"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 381 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-43) тармақшасына және 1972 жылғы Теңізде кемелердің соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық ережелеріне түзетулермен (бұдан әрі – ТКССХЕ) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасының шекара қызметінің теңіз бөлімдері туының астында жүзетін кемелерге қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар қолданылады:
1) айналма от – көкжиектің 3600 доғасын үздіксіз жарықпен жарықтандыратын отты білдіреді;
2) артқы оттар – кеменің артқы жағына барынша жақын орналасқан, артық жағынан тікелей бағытынан әрбір борт жағына қарай 67,50-ге дейін жарқырайтын және көкжиектің доғасының үздіксіз жарығымен 1350-та жарық беретін ақ отты білдіреді;
3) балық аулаумен айналысатын кеме – кеменің маневрлігін шектемейтін ілмекті құрал-саймандармен немесе басқа да аулау құралдарымен балық аулайтын кемелерді қоспағанда, балық аулауды тормен, қатпарлы ілмекті құрал-саймандармен, тралдармен немесе басқа да аулау құралдарымен жүзеге асыратын, оның маневрлігін шектейтін кез келген кемені білдіреді;
4) басқару мүмкіндігінен айырылған кеме – жағдайға байланысты осы Қағидалардың талаптарына сәйкес маневр жасауға қабілетсіз және осыған байланысты басқа кемеге жол бере алмайтын кемені білдіреді;
5) басып озатын кеме – соңғысының траверзінің артынан 22,50 астам бағыттан басқа кемеге келетін және басып озатын кемеге қатысты осындай жағдайда болатын кемені білдіреді, бұл түнде басып озатын кеменің артқы жақ отынымен ғана көре алады және оның борттық оттарының бірде-бірін көре алмайды;
6) борттық оттар – оң борттағы жасыл отты және тиісті борттың траверзінің артында тікелей алдыңғы бағытынан 22,50-ге дейін жарық беретін және көкжиектің доғасының үздіксіз жарығымен 112,50-те жарық беретін сол борттағы қызыл отты білдіреді;
7) бір-біріне көрінетін жерде тұрған кемелер – кеме басқа кемеден көзбен шолып байқалуы дегенді білдіреді;
8) гидроұшақтар – суда маневр жасауға қабілеті кез келген ұшу аппаратын білдіреді;
9) жарқылды от – минутына 120 немесе одан да көп жарқылды жиілікпен тұрақты интервалдар арқылы жарқыл беретін отты білдіреді;
10) жел жағы – грот орналасқан жаққа қарама-қарсы тарап, ал тура желкенді жабдығы бар кемелер үшін – ең үлкен қисық желкенді қайыққа қарама-қарсы тарап;
11) кеме жүру кезінде – кеменің зәкірде тұрмағанын, жағаға арқандап байланбағанын және қайраңда тұрмағанын білдіреді;
12) қысқа дыбыс – ұзақтығы шамамен бір секундтық дыбысты білдіреді;
13) маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кеме – орындалатын жұмыстың сипатына бола осы Қағидалардың талаптарына сәйкес маневр жасау мүмкіндігі шектеулі және осыған байланысты басқа кемеге жол бере алмайтын кемені білдіреді.
Маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кемелер мынадай кемелер болып табылады:
навигациялық белгіні қоюды, қызмет көрсетуді немесе алып тастауды, су асты кабелін немесе құбырды төсеуді, қарауды немесе көтеруді жүзеге асыратын кеме;
түбін тереңдету, мұхитграфикалық, гидрографикалық немесе су асты жұмыстарын жүзеге асыратын кеме;
адамдарды, азық-түлікті немесе жүкті толықтыруды, жабдықтауды немесе беруді жүзеге асыратын кеме;
ұшу аппараттарының ұшып көтерілуін немесе қабылдануын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын кеме;
миналарды тралдауды жүзеге асыратын кеме;
тіркеп сүйреуді жүзеге асыратын, тіркеп сүйрейтін және тіркеп сүйрейтін кемелердің өз бағытынан ауытқу мүмкіндігін шектейтін кеме;
14) механикалық қозғалтқышы бар кеме – механикалық қондырғымен қозғалысқа келтірілетін кез келген кемені білдіреді;
15) өзінің тұнбасымен ығыстырылған кеме – оның тұнбасы мен қолда бар тереңдіктерінің арасындағы ара қатынасына байланысты жүретін бағыттан ауытқу мүмкіндігі айтарлықтай шектелген механикалық қозғалтқышы бар кемені білдіреді;
16) топтық от – кеменің диаметральды жазықтығында орналасқан, әрбір борттың траверзінің артында тікелей мұрын бойымен бағыттан 22,50-ге дейін жарқырайтын және көкжиек доғасының үздіксіз жарығымен 2250-та жарық беретін ақ отты білдіреді;
17) тіркеп сүйреу оты – артқы оттар сияқты сипаттамалары бар сары отты білдіреді;
18) ұзақ дыбыс – төрт секундтан алты секундқа дейінгі дыбысты білдіреді;
19) фарватер – навигациялық қоршау құралдары арқылы (буялар, қадалар, екі жарма белгілері) көрсетілетін кедергілер арасында (аралдар, қайрандар арасында) кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған жол;
20) шектеулі көріну – тұманның, қараңғылықтың, қар жаууының, қатты нөсердің, құмды дауылдың салдарынан немесе басқа да осыған ұқсас себептер бойынша көріну шектелген ауа райы жағдайлары;
21) ысқырық – дыбыстарды беретін және ТКССХЕ III қосымшасының талаптарына сәйкес келетін кез келген дыбыс-сигнал құрылғысын білдіреді.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу тәртібі
1-параграф. Кез келген көріну жағдайларында кемелердің қозғалыс және маневр жасау тәртібі
4. Кемелердің қозғалысы "Қазақстан Республикасының теңіз дәліздерін және аумақтық суларындағы (теңізіндегі) қозғалысты бөлу схемаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 97 қаулысында белгіленген Қазақстан Республикасының теңіз дәліздерін және аумақтық суларындағы (теңізіндегі) қозғалысты бөлу схемалары бойынша жүзеге асырылады.
5. Жүзу кезінде әрбір кемеге:
1) қозғалыс ағынының жалпы бағытында қабылданған тиісті қозғалыс жолағында жүру;
2) қозғалысты бөлу сызығынан немесе қозғалысты бөлу аймағынан тыс ұстау;
3) егер кеме қозғалыс жолағынан кетіп қалған немесе оған сырт жағынан кірген жағдайда қозғалыс жолағына кіруге немесе оны соңғы учаскелерде тастап кетуге оған мұны қозғалыс ағынының жалпы бағытына қарай ең аз бұрышпен бұрылу қажет.
6. Кемелерге Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы теңіз дәліздерінде белгіленген қозғалыс жолақтарын кесіп өтуге тыйым салынады. Қозғалыс жолағын мәжбүрлі түрде кесіп өткен жағдайда, кеме қозғалыс ағынының жалпы бағытына қарай тікелей бұрышпен бұрылуы қажет.
7. Қозғалысты бөлу схемасын кесіп өтуге, теңіз дәліздеріне кіруге не одан шығуға ниет білдірмеген кемеге қозғалысты бөлу аймағына кіруге немесе оны келесі жағдайларда кесіп өтуге рұқсат етіледі:
1) тікелей қауіпті болдырмау мақсатында;
2) қозғалысты бөлу аймағының шегінде балық аулау.
8. Кемені теңіз дәліздері шегінде немесе оның соңғы учаскелеріне жақын зәкірге қоюға тыйым салынады.
9. Балық аулаумен айналысатын кемеге қозғалыс жолағында жүретін кез келген басқа кеменің қозғалысына кедергі жасауға тыйым салынады.
10. Ұзындығы 20 метрден кем кеме немесе желкенді кемеге қозғалыс жолағында жүретін механикалық қозғалтқышы бар кеменің қауіпсіз қозғалысына кедергі жасауға тыйым салынады.
11. Маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кеме теңіз дәлізінде жүзу қауіпсіздігін қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 5, 6, 7, 8 және 10-тармақтарында көрсетілген талаптарды орындаудан босатылады.
12. Маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кеме теңіз дәліздері шегінде су асты кабелін көтеру, қызмет көрсету және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 5, 6, 7, 8 және 10-тармақтарында көрсетілген талаптарды орындаудан босатылады.
13. Әрбір кеме мынадай факторларды ескере отырып есептелетін қауіпсіз жылдамдықпен жүруі қажет:
1) барлық кемелердің:
көріну жағдайы;
балық аулау немесе кез келген басқа кемелердің жиналуын қоса алғанда қозғалыс тығыздығы;
кеменің маневрлік мүмкіндіктері және кемені толық тоқтату үшін қажетті қашықтық, басым жағдайларда кеменің бұрылуы;
түнде жағалау оттары мен өз оттарының жарықтандыру фонының болуы;
желдің, теңіздің жай-күйі және навигациялық қауіптердің ағысы мен жақындығы;
бар тереңдіктер мен шөгінділер арасындағы арақатынас.
2) радиолокаторды пайдаланатын қосымша кеме:
радиолокациялық жабдықтың сипаттамалары, тиімділігі және шектеулері;
пайдаланылатын радиолокациялық қашықтық шәкілімен салынатын кез келген шектеулер;
теңіз жай-күйін және метеорологиялық факторларды, сондай-ақ басқа да кедергі көздерін радиолокациялық анықтауға әсері;
радиолокатордың жеткілікті қашықтықта шағын кемелерді, мұз бен басқа да жүзу объектілерін анықтай алмау ықтималдылығы;
радиолокаторлармен анықталған кемелердің саны, орналасқан жері және орнын ауыстыруы;
жақын орналасқан кемелерге немесе басқа да объектілерге дейінгі қашықтықты радиолокациялық өлшеу кезінде алынған көрінуді дәл бағалау.
14. Әрбір кемеге соқтығысу қаупінің болуын анықтау және оған жол бермеу үшін борттағы барлық қолда бар құралдардың көмегімен үнемі көзбен шолып және есту бақылауын жүргізу қажет.
15. Мынадай жағдайларда соқтығысу қаупі бар кемелер есептелуге тиіс:
1) егер жақындап келе жатқан кеменің пеленгі айтарлықтай өзгермесе;
2) сүйреткіш кемені, ірі көлемді кемені қоса алғанда, кемелердің жақындасу немесе шағын қашықтықта кемелердің жақындасу жағдайында пеленг айтарлықтай өзгерген кезінде.
16. Айтарлықтай және алдын ала кеменің бағытын және/немесе жылдамдығын өзгерту, сондай-ақ басқа кемелермен шамадан тыс жақындасуды тудырмауы тиіс.
17. Егер кемелердің соқтығысуының алдын алу қажет болса немесе жағдайды бағалау үшін көп уақыт қажет болған жағдайда, кеме өз машиналарын тоқтатып немесе артқа қарай жүріп, жүрісті азайтуы немесе тоқтатуы қажет.
18. Осы Қағидаларға сәйкес басқа кеменің қозғалысын немесе қауіпсіз өтуін қиындатуға тыйым салынған кеме басқа кеменің қауіпсіз өтуі үшін жеткілікті су кеңістігін қалдыру үшін қажетті шараларды қабылдайды.
19. Тар жолдың немесе фарватердің бойымен келе жатқан кемеге оның оң жақ бортынан барынша жақын және қауіпсіз қашықтықта орналасқан өту жолының немесе фарватердің сыртқы шекарасын ұстау қажет.
20. Ұзындығы 20 метрден кем кемелерге, желкенді кемелерге, балық аулайтын кемелерге тек фарватер немесе тар жолдың шегінде қауіпсіз жүруі мүмкін кемелердің қозғалысына кедергі жасауға тыйым салынады.
21. Егер мұндай қиылысу фарватер немесе осындай тар жолдың шегінде ғана қауіпсіз жүруі мүмкін кеменің қозғалысын қиындатса, кеме тар жолды немесе фарватерді кесіп өтпейді. Өту жолын немесе фарватерді кесіп өтетін кеменің ниеттеріне қатысты күмән болған жағдайда екінші кеме осы Қағидалардың 94-тармағына сәйкес дыбыстық сигналды пайдаланады.
22. Тар жол кезінде немесе фарватерде басып озуды жүргізуге ниеттенген кемеге осы Қағидалардың 93-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дыбыстық сигнал беру қажет.
Басып озуға келісім берген жағдайда, басып озатын кемеге жауап ретінде осы Қағидалардың 93-тармағының 2) тармақшасына сәйкес дыбыстық сигнал беру және басып озатын кеменің қауіпсіз өтуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді қабылдау қажет.
Егер басып озатын кеме басып озу қауіпсіздігіне күмәнданған жағдайда, ол осы Қағидалардың 94-тармағына сәйкес дыбыстық сигналдарды береді.
23. Басқа кемелер кедергілердің болуына байланысты көрінбеуі мүмкін майысуға немесе тар жолдың немесе фарватердің осындай учаскесіне жақындап келе жатқан кемеге осы Қағидалардың 95-тармағына сәйкес дыбыстық сигнал беру қажет.
24. Тар жолда кемені зәкірге қоюға тыйым салынады.
2-параграф. Бір-біріне көрінетін жерде орналасқан кемелердің қозғалысы мен маневр жасау тәртібі
25. Екі желкенді кемелердің жақындасуы кезінде соқтығысу қаупі туындаған жағдайда, олардың біреуі екіншісіне мынадай әдіспен жол береді:
1) кеме әртүрлі галстармен жүзіп келе жатса, сол галспен жүзіп келе жатқан кеме басқа кемеге жол береді;
2) екі кеме бір гласпен жүзіп келе жатса, онда желдегі кеме жел астындағы кемеге жол береді;
3) егер сол жақтағы галспен жүзіп келе жатқан кеме басқа кемені жел жағынан көрсе және сол немесе оң жақтағы галспен басқа кеме жүзіп келе жатқанын дәл анықтай алмаса, ол оған жол береді;
26. Басқасын басып озатын әрбір кеме басып озатын кеме жолынан соңғысының соңғы өткеніне және артта қалғанына дейін шет жағында ұсталуы қажет.
27. Механикалық қозғалтқыштары бар екі кеменің қарама-қарсы бағыттарында жақындасу кезінде соқтығысу қаупі туындаған жағдайда, басқа кеме оның сол жақ борты бойынша өтуі үшін әрбір кеме өзінің бағытын оңға өзгерту қажет.
28. Соқтығысу қаупі туындаған жағдайда, механикалық қозғалтқыштары бар екі кеме қиылысатын бағыттармен жүріп өткен жағдайда оның оң жағында басқа кеме өтетін кемеге жол беру және басқа кеменің бағытын сол кеменің алдынғы бойымен кесіп өтуге жол бермеуі қажет.
29. Екі кеменің бірі екіншісіне жол берсе, соңғысына бағыт пен жылдамдық сақтау қажет.
30. Бағыттарды кесіп өту жағдайында осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес шаралар қабылдайтын механикалық қозғалтқышы бар кеме, егер басқа кеме оның сол жағында болса, бағытты солға өзгертпейді.
Осы Қағидалардың берілген бұл тармағы жол беруге тиіс кемені осы әрекетті орындаудан босатпайды.
31. Осы Қағидалардың 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 26-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда:
1) механикалық қозғалтқышы бар кеме жүру кезінде мыналарға жол береді:
басқару мүмкіндігінен айырылған кемеге;
маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кемеге;
балық аулайтын кемеге;
желкенді кемеге;
2) желкенді кеме жүру кезінде мыналарға жол береді:
басқару мүмкіндігінен айырылған кемеге;
маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кемеге;
балық аулайтын кемеге;
3) балық аулайтын кеме жүру кезінде мыналарға жол береді:
басқару мүмкіндігінен айырылған кемеге;
маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кемеге;
4) басқару мүмкіндігінен айырылған кемені немесе маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кемені қоспағанда, кез келген кемеге өзінің шөгуімен қысылған және осы Қағидалардың 78-тармағына сәйкес сигналдарды қоятын кеменің қауіпсіз өтуін қиындатуға тыйым салынады;
5) суда гидроұшақты барлық кемелерден тыс тұру және қозғалысын қиындатпау қажет;
6) ұшу, қону және жер бетіне жақын ұшу кезінде экран планын барлық кемелерден тыс тұру және олардың қозғалысын қиындатпау қажет. Су бетіндегі экран планы механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес әрекет ету қажет.
3-параграф. Шектеулі көріну кезінде кемелердің қозғалу және маневр жасау тәртібі
32. Әрбір кеме шектеулі көріну шарттарын ескере отырып белгіленген қауіпсіз жылдамдықпен жүру қажет.
33. Механикалық қозғалтқышы бар кеме өз машиналарын дереу маневр жасауға дайын ұстауы қажет.
34. Шамадан тыс жақындасу және/немесе соқтығысу қаупі туындаған кезде басқа кемемен алшақтық үшін шаралар қабылдайтын кемеге мыналарды:
1) егер басқа кеме траверздің алдында болса және басып озатын болып табылмаса, бағытты солға өзгертуді;
2) траверздегі немесе траверздің артындағы кеме жағына бағытты өзгертуді болдырмау қажет.
35. Өз траверзінің алдында басқа кеменің тұманы туралы ескерту сигналы еститін немесе оның траверзінің алдында тұрған басқа кемемен шамадан тыс жақындасудан құтыла алмайтын кемеге жүрісті бағытпен ұстап тұру үшін жеткілікті ең төменгі жылдамдыққа дейін азайту қажет. Қажет болған жағдайда кеме қозғалысты тоқтатады.
4-параграф. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу кезінде оттар мен белгілерді қою тәртібі
36. Қазақстан Республикасының аумақтақ суларында жүзу кезінде кемелер ТКССХЕ-ке 1-қосымшаға сәйкес келетін оттар мен белгілерді қою.
37. Кемелер күн батқаннан шыққанға дейін оттарды қояды және көрсетілген уақыт ішінде мынардан басқа оттарды шығармайды:
1) осы Қағидаларда көрсетілген оттар үшін қате қабылдана алмайтын оттар;
2) осы Қағидаларда көрсетілген оттардың көрінуін және айырым сипаттамаларын нашарлатпайтын оттар;
3) тиісті бақылау үшін кедергі болмайтын оттар.
38. Шектеулі көріну жағдайында оттар шығыстан күн батқанға дейін қойылады.
39. Кемелер күндізгі уақытта белгілер қояды.
40. Белгілер мен оттар кез келген ауа райы кезінде қойылады.
41. Оттар ТКССХЕ-ке 1-қосымшасының 8-бөлімінде көрсетілген қарқындылықпен қойылады және мынадай ең аз қашықтықта көрінуі тиіс:
1) ұзындығы 50 метр немесе одан астам кемелерде:
топтық от - 6 миль;
борттық от - 3 миль;
артқы от - 3 миль;
тіркеп сүйреу оты - 3 миль
ақ, қызыл, жасыл немесе сары айналма от - 3 миль;
2) ұзындығы 12 метр және одан жоғары, бірақ 50 метрден кем кемелерде:
топтық от - 5 миль, кеменің ұзындығы 20 метрден кем болғанда - 3 миль;
борттық от-2 миль;
артқы от - 2 миль;
тіркеп сүйреу оты - 2 миль
ақ, қызыл, жасыл немесе сары айналма от - 2 миль.
3) ұзындығы 12 метрден кем кемелерде:
топтық от - 2 миль;
борттық от - 1 миль;
артқы от - 2 миль;
тіркеп сүйреу оты - 2 миль
ақ, қызыл, жасыл немесе сары айналма от - 2 миль;
4) аз саңылаулы жартылай тиелген тіркеп сүйретілетін кемелерде немесе объектілерде ақ айналма от – 3 миль.
42. Механикалық қозғалтқышы бар кемеге жүзу кезінде:
1) алдыңғы топтық от;
2) екінші топтық от алдыңғы топтық оттан жоғары және артында, ұзындығы 50 метрден кем кемелерде мұндай от қоймауға жол беріледі;
3) борттық оттар;
4) артқы оттар.
43. Су ығыстырмайтын күйдегі ауа жастығындағы кеме осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген оттарға қосымша айналма жарқыл сары шам қою қажет.
44. Ұшып көтерілу, қону және су бетіне жақын ұшу кезінде экранды планға осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген оттарға қосымша жарық күшінің үлкен жалтыр қызыл айналма отын қою қажет.
45. Ұзындығы 12 метрден кем механикалық қозғалтқышы бар кемеде осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген оттардың орнына ақ айналма от пен борттық оттарды қоюға жол беріледі.
46. Ұзындығы 7 метрден кем, ең жоғары жылдамдығы 7 тораптан аспайтын механикалық қозғалтқышы бар кемеде осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген оттардың орнына ақ айналма от пен борттық оттарды қоюға рұқсат етіледі.
47. Ұзындығы 12 метрден кем механикалық қозғалтқышы бар кемеде, егер оны диаметральды жазықтықта орнату мүмкін болмаған жағдайда, кеменің диаметральды жазықтығына қатысты белгі оттың немесе ақ айналма оттың ығысуына жол беріледі. Борттық оттарды кеменің диаметральды жазықтығында орнатылған немесе белгі немесе ақ айналма от орнатылған кеменің диаметральды жазықтығына жақын бір фонарда бекіту қажет.
48. Ұзындығы 20 метрден кем кемеде борттық оттарды кеменің диаметральды жазықтығында қойылатын бір фонарда біріктіруге рұқсат етіледі.
49. Тіркеп сүйреуді жүзеге асыратын механикалық қозғалтқышы бар кемеге:
1) осы Қағидалардың 42-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген оттың орнына алдыңғы екі топтық от тік сызық бойынша орналасқан. Егер тіркеп сүйрететін кеменің оның артқы жағынан сүйретілетін кеменің артқы жағына дейін өлшенетін ұзындығы 200 метрден аса осындай үш от;
2) борттық оттар;
3) артқы от;
4) артқы жақ отының үстінен тік сызық бойынша орналасқан тіркеп сүйрету оты;
5) Егер тіркеп сүйрететін кеменің ұзындығы 200 метрден асса, неғұрлым көрінетін жердегі ромб тәрізді белгі.
50. Итеруші кеме және алға итерілетін, бірыңғай құрамға бірге біріктірілген кеме механикалық қозғалтқышы бар бірыңғай кеме ретінде қаралады және осы Қағидалардың 42, 43, 44, 45, 46, 47-тармақтарында көрсетілген оттарды қояды.
51. Механикалық қозғалтқышы бар, алға итеретін немесе басқа кемені тіркеп сүйрейтін кемеге, егер ол кемелердің бірыңғай құрамының бөлігі болып табылмаса, кемеге мыналарды қою қажет:
1) осы Қағидалардың 42-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген оттың орнына тік сызық бойынша алдында орналасқан екі топтық от;
2) борттық оттар;
3) артқы от.
52. Осы Қағидалардың 49 және 51-тармақтары қолданылатын механикалық қозғалтқышы бар кемеге осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасының ережелерін сақтау қажет.
53. Тіркеп сүйрететін кемеге немесе объектіге осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген оттар мен белгілерден басқа:
1) борттық оттар;
2) артқы от;
3) егер тіркеп сүйрететін кеменің ұзындығы 200 метрден асса, соғұрлым жерде ромб тәрізді белгі көрінеді.
54. Топ құрамындағы лагпен тіркеп сүйретілетін немесе итерілетін кемелердің кез келген санын бір кеме ретінде жарықтандыру қажет:
1) егер ол кемелердің бірыңғай құрамының бөлігі болып табылмаса, алға итерілетін кеме алдыңғы бөлігіне борттық оттарды қояды;
2) лагпен тіркеп сүйретілетін кеме артқы жағына және алдыңғы жағына борттық оттарды қояды.
55. Тіркеп сүйретілетін кемелерге немесе объектілерге, не осындай тіркеп сүйретілетін кемелердің немесе объектілердің тобына суға жартылай тиелгендер қойылады:
1) олардың ені 25 метрден кем болған кезде – алдыңғы бөлігінде немесе оған жақын жерде бір айналма ақ от және алдыңғы бөлігінде немесе оған жақын жерде от қоймауы мүмкін "айдаһар" үлгісіндегі кемелерден басқа, артқы бөлігінде немесе оған жақын жерде осындай от;
2) олардың ені 25 метр немесе одан көп болған кезде – бүйір шеттерінде немесе олардың жанында екі қосымша ақ айналма от;
3) олардың ұзындығы 100 метрден артық болған кезде – осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген оттар арасындағы, оттар арасындағы қашықтық 100 метрден аспайтындай қосымша ақ айналма оттар;
4) соңғы тіркеп сүйретілетін объектінің артқы жақ шетінде немесе оған жақын ромб тәрізді белгі, егер тіркеп сүйрететін кеменің ұзындығы 200 метрден асса – кеменің алдыңғы бөлігінің ең көрнекті жерінде орнатылған қосымша ромб тәрізді белгі.
56. Егер тіркеп сүйретілетін кеме немесе объект осы Қағидалардың 53 және 55-тармақтарында көрсетілген оттарды қоя алмаса, тіркеп сүйретілетін кемені немесе объектіні жарықтандыру бойынша шаралар қабылдау немесе ағартылмаған кеменің немесе объектінің болуын көрсету қажет.
57. Егер тіркеп сүйрететін болып табылмайтын кеме апатқа ұшыраған немесе көмекке мұқтаж кемені тіркеп сүйреуді жүзеге асырған жағдайда, оған осы Қағидалардың 49 немесе 51-тармақтарында көрсетілген оттарды қоймауға рұқсат етіледі. Тіркеп сүйрейтін кемеге осы Қағидалардың 98-тармағында көзделген шараларды қабылдау, оның ішінде тіркеп сүйрейтін арқанды жарықтандыру қажет.
58. Желкенді кемеге жүзу кезінде борттық оттар және артқы жағындағы от қойылуы қажет.
59. Осы Қағидалардың 58-тармағында көрсетілген ұзындығы 12 метрден кем желкенді кемеде оттар неғұрлым көрінетін жерде топқа немесе діңгек ұшының жанында қойылатын бір фонарда біріктірілуі мүмкін.
60. Жүзу кезінде желкенді кемеде осы Қағидалардың 58-тармағында көрсетілген оттарға қосымша діңгектің жоғары жағының үстінде немесе жанында ең көрінетін жерде екі айналма отты тік сызық бойынша орналастыруға рұқсат етіледі, олардың үстінгісі қызыл, ал төменгісі жасыл болуы тиіс, бірақ бұл оттар осы Қағидалардың 59-тармағында көрсетілген құрамдастырылған шаммен бірге қойылмауы тиіс.
61. Ұзындығы 7 метрден кем желкенді кеме осы Қағидалардың 58 немесе 59-тармақтарында көрсетілген оттарды қояды. Егер кеме оларды қоя алмаса, оған соқтығысудың алдын алу үшін алдын ала қойылатын электр фонаркасы немесе ақ отпен қысылған фонарь дайын болуы қажет.
62. Таразылармен келе жатқан кеме осы Қағидалардың 59, 60, 61 және 63-тармақтарында көрсетілген оттарды қояды. Егер кеме оларды қоя алмаса, оған соқтығысудың алдын ала үшін алдын ала қоятын электр жарығы немесе ақ отпен қысылған фонарь дайын болуы қажет.
63. Желкеннің астында жүретін және бір уақытта механикалық қондырғымен қозғалысқа келтірілетін кемеге өзінің алдыңғы бөлігінде неғұрлым көрінетін жерде жоғарғы конус түріндегі белгіні төмен қаратып қою қажет.
64. Осы Қағидалардың 65, 66, 67-тармақтарында көрсетілген балық аулаумен айналысатын кеме, ол жүргенде немесе зәкірде оттар мен белгілерді қояды.
65. Тралдаумен, оның ішінде драганы немесе басқа да суда аулау құралдарын лақтырумен айналысатын кемеге:
1) тік сызық бойынша орналасқан екі айналма от, олардың үстіңгі жағы жасыл, ал төменгі жағы ақ болуы тиіс немесе тік сызық бойынша бір бірінен жоғары орналасқан екі конустан тұратын тік сызық бойынша орналасқан ұштары бірге екі конустан тұратын белгі;
2) мұндай отты ұзындығы 50 метрден кем кеме айналмалы жоғары жасыл отты және артында жоғары от қоймауға рұқсат етіледі;
3) егер кеме суға қатысты жүрсе, онда борттық оттар мен артқы от - осы тармақта көзделген оттарға қосымша.
66. Тралдаумен айналысатын кемелерді қоспағанда, балық аулаумен айналысатын кемеге:
1) тік сызық бойынша орналасқан екі айналма от тік сызық бойынша бір бірінен жоғары орналасқан екі конустан ұштары бірге тұратын, олардың үстіңгі жағы қызыл, ал төменгі жағы ақ болуы тиіс немесе белгі;
2) егер сыпырылған керек - жарақтар теңізге көлденеңінен кемеден 150 метрден артық созылса, онда осы керек-жарақтар бағытында-ақ айналма от немесе ұшының жоғары конусы түріндегі белгі;
3) егер бұл кеменің суға қатысты жүрісі болса, онда борттық оттар мен артқы жақтық от - осы тармақта ұйғарылған оттарға қосымша.
67. Басқа балық аулау кемелеріне жақын жерде балық аулаумен айналысатын кеме ТКССХЕ-ге II-қосымшада көрсетілген қосымша сигналдар береді.
68. Балық аулаумен айналыспайтын кеме тиісті ұзындықтағы кемелер үшін осы Қағидаларда көрсетілген оттар мен белгілерді қояды.
69. Басқару мүмкіндігінен айырылған кемеге:
1) ең көрінетін жерде тік сызық бойынша орналасқан екі қызыл айналма от;
2) ең көрінетін жерде тік сызық бойынша орналасқан екі шар немесе ұқсас белгі;
3) егер бұл кеменің суға қатысты жүрісі болса, онда борттық оттар мен артқы жақтық от - осы тармақта ұйғарылған оттарға қосымша.
70. Миналарды тралдаумен айналысатын кемені қоспағанда, маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кемеге:
1) ең көрінетін жерде тік сызық бойынша орналасқан үш айналма оттар, осы оттардың үстіңгі және астыңғы оттары қызыл, ал ортаңғы - ақ болуы тиіс;
2) ең көрінетін жерде тік сызық бойынша орналасқан үш белгі, осы белгілердің үстіңгі және төменгі жағы шарлармен, ал орташасы - ромбты болуға тиіс;
3) егер кеменің суға қатысты жүрісі болса, онда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген оттарға қосымша жоғары жағындағы оттар, борттық оттар және артқы от қойылады;
4) егер кеме зәкірде тұрған жағдайда, онда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген оттарға немесе белгілерге қосымша осы Қағидалардың 81, 82, 83, 84, 85, 86-тармақтарында көрсетілген оттар немесе белгілер қойылады.
71. Тіркеп сүйреу операциясын жүзеге асыратын механикалық қозғалтқышы бар, ол кезде екі кеменің өз бағытынан ауытқу мүмкіндігі шектелетін кемеге осы Қағидалардың 49-тармағында көрсетілген оттарға немесе белгілерге қосымша осы Қағидалардың 70-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген оттарды немесе белгілерді қою қажет.
72. Түбін тереңдету жұмыстарын немесе су асты операцияларын жүзеге асыратын кемеге маневр жасау мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген оттар мен белгілерді қою қажет.
73. Түбін тереңдету жұмыстарын немесе су асты операцияларын жүзеге асыратын кемеге маневр жасау мүмкіндігі шектеулі болған кезде басқа кеменің өтуі үшін кедергі жасаған кезде қосымша мыналарды қою қажет:
1) тік сызық бойынша орналасқан екі қызыл айналма от немесе екі шар - кедергі бар тарапты көрсету үшін;
2) тік сызық бойынша орналасқан екі жасыл айналма от немесе екі ромба - басқа кеме өте алатын тарапты көрсету үшін;
3) егер кеме зәкірде тұрған болса – осы Қағидалардың 81, 82, 83, 84, 85, 86-тармақтарында көрсетілген оттардың немесе белгілердің орнына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген оттар немесе белгілер.
74. Егер сүңгуірлік жұмыстарды жүзеге асыратын кеменің өлшемдері осы Қағидалардың 72-тармағында көрсетілген барлық оттар мен белгілерді қоюға мүмкіндік бермесе, онда оған қою қажет:
1) ең көрінетін жерде тігінен орналасқан үш айналма от, жоғары және төменгі оттар қызыл, ал орта от ақ болуы тиіс;
2) халықаралық теңіз ұйымы қабылдаған, биіктігі кемінде 1 метр қатты қалқан түрінде жасалған халықаралық сигналдар жинағы бойынша "А" туы және оның айналмалы көрінуін қамтамасыз ету.
75. Миналарды тралдаумен айналысатын кемеге осы Қағидалардың 42, 43, 44, 45, 46, 47-тармақтарында немесе осы Қағидалардың 81, 82, 83, 84, 85-тармақтарында көрсетілген оттарға қосымша үш айналма жасыл отты немесе үш шарды қою қажет. Осы оттардың немесе белгілердің біреуі фок-мачта топына жақын, ал екіншісі - фок-рей аяқтарына басқа кемеге бірінші кемеге мың метрге жақындау қауіпті екенін көрсету үшін қойылады.
76. Сүңгуірлік жұмыстарды жүзеге асыратын кемелерді қоспағанда, ұзындығы 12 метрден кем кемелерде осы Қағидалардың 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75-тармақтарында көрсетілген оттарды қоюға жол беріледі.
77. Апатқа ұшыраған және көмекті талап ететін кемелерден сигналдар ТКССХЕ IV-қосымшасына сәйкес беріледі.
78. Өзінің шөгуімен ығыстырылған кемеде осы Қағидалардың 42, 43, 44, 45, 46, 47-тармақтарында көрсетілген оттарға қосымша ең көрінетін жерге тік сызық бойынша орналасқан үш қызыл айналма отты немесе цилиндр қоюға рұқсат етіледі.
79. Лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру кезінде кемеге:
1) діңгек топында немесе оған жақын жерде - тік сызық бойынша орналасқан екі айналма от, осы оттардың үстіңгі жағы ақ, ал төменгі - қызыл болуы тиіс.;
2) кеме жүзгенде қосымша борттық оттар мен артқы жақ оттарын қояды;
3) зәкірде тұрған кеме осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген оттарға зәкірлік отты, оттарды немесе белгіні қосымша қояды.
80. Лоцмандық алып өтуді жүзеге асырмайтын лоцмандық кеме осы Қағидаларда көрсетілген ұқсас ұзындықтағы кемелер үшін оттарды немесе белгілерді қояды.
81. Зәкірде кемені ең көрінетін жерге қою қажет:
1) ақ айналма от немесе шар - кеменің алдыңғы бөлігінде;
2) ақ айналма от – артқы жағында немесе оның жанында және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген оттан төмен.
82. Ұзындығы 50 метрден кем кемеде осы Қағидалардың 81-тармағында көрсетілген оттардың орнына неғұрлым көрінетін жерге айналма ақ от қоюға рұқсат етіледі.
83. Қолда бар жұмыс немесе басқа да тең бағалы оттарды зәкірде кемеде және ұзындығы 100 метрден асатын кемеде өз палубаларын жарықтандыру үшін пайдалану қажет.
84. Осы Қағидалардың 81 немесе 82-тармақтарында көрсетілген оттардан басқа, қайраңда тұрған кеме неғұрлым көрінетін орынға қояды:
1) тік сызық бойынша орналасқан екі қызыл айналма от;
2) тік сызықта орналасқан үш шар.
85. Зәкірде тұрған немесе ол тар өтпеде, фарватерде, зәкірде немесе оларға жақын жерде, сондай-ақ басқа кемелер әдетте жүзетін аудандарда ұзындығы 7 метрден кем кемеге осы Қағидалардың 81, 82 немесе 84-тармақтарында көрсетілген оттарды немесе белгілерді қоюға рұқсат етіледі.
86. Осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген оттар мен белгілерді қайраңда тұрған ұзындығы 12 метрден кем кемеге қоюға рұқсат етіледі.
87. Егер гидроұшақты немесе экранды планды осы Қағидалардың осы параграфында көрсетілген оттарды немесе белгілерді қоя алмаса, оған өзінің сипаттамалары мен орналасуы бойынша оларға барынша сәйкес келетін оттар мен белгілерді қою қажет.
5-параграф. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу кезінде дыбыс және жарық сигналдарын беру тәртібі
88. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу кезінде кемелер дыбыстық сигналдарды беру үшін ТКССХЕ-ның III-қосымшасына сәйкес келетін ысқырықты, қоңырау және гонгты пайдаланады.
89. Кеме мыналарды пайдаланады:
1) ұзындығы 12 метр немесе одан көп ысқырық кезінде;
2) ұзындығы 20 метр немесе одан да көп болғанда, қоңырауларды ысқырыққа қосымша;
3) ұзындығы 100 метр немесе одан да көп болғанда, дыбысталуымен және қоңырау тон дыбысынан ерекшеленетін ысқырыққа және гонг қоңырауына қосымша.
90. Ұзындығы 12 метрден кем кеме осы Қағидалардың 89-тармағында көрсетілген дыбыс сигнал беру құрылғыларын басқа дыбыстық сигнал беру құралдарына ауыстыруға рұқсат етіледі.
91. Кемелер бір-біріне көрінетін жерде орналасқан және механикалық қозғалтқышы бар кеме жүру кезінде осы Қағидаларға сәйкес маневр жасаған жағдайда, ол өзінің маневрімен дыбыстық ысқырық сигналдарымен бірге жүруі қажет:
1) бір қысқа дыбыс – "мен бағытымды оңға өзгертемін";
2) екі қысқа дыбыс – "мен бағытымды солға өзгертемін";
3) үш қысқа дыбыс – "менің қозғалтқыштарым артқа жүзгенде жұмыс істейді".
92. Кемеге осы Қағидалардың 91-тармағында көрсетілген дыбыстық сигналдарды барлық маневр кезінде қайталанатын келесі жарық сигналдарымен ілесіп жүруге рұқсат етіледі:
1) бір жарқыл – "мен бағытымды оңға өзгертемін";
2) екі жарқыл – "мен бағытымды солға өзгертемін";
3) үш жарқыл – "менің қозғалтқыштарым артқа жүргенде жұмыс істейді".
Әрбір жарқылдың ұзақтығы және жарқылдар арасындағы интервал бір секундқа жуық болуы тиіс, тізбекті сигналдар арасындағы интервал он секундтан кем болмауы тиіс;
Жарық сигналы үшін ТКССХЕ I-қосымшасының талаптарына сәйкес келуі және бес мильден кем емес қашықтықта көрілуі тиіс ақ айналма от пайдаланылады.
93. Фарватерде немесе тар жолда бір-біріне көрінетін жерде орналасқан кемелер басып озған жағдайда:
1) осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес ысқырықпен берілетін басып озатын кеме келесідей сигналдармен өзінің ниетін көрсетеді:
екі ұзақ дыбыс және одан кейін бір қысқа дыбыс – "Мен сізді оң жақ бортында басып озуға тырысамын";
екі ұзақ дыбыс олардың артынан екі қысқа дыбыс – "Мен сізді сол жақ бортқа басып озуға тырысамын".
2) осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес берілетін басып озатын кеме көрсетілген ретпен ысқырықпен келесідей сигналмен өзінің келісімін растайды: бір ұзақ, бір қысқа, бір ұзақ және бір қысқа дыбыс.
94. Бір-біріне көрінетін жердегі кемелер жақындағанда және олардың біреуі басқа кеменің ниеттерін немесе іс-әрекеттерін түсіне алмаса немесе басқа кеме соқтығысудың алдын алу үшін шаралар қолданатынына күмән келтіргенде, ол бұл туралы бес қысқа және жиі ысқырық дыбысын беру арқылы дереу хабарлайды. Дыбыс сигналы бес қысқа және жиі жарқылдан тұратын жарық сигналымен сүйемелденуі мүмкін.
95. Басқа кемелер кедергілердің болуына байланысты көрінбеуі мүмкін майысуға немесе өту учаскесіне немесе фарватерге жақындап келе жатқан кемеге бір ұзақ дыбыстық сигнал беру қажет. Иілуді немесе кедергіні естудің шегінде тұрған кез келген жақындап келе жатқан кеме осындай сигналға бір ұзақ дыбыстық сигналмен жауап береді.
96. Егер кемеде ысқырықтар бір-бірінен 100 метрден астам қашықтықта орнатылса, онда маневр жасау және ескерту сигналдарын беру үшін тек бір ысқырық пайдаланылады.
97. Көру мүмкіндігі шектеулі аудандарда немесе осындай аудандарға жақын жерлерде, күндіз немесе түнде кемелер дыбыстық сигналдарды мынадай түрде береді:
1) әрбір екі минут сайын суға қатысты жүрісі бар, механикалық қозғалтқышы бар кеме бір ұзақ дыбыстық сигнал береді;
2) қозғалыстағы мехникалық қозғалтқышы бар, бірақ суға қатысты тоқтаған және жүрісі жоқ кеме әрбір екі минут сайын олардың арасындағы екі секунд аралықпен екі ұзақ дыбыстық сигнал береді;
3) басқару мүмкіндігінен айырылған немесе маневр жасау мүмкіндігі шектеулі кеме, өзінің шөгуімен қысылған кеме, желкенді кеме, балық аулаумен айналысатын кеме және басқа кемені тіркеп сүйрейтін немесе итеретін кеме осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген дыбыстық сигналдардың орнына әрбір екі минут сайын қатарынан үш дыбыстық сигнал - бір ұзақ және одан кейін екі қысқа дыбыс береді;
4) зәкірде балық аулаумен айналысатын кеме, маневр жасау мүмкіндігі шектеулі және зәкірде өз жұмысын орындайтын кеме осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген дыбыстық сигнал береді;
5) тіркеп сүйретілетін кеме не тіркеп сүйретілетін кемелер тобының соңғысы, егер онда команда болса, әрбір екі минут сайын қатарынан төрт дыбыстық сигнал - бір ұзақ және одан кейін үш қысқа дыбыс береді. Сигнал тіркеп сүйрейтін кеме сигналынан кейін дереу беріледі;
6) егер итергіш кеме және алға итергіш кеме бірыңғай құрамға қосылса, олар механикалық қозғалтқышы бар бір кеме ретінде қаралады және осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген сигналдарды береді;
7) зәкірде тұрған кемені әр минут сайын бес секунд ішінде қоңырауға жылдам қоңырау шалу қажет. Ұзындығы 100 метр немесе одан да көп кемеде дыбыстық сигнал алдыңғы бөлікте қоңырау соғылып беріледі және оның соңынан артқы бөлігінде бес секунд ішінде жылдам Гонгпен сигнал беріледі. Зәкірде кемеге өзінің орналасқан жері туралы және соқтығысу мүмкіндігі туралы жақындап келе жатқан кемелердің алдын алу үшін үш рет қатарынан ысқырықпен - бір қысқа, бір ұзақ және бір қысқа дыбыс беруге рұқсат етіледі;
8) қайраңдағы кеме осы тармақтың 7) тармақшасына сәйкес қоңырау шалумен дыбыстық сигнал береді және қажет болған жағдайда Гонгпен қосымша үш жеке соққымен қоңырау шалуға әрбір жиілеген дыбыстың алдында және одан кейін қоңырау шалуға сигнал береді.
9) осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген ұзындығы 12-ден 20 метрге дейінгі кемеде қоңырау арқылы дыбыстық сигналдарды беруге жол берілмейді. Мұндай жағдайда кеме әрбір екі минут сайын басқа тиімді дыбыстық сигнал береді;
10) осы тармақта көрсетілген ұзындығы 12 метрден кем кемеде сигналдарды бермеуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда кеме әрбір екі минут сайын басқа тиімді дыбыстық сигнал береді;
11) осы тармақтың 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген лоцмандық жүзіп өтуді жүзеге асыратын лоцмандық кемеде сигналдарға қосымша қысқа төрт дыбыстан тұратын тану сигналын беруге жол береді.
98. Кеме басқа кеменің назарын аудару үшін осы Қағидалардың осы параграфында көрсетілген басқа сигналдар үшін қате бойынша қабылдана алмайтын жарық немесе дыбыс сигналдарын береді не басқа кемелерге кедергі келтірмей, прожектор сәулесін қауіпке қарай жібереді.
99. Басқа кеменің назарын аудару үшін навигациялық жабдықтың қандай да бір құралы үшін қате қабылдауға болмайтын кез келген от пайдаланылады. Импульстік оттарды, жарықтың үлкен күші бар үзілетін немесе айналмалы оттарды пайдаланудан аулақ болу қажет.
100. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында апатқа ұшыраған және көмекті қажет етететін кеме ТКССХЕ IV-қосымшасына сәйкес сигналдарды қояды немесе пайдаланады.