмдерді күту және техникалық қызмет көрсету ережесін, олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою;
олардың жұмыстарына берілген режимдерде жекелеген тораптар мен агрегаттарды реттеу ережесін білуге тиіс.
9-параграф. Кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналардың машинисі, 5-разряд
612. Жұмыс сипаттамасы:
қатпарлы-қабатты тәсілмен кесекті шымтезекті шығару жөніндегі машиналарды, сыйымдылығы 9 текше метр және одан да артық кузовы бар төсеу машиналарын, шымтезек шығаратын машиналармен бір кешенде жұмыс істейтін механизмдер мен жетектерді, шымтезекті кесектерді жинау және шығару кезінде тасымалдағыш құралдарды басқару;
машиналарға, механизмдерге техникалық қызмет көрсету, оларды реттеу, жұмысқа дайындау, жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.
613. Мыналарды:
қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің, жетектердің, тасымалдағыш құралдардың конструкциясын, техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, реттеу, жұмыстағы ақаулар мен бұзушылықтарды жою ережесін және нұсқаулығын;
шымтезекті шығару, қайта өңдеу, төсеу, кептіру, жинау, тасымалдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережесін;
жанар-жағармай материалдарын шығындау нормаларын білуге тиіс.
10-параграф. Фрезер шымтезегін шығару және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі, 4-разряд
614. Жұмыс сипаттамасы:
тракторларды және тіркелгіш жабдықтарды:
фрезер шымтезегін кептіру кезінде қармаушы ені 18 метрге дейінгі құлатқыштарды және қопсытқыштарда;
берілген тереңдікке шымтезек қабаттарын фрезерлеу кезінде қармаушы ені 6 метрге дейінгі фрезбарабандарды;
минералдық компоненттерді тиеу және себу машиналарын басқару;
қызмет көрсететін машиналардың жұмыс механизмін реттеу, тіркегіш жабдықтарды тіркеу ағыту;
басқарылатын тракторларға және тіркелетін жабдықтарға техникалық қызмет көрсету,
олардың жүйелері мен тораптарының дұрыстығын тексеру,
жанар-жағармай және басқа материалдар құю,
жұмыста кездесетін ұсақ бұзушылықтарды жою,
жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарына қатысу.
615. Мыналарды:
қызмет көрсетілетін тракторлардың, тіркегіш жабдықтардың құрылғысын және техникалық сипаттамасын,
оларды пайдалану жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды;
тракторларды және тіркегіш жабдықтарды басқару кезінде технологиялық жұмыстарды жүргізу ережесін;
минералдық компоненттерді себу нормасын;
шымтезекті кептірудің, шымтезек қабаттарын фрезерлеудің технологиялық жүйесін;
жанар-жағармай шығыстарының нормаларын;
слесарьлық істі білуге тиіс.
11-параграф. Фрезер шымтезегін шығару және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі, 5-разряд
616. Жұмыс сипаттамасы:
өздігінен жүретін және пневматикалық құлатқыштарды;
өздігінен жүретін өздігінен түсіретін престерді, тіркелетін және аспалы жабдықтары бар тракторларды;
қармаушы ені 18 метрден артық құлатқыштар мен қопсытқыштарды;
сыйымдылығы 14 текше метрге дейінгі бункері бар жинағыш машиналарды;
шымтезек төсемдерін бумаға престеу жөніндегі машинаны;
тіркелген құлатқыштармен біріккен қармаушы ені 6-дан 9 метрге дейінгі фрезбарабандарды;
қозғалтқыш қуаты 58,9 киловатқа (80 ат күші) дейінгі трактордың көмегімен шымтезекті аммиакты сұйықтықпен байыту жөніндегі машиналарды;
механикаландырылған іріктеу және үйілмелерден шымтезектің сынамаларын орташалау жабдықтарын басқару;
өздігінен жүретін керуенделген машиналарды басқару;
басқарылатын машиналарға, механизмдерге техникалық қызмет көрсету, оларды жұмысқа дайындау;
берілген жұмыс режиміне сәйкес оларды жұмысқа дайындау, жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау және жою;
жоспарлау-ескерту жөндеу жұмыстарына қатысу.
617. Мыналарды:
фрезер шымтезегін шығару және өңдеу жөнінде қызмет көрсететін машиналардың құрылғысы мен техникалық сипаттамасын және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;
жұмыстың технологиялық схемасын, жұмыстардың циклдық кестесін;
орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналарға қызмет көрсету ережесін;
тіркелетін жабдықтардың шектен тыс жүктемесін;
жиналатын шымтезектің ылғалдылық нормасын;
шымтезектің циклдік жинауға байланысты аммиакты судың берілу нормаларын;
орналастыру схемасын, фрезер шымтезегінің қатарларының өлшемін және олардың арасындағы арақашықтықты білуге тиіс.
12-параграф. Фрезер шымтезегін шығару және қайта өндіру жөніндегі машиналардың машинисі, 6-разряд
618. Жұмыс сипаттамасы:
өздігінен жүретін пневможинағыш комбайндарды;
қайта тиейтін жинағыш машиналарды;
қармаушы ені үлкейтілген фрезер барабаны немесе фрезер-құлатқышы бар құрамды жинағыш машиналарды;
тіркелетін және аспалы жабдықтары бар тракторларды;
пневматикалық жинағыш машиналарды,
сыйымдылығы 14 текше метрден артық бункері бар жинағыш машиналарды;
фрезер-құлатқыштарды, қармаушы ені 9метр және одан артық фрезбарабандарды;
қозғалтқыш күші 58,9 киловаттан (80 ат күші) артық трактордың көмегімен шымтезекті аммиак сұйықтығымен байыту машиналарын басқару;
технологиялық жұмыстарды орындау және орындалатын жұмыстарға сәйкес қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерді реттеу.
619. Мыналарды:
фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдеу машиналарының конструктивтік ерекшеліктерін және олардың жұмысының технологиялық тәсілін;
тіркелетін жабдықтардың шектен тыс жүктемелерін;
шымтезекті шығару жөнінде технологиялық жұмыстарды орындау тәсілдерін;
қызмет көрсететін машиналардың, механизмдердің және тіркелетін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою;
трактордың тіркелетін жабдықпен орын ауыстыру ережесін білуге тиіс.
13-параграф. Шымтезек кен орындарын пайдалануға даярлау жөніндегі машиналардың машинисі, 4-разряд
620. Жұмыс сипаттамасы:
шымтезек шығару үшін алаңдарды дайындау, жөндеу және ағымдағы күту бойынша технологиялық операцияларды орындау кезінде өздігінен жүретін машиналарды, тіркелетін және аспалы жабдықтары бар қозғалтқыш күші 44,2 киловатқа (60 ат күші) дейінгі тракторды басқару;
орман ағаштарын, орман бұталары мен бұталы өсімдіктерді құлату;
томарларды тамырымен жұлу;
алаңдарды жобалау және кескіндеу, дренаж төсеу;
томарлар мен ағаштарды үймеге жинау;
орманды жинағаннан (құлатқаннан) кейін үйінділерден ағаштарды қазып шығару;
бұтақтарды шабу, оқпандарды қазу, ағаштар мен томарларды тиеу және түсіру;
жүктер мен материалдарды шығару;
кептіретін желілердің, өрт сөндіруші суқоймаларының жыраларын қазу, тазалау, арналады, жыраларды, траншеяларды, орларды жабу;
аршу жұмыстарын, фрезерлеген бетін бірқалыпты таптаумен шымтезек қабатын тұтастай терең фрезерлеу бойынша жұмыстарды жүргізу;
машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және реттеу, олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою, жұмыс барысында басқа учаскелерге көшіру.
621. Мыналарды:
өздігінен жүретін машиналардың, тіркелетін және аспалы жабдықтары бар тракторлардың құрылғысын және техникалық сипаттамасын;
шымтезекті шығару үшін алаңдарды дайындау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың технологиялық процесін, техникалық шарттарын және схемаларын;
жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын;
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдерді пайдалану, техникалық күту және алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізу ережесін және нұсқаулығынбілуге тиіс.
Өздігінен жүретін машиналарды, тіркемелі және аспалы жабдықтары бар қозғалтқыш қуаты 44,2 киловаттан 58,9 киловатқа (60-дан 80-ге дейін ат күші) дейінгі тракторды басқару кезінде - 5-разряд;
өздігінен жүретін машиналарды, тіркемелі және аспалы жабдықтары бар қозғалтқыш қуаты 58,9 киловаттан (60-дан 80-ге дейін ат күші) артық тракторды;
орманды құлату және оларды үймекке төсейтін комбайнда және ағашты қазу, кесу және тиеу, томарларды жұлу машиналарында жұмыс істеу кезінде - 6-разряд.
14-параграф. Шымтезек шығаратын экскаватордың машинисі, 4-разряд
622. Жұмыс сипаттамасы:
шөміштің жалпы геометриялық сыйымдылығы 1,0 текше метргедейінгі, қайта өңдейтін механизмдері, үздік конвейері, дизелдік қондырғысы бар шымтезек шығаратын көпшөмішті экскаваторды басқару;
шығарылған және қайта өңделген шымтезектерді электртөсегіш машинаға тиеу;
электртөсегіш жұмысын қадағалау;
электртөсегіш машиналардың қозғалысына қатысу: электр кабельді, ажырайтын ажыратқыш пен жерге қосылатын қондырғыларды сөндіру, тасымалдау және іске қосу.
623. Мыналарды:
қызмет көрсететін экскаватордың құрылғысын және оның механизмдерінің кинематикалық схемасын;
электртөсегіш машиналарды тиеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережесін;
экскаваторлық жұмыстардың циклдық кестесін;
қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің, жабдықтардың жұмыс қағидаттарын;
электр слесарьлық істі;
экскаваторды пайдаланудың техникалық шарттарын;
шымтезек қабатын, оның тип мен ылғалдылығына қарай экскавациялау әдісін;
электртөсегіш машинасы бар қызмет көрсететін экскаватордың жұмыс режимін;
машиналарды, механизмдер мен қондырғыларды жыралар, теміржолдар арқылы және электр берілісі желісінің астымен тасымалдау ережелерін білуге тиіс.
15-параграф. Шымтезек шығаратын экскаватордың
машинисі, 5-разряд
624. Жұмыс сипаттамасы:
шөміштің жалпы геометриялық сыйымдылығы 1,0-ден 1,5 текше метрге дейінгіжәне дизельдік қондырғысы бар шымтезек шығаратын көпшөмішті экскаваторды басқару;
бункермен бір кешенде және бір электртөсегіш машинасымен немесе екі электртөсегіш машинасымен немесе жабдықталған арқанды тасымалдағышпен жұмыс істейтін экскаватормен белгіленген тереңдіктен шымтезек қабатын қазып шығару;
шымтезекті, қазып шығару, қайта өңдеу және бункерлерге немесе электртөсегіш машиналарға беретін механизмдерді басқару;
шымтезек қабаттарын қазып шығарудың, оны қайта өңдеудің және тиеудің технологиялық процесін жүргізу;
келесі забойды қазу үшін берілген трасса бойынша қызмет көрсететін экскаваторды мерзімдік тасымалдау, басқа жұмыс орнына қайта көшіру.
625. Мыналарды:
барлық типтегі шымтезек шығаратын экскаватор механизмдері жетектерінің құрылғысын және кинематикалық схемасын;
жерге қосылатын құрылғыларды және ажыратқыштарды орнату ережесін;
қазылатын карьердің паспорттық деректерін және шымтезек қабаттарының сапалық көрсеткіштерін;
карьер енінің шымтезек қабатының тереңдігіне, шымтезек таспасының қимасына және төсем тереңдігіне байланысы;
шымтезек қабатының көрсеткішіне: типі, тереңдігіне, ажырау дәрежесіне және шымтезектің ылғалдылығына қарай экскавациялау өнімділігі;
шымтезек қабаттарын қайта кептіру дәрежесіне қарай қосылатын судың мөлшерінбілуге тиіс.
16-параграф. Шымтезек шығаратын экскаватордың машинисі, 6-разряд
626. Жұмыс сипаттамасы:
электртөсегіш машиналарымен бір кешенде жұмыс істеу кезінде шөміштің жалпы геометриялық сыйымдылығы 1,5 текше метр және оданкөп артық әрі дизелдік қондырғысы бар шымтезек шығаратын көпшөмішті экскаваторды басқару;
берілген тереңдікке шымтезек қабаттарын экскавациялау;
келесі забойды қазу үшін берілген трасса бойынша қызмет көрсететін экскаваторды мерзімдік тасымалдау, басқа карьерге қайта көшіру;
жерге қосылатын құрылғыларды және ажырайтын ажыратқыштарды көшіру және орнату.
627. Мыналарды:
әртүрлі типті шымтезек шығаратын экскаваторлар мен оның механизмдерінің конструктивтік ерекшеліктерін;
шөміштің қозғалу жылдамдығы мен экскаватордың қозғалу ұзындығы бойынша экскаватор жұмысының оңтайлы режимдерін;
қабаттардың барынша тереңдігінен ортасы және төселетін шымтезек таспаларының мөлшері бойынша карьердің тиімді енін айқындаудың ережесін және тәсілдерін;
қабатты оның типіне, тереңдігіне, ылғалдылығына қарай экскавациялау әдісін білуге тиіс.
17-параграф. Шымтезек плиталарын престеуші, 4-разряд
628. Жұмыс сипаттамасы:
гидравликалық престе шымтезек массасын престеу процесіне қатысу;
шымтезектің бетіне балқытылған битумның қабатын жағу;
жабыстыру үшін дайындалған шымтезек плиталарын гидравликалық пресс үстеліне қою;
гидравликалық прессті қосу және сөндіру;
жабыстырылған шымтезек плиталарын рольганг бойынша аралау станогына беру;
шымтезек плиталарын аралау;
желдеткішті қосу және сөндіру;
қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау.
629. Мыналарды:
шымтезек массасын престеудің негізгі технологияларын;
шымтезек плиталарын жабыстырудың технологиялық процессін;
қолданылатын құралдың міндетін;
қызмет көрсететін престердің, желдеткіш қондырғылардың құрылғысынбілуге тиіс.
18-параграф. Шымтезек плиталарын престеуші, 5-разряд
630. Жұмыс сипаттамасы:
престеу ережесі мен режимін сақтай отырып, гидравликалық престе шымтезек массасын престеу;
пресс-қалыптарды шымтезек массасымен толтыру, оны мөлшерлеу және тегістеу, толтырылған пресс-қалыптарды штамп арқылы гидравликалық престерге беру;
шымтезек плиталарын табандықтарға түсіру және оларды кептіру вагонеткаларына немесе платформаларға тиеу;
қалыпталған шымтезек плиталарының ылғалдылығын қарап айқындау.
631. Мыналарды:
шымтезек плиталарының технологиялық шикізат құрамын;
шымтезек массасының ылғалдылығын және біркелкілігін айқындау әдісін;
престеу кезінде қажетті қысым шамасын;
престеу бөлімшесіндегі жабдықтардың құрылғысын;
қызмет көрсететін жабдықтардың бұзушылықтарын анықтау және жою;
слесарьлық істібілуге тиіс.
19-параграф. Түбір жұлушы, 2-разряд
632. Жұмыс сипаттамасы:
томарларды қолмен және қарапайым құрылғылардың көмегімен жұлу;
орман ағаштарын құлату және бұталы өсімдіктерді жұлу;
бұтақтар мен тамырларды шабу;
ағаштарды сорттары бойынша бөлу;
жарамды және отын ағаштарын қатарға жинау;
томарлар мен бұтақтарды бір жерге үю.
633. Мыналарды
орман ағаштарын құлату, томарларды және бұталы өсімдіктерді тамырымен жұлу жұмыстарын жүргізудің ережесін;
жарамды және отын ағаштарын бөлу үшін өлшемдері мен сорттарын;
ағаштарды қатарлар жинау және бұтақтар мен томарларды бір жерге үюдің тәртібін;
қолданылатын құрылғыларды, жабдықтарды, құралдарды пайдалану ережесін және тәсілдерін білуге тиіс.
12-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
634. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші (4-шығарылымы) БТБА-ға 1-қосымшада көрсетілген.
635. 2012 жылғы басып шығарылған,БТБА (4-шығарылымы) бұрын қолданыста болған бойынша атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі (4-шығарылымы) БТБА-ға 2-қосымшада келтірілген.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (4-шығарылым) 1-қосымшасы |
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.11.2019 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Кәсіптердің атауы | Разрядтар диапазоны | Беті |
1 | 2 | 3 | 4 |
"Арнайы мақсаттағы метрополитендер, туннельдер жәнежерасты ғимараттарының құрылысы"бөлім | |||
1. | Көтеру-жылжыту тас төсегіштерінің машинисі | 5 | 4 |
2. | Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларының машинисі | 4-6 | 4 |
3. | Тау-кен жабдықтарының монтажшысы | 3-6 | 6 |
4. | Оқшаулаушы | 3-5 | 9 |
5. | Үстірт жұмыстардағы үңгілеуші | 2-6 | 12 |
6. | Үңгілеудегі электр слесарі | 3-6 | 16 |
7. | Жерасты үңгілеу жабдықтарының электр слесарі - монтажшысы | 3-6 | 19 |
"Байыту, агломерациялау, кесекшелеу (жалпы кәсіптері)"бөлім | |||
8. | Кесекшелерді булаудағы автоклавшы | 3 | 23 |
9. | Кесекше қоспасын дайындау аппаратшысы | 4-5 | 24 |
10. | Қойылтқыш аппаратшысы | 3 | 25 |
11. | Байыту өнімін бақылаушы | 2 | 26 |
12. | Дозалаушы | 2 | 27 |
13. | Електеуші | 2 | 28 |
14. | Реагенттерді ерітуші | 3 | 29 |
15. | Жармалаушы | 2-6 | 30 |
16. | Лентадағы жинаушы | 1 | 32 |
17. | Кептіруші | 2-3 | 33 |
18. | Концентраттаушы | 2-5 | 35 |
19. | Күйдіруші | 3-5 | 35 |
20. | Диірмен машинисі | 3 | 38 |
21. | Жуу машиналарының машинисі | 2-4 | 40 |
22. | Кен орталау машинасының машинисі | 4-6 | 42 |
23. | Кесекше пресінің машинисі | 1-4 | 42 |
24. | Қоректендіргіш машинисі | 2 | 44 |
25. | Басқару пультінің операторы | 2-5 | 45 |
26. | Қалдық шаруашылығын реттеуші | 2 | 47 |
27. | Сепараторшы | 3 | 48 |
28. | Сұрыптаушы | 1 | 50 |
29. | Сүзгіші | 2-3 | 51 |
30. | Тиеуші | 1 | 53 |
31. | Тозаң түсіруші | 2 | 53 |
32. | Флотатор | 4 | 54 |
33. | Центрифугалаушы | 2-4 | 55 |
34. | Шламдаушы-бассейнші | 2-4 | 57 |
"Кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығару және байыту" бөлімі | |||
35. | Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы | 2-4 | 58 |
36. | Қымбат өнімдерді бақылаушы | 3-4 | 61 |
37. | Драгашы | 4-6 | 62 |
38. | Құрамында алмазы бар концентраттарды жеткеруші | 3-4 | 64 |
39. | Жеткеруші | 3-4 | 65 |
40. | Алтын араласқан кен орындарының тау-кен жұмысшысы | 2-4 | 67 |
41. | Гидромыс қондырғыларын цемент тектендірушісі | 2 | 71 |
42. | Қашауға май құюшы | 4 | 71 |
43. | Драга матросы | 1 | 72 |
44. | Драга машинисі | 3-6 | 72 |
45. | Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторисі | 2-4 | 75 |
46. | Сульфидті кенді байыту учаскесінің әмбебап операторы | 3-6 | 76 |
47. | Тау-кен техникасының әмбебап операторы | 5-8 | 78 |
48. | Шағын литражды драгалардың пробуторшысы | 2 | 83 |
49. | Шлихтаушы | 2 | 83 |
50. | Шлюздеуші | 2 | 84 |
"Кендерді агломерациялау" бөлім | |||
51. | Агломератшы | 3-6 | 84 |
52. | Түйіршіктегіш машинаны баптаушы | 5 | 88 |
53. | Елекші-көсеуші | 2 | 88 |
54. | Агломерация мен күйдіру жұмысындағы көрікші | 4 | 89 |
55. | Араластырғыш машинисі | 2 | 89 |
56. | Араластырғыш барабанның машинисі | 2 | 90 |
57. | Ауыспалы науаның машинисі | 2 | 91 |
58. | Салқындатқыш машинисі | 2 | 91 |
59. | Түйіршіктегіш машинисі | 4-5 | 92 |
60. | Шекемтасты опалағыш машинисі | 3 | 93 |
61. | Ыстық қайтарымды мөлшерлеуші | 4 | 93 |
62. | Құдықпештер мен пештерді тиеуші-түсіруші | 2 | 93 |
63. | Ыстық агломератты түсіруші | 3 | 94 |
"Жұмысшы кәсіптерінің көмір және сланец өндіру және байыту, көмір және сланец шахталары мен разрездерінің құрылысы"бөлім | |||
64. | Көмір байыту аппаратшысы | 2-5 | 95 |
65. | Көмір қабылдауды бақылаушы | 2 | 96 |
66. | Тау – кен қазбаларын жөндеу жөніндегі кен жұмысшысы | 2-5 | 97 |
67. | Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кен жұмысшысы | 3-4 | 100 |
68. | Разрездің тау-кен жұмысшысы | 2-3 | 102 |
69. | Байыту және кесекшелеу қондырғыларының машинисі | 1-5 | 104 |
70. | Жерасты қондырғыларының машинисі | 2-4 | 106 |
71. | Жер соратын қондырғының машинисі | 2-5 | 108 |
72. | Жерасты тау-кен монтажшысы | 3-5 | 109 |
73. | Жол-көлік машиналарының машинисі | 2-6 | 113 |
74. | Кептіргіш қондырғы машинисі | 3 | 114 |
75. | Сұрыптау машинисі | 2 | 115 |
76. | Сүрлемдерге және көмір мұнараларына қызмет көрсету жөніндегі машинисі | 2 | 115 |
77. | Ұнтақтау - тиегіш агрегаттың машинисі | 5 | 115 |
78. | Шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғысының машинисі | 6 | 116 |
79. | Шой балғаларын ұрушы | 6 | 117 |
80. | Жерасты электр слесарі | 3-5 | 118 |
"Қоңыр көмір мен озокерит кендерін қайта өңдеу"бөлімі | |||
81. | Озокерит және озокерит өнімі өндірісінің аппаратшысы | 3-6 | 121 |
82. | Реагент өндірісінің аппаратшысы | 4-5 | 125 |
83. | Тау балауызы өндірісінің аппаратшысы | 3-6 | 126 |
84. | Құйғыш машина машинисі | 4 | 130 |
"Құрылыс материалдарын шығару және байыту" бөлім | |||
85. | Графит байытушы | 3-4 | 131 |
86. | Суспензияны бақылаушы | 2 | 131 |
87. | Реактивті суды дайындаушы | 2 | 132 |
88. | Слюда дайындаушы | 1-3 | 132 |
89. | Плиталар мен блоктарды жарушы | 5 | 134 |
90. | Асбест байыту өндірісінің зертханашысы | 3 | 134 |
91. | Забойшы | 4 | 135 |
92. | Траншеяларды кесуші | 3 | 136 |
93. | Асбест пен кенді қабылдаушы | 2 | 136 |
94. | Саз балшық кесетін машинаның машинисі | 4 | 136 |
95. | Слюда іріктеу қондырғысының машинисі | 3-4 | 137 |
96. | Тас кесетін машинаның машинисі | 4-5 | 138 |
97. | Асбест байыту жабдықтарын реттеуші | 4-6 | 139 |
98. | Тасты таңдаушы-төсеуші | 3 | 141 |
99. | Термокесуші | 4 | 141 |
100. | Үйіндіні ұнтақтаушы | 3 | 142 |
"Тау-кен және тау-кен-күрделі жұмыстарға(жалпы кәсіптері)" бөлім | |||
101. | Бекітуші | 3-5 | 142 |
102. | Шпурларды бұрғылаушы | 1-7 | 145 |
103. | Әуе-арқан жолының вагонетшісі | 2 | 147 |
104. | Гидромониторшы | 3-5 | 147 |
105. | Жарушы | 4-6 | 150 |
106. | Бекіту материалдарын шахтаға жеткізуші | 3 | 154 |
107. | Геологиялық жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы | 1-3 | 155 |
108. | Жерасты тау-кен жұмысшысы | 1-4 | 157 |
109. | Жол жұмысшысы | 2-4 | 165 |
110. | Тау-кен жұмысшысы | 1-3 | 168 |
111. | Көшкінге қарсы қорғау жұмысшысы | 2-3 | 171 |
112. | Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы | 1-4 | 173 |
113. | Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы | 5-6 | 176 |
114. | Экскаваторлар, үйінді көпірлері мен үйінді жасаушылар жанындағы тау-кен жұмысшысы | 2 | 179 |
115. | Бұрғыға май құюшы-ұста | 4 | 180 |
116. | Лампашы | 2 | 180 |
117. | Люкші | 2-6 | 181 |
118. | Әуе-арқан жолының машинисі | 3 | 183 |
119. | Бульдозер машинисі | 3 | 183 |
120. | Бұрғы қондырғысының машинисі | 1-6 | 185 |
121. | Вибротиеу қондырғысының машинисі | 4-5 | 188 |
122. | Гидросалманы араластыру қондырғысының машинисі | 3 | 189 |
123. | Еріту қондырғысының машинисі | 2-3 | 190 |
124. | Жол қозғағыш машинисі | 4-5 | 191 |
125. | Тау-кен жуып тазалау машиналарының машинисі | 5-6 | 192 |
126. | Тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының машинисі | 4-5 | 194 |
127. | Конвейер машинисі | 2-5 | 195 |
128. | Көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі | 3 | 197 |
129. | Өздігінен жүретін жерасты машиналардың машинисі | 4 | 197 |
130. | Өздігінен жүретін кабельжылжытқыш машинисі | 3 | 199 |
131. | Үңгілеу кешенінің машинисі | 4-6 | 200 |
132. | Реактивті қондырғы машинисі | 5 | 202 |
133. | Скрепер машинисі | 3 | 203 |
134. | Скреперлік шығыр машинисі | 3 | 204 |
135. | Сынама алу машинасының машинисі | 5 | 205 |
136. | Тиеу-жеткізу машинасының машинисі | 4-5 | 206 |
137. | Тиеу машинасының машинисі | 4-6 | 208 |
138. | Үйінді жасаушы машинисі | 4 | 208 |
139. | Үйінді көпір машинисі | 5 | 210 |
140. | Үйінді соқасының машинисі | 3 | 211 |
141. | Шахта электровозының машинисі | 3 | 211 |
141-1. | Шахталық аспалы локомотив машинисі | 4 | 212 |
142. | Экскаватор машинисі | 4 | 213 |
143. | Желдеткіш қондырғысының моторшысы | 1 | 216 |
144. | Оқпаншы | 2 | 217 |
145. | Пайдалы қазбаны геофизикалық опробациялау операторы | 4-5 | 218 |
146. | Газ өлшеуші | 1 | 220 |
147. | Үңгілеуші | 5-6 | 221 |
148. | Тау баурайларын үңгілеуші | 3-6 | 225 |
149. | Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь | 3-7 | 228 |
150. | Жару материалдарын таратушы | 3 | 236 |
151. | Төңкеруші | 2 | 237 |
152. | Үйінділердегі түсіруші | 2-3 | 238 |
153. | Тау-кен қазбаларын шабақтаушы | 3 | 239 |
154. | Жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі | 3-7 | 240 |
"Тау-кен химиялық шикізатты шығару және байыту" бөлім | |||
155. | Мирабилит шығару жөніндегі дренажшы | 3 | 250 |
156. | Кратцер машинисі | 3-4 | 250 |
157. | Фрезагрегат машинисі | 4 | 250 |
158. | Күкірт шығаратын және сутөкпе ұңғымалардың операторы | 4-5 | 251 |
159. | Ұңғыма жұмыстарын реттеуші | 3-4 | 252 |
160. | Сульфатшы | 2-3 | 253 |
161. | Мышьяк түсіруші | 3 | 254 |
"Шымтезек шығару және қайта өңдеу" бөлім | |||
162. | Шымтезекті кептіру жөніндегі аппаратшы | 4 | 255 |
163. | Шымтезек жұмысшысы | 1-3 | 255 |
164. | Карьершілер | 2 | 258 |
165. | Жыра қазушылар | 2 | 259 |
166. | Шымтезек массасын қайнатушы | 4 | 259 |
167. | Кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналардың машинисі | 4-5 | 260 |
168. | Фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдіру жөніндегі машиналардың машинисі | 4-6 | 261 |
169. | Шымтезек кен орындарын пайдалануға даярлау жөніндегі машиналардың машинисі | 4 | 263 |
170. | Шымтезек шығаратын экскаватордың машинисі | 4-6 | 264 |
171. | Шымтезек плиталарын престеуші | 4-5 | 266 |
172. | Түбір жұлушы | 2 | 267 |
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (4-шығарылым) 2-қосымшасы |
2012 жылғы басып шығарылған (4-шығарылымы) БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.11.2019 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атаулары | Разрядтар диапазоны | Р/с № | 2012 жылғы басып шығарылған (4-шығарылым) БТБА-ның қолданыстағы бойынша кәсіптердің атаулары | Разрядтар диапазоны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Арнайы мақсаттағы метрополитендер, туннельдер және жерасты ғимараттарының құрылысы" бөлім | |||||
1. | Көтеру-жылжыту тас төсегіштерінің машинисі | 5 | 1. | Көтеру-жылжыту тас төсегіштерінің машинисі | 5 |
2. | Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларының машинисі | 4-6 | 2. | Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларының машинисі | 4-6 |
3. | Тау-кен жабдықтарының монтажшысы | 3-6 | 3. | Тау-кен жабдықтарының монтажшысы | 3-6 |
4. | Оқшаулаушы | 3-5 | 4. | Оқшаулаушы | 3-5 |
5. | Үстірт жұмыстардағы үңгілеуші | 2-6 | 5. | Үстірт жұмыстардағы үңгілеуші | 2-6 |
6. | Үңгілеудегі электр слесарі | 3-6 | 6. | Үңгілеудегі электр слесарі | 3-6 |
7. | Жер асты үңгілеу жабдықтарының электр слесарі - монтажшысы | 3-6 | 7. | Жер асты үңгілеу жабдықтарының электр слесарі - монтажшысы | 3-6 |
"Байыту, агломерациялау, кесекшелеу (жалпы кәсіптері)" бөлім | |||||
1. | Кесекшелерді булаудағы автоклавшы | 3 | 1. | Кесекшелерді булаудағы автоклавшы | 3 |
2. | Кесекше қоспасын дайындау аппаратшысы | 4-5 | 2. | Кесекше қоспасын дайындау аппаратшысы | 4-5 |
3. | Қойылтқыш аппаратшысы | 3 | 3. | Қойылтқыш аппаратшысы | 3 |
4. | Байыту өнімін бақылаушы | 2 | 4. | Байыту өнімін бақылаушы | 2 |
5. | Дозалаушы | 2 | 5. | Дозалаушы | 2 |
6. | Електеуші | 2 | 6. | Електеуші | 2 |
7. | Реагенттерді ерітуші | 3 | 7. | Реагенттерді ерітуші | 3 |
8. | Жармалаушы | 2-6 | 8. | Жармалаушы | 2-6 |
9. | Лентадағы жинаушы | 1 | 9. | Лентадағы жинаушы | 1 |
10. | Кептіруші | 2-3 | 10. | Кептіруші | 2-3 |
11. | Концентраттаушы | 2-5 | 11. | Концентраттаушы | 2-5 |
12. | Күйдіруші | 3-5 | 12. | Күйдіруші | 3-5 |
13. | Диірмен машинисі | 3 | 13. | Диірмен машинисі | 3 |
14. | Жуу машиналарының машинисі | 2-4 | 14. | Жуу машиналарының машинисі | 2-4 |
15. | Кен орталау машинасының машинисі | 4-6 | 15. | Кен орталау машинасының машинисі | 4-6 |
16. | Кесекше пресінің машинисі | 1-4 | 16. | Кесекше пресінің машинисі | 1-4 |
17. | Қоректендіргіш машинисі | 3 | 17. | Қоректендіргіш машинисі | 3 |
18. | Басқару пультінің операторы | 2-5 | 18. | Басқару пультінің операторы | 2-5 |
19. | Қалдық шаруашылығын реттеуші | 2 | 19. | Қалдық шаруашылығын реттеуші | 2 |
20. | Сепараторшы | 3 | 20. | Сепараторшы | 3 |
21. | Сұрыптаушы | 1 | 21. | Сұрыптаушы | 1 |
22. | Сүзгіші | 2-3 | 22. | Сүзгіші | 2-3 |
23. | Тиеуші | 1 | 23. | Тиеуші | 1 |
24. | Тозаң түсіруші | 2 | 24. | Тозаң түсіруші | 2 |
25. | Флотатор | 4 | 25. | Флотатор | 4 |
26. | Центрифугалаушы | 2-4 | 26. | Центрифугалаушы | 2-4 |
27. | Шламдаушы-бассейнші | 2-4 | 27. | Шламдаушы-бассейнші | 2-4 |
"Кен және алтын араласқан пайдалы қазбаларды шығару және байыту" бөлімі | |||||
1. | Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы | 2-4 | 1. | Құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы | 2-4 |
2. | Қымбат өнімдерді бақылаушы | 3-4 | 2. | Қымбат өнімдерді бақылаушы | 3-4 |
3. | Драгашы | 4-6 | 3. | Драгашы | 4-6 |
4. | Құрамында алмазы бар концентраттарды жеткеруші | 3-4 | 4. | Құрамында алмазы бар концентраттарды жеткеруші | 3-4 |
5. | Жеткеруші | 3-4 | 5. | Жеткеруші | 3-4 |
6. | Алтын араласқан кен орындарының тау-кен жұмысшысы | 2-4 | 6. | Алтын араласқан кен орындарының тау-кен жұмысшысы | 2-4 |
7. | Гидромыс қондырғыларын цемент тектендірушісі | 2 | 7. | Гидромыс қондырғыларын цемент тектендірушісі | 2 |
8. | Қашауға май құюшы | 4 | 8. | Қашауға май құюшы | 4 |
9. | Драга матросы | 1 | 9. | Драга матросы | 1 |
10. | Драга машинисі | 3-6 | 10. | Драга машинисі | 3-6 |
11. | Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторисі | 2-4 | 11. | Металды алу жөніндегі жуғыш аспаптардың моторисі | 2-4 |
12. | Сульфидті кенді байыту учаскесінің әмбебап операторы | 3-6 | 12. | Жаңа кәсіп | |
13. | Тау-кен техникасының әмбебап операторы | 5-8 | 13. | Жаңа кәсіп | |
14. | Шағын литражды драгалардың пробуторшысы | 2 | 14. | Шағын литражды драгалардың пробуторшысы | 2 |
15. | Шлихтаушы | 2 | 15. | Шлихтаушы | 2 |
16. | Шлюздеуші | 2 | 16. | Шлюздеуші | 2 |
"Кендерді агломерациялау" бөлім | |||||
1. | Агломератшы | 3-6 | 1. | Агломератшы | 3-6 |
2. | Түйіршіктегіш машинаны баптаушы | 5 | 2. | Түйіршіктегіш машинаны баптаушы | 5 |
3. | Елекші-көсеуші | 2 | 3. | Елекші-көсеуші | 2 |
4. | Агломерация мен күйдіру жұмысындағы көрікші | 4 | 4. | Агломерация мен күйдіру жұмысындағы көрікші | 4 |
5. | Араластырғыш машинисі | 2 | 5. | Араластырғыш машинисі | 2 |
6. | Араластырғыш барабанның машинисі | 2 | 6. | Араластырғыш барабанның машинисі | 2 |
7. | Ауыспалы науаның машинисі | 2 | 7. | Ауыспалы науаның машинисі | 2 |
8. | Салқындатқыш машинисі | 2-4 | 8. | Салқындатқыш машинисі | 2-4 |
9. | Түйіршіктегіш машинисі | 4-5 | 9. | Түйіршіктегіш машинисі | 4-5 |
10. | Шекемтасты опалағыш машинисі | 3 | 10. | Шекемтасты опалағыш машинисі | 3 |
11. | Ыстыққай тарымды мөлшерлеуші | 4 | 11. | Ыстыққай тарымды мөлшерлеуші | 4 |
12. | Құдықпештер мен пештерді тиеуші-түсіруші | 2 | 12. | Құдықпештер мен пештерді тиеуші-түсіруші | 2 |
13. | Ыстық агломератты түсіруші | 3 | 13. | Ыстық агломератты түсіруші | 3 |
"Жұмыс кәсіптерінің көмір және сланец өндіру және байыту, көмір және сланец шахталары мен разрездерінің құрылысы" бөлім | |||||
1. | Көмір байыту аппаратшысы | 2-5 | 1. | Көмір байыту аппаратшысы | 2-5 |
2. | Көмір қабылдауды бақылаушы | 2 | 2. | Көмір қабылдауды бақылаушы | 2 |
3. | Тау – кен қазбаларын жөндеу жөніндегі кен жұмысшысы | 2-5 | 3. | Тау – кен қазбаларын жөндеу жөніндегі кен жұмысшысы | 2-5 |
4. | Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кен жұмысшысы | 3-4 | 4. | Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кен жұмысшысы | 3-4 |
5. | Разрездің тау-кен жұмысшысы | 2-3 | 5. | Разрездің тау-кен жұмысшысы | 2-3 |
6. | Байыту және кесекшелеу қондырғыларының машинисі | 1-5 | 6. | Байыту және кесекшелеу қондырғыларының машинисі | 1-5 |
7. | Жерасты қондырғыларының машинисі | 2-4 | 7. | Жерасты қондырғыларының машинисі | 2-4 |
8. | Жер соратын қондырғының машинисі | 2-5 | 8. | Жер соратын қондырғының машинисі | 2-5 |
9. | Жерасты тау-кен монтажшысы | 3-5 | 9. | Жерасты тау-кен монтажшысы | 3-5 |
10. | Жол-көлік машиналарының машинисі | 2-6 | 10. | Жол-көлік машиналарының машинисі | 2-6 |
11. | Кептіргіш қондырғы машинисі | 3 | 11. | Кептіргіш қондырғы машинисі | 3 |
12. | Сұрыптау машинисі | 2 | 12. | Сұрыптау машинисі | 2 |
13. | Сүрлемдерге және көмір мұнараларына қызмет көрсету жөніндегі машинисі | 2 | 13. | Сүрлемдерге және көмір мұнараларына қызмет көрсету жөніндегі машинисі | 2 |
14. | Ұнтақтау-тиегіш агрегаттың машинисі | 5 | 14. | Ұнтақтау-тиегіш агрегаттың машинисі | 5 |
15. | Шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғысының машинисі | 6 | 15. | Шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғысының машинисі | 6 |
16. | Шой балғаларын ұрушы | 6 | 16. | Шой балғаларын ұрушы | 6 |
17. | Жерасты электр слесарі | 3-5 | 17. | Жерасты электр слесарі | 3-5 |
"Қоңыр көмір мен озокерит кендерін қайта өңдеу" бөлім | |||||
1. | Озокерит және озокерит өнімі өндірісінің аппаратшысы | 3-6 | 1. | Озокерит және озокерит өнімі өндірісінің аппаратшысы | 3-6 |
2. | Реагент өндірісінің аппаратшысы | 4-5 | 2. | Реагент өндірісінің аппаратшысы | 4-5 |
3. | Тау балауызы өндірісінің аппаратшысы | 3-6 | 3. | Тау балауызы өндірісінің аппаратшысы | 3-6 |
4. | Құйғыш машина машинисі | 4 | 4. | Құйғыш машинама шинисі | 4 |
"Құрылыс материалдарын шығару және байыту" бөлім | |||||
1. | Графит байытушы | 3-4 | 1. | Графит байытушы | 3-4 |
2. | Суспензияны бақылаушы | 2 | 2. | Суспензияны бақылаушы | 2 |
3. | Реактивті суды дайындаушы | 2 | 3. | Реактивті суды дайындаушы | 2 |
4. | Слюда дайындаушы | 1-3 | 4. | Слюда дайындаушы | 1-3 |
5. | Плиталар мен блоктарды жарушы | 5 | 5. | Плиталар мен блоктарды жарушы | 5 |
6. | Асбест байыту өндірісінің зертханашысы | 3 | 6. | Асбест байыту өндірісінің зертханашысы | 3 |
7. | Забойшы | 4 | 7. | Забойшы | 4 |
8. | Траншеяларды кесуші | 3 | 8. | Траншеяларды кесуші | 3 |
9. | Асбест пен кенді қабылдаушы | 2 | 9. | Асбест пен кенді қабылдаушы | 2 |
10. | Саз балшық кесетін машинаның машинисі | 4 | 10. | Саз балшық кесетін машинаның машинисі | 4 |
11. | Слюда іріктеу қондырғысының машинисі | 3-4 | 11. | Слюда іріктеу қондырғысының машинисі | 3-4 |
12. | Таскесетін машинаның машинисі | 4-5 | 12. | Таскесетін машинаның машинисі | 4-5 |
13. | Асбест байыту жабдықтарын реттеуші | 4-6 | 13. | Асбест байыту жабдықтарын реттеуші | 4-6 |
14. | Тасты таңдаушы-төсеуші | 3 | 14. | Тасты таңдаушы-төсеуші | 3 |
15. | Термокесуші | 4 | 15. | Термокесуші | 4 |
16. | Үйіндіні ұнтақтаушы | 3 | 16. | Үйіндіні ұнтақтаушы | 3 |
"Тау-кен және тау-кен-күрделі жұмыстарға (жалпы кәсіптері)" бөлім | |||||
1. | Бекітуші | 3-5 | 1. | Бекітуші | 3-5 |
2. | Шпурларды бұрғылаушы | 1-7 | 2. | Шпурларды бұрғылаушы | 1-7 |
3. | Әуе-арқан жолының вагонетшісі | 2 | 3. | Әуе-арқан жолының вагонетшісі | 2 |
4. | Гидромониторшы | 3-5 | 4. | Гидромониторшы | 3-5 |
5. | Жарушы | 4-6 | 5. | Жарушы | 4-6 |
6. | Бекіту материалдарын шахтаға жеткізуші | 3 | 6. | Бекіту материалдарын шахтаға жеткізуші | 3 |
7. | Геологиялық жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы | 1-3 | 7. | Геологиялық жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы | 1-3 |
8. | Жерасты кен жұмысшысы | 1-4 | 8. | Жерасты кен жұмысшысы | 1-4 |
9. | Жол жұмысшысы | 2-4 | 9. | Жол жұмысшысы | 2-4 |
10. | Тау-кен жұмысшысы | 1-3 | 10. | Тау-кен жұмысшысы | 1-3 |
11. | Көшкінге қарсы қорғау жұмысшысы | 2-3 | 11. | Көшкінге қарсы қорғау жұмысшысы | 2-3 |
12. | Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы | 1-4 | 12. | Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы | 1-4 |
13. | Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы | 5-6 | 13. | Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы | 5-6 |
14. | Экскаваторлар, үйінді көпірлері мен үйінді жасаушылар жанындағы тау-кен жұмысшысы | 2 | 14. | Экскаваторлар, үйінді көпірлері мен үйінді жасаушылар жанындағы тау-кен жұмысшысы | 2 |
15. | Бұрғыға май құюшы-ұста | 4 | 15. | Бұрғыға май құюшы-ұста | 4 |
16. | Лампышы | 2 | 16. | Лампышы | 2 |
17. | Люкші | 2-6 | 17. | Люкші | 2-6 |
18. | Әуе-канат жолының машинисі | 3 | 18. | Әуе-канат жолының машинисі | 3 |
19. | Бульдозер машинисі | 3 | 19. | Бульдозер машинисі | 3 |
20. | Бұрғы қондырғысының машинисі | 1-6 | 20. | Бұрғы қондырғысының машинисі | 1-6 |
21. | Вибротиеу қондырғысының машинисі | 4-5 | 21. | Вибротиеу қондырғысының машинисі | 4-5 |
22. | Гидросалманы араластыру қондырғысының машинисі | 3 | 22. | Гидросалманы араластыру қондырғысының машинисі | 3 |
23. | Еріту қондырғысының машинисі | 2-3 | 23. | Еріту қондырғысының машинисі | 2-3 |
24. | Жолқозғағыш машинисі | 4-5 | 24. | Жолқозғағыш машинисі | 4-5 |
25. | Тау-кен жуып тазалау машиналарының машинисі | 5-6 | 25. | Тау-кен жуып тазалау машиналарының машинисі | 5-6 |
26. | Тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының машинисі | 4-5 | 26. | Тау-кен массасының шойтастарын бұзу қондырғысының машинисі | 4-5 |
27. | Конвейер машинисі | 2-5 | 27. | Конвейер машинисі | 2-5 |
28. | Көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі | 3 | 28. | Көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі | 3 |
29. | Өздігінен жүретін жерасты машиналардың машинисі | 4 | 29. | Өздігінен жүретін жерасты машиналардың машинисі | 4 |
30. | Өздігінен жүретін кабель жылжытқыш машинисі | 3 | 30. | Өздігінен жүретін кабель жылжытқыш машинисі | 3 |
31. | Үңгілеу кешенінің машинисі | 4-6 | 31. | Үңгілеу кешенінің машинисі | 4-6 |
32. | Реактивті қондырғы машинисі | 5 | 32. | Реактивті қондырғы машинисі | 5 |
33. | Скрепер машинисі | 3 | 33. | Скрепер машинисі | 3 |
34. | Скреперлік шығыр машинисі | 3 | 34. | Скреперлік шығыр машинисі | 3 |
35. | Сынама алу машинасының машинисі | 5 | 35. | Сынама алу машинасының машинисі | 5 |
36. | Тиеу-жеткізу машинасының машинисі | 4-5 | 36. | Тиеу-жеткізу машинасының машинисі | 4-5 |
37. | Тиеу машинасының машинисі | 4-6 | 37. | Тиеу машинасының машинисі | 4-6 |
38. | Үйінді жасаушы машинисі | 4 | 38. | Үйінді жасаушы машинисі | 4 |
39. | Үйінді көпір машинисі | 5 | 39. | Үйінді көпір машинисі | 5 |
40. | Үйінді соқасының машинисі | 3 | 40. | Үйінді соқасының машинисі | 3 |
41. | Шахта электровозының машинисі | 3 | 41. | Шахта электровозының машинисі | 3 |
41-1. | Шахталық аспалы локомотив машинисі | 4 | 41-1. | - | - |
42. | Экскаватор машинисі | 4 | 42. | Экскаватор машинисі | 4 |
43. | Желдеткіш қондырғысының моторшысы | 1 | 43. | Желдеткіш қондырғысының моторшысы | 1 |
44. | Оқпаншы | 2 | 44. | Оқпаншы | 2 |
45. | Пайдалы қазбаны геофизикалық опробациялау операторы | 4-5 | 45. | Пайдалы қазбаны геофизикалық опробациялау операторы | 4-5 |
46. | Газ өлшеуші | 1 | 46. | Газ өлшеуші | 1 |
47. | Үңгілеуші | 5-6 | 47. | Үңгілеуші | 5-6 |
48. | Тау баурайларын үңгілеуші | 3-6 | 48. | Тау баурайларын үңгілеуші | 3-6 |
49. | Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь | 3-7 | 49. | Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь | 3-7 |
50. | Жару материалдарын таратушы | 3 | 50. | Жару материалдарын таратушы | 3 |
51. | Төңкеруші | 2 | 51. | Төңкеруші | 2 |
52. | Үйінділердегі түсіруші | 2-3 | 52. | Үйінділердегі түсіруші | 2-3 |
53. | Тау-кен қазбаларын шабақтаушы | 3 | 53. | Тау-кен қазбаларын шабақтаушы | 3 |
54. | Жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі | 3-7 | 54. | Жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі | 3-7 |
"Тау-кен химиялық шикізатты шығару және байыту" бөлім | |||||
1. | Мирабилит шығару жөніндегі дренажшы | 3 | 1. | Мирабилит шығару жөніндегі дренажшы | 3 |
2. | Кратцер машинисі | 3 | 2. | Кратцер машинисі | 3 |
3. | Фрезагрегат машинисі | 4 | 3. | Фрезагрегат машинисі | 4 |
4. | Күкіртшығаратын және сутөкпе ұңғымалардың операторы | 4-5 | 4. | Күкіртшығаратын және сутөкпе ұңғымалардың операторы | 4-5 |
5. | Ұңғыма жұмыстарын реттеуші | 3-4 | 5. | Ұңғыма жұмыстарын реттеуші | 3-4 |
6. | Сульфатшы | 2-3 | 6. | Сульфатшы | 2-3 |
7. | Мышьяк түсіруші | 3 | 7. | Мышья ктүсіруші | 3 |
"Шымтезек шығару және қайта өңдеу" бөлім | |||||
1. | Шымтезекті кептіру жөніндегі аппаратшы | 4 | 1. | Шымтезекті кептіру жөніндегі аппаратшы | 4 |
2. | Шымтезек жұмысшысы | 1-3 | 2. | Шымтезек жұмысшысы | 1-3 |
3. | Карьершілер | 2 | 3. | Карьершілер | 2 |
4. | Жыра қазушылар | 2 | 4. | Жыра қазушылар | 2 |
5. | Шымтезек массасынқ айнатушы | 4 | 5. | Шымтезек массасын қайнатушы | 4 |
6. | Кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналардың машинисі | 4-5 | 6. | Кесекті шымтезекті шығару және қайта өңдеу жөніндегі машиналардың машинисі | 4-5 |
7. | Фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдіру жөніндегі машиналардың машинисі | 4-6 | 7. | Фрезер шымтезегін шығару және қайта өңдіру жөніндегі машиналардың машинисі | 4-6 |
8. | Шымтезек кен орындарын пайдалануға даярлау жөніндегі машиналардың машинисі | 4 | 8. | Шымтезек кен орындарын пайдалануға даярлау жөніндегі машиналардың машинисі | 4 |
9. | Шымтезек шығаратын экскаватордың машинисі | 4-6 | 9. | Шымтезек шығаратын экскаватордың машинисі | 4-6 |
10. | Шымтезек плиталарын престеуші | 4-5 | 10. | Шымтезек плиталарын престеуші | 4-5 |
11. | Түбір жұлушы | 2 | 11. | Түбір жұлушы | 2 |